14 наурызда Алматыда жауған қалың қарға байланысты халықаралық әуежай көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізе алмайтынын мәлімдеді. Жалпы қардың жаууы қалыпты жағдай. Алайда рейстер жаппай тоқтатылды. Осы сәтте "аэропорттың ұшу алаңы дайын болмады ма, әлде "Air Astana" әуе компаниясының ұшағы ұшуға әзір болмады ма” деген сауал туындайды. Аталған сауалды Stan.kz тілшісі "Air Astana" әуе компаниясына жолдап, себебін сұрап білді.  

Фото: max-sky.livejournal.com

Air Astanaның хабарлауынша, қалың қар мен төмен көрсеткіш ұшақтарды мұз қатуға қарсы өңдеуге мүмкіндік бермеген. 

"Әуе кемелерiне жердегi қызмет көрсету мен мұз қатуға қарсы өңдеу қызметiне қосымша жүктеме туындағандықтан, Алматыға ұшып келетін және ұшып кететін рейстер кешіктірілді және тоқтатылды. Барлығы 38 рейс кешіктіріліп, 10 рейс тоқтатылды. Әуе компаниясының халықаралық стандарттарға және Қазақстан жерінде әуе кемелерін мұздан тазарту ережелеріне негізделген әуе кемелерін мұздан тазартудың нақты стандарттары мен процедуралары бар. Әуе компаниясы осы стандарттарды қатаң сақтай отырып, ұшу қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді азайтуға тырысады", — деп жауап берді. 

  • Ауа райына байланысты Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейс тоқтатылды
  • "8 сағатқа кешікті": Алматы әуежайы ішкі және сыртқы рейстерін тоқтатып, шоу-бизнес өкілдерін әбігерге салды

Еске салайық, бұған дейін "Air Astana" әуе компаниясы Алматыдан Астанаға ұшатын рейсті кейінге қалдырып,  алайда жолаушыларға ұшатын уақытын хабарламағаны туралы жазған едік. Кейіннен “Air Astana” әуе компаниясы орын алған қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жүйеде ақау болғанын мәлімдеді. Жолаушыларға SMS-хабарлама жолданып жатқанын хабарлады.  

Сондай-ақ компания жолаушылардан авиабилеттерді қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алынған жері бойынша хабарласуды сұрады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.