134 от 19. 07. 2017г. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі



жүктеу 76.02 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі76.02 Kb.





134 от 19.07.2017г.



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитетінің

жедел-құтқару жасақтарының күштері

мен құралдарын төтенше жағдайларды жою кезінде

тарту алгоритмін бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою кезінде тарту алгоритмі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.М. Күлдіковке жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға В. Беккер

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының

201 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту

алгоритмі



  1. Осы алгоритмде көрсетілген іс-шаралар азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және төтенше жағдайларды жоюға республикалық, өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасақтары мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел-құтқару жасақтарының (бұдан әрі – ЖҚЖ) күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындайды.

  2. Төтенше жағдайларды жоюға ЖҚЖ күштері мен құралдарын тарту облыстардың, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы (бұдан әрі – БКДҚБ) немесе төтенше жағдайларды жою жедел штабы арқылы жүзеге асырылады.

  3. Бақылау аумағындағы ЖҚЖ кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінің жұмысын үйлестіруді БКДҚБ жүзеге асырады.

  4. БКДҚБ жедел кезекшісі (бұдан әрі – ЖК) төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы ақпарат алған кезде немесе төтенше жағдайларды жою жедел штабы басшысының шешімі бойынша төтенше жағдайлардың туындау орнына күштер мен құралдарды жібереді.

  5. Күштер мен құралдардың шақыру орнына жиналу және төтенше жағдайлар орнына шығу туралы ақпарат алған кезде:

  1. ЖҚЖ шығу ауданы шегінде (қызмет көрсету) төтенше жағдайлар орнына кезекші ауысымды 2 минуттан аспайтын уақыт ішінде жіберген жағдайда;

  2. марш легін республиканың басқа өңірлеріне көмек көрсету (күштер мен құралдарды арттыру) тәртібінде 1 сағаттан аспайтын уақыт ішінде жіберген жағдайда жүзеге асырылады.

  1. ЖҚЖ басшысы күштер мен құралдарды ауыстырған жағдайда:

  1. маршқа шешім қабылдайды;

  2. марш легін құрады;

  3. төтенше жағдай орнына барудың қысқа қауіпсіз бағытын анықтайды;

  4. төтенше жағдай ауданына күштер мен құралдар топтамасының шығуын ұйымдастырады;

8. Бөлімшенің төтенше жағдайлар орнына шыққан сәтінен оны жойғанға дейін төтенше жағдайды барлау (іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдау және жағдайды бағалау үшін төтенше жағдай туралы ақпарат жинау) үздіксіз жүргізіледі.

9. ЖҚЖ аға лауазымды тұлғасы төтенше жағдай орнына келгеннен кейін:



  1. төтенше жағдайларды жою жедел штабының басшысына қолда бар күштер мен құралдар туралы баяндама жасайды, оның қарамағына кіреді және міндеттерді нақтылайды;

  2. АҚШЖ жүргізу үшін бөлімшелердің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіреді және өрістетеді (техниканы қауіпсіз қашықтыққа орнатады, АҚШЖ жүргізу (жауынгерлік) учаскелері бойынша күштер мен құралдарды бөледі);

  3. Бөлімшедегі техникалық құралдармен және мүмкіндіктермен төтенше жағдай аймағына барлау жүргізеді;

4) медициналық жағдайды бағалайды (төтенше жағдай аймақтарында зардап шеккен тұрғындарды медициналық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар көлемін айқындайды).

10. АҚШЖ жүргізу кезінде мыналарды жүзеге асырады:



  1. төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерді іздеу және құтқару;

  2. зардап шеккендерді құрылыс конструкцияларының үйінділерінен, жабық үй-жайлардан, зақымдалған және қираған ғимараттар мен құрылыстардан шығарып алу;

  3. құтқарушы-парамедиктердің күштерімен шұғыл дәрігерге дейінгі және жедел психологиялық көмек көрсету;

  4. қирау аймағында қозғалыс жолдарын тазалау;

  5. құлау қаупінде тұрған конструкцияларды бекіту;

  6. зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру;

  7. тұрғындарды қауіпті жерден қауіпсіз аудандарға шығару, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезекті іс-шараларды жүргізу;

  8. күшті әсер ететін улы заттардан зақымдану көздерін жоюға және зарарсыздандыруға қатысу;

  9. коммуналдық-энергетикалық желілердегі және гидротехникалық құрылыстардағы зақымдануларды жоюға қатысу;



  1. төтенше жағдайларды жою жедел штабы басшысы айқындаған өзге де іс-шараларды жүргізеді.

АҚШЖ жүргізудің уақытша көрсеткіштері осы Алгоритмге қосымшада көрсетілген.

11. АҚШЖ жүргізу кезінде жеке құрам ТЖК төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен бекітілген азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.

12. Бөлімшелерді қайта орналастыру және АҚШЖ аяқтау туралы шешімді төтенше жағдайларды жою жедел штаб басшысы қабылдайды. Қабылданған шешім туралы ЖҚЖ лауазымды тұлғасы БКДҚ хабар береді.

13. Тұрақты орналасу орнына оралу ең қысқа қауіпсіз бағыт бойынша қозғалыс барысы туралы әрбір екі сағат сайын БКДҚ хабар берумен жүргізіледі.

14. Тұрақты орналасу орнына келген соң күштер мен құралдарды 10 минуттан аспайтын уақыт ішінде жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша шаралар қабылдайды.

____________________

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту

алгоритміне қосымша




Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізудің уақытша көрсеткіштері


р/с




Орындалатын іс-шаралар

Орындау уақыты (мин.)

Жауапты орындаушы

1.

Төтенше жағдайлардың қатері және туындауы туралы ақпарат алу

С+1


ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жауапты кезекшісі

2.

Жедел-құтқару жасағының жедел диспетчері арқылы төтенше жағдайлардың туындау орнына авариялық-құтқару қызметтердің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдарын жіберу

С+1

ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жауапты кезекшісі

3.



Шақыру орнына жиналу және шығу:
3.1 жедел-құтқару жасағының шығу (қызмет көрсету) ауданы шегінде

3.2 республиканың басқа да өңірлері (аталған уақытқа маршқа шешім қабылдау уақыты кіреді; марш легін қалыптастыру; күштер мен құралдардың шақыру орнына кетуіне әзірлігі туралы баяндама)



3.1 С+2

3.2 С+60



Жедел-құтқару жасақ басшысы

4.

Шақыру орнына бару

С+ ең қысқа қаупісіз бағыт бойынша бару уақыты

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

5.

Төтенше жағдайлар аймағын барлау

Шақыру орнына шығу сәтінен және жұмыстың аяқталуына дейін

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

6.

Төтенше жағдайларды жою жедел штабының басшысына келу және қолда бар күштер мен құралдар туралы баяндама, міндеттерді нақтылау

Келу уақыты + 1

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

7.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бөлімшелердің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру және өрістету

ТЖ орнына келу уақыты + 3

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

8.

АҚШЖ жүргізу (оның ішінде зардап шеккендерді іздестіру және құтқару, тұрғындарды қауіпті жерден қауіпсіз аудандарға шығару, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезекті іс-шараларды жүргізу)

АҚШЖ жүргізгеннен бастап дереу

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

9.

Шақыру орнына бару жолында және келгеннен кейін марш легінің байланысын және ақпаратпен алмасуын ұйымдастыру

Бөлімшенің шыққан сәтінен бастап келгенге дейін

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

10.

Бөлімшелердің шақыру орнынан тұрақты орналасқан орнына кетуі

Шешім қабылдау уақыты + 5

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

11.

Тұрақты орналасқан орнына келу, ЖҚЖ басшысына баяндама

Тұрақты орналасқан орнына қайту уақыты + 5

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы

12.

Күштер мен құралдарды жауынгерлік әзірлікке келтіру

С+10

Жедел-құтқару жасағының аға лауазымды тұлғасы



Каталог: images
images -> Конверттерді ашу хаттамасы
images -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет