Дзюдодан Қазақстан құрамасы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтетін "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Балуандарымыз Әзірбайжан астанасында өтетін байрақты бәсекеде бақ сынайды. Әлемнің 64 елінен, 413 балуан сынға "Үлкен дулыға" турнирі 16-18 ақпан аралығында өтеді. Жүлде қоры 154 мың доллар болатын дүрмекте Қазақстан құрамасынан әр салмақта екі балуаннан қатысады. Назарларыңызға ел намысын қорғайтын Ұлттық құраманың құрамын ұсынамыз.

Ерлер: 

60 келі. Дәурен Суйкенов, Бауыржан Нарбаев

66 келі. Алмас Ғалымов, Сұңғат Жұбатқан

73 келі. Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов

81 келі. Аңсарбек Ғайнуллин, Айбол Нысанәлі 

90 келі. Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов

100 келі. Әділет Сапарғалиев, Ислам Бозбаев

+100 келі. Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев  

Әйелдер:

48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі. Толғанай Әбеуова, Балнұр Әбдешова

57 келі. Балнұр Құсақбаева

63 келі. Эсмигүл Кюлова, Зарина Сарипова

70 келі. Екатерина Токарева

78 келі. Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко

+78 келі. Кәмила Берліқаш, Карина Такиева

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметовтің Ташкенттегі турнирде өнер көрсететін айтқан едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.