17 қантар 2019 жылы Интернет ресурсында орналастырылды кмм «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты»



жүктеу 135.1 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі135.1 Kb.
түріКонкурс

17 қантар 2019 жылы

Интернет ресурсында

орналастырылды
КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: tainsha-akimat@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды.

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ бас маман-тұрғын үй инспекторы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Құжаттардыру және істер номенклатурасы бойынша Қағидаларға сәйкес іс жүргізу, бөлімде азаматтарды қабылдау бақылауын және ұйымдастыруын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша міндеттерді атқару, тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «техникалық ғылымдар мен технологиялар» немесе «өнер» (сәулет), немесе «қызметтер» (жерге орналастыру) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби: «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника, немесе «металлургия және машина жасау», немесе «метрология, үлгіге салу және сертификаттандыру», немесе «геология, тау-кен өндірісі, пайдалы қазып тауып алу», немесе «мұнайгаздық және химиялық өндіріс», немесе «металлургия және машина жасау», немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «көлік» (салалар бойынша), немесе «өндіріс, монтаждау, пайдаға беру және жөндеу» (салалары бойынша) немесе «көлік пайдалану», немесе «өнер және мәдениет» (сәулет), «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» (жерге орналастыру) бейіндері бойынша білім барларға мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ бас маман-бас бухгалтер. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік жазулардың алғашқы құжаттарының негізінде бухгалтерлік есептерді құру, тиісті органдарға белгіленген мерзімде беру. Белгіленген тәртіпте мұрағатқа оларды тапсыру және бухгалтерлік құжаттардың сақталуын. Штаттық тәртіпті сақтау. Еңбек ақының шығыс қорының дұрыстығы үшін бақылау. Штаттық кестеге сәйкес еңбек ақыны есептеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Кадр мәселесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, іс жүргізу және Е-қызмет базасымен жұмыс. Шағын кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда және туризм көрсеткіштері бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және аумақтарды дамыту бағдарламасының орта мерзімдік жоспарын әзірлеуге қатысу. Бөлшек сауда, өнеркәсіптің базалық салаларының функциялары бойынша талдау жүргізу. Бөлімінің сайтын ақпаратпен толықтыру. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді есепке алу және тіркеу. Жеке мәселелері бойынша бөлім басшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша бөлімге жүктелген басқада міндеттерді қамтамасыз етеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит,) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға «сервис, экономика және басқару», экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша) бейіні бойынша білімі барларға мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян

ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ спорт және жастар ісі бойынша, статистикалық және шаруашылық есебі бойынша жетекші маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-G-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Шаруашылық есеп жүргізу; шаруашылық және фермерлік қожалықтардың есебін жүргізу: мал мен құстың, шаруашылық және фермерлік қожалықтарында ауылшаруашылық техниканың және құрылыстың бары туралы, ұй шаруашылықтарында мал мен құстың, ауылшаруашылық техниканың бары туралы, шаруашылық және фермерлік қожалықтарындағы жер алқаптары бар туралы, ұй шаруашылықтарында жер алқаптары бар туралы;сайлаушылар тізімін салыстырып тексеруді жүргізу, сайлаушылардың сандық құрамы жөніндегі тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну; спорт іс-шараларын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешу; жастар саясаты мәселелері жөніндегі жұмыс; халықты есепке алу және сандық пен ұлттық құрамы жөнінде есеп беру; ауылшаруашылық мәселелері бойынша ақпараттарды даярлау;ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын құрастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасы ету, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технологиялар, құрылыс), немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «жаратылыстану ғылымдар», немесе «қызмет көрсету» (көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастыру,әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.

Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «құқық», немесе «білім», немесе «сервис, экономика және басқару» (аударма ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша),маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалары бойынша), статистика, есеп және аудит (салалары бойынша), экономика (салалары бойынша), әлеуметтік жұмыс), немесе «байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиядар. Электрондық техника» (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша), немесе «металлургия және машина жасау» (машина жасау технологиясы), немесе «көлік (салалар бойынша)», немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылығы», немесе ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, өсімдік шаруашылығы, фермерлік шаруашылық (бейіні бойынша), балық шаруашылығы түрлері бойынша), аңшылық және ан өсірушаруашылығы, орман шаруашылығы, бақ - саябақ және ландшафтық құрылысы (түрлері бойынша), ауыл шаруашылығын механикаландыру), экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), жерге орналастыру), немесе «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша).Көлікті пайдалану» (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша), жол қозғалысын ұйымдастыру) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі www.tsh.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

______________________________________________________

___________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________

________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан




«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»






_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

___________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)


ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения




Ұлты/Национальность (по желанию)




Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)




Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками




Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)




Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-

дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік

әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,

если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)








ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қабылданған/ приема



Күні/Дата

босатылған/ увольнения



Күні/Дата қызметі, жұмыс

орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение

организации қабыл-

данған/приемабосатылған/

увольнения




























































































Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата_________











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет