179 қордағы 86543 сақтау бірлігінің бар-жоғы мен жағдайы тексеріліп, облыстың 73



жүктеу 93.77 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі93.77 Kb.

Қостанай облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2016 жылғы 1-жарты жылдығында атқарған қызметінің негізгі бағыттары туралы

ЕСЕБІ
29.06.2016 ж.
2016 жылы Қостанай облысы архивистерінің назары архив ісін одан әрі дамытуға, архив қызметінің материалдық базасын нығайтуға, архив құжаттарының сақталуын және олардың мейлінше пайдалануын қамтамасыз етуге, мемлекеттік архивтерді тарихи және тәжірибелік құндылығы бар құжаттармен, жеке құрам бойынша құжаттармен толықтыруға қатысты «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы» ҚР Заңын, ҚР Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдерін іске асыруға бағытталды. Сонымен қатар облыстың архив мекемелері қызметінде 2016 жылғы жұмыстың басым бағыттарын анықтаған Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының 2015 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығын басшылыққа алды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Басқарма басшысы жанындағы алқаның екі отырысы өткізілді, онда Федоров және Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаттарының қызметі мәселелері қарастырылды.

«Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ (бұдан әрі – ҚОММ) дирекциясының отырысында, құжаттардың пайдалануын және жариялау бөлімі мамандарымен дайындалған 2010-2015 жылдар аралығындағы ақпараттық хаттардың тақырыбы мен олардың талап етілуінің анализі, ҚОММ-да сақтауда тұрған уақытша сақталатын құжаттардың құрамы туралы, есептеу техникасы құралдарын пайдалану барысында пайда болатын ақаулықтарды түзету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, ҚОММ-ның 2016 жылдың 1- және 2-тоқсандарындағы есептерін бекіту мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында облыстың мемлекеттік архивтерімен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 179 қордағы 86543 сақтау бірлігінің бар-жоғы мен жағдайы тексеріліп, облыстың 73 ұйымының, мекемесінің және меншіктің түрлі нысанындағы кәсіпорындарының 887 ісіндегі 14662 парағы қалпына келтірілді. Есеп беру кезеңінде 1548 іс тігіліп, 19 қордағы құжаттардың 722 парағындағы өшіп бара жатқан мәтіндер қалпына келтірілді. 43532 сақтау бірліктен тұратын 132 қордың есепке алу құжаттары салыстырудан өтті, қағаз негізіндегі құжаттардың 12404 сақтау бірлігі мұқабаланды.

Үстіміздегі жылдың 1 жарты жылдығында 22 қор бойынша басқару құжаттамасының 4802 ісінің тізімдемелерін қайта өңдеу, бір қордың құжаттарын каталогтау, 170 карточка құрастыру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Архив қызметінің мамандары аса құнды құжаттарды (АҚҚ) сандық форматқа көшіру жөнінде жұмыс атқарды. Жұмыстың бұл түрін негізінен тұрақты сақталатын құжаттар бойынша ҚОММ мен аймақтық мемлекеттік мұрағаттар жүзеге асырады. Есепті кезең ішінде ҚОММ пайдалану қоры үшін Adobe PhotoShop бағдарламасын пайдаланумен АҚҚ-ның 6710 парағын сканирлеп, өшіп бара жатқан мәтіннің 56 парағы қалпына келтірді. Жітіқара (418), Лисаков (784), Сарыкөл (4269), Әулиекөл (600), Арқалық (36) аймақтық мемлекеттік мұрағаттарымен барлығы 6107 парақ сканирленді. Барлығы есеп беру кезеңінде 12 817 парақ сканирленді.

«Электрондық тізімдеме» деректер базасына 2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша сақтауда тұрған 1 млн. 532 мың сақтау бірлігінің 3 924 қордағы (жалпы көлемі 5 344 қор) жалпы 1 022 026 сақтау бірлігі көшірілді, бұл 66,7 % құрады. ҚОММ мен Арқалық аймақтық мемлекеттік мұрағаты басқа облыстың барлық архивтері бұл жұмысты тәмамдады.

2016 жылдың 1-жарты жылдығында архив мекемелері мәліметтердің тез іздестірілуін қамтамасыз ететін ғылыми-анықтамалық аппаратының автоматтандырылған жүйесін құру мақсатында деректер базасына, сондай-ақ жаңа құрылған қорларға арналған «Архив қоры» ДБ-ға ақпарат енгізу жұмысын жалғастырды.

Мемлекеттік архивтер мамандары ағымдағы құжаттау, ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру, сонымен қатар архив ісі бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу мәселесі жөнінде меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу қызметтерімен әрекеттесуге көп көңіл бөлді.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында іс қағаздарын жүргізу қызметінің мамандары мен қызметкерлеріне 1881 консультация беріліп, 733 істер номенклатурасын, соның ішінде 405 үлгілі негізде, ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы 631 ережені әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетілді. Жыл басынан архив ісі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік құжаттарды зерделеу бойынша 42 семинар-кеңес өткізілді, оған ұйымдардың 745 маманы мен басшысы қатысты.

Басқарманың сараптау-тексеру комиссиясының 7 отырысында 95 ұйымның басқару құжаттамасының 7937 сақтау бірлігінің, 81 ұйымның жеке құрам бойынша 3343 сақтау бірлігінің, сонымен қатар 21 қор құрушының жеке тектік 1747 құжатының, 586 фото-, 40 бейнеқұжаттарының тізімдемелері бекітілді. Сараптау-тексеру комиссиясының қарауына берілген тізімдемелерге 19 тарихи анықтама, 214 алғы сөз құрастырылды.

Есеп беру кезеңінде 144 ұйымнан тұрақты сақталатын 9203 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша 3321 іс, аудандар мен қалалардың 44 құрметті азаматтарының, еңбегі сіңген адамдарының, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік 469 сақтау бірлігі (2312 құжат), 235 фото-, 14 фоно- және 41 бейнеқұжат мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қағаз негізде орындалған құжаттар толық көлемде мұқабаланып, олар туралы мәліметтер қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес есепке алу құжаттарына енгізіліп, олардың сақталуына қажетті жағдайлар жасалған.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Амангелді Иманов басқарған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы, Қостанай облысының 80 жылдығы, ұстаз, ағартушы Ыбрай Алтынсариннің 175 жылдығы, «Алаш» партиясының көшбасшысы, қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 85 жылдығы, сонымен қатар өңірлердің айтулы күндерін мерекелеуді ескере отырып, архив құжаттарын пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады және бекітті.

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығын және Қостанай облысының 80 жылдығын мерекелеуге арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Облыс әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасымен а.ж. 25 сәуірінде мемлекеттік архив мекемелерімен іс-шаралар жоспары өңделді және бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген елдің мерейтой күндерін, сонымен қатар облыстың аймақтарында айтулы күндерді мерекелеумен байланысты, архив мекемелері 519 ақпараттық іс-шара өткізді:

32 экскурсия

13 лекция

47 мектеп сабағы

18 телебағдарлама

7 радиобағдарлама

28 жұртшылықпен кездесу

15 дөңгелек үстел отырысы

23 қызмет көрсету мәселесі бойынша семинар

189 ақпарат ведомстволық Интернет-ресурста және қала мен аудан әкімдерінің сайттарында орналастырылды.

Ведомстволық Интернет-ресурста және қала мен аудан әкімдерінің сайттарында 95 ақпарат орналастырылды.

Арқалық, Сарыкөл және Алтынсарин мемлекеттік мұрағаттарымен Ашық есік күндері өткізілді.

Есеп беру кезеңінде қоғамға 45 тақырыптық экспозиция, 7 архив құжаттарының топтамасы, 5 фотоқұжаттық көрме ұсынылды.

Торғай бокситтік кен басқармасының 60 жылдығына Арқалық АММ Амангелді аудандық атқару комитетінің, Торғай облыстық статистика басқармасы, ТБКБ және өңірдің алғаш құрысшыларының жеке тектік құжаттары негізінде архив құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпараттық хат әзірленді.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен дін басылар (Аймақтық дін басылар. 1 бөлім. 1905-1934 жж.) бойынша тақырыптық тізбе (2015 – 1) әзірленді.

Архивтік құжаттарды насихаттау мақсатында жергілікті мерзімді басылымдарда архивистердің 75 басылымы жарияланып, ішкі архив газетінің 5 нөмірі және «Архивист» салалық ақпараттық бюллетені (№ 1, 2016 ж.) басылып шығарылды.

Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттары негізінде 25 мақала жарияланып, 2 телебағдарлама әзірленді.



Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 120 іс-шара, Қостанай облысының 80 жылдығын мерекелеу шеңберінде 224 іс-шара өткізілді, соның ішінде Еңбек Даңқы адамадарын құрметтеу бойынша.

Кең жұртшылыққа облыстың архив мекемелерімен 55 тақырыптық экспозиция, көрмелер және архив дереккөздерінің, жеке тектік құжаттардың топтамалары («Тарихи тұлғалар», «Земля, гордись людьми такими», «Мой край родной», «Благо людей в жизни, а жизнь в труде», «Мы славим Труд», «Трудовой подвиг народа», «Люди Трудовой Славы», «Навстречу юбилею», «Труд приносит успех», «Подвиг Трудовой Славы», «Земля гордись людьми такими», «Труд героев не забыт», «Их труд славен», «Заслуженные люди Камыстинского района», «Ерең еңбек ел есінде», «Своя строка в истории», «Исторя личности в истории области», «Люди труда», «Люди и время», «Слов хороших не жалей у газеты юбилей» және басқалар) ұйымдастырылды.

Архивистермен мәдениет мекемелерімен және ардагерлер ұйымдарымен соғыс және еңбек ардагерлерінің, құрметті азаматтардың, түрлі салалардың еңбегі сіңген адамадарының, жастардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 40 кездесу, «дөңгелек үстелдер» отырыстары ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін мектептер, колледждер оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне 50 шақты дәріс, мектеп сабақтары, 25-тен астам тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Баспа БАҚ беттерінде 30 мақала жарияланып, 7 теле – және радиобағдарламалар өткізілді.

Ыбрай Алтынсариннің 175 жылдығына орай 10 іс-шара өткізілді, соның ішінде Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен телебағдарлама, 3 шолу экскурсиясы, «Ұлы дала ұстазы», «Учитель, перед именем твоим…», «Ұлы даласының шамшырағы» атты 3 мектеп сабағы өткізілді. Жангелдин, Қамысты, Амангелді аудандық мемлекеттік мұрағаттарымен де «Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасы», «Ибрай Алтынсарин педагог и просветитель», «Дала жұлдызы − Ыбырай Алтынсарин» мектеп сабақтары өткізілді.

«Алаш» партиясының басшысы, қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығын атап өту шеңберінде мемлекеттік архивтермен 7 мектеп сабағы «Алаш – первая казахская национальная автономия», «Алаштың Алиханы» (Әулиекөл АММ), «Әлихан Бөкейханов» (Амангелді АММ), «Алихан Бокейханов ‒ лидер партии «Алаш», общественный деятель в Костанайской области» (Денисов АММ), «А. Бокейханов ‒ взгляд из прошлого» (Қарабалық АММ), «Славный сын Отечества» (Таран АММ), «Сын степей ‒ Алихан Бокейханов» (Федоров АММ) өткізілді.

2016 жылдың 22 сәуірінде мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «А.Бокейханов и его мечта» көпшілік алдындағы дәріс ұйымдастырылды. Онда облыстық архив құжаттары бойынша тақырыптық экспозиция ұсынылды.

Жұртшылық, мәдениет және білім мекемелері өкілдерінің, жалпы білім беретін мектептер мен колледждер оқушыларының қатысуымен Лисаков және Амангелді мемлекеттік мұрағаттарымен «Қазақтың рухани тұлғасы», «Алаштың ардақтысы – Әлихан Бөкейхан» «дөңгелек үстелдер» отырысы ұйымдастырылды. Жітіқара, Амангелді мұрағаттарымен «Алихан − всего Алаша», «Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханов» дәрістері, Әулиекөл мұрағатымен Әуликөл ауылшаруашылық колледжінің оқушыларымен К.Омаровтың «Алаш - орда» филімін бірігіп қарау үшін кездесу ұйымдастырылды

Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен Амангелді Иманов басқарған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерінің тақырыптық экспозициясы жасалды. Тақырыптық экспозиция құрамына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих пен этнология институтымен әзірленген «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тарихи анықтамасы, «ҚОММ» ММ позитивтер қорынан фотоқұжаттар және Торғай өңіріндегі көтерілістің басшылары А.Иманов пен Ә.Жангелдиннің құжаттары, олардың бастаған отрядтардың қатысушылары, А.Иманов отрядының ізімен физмәдениет сапарын ұйымдастыру және т.б. қағаз негізіндегі құжаттар енді.

Мендіқара архивімен атақты Амангелді Имановқа арналған «Тургайский сокол» атты ауызша журнал өткізілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбындарын еске алу күні архивистермен «Среди героев Ваши имена» (Лисаков), «Жазықсыз жазаланғандар» (Ұзынкөл), «Судьбы трагические, судьбы героические» (Таран) 3 «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

Есеп беру кезеңінде 133 зерттеуші тіркелді, келушілер саны 275 адамды құрды.

Есеп беру кезеңінде Басқарманың ғылыми-әдістемелік комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Онда 14 материал қарастырылды, соның ішінде 2 ақпараттық хат (Арқалық, Қостанай аудандық). Фотоқұжаттық көрмелердің 6 тақырыптық-экспозициялық жоспарлары (Лисаков, Арқалық, Денисов, Әулиекөл, Қарабалық, Таран), тақырыптық тізілім («ҚОММ» ММ) қарастырылды.

Қостанай облысының мемлекеттік архивтерімен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Бұл қызмет тікелей архивке жеке жүгіну кезінде, электрондық және пошта байланысы арқылы, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Келетін сұранымдардың басым бөлігі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын растау туралы: еңбек өтілімі, еңбек ақының мөлшері, зейнетақы жарналарын есептеу, сонымен қатар: отбасы құрамы, мекемелердің атауын өзгерту, білім туралы, марапаттау, азаматтық хал-жағдай актісі, мүліктік құқықты қалпына келтіру туралы.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдар бойынша «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі 16 394 қызмет алушыға көрсетілді, соның ішінде жақын және алыс шет елдерінің 4704 азаматына, 11 690 Қазақстан азаматтарына. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынының 77,4 % (12693) оң жауаптар, 5,3 % (869) - теріс, 6,3 % (1025) - құжаттардың болмауы, 11 % (1807) қатыстылығы бойынша.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік архивтерімен заңнамамен бекітілген мерзімде 173 тақырыптық сипаттағы сұраным орындалды, соның ішінде оң жауап – 104 (60,1 %), теріс – 60 (34,7 %), сақтауда жоқ – 7 (4 %), қатыстылығы бойынша - 2 (1,2 %). Сондай-ақ генеалогиялық сипатта 31 сұраным, соның ішінде оң жауап – 11 (35,5 %), теріс – 18 (58,1 %), сақтауда жоқ – 2 (6,4 %).

Архивтер орналасқан 22 жайдың (соның ішінде екі үлгілі ғимаратта орналасқан ҚОММ) 16-сы ғана (8,661 шаршы метр) өрт сөндіру дабылының заманауи жүйесімен жабдықталған, 6 архив жалға алынған жайларда орналасқан.

Барлық мемлекттік архив мекемелерінде үлгілі металл стеллаждармен қатар аралас стеллаждар қойылған. Облыстың барлық архив мекемелеріндегі архив сөрелерінің ұзындығы 28 444,1 қума метрді құрайды.

Басшы Г. Мендекинова

Орын. Қ. Т. Жарқынбаева



Тел. 8(7142)390917

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет