18 беттің беті



жүктеу 287.07 Kb.
Дата26.04.2018
өлшемі287.07 Kb.

042.14-4-04.01.20.111/03-2012

1 басылым


18 беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оқу әдістемелік кешенінің құжаты 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК

042-14-4.04.01.20.111/03-2012



ПОӘК

«Геоботаника» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы



1 басылым



050607 – "Биология" мамандығына арналған


"Геоботаника"


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР

СЕМЕЙ – 2012



Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары


  1. Глоссарий

Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.

Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.

Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.

Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.

Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі.

Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.

Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.

Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.

Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.

Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.

Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.

Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері жетіледі.

Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.

Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.

Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.

Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.

Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.

Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа құрылысы.

Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.

СеДәріс – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.

Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.

Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.

Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасұан, өсімдіктің сыртқы формасы.

арқылы дамуы.




  1. Дәрістер

Тақырып 1. Геоботаника міндеті мен мақсаты. Даму тарихы .Басқа ғылымдармен байланысы.

Өсімдік географиясы жер бетіндегі өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін және таралу заңдылықтарын зерттейді. Бұл міндеттер орындалу үшін өсімдіктер әлемінің даму тарихын және жер бетінің геологиялық тарихын зерттеумен тығыз байланысты. Сондықтан геобатаника филогенетикалық ғылым болып саналады. Ең алғаш геоботаникалық зерттеулер теңіз жағалауларында жүргізілді. А. Македонский 334 жыл бұрын Орталық Азия даласымен Индияның тропикалық ормандарындағы өсімдіктерді зерттеп, осы екі ауданнан жиналған материалдарды салыстырды. 1807 ж. алғаш рет Гумбольд геоботаниканы нағыз ғылым саласы ретінде қарайды да өсімдіктер географиясы туралы идеясын жарыққа шығарды. Академик П. Палластың, Гмелинаның Россияның флорасын зерттеу туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарыққа шықты.

1972 ж. шетел ғалымы Вильденов “Основы травовведение’’деген еңбегінде биологияның 3саласын қамтыған. Олар: флоралық, экологиялық және тарихи география.

К.Вильденов пен А.Гумбольд өсімдіктер географиясын күрделі кешен деп қарастырады және 3 бөлімге бөлді: - флоралық; тарихи; экологиялық. 3 бөлім тығыз байланысты.

Белгілі бір жер көлеміндегі немесе аудандағы тіршілік ететін түрлердің орналасуын ареал дейді. Осы ареалды зерттейтін сала-флоралық география. Ареал латын тілінен аударғанда аудан дегенді білдіреді. Флоралық география 2 мәселені қарастырады:

1. Жекелеген түрлердің таралуы;

2. Өсімдіктер топтарының таралуын зерттеу.

Ареалды зерттеу жеткіліксіз. Ареалдың конфигурациясы неліктен пайда болды деген сұраққа экологиялық география жауап береді. Ареалдың ауданы сыртқы ортамен тығыз байланысты. Экологиялық география 4 бөлінеді: - аутэкология-өсімдіктердің жеке түрлерін зерттеу.



  • синэкология-өсімдік топтарын зерттеу.

  • Ауыл шаруашылық экологиясы.

  • Фитоценология.

Фитоценология немесе геоботаника өсімдіктер қауымдастығы туралы ғылым. Зерттейтін объектісі-фитоценоз. Міндеті: фитоценоздың құрамын, құрылымын, ішкі ерекшелігін, ортасын, реттелуін, өнімділігін, дамуын, географиясын, дұрыс қолданылуын және қорғауды зерттейді.

Геоботаникалық зерттеулер барлық континенттерде және барлық елдерде жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізуші ғалымдардың көзқарастары мен зерттеу бағыттары әр түрлі.

1. Фитоценологиялық- В.Н. Сукачев, В.В.Лехин, Е.М.Лавренко

2. Биоценологиялық- В.Г.Карпов, В.Н.Сукачев

3.Экологиялық ординациялық-Л.Н.Соболев,

4. Ландшафты филогенетикалық-Т.И.Исаченко, С.А.Грибова

5. Статистикалық-геоботаникалық зерттеудің математикалық әдісі. В.М.Миркин, В.И.Василевич.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 2. Фитоценоз. Фитоценоз туралы түсінік.

Фитоценоз – белгілі бір территорияның біртектес участоктерінде енздесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы.



Фитоценоз - өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол белгілі бір территориямен басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын өмір сүріп отырған ортасына бейімдеушіліктің негізінде қалыптасқан ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі.

Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда түрлердің бейімдеушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде басқа түрлерден айқын айырмашылығы болған жағдайда кездестіруге болады. Мысалы:бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлердің қалың болып өсуі. Тұрақты жүйе ретінде фитоценоздың ең маңызды қасиетерінің бірі-оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Фитоценологтар ең алдымен фитоценоздың структурасын зерттеуге, түрлердің құрамына, ярустығына, осы фитоценоздың түзілуіне түрлердің қатысына, фитоценоз аспектісіне, өміршеңдігіне көңіл бөлді.

Жердің өсімдік жамылғысы әр түрлі көптеген фитоценоздардан тұрады. Әр түрлі белгілеріне қарап фитоценоздарды бөлуге болады. Бұл белгілердің жиынтығы фитоценоздың жалпы құрылымын, яғни морфологиясын анықтайды. Фитоценоздарды аналитикалық және синтетикалық деп бөледі.

Аналитикалық белгілеріне: фитоценоздың түрлік құрамы, ярустығы, ауданы, аспектісі, фитоценоздарда түрлердің таралуы, өміршеңдігі, синузиясы жатады. Синтетикалық белгілеріне. Кездесуі, тұрақтылығы, жалрылығы. Аналитикалық белгілерін табиғатта кездестіруге болады, ал синтетикалық белгілерді алынған материалдарды камерада өңдегенде біле аламыз. Соңғы жылдары ғалымдар фитоценоздың физиологиялық қасиетін зерттеуге көңіл бөлуде. Мысалы: физиологиялық өнімділігі.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 3. Фитоценоздың құрамы - синморфология.

Өсімдіктердің тіршілік формалары. Экобиоморфа.

Табиғатта фитоценоздың түрлі көптеген формалары кездеседі. Оның пайда болуы және дамуы қоршаған ортаға соның ішінде климатқа, жер бетінің геологиялық ерекшелігіне байланысты.

1803ж. Гумбольд морфологиялық белгілеріне қарай өсімдіктердің 17 тіршілік формалары анықталды. Кейінірек 1962 ж. И.Г.Серебряковтың өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясы жасалды. Ол тіршілік формаларын 8 топқа бөлді:

1. ағаштар- бұған бір ғана діңі бар тік өсетін ағаштар

2. бұталар- а) толығымен сүректенген бұтақтары ұзын болып келеді.

б) жартылай паразитті және паразитті бұталар.

3. бұташықтар- діңі болмайды, осьы дамудың алғашқы сатысында ғана болады дами келе жойылып кетеді.

4. жартылай бұталар, жартылай бұташықтар

5. шөптесін поликарбтылар

6. монокарбты- өмірінде бір рет ғана гүлдеп жеміс береді.

7. суда да құрлықта да өсетін өсімдіктер.

8. судың астында және жүзіп жүретін өсімдіктер.

1918ж. Раункиер классификациясы бойынша өсімдіктердің тіршілік формаларын жіктеу.

1. террафиттер- бір жылдық өсімдіктер, тұқым немесе спора күйінде қыстап шығады.

2. гидрафиттер

3. геофиттер- жер астындағы өсімдіктер.

4. гелиокриптофиттер- қыстап шығатын бүршік, түйнектері қабыршақтармен қапталған. Жер бетімен бірдей болып орналасқан.

5. хамефиттер-қыстап шығатын органдары қабыршақпен қапталады. Жер бетінен көтеріңкі орналасқан.

6. фанерафиттер-қыстап шығатын органдары қабықпен қапталған. Жер бетінен жоғары, биік орналасқан (ағаштар, бұталар).

7. эпифиттер-жартылай паразит өсімдіктер жатады.

ХIХ ғ. Аяғында өсімдіктерді су жағдайына қарай ксерофиттер, мезофиттер, гидрофиттер деп жіктеді. Қазіргі кезде өсімдіктерді температураға қарай жіктеді.

1. гипергекистотермофиттер-5 жоғары ыстықта тіршілік ететін өсімдіктер.

2. гекистотермофиттер-5-10

3. микротермофиттер-10-15

4. мезотермофиттер-15-20

5. меготермофиттер – 20-25

6. гипотермофиттер – 25 жоғары.

Экобиоморфо – биологиялық ритмдері және өсу формалары ұқсас сонымен қатар физиологиялық қабілеттіліктері ұқсас түр жиынтығы. 1970ж. Быковтың экобиоморфо классификациясы:

1. қыналар экобиоморфо бөлімі: бұталы, жапырақты, қаспақты.

2. мүктер экобиоморфо бөлімі.

3. папоротниктәрізділер экобиоморфосы.

4. жалаңаштұқымдылар экобиоморфосы.

5. даражарнақтылар экобиоморфосы.

6. қосжарнақтылар экобиоморфосы.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 4. Фитоценоздың құрылысы. Фитоценоздың түрлік құрамы. Фитоценоздың ярустылығы.

Фитоценозда жоғары дәрежелі маңызды саны бойынша немесе биомассасы бойынша топырақ бетін жабу дәрежесі бойынша басым түрлерді алады. Мұндай түрлерді доминанттар деп атайды. Олар фитоценоздың міндетті түрдегі элементтері болып табылады. Өсімдіктер түрлерін оның компоненті деп аталады. Фитоценоздың негізін құрвйтын осы компоненттерді эдификаторлар деп атайды. Мысалы: шалғындық фитоценозда костер безостый, лисохвост луговой.

Фитоценозды қалыптастыратын өсімдік түрлері жер бетінде әр түрлі биіктікте таралған, ал олардың тамырлары жер астында топырақтың әртүрлі тереңдіктерінде орналасады. Бұл құбылыс ярустылық деп аталады. Ярустылық жер үсті және жер асты ярустылық болып бөлінеді. Жер үсті ярустылығының саны 1-8-е дейін ауытқиды. Жалпы орманнан мынадай ярустылықты көруге болады: 1.6 м жоғары ағаштар.

2. 6 м төмен ағаштар.

3. 2 м-ге дейінгі бұталар.

4. 0,8 м шөптесін өсімдіктер.

5. 30 см болатын өсімдіктер.

6. 10 см шөптесін өсімдіктер.

7. топырақта жанасып өсетін өсім

Өсімдіктің тамыр жүйесін қазғанда жер асты ярустарын ажыратуға болады. Мысалы: жалпақ жапырақты орманда:

1 ярус: будралар

2 ярус: папоротниктер

3 ярус: бұта тамырлары

4 ярус: ағаш тамырлары- ең терең ярусты құрайды.

Фитоценоздың ярустылығын зерттеу тек ғана геоботаниктерді ғана емес эколог, агрономдарды да қызықтырды. Себебі: фитоценоздардың ярустығы мен өнімдерінің арасында қарым-қатынасбар. Бұл теориялық және практикалық жағынан да маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 5. Фитоценоздың құрылысы. Фитоценоздың аспектісі. Фитоценоздың өміршеңдігі. Жиілігі. Синузия.

Фитоценозды сипаттағанда міндетті түрде оның құрамындағы жекелеген түрлердің таралуына көңіл бөлу. Кейбір түрлер фитоценоздың бүкіл аудаында бірыңғай мөлшерде таралады. Ал кейбірі 2-3 жерінде кездеседі. Ал тағы біреулері топталып өседі. Фитоценозда өсімдіктердің әр түрлі таралуы түрдің биологиялық ерекшеліктері және әртүрлі микроклиматтық жағдайларға байланысты.

Әрбір фитоценозда өсімдіктердің вегетациялық период аралығындағы фенологиялық фазалардың ауысымы болады. Кейбір өсімдіктер жаңа гүлдеп жатса екіншілері сол уақытта тіршілігін тоқтатып жатады немесе кейбірі жаңадан өсіп келе жатады. Осындай маусымға байланысты фитоценоз сипаты оның сыртқы көрінісі, яғни аспектісі әр түрлі болуы мүмкін. Фитоценоз аспектісі дегеніміз-оның сырт көрінісі әр даму сатысындағы физиономиясы.

Фитоценоздағы өсімдіктер қауымдастығын зерттенгенде оның барлығы бірдей даму сатыларын жақсы өткізбейтіндігін байқауға болады. Біреулері гүлдегеннен тұқым бергенге дейін барлық фазалардан табысты өтсе. Екіншілері тіпті өскін стадиясында тіршілігін тоқтады, яғни бұл фитоценоздың экологиялық жағдайы, кейбір түрлері біріншісіне жағымды, кейбіріне жартылай жағымды, үшіншісіне жағымсыз әсер етеді. Бұдан фитоценоз шеңберіндегі түрлердің өміршеңдігінің әртүрлілігін көреміз. Түрлердің өміршеңдігі осы фитоценоз экологиясына түрдің бейімделу көрсеткіші.

И.Браун Бланке және Павиар өміршеңдік градациясын былай жіктейді:

1. Өсімдік фитоценозда барлық баму циклын өткізеді.

2. Өсімдік фитоценозда жартылай даму циклын өткізеді.

3. Өсімдік кейде ғана өскін береді, бірақ кейінірек тіршілігін тоқтатады.

Бұл келтірілген жіктеу немесе сипаттама басқа өміршеңдік көрсеткіштерін есепке алмай жасаған. Олар: аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруы, ыстыққа, суыққа т.б. бейімделуін есепке алмағанда.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 6. Фитоценоздың ортасы- синэкология. Эдасфера ценготикалық орта ретінде. Филосфера. Ризосфера.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлерінде ассисиляциялық өнімдермен қамтамасыз ететін жақсы дамыған қабығы болады. Өсімдік қабығы өзінің физикалық қасиетімен және биологиялық ерекшелігімен ерекше сфера –филосфераны құрады. Көп тарамдалған тамыр, тамыр түктері су мен минералды заттарды сіңіре отырып топырақ құрамын өзгертеді. Тамырдың таралу ауданында топырақ түзілуі және заттардың миграциясы процессі жүреді. Бұл өсімдіктердің тіршілік әрекетінің ерекше сферасы ризосфера болып табылады. Өсімдік өзінің айналасында орта жағдайы өзгертілген сфера немесе эдасфераны түзеді. Эдасфера қуысында әртүрлі организмдер паразиттер, сапрофиттер, квартиранттар және әртүрлі жануарлар болады. Кез келген көпжасушалы организмдер тірі ұлпасынан басқа, біраз мөлшерде өлі ұлпасы болады. Ал өсімдіктердің өлі ұлпалар мөлшері 50 пайыздан асып кетеді. Кез келген өсімдікте бір жағында өсу зонасы болса, келесі жағында тірі ұлпалар өлімге айналып және олардың ыдырауы жүреді.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 7. Фитоценоздың ауа ортасы. Жарық режимі.Ауа құрамы. Ауа ағыны.

Фитоценоздың ауа ортасының оны қоршаған атмосферадан айтарлықтай өзгешелігі болады. Ценотикалық орта сыртқы ортадан тіпті өте аз өзгеретін фактор атмосфералық ауаның молекулалық құрамы бойынша да ерекшеленеді. Орманда көмірқышқыл газының мөлшері ярустан ярусқа дейін де өзгереді. Топыраққа жақын өсімдік жамылғысы аз жерлерде СО2 мөлшері 0,08 % құрайды. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайдағыдан 3 есе көп. Ал ағаштардың ұшар басында СО 2 мөлшері 0,02 % дейін төмендейді. Бұл фотосинтезге жұмсалуына байланысты. Фитоценозда СО2 ішкі айналымда болады. Ол әсіресе жануарлар мен микроорганизмдер тыныс алғанда бөлінеді және фитоценотикалық ортадан фотосинтез процесінде қайта алынады. Өсімдік фитоценотикалық ауа ортасын әртүрлі ұшқыш органикалық заттар фитонцидтермен қамтамасыз етеді.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 8. Топырақ ценотикалық орта ретінде. Топырақ түзілісі. Биоценотикалық горизонттар.

Фитоценоздың топырақ түзушілік ролі топырақ бетіне бұтақтардың, гүлдердің, тұқымның, тозаңның және өсімдіктердің қабықтарының қалдықтарының түсуінен басталады. Тропикалық ормандарда қалдықтар мөлшері жыл сайынғы гектарына 12 тоннаны құраса, ал шөлді жерлерде 3 т/га. Топырақ түзушілік процеске тек өсімдіктердің қалдықтары ғана қатыспайды, сонымен қатар жер астындағы өсімдік тамырлары мен топырақ жануарларының қалдықтары да қатысады.

Топырақтың органикалық заты-гумус. Даланың қара топырағында 1 метрлік топырақ қабатында қара топырақ мөлшері 700 т/га болады. Ал шөлді жерлердің сұр –қоңыр топырақтарында 75 т/га болады. Гумус феноль типті ароматты қосылыс. Оған гумин, ульмин, апрокрин қышқылы және гумин, ульмин жатады. Бұлар жануар және өсімдік тектес ұқсас органикалық заттардың күрделі өзгерісініңі нәтижесі.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 9. Ценотикалық ортаның су ерекшеліктері. Су режимінің типтері. Алелопатия. Неорганикалық биолиндер. Органикалық биолиндер.

Фитоценоздың су ролі топырақ бетіне бұтақтардың, гүлдердің, тұқымның, тозаңның және өсімдіктердің қабықтарының қалдықтарының түсуінен басталады. Тропикалық ормандарда қалдықтар мөлшері жыл сайынғы гектарына 12 тоннаны құраса, ал шөлді жерлерде 3 т/га. Топырақ түзушілік процеске тек өсімдіктердің қалдықтары ғана қатыспайды, сонымен қатар жер астындағы өсімдік тамырлары мен топырақ жануарларының қалдықтары да қатысады.

Топырақтың органикалық заты-гумус. Даланың қара топырағында 1 метрлік топырақ қабатында қара топырақ мөлшері 700 т/га болады. Ал шөлді жерлердің сұр –қоңыр топырақтарында 75 т/га болады. Гумус феноль типті ароматты қосылыс. Оған гумин, ульмин, апрокрин қышқылы және гумин, ульмин жатады. Бұлар жануар және өсімдік тектес ұқсас органикалық заттардың күрделі өзгерісініңі нәтижесі.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 10. Ценоиндикация. Ценотикалық ортаны зеттеу әдістері.Фитоценоздың су жағдайларын зерттеу. Фитоценоздың ауа ағынын зерттеу.

Автотрофты организмдер қарапайым неорганикалық заттардан күн сәулесі қуатының қатысымен органикалық затты синтездейді.гетеротрофты организмдер автотрофтар өндірген дайын органикалық затпен қоректенеді. Олар органикалық затты қолдану тәсіліне қарай биотрофтар және сапротрофтар деп бөлінеді. Биотрофтар тірі организмдердегі органикалық затты қолданады, ал сапротрофтар өлі ұлпалармен қоректенетіндер. Автотрофтыларды екіге ажыратады: Фотоавтотрофтылар және хемоавтотрофтылар. Фотоавтотрофтылар өзінің қоректенуін органикалық заттарды күн сәулесіә қатысымен синтездеп жүзеге асырады, яғни фотосинтез нәтижесінде. Өсімдікте бұл үшін бірқатар активті пигменттер бар. Барлық автотрофты организмдерді тіршілік әрекетінің өнімдеріне қарай продуценттер деп атайды.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 11.12. Фитоценоздағы биологиялық процестер- синбиология. Өсімдіктердің көбеюі. Қауымдастықтағы организмдрдің трофикалық байланыстары. Автотрофтар. Гетеротрофтар. Мутуализм. Сапротофтар.

Біздің планетамызда тіршіліктің дамуы организмдердің бір-бірімен байланысынан жүрген. Бұл организдердің авто және гетеротрофтылық қабілетіне негізделген. Автотрофты организмдер қарапайым неорганикалық заттардан күн сәулесі қуатының қатысымен органикалық затты синтездейді.гетеротрофты организмдер автотрофтар өндірген дайын органикалық затпен қоректенеді. Олар органикалық затты қолдану тәсіліне қарай биотрофтар және сапротрофтар деп бөлінеді. Биотрофтар тірі организмдердегі органикалық затты қолданады, ал сапротрофтар өлі ұлпалармен қоректенетіндер. Автотрофтыларды екіге ажыратады: Фотоавтотрофтылар және хемоавтотрофтылар. Фотоавтотрофтылар өзінің қоректенуін органикалық заттарды күн сәулесіә қатысымен синтездеп жүзеге асырады, яғни фотосинтез нәтижесінде. Өсімдікте бұл үшін бірқатар активті пигменттер бар. Барлық автотрофты организмдерді тіршілік әрекетінің өнімдеріне қарай продуценттер деп атайды.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 13. Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар.

Тақырып 14.-15 Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.

