16 жыл Санаты бірінші Пәні Әдебиеттік оқу



жүктеу 56.22 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі56.22 Kb.
түріСабақ

Мекеме атауы «Павлодар қаласының №24 жалпы ора білім беру мектебі» Мемлекеттік мекемесі

Аты – жөні Садыкова Бағлан Аманжоловна

Лауазымы бастауыш сынып мұғалімі

Жұмысы өтілі 16 жыл

Санаты бірінші

Пәні Әдебиеттік оқу

Тақырыбы Қарлығаш пен Торғай

Сынып 2 сынып

Мақсаты:

1. Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту;

2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту;

3.Еңбекқорлыққа,қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу;



Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: СТО, АКТ, диалогтық оқыту, дарынды оқушымен жұмыс, жас ерекшелігіне байланысты оқыту, көшбасшылық, бағалау

Жұмыстың формасы: жұппен, топпен

Ресурстар: суреттер,оқулық,флипчарт,маркер.интер белсенді тақта.

Топқа бөлу: Сандық бөлу (1,2,3,4,5),жеке,топтық

Сабақ барысы:

Топтар "Дала қарлығаштары", "Үй қарлығаштары", "Орнитология","Торғай" топтары болып бөлінді.


Тапсырмалар

Әдіс-тәсіл

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Тақырыпқа шығу

АКТ, СТО

Интербелсенді тақтадан сөзжұмбақ, уәж беру

Сұрақтарға жауап беру арқылы «Еңбек» сөзін анықтайды. (Әр топ бір-бірін жест арқылы бағалайды.)

3 минут

1.Ертегіні рөлге бөліп оқып, мазмұнын анықтау

СТО, ЖИГСО


Бағыт-бағдар беру. Ынталандыру

Қосымша ақпарат (Қарлығаштардың түрлері туралы, орнитология жөнінде балалардың алдына мәлімет берді)



Мәтінді рөлге бөліп оқиды, өз ойларын ортаға салып талқылайды, пікір алмасып постер салады (бір-бірін бағалайды)

6 минут

2.Қарлығаш пен торғайдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып ұсыну.

СТО, Диалогтық оқыту

Бағыт-бағдар беріп, реттеу

Өз ойларын дәлелдейді. Жағымды жағымсыз жақтарын анықтайды. (бір-бірін бағалайды)

7 минут

3.Еңбекқор Қарлығаштың бойындағы қасиеттерді біз өмірімізде қолданамыз ба?

Деңгейлеп оқыту, жас ерекш. байланыс-ты

Бағыт бағдар, уәж беру

Еңбекқорлықтың бізге пайдасы бар ма? Қандай? Деген сауалдарға жауап жазып, дәлелдейді. (көшбасшы бағалайды)

8минут

4.Берілген суреттерді Қарлығаштың ұя жасауынша топтастыру

СТО, жас ерекш. байланыс-ты

Бағыт-бағдар беру, қадағалау

Берілген дайын қарлығаштың ұя жасап жатқан қима суреттерін топтастыру. Топпен топтастырып бір сурет жапсырып тақтаға іледі. (Мозайка әдісі) (Көшбасшылар шығып бағалайды)

8 минут

5.Өздерің қандай және неден ұя жасар едіңдер жоспарлап, жобалаңдар

Дарынды оқушымен жұмыс,

Бағыт-бағдар беру, уәж беру

(Үйден өздері алып келген табиғи заттарды қолдану)



Үйден өздері алып келген табиғи заттарды қолданып әр топ уақыттпен санаса отырып, құстарға ұя жасайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



8 минут

6."Қызыл кітапқа хат" (Эссе)жазу "Синквейн" жазу

СТО, дарынды, талантты оқушымен жұмыс

Бағыт-бағдар беру (жиытық баға)

Өз ойларын қағаз бетіне түсіреді.

"Ыстық орындыққа "отырып,қорғайды.

Стикер толтырады (Осы сабақтан алған әсерін, қиындықтарын жалпы не ой түйді соны стикерге жазып тақтаға іледі)


5 минут

Бес жол өлең (СИНКВЕЙН)

  1. Зат есім:

  2. 2 Етістік:

  3. 3 Сын есім:

  4. Синоним:

  5. Сөйлем:



Қарлығаш

Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.

Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.

Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.



Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.
Орнитология– зоологияның құстар, олардың жүйеленімі, жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы. Орнитология терминін алғаш рет ғылымға XVI ғасырда италия ғалымы У.Альдрованди енгізді. Қазақстан құс фаунасы жөніндегі алғашқы мәліметтер (XIX ғасырдың басы) орыс ғалымдарының (П.С. Паллас, Н.Я. Озерецковский, С.П. Крашенинниковеңбектерінде айтылған. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. Кейіннен құс түрлерінің қазақ даласына таралуы жөнінде жаңа заңдылықтар ашты . XX ғасырдың 70 – 80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды. Құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, жәндікқоректі пайдалы құстарды өзен бойындағы және таудағы ормандарға қоныстандыру, құстың ауыл шаруашылғы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілуде; антропогендік факторлар әрекетінің өсуіне байланысты далалық, шөл-шөлейтті аймақтардың, тау экожүйелеріндегі құс фаунастик. кешендердің қалыптасу заңдылықтарын анықтау, Арал теңізінің тартылып қалған жерлеріндегі орнитофаунаның қалыптасуына бақылау жүргізілуде. Құстар әр түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғышын (энцефалиттер, арбовирустар, гельминттер, т.б.) денесінде сақтаушы және тасымалдаушы, соған байланысты адам мен мал арасына паразиттер мен түрлі ауру таратуға құстың қандай қатысы бар екені анықталды.

Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың мақсаты : Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің ерекшелігін түсіндіру, мұхиттардың табиғатқа тигізетін әсерін анықтау
caf -> Аты-жөні Айя Серикбайқызы Шалгимбаева Лауазымы
caf -> Сабақтың тақырыбы: Гимнастика
caf -> Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің достарымыз
caf -> Қоршаған айналамен танысу сабағы Ересектер тобы Білім беру саласы: «Таным» Тақырыбы: «Ауа, оның қасиеттері» (эксперименттік зертхана). Мақсаты
caf -> Саласы: Қатынас
caf -> Балабақшаның атауы: №5 сәбилер бақшасы Педагогтың аты-жөні: Хақия Антайқызы Хожаева Лауазымы: Тәрбиеші
caf -> Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар
caf -> Білім беру саласы: Тіл дамыту
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтыннсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет