Мәскеудегі "Крокус сити холлда" қанды қырғын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы да теракт жасамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: РИА Новости

Басылым мәліметінше теракттың алдын алып үлгерген. Дегенмен нақты қай елде жасамақ болғаны белгісіз, бірақ "Крокус сити холлдағы" шабуылмен қатар болады деп жоспарланған. 

"Крокусқа" барар жолда жанармай құю бекетінен жанармай алып, пластик бөтелкелерге құйған. Кейін оны залды өртеу үшін қолданған", – деп жазды басылым.

  • Мәскеу соты терроризмге қатысты күдікке ілінгендерге бұлтартпас шарасын тағайындады
  • Желіде Ресейдегі шабуыл кезінде террористтердің бірі адамның тамағын бауыздап жатқан видеосы жарияланды

Топ террористік ұйым болмаған. Олар теракт болатын күннен бірнеше апта бұрын ғана құрылған. Қатысушылардың екеуі нұсқауды Түркияға барғанда алған, ал өзгелерін Ресей аумағында топқа қосқан. 

22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.