Фитоценоздағы популяциялардың ассосациялану топтарын ажыратуға болады. 1. Биотрофикалық ассосациялану. Биотрофизм формаларына қарай оны 3 ке бөледі. Симбиотикалық, паразиттік, эпизиттік ассосациялану 2. Консорция аралық ассосациялану.3. Сапртрофикалық 4. Биоэкологиялық 5. Экотопикалық.Бұл ассосациялану жаңа қалыптасқан проценозда байқалады. 6. Популяция ішілік ассосациялану. Екі үйлі даралар мен айқас тозаңданатын өсімдіктер сонымен қатар әртүрлі жынысты жануарлар байланысы жатады. Өсімдіктерде бұл қатынас кең таралған, олардың тозаңдары таралу үшін биотрофты түрлердің тікелей қатысы бар.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 16. Фитоценоздың динамикасы- синдинамика. Ғасырлық, жылдық және тәуліктік өзгеру режимдері.

Әсіресе тропикалық емес зоналарда фитоценоздың бір жылдық тіршілігінде көптеген өзгерістер байқалады. Алдымен өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде активтіден пассивтіге ауысу өтеді. Қысқы уақыттарда көпшілігіне тыныштық күйі –термопериодикалық флуктуация туады. Құмды фитоценозда ылғал жетіспейтін жазғы периодтарда өсімдіктердің біразы мен жануарлардың біразы қысқы уақыттардағы сияқты вегетациялық кезеңін қысқартып, тыныштық күйге көшеді. Фитоценоздың ритміне-фитоценоздағы жылдық және ғасырлық, тәуліктік циклдегі сыртқы орта режимімен байланысты жүретін өзгерістер жатады. Тәуліктік кңинетика – Ценопопуляция бір тәулік ішінде күн және түн жағдайын кешеді. Бұл қауымдастықта өтетін процестерге үлкен әсерін тигізеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер популяциясы автотрофты тіршілік қалпынан, яғни фортосинтездеуші күйінен тек органикалық затты қолдана алатын гетеротрофтыға ауысады (түнде). Тынысалу мен транспирация қарқындылығы өзгереді. Гүлдеу және өсу ритмі өзгереді.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 17. Фитоценоздың ритмі-ценокинез. Ғасырлық және жылдық кинетика.

Фитоценоздың ритміне-фитоценоздағы жылдық және ғасырлық, тәуліктік циклдегі сыртқы орта режимімен байланысты жүретін өзгерістер жатады. Тәуліктік кңинетика – Ценопопуляция бір тәулік ішінде күн және түн жағдайын кешеді. Бұл қауымдастықта өтетін процестерге үлкен әсерін тигізеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер популяциясы автотрофты тіршілік қалпынан, яғни фортосинтездеуші күйінен тек органикалық затты қолдана алатын гетеротрофтыға ауысады (түнде). Тынысалу мен транспирация қарқындылығы өзгереді. Гүлдеу және өсу ритмі өзгереді. Жылдық және тәуліктік кинетика түрлердің генетикалық факторымен реттеледі. Гүлдеудің тәуліктік динамикасы тұқымқуалаушылықпен анықталса да, күн мен түннің және ауа райының жағдайымен бақыланады. Бір тәулік ішінде биомассаның қаншалықты өсуі аз зерттелген. Әсіресе бұл сүректі өсімдіктерге тән.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 18. 19. Фитоценоздың ауысуы-синценогенез. Синдинамикалық сукцессия. Экзодинамикалықсукцесия. Синценогенездегі циклдік құбылыстар.

Өсімдіктер қауымдастығы тек ритмдік өзгерістерді ғана басынан өткізбейді, сонымен қатар сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне байланысты өзгере және қайтадан қалыптаса алады. Бұл динамикалық құбылыстар синценогенезге жатады. Сукачев В.Н. барлық өзгерістерді 3 типке бөледі: Синдинамикалық сукцессия- өсімдіктер және ценотикалық ортадан айырылған топырақтың бетінде фитоценоздың қалыптасуы. Кез келген жағдайда болашақтағы фитоценоздағы орны үшін күресе алатын қабілеті бар түрлер болады. Л.Г. Раменский (1935ж) осыған байланысты түрлерді 3-топқа бөледі. Сукцессия-бір фитоценоздың басқа фитоценозға ауысу процесі. Фитоценоздың ауысуы климатқа және топырақ жағдайларына байланысты. Соған байланысты фитоценозды қалыптастыратын өсімдіктердің фазаларының мерзімі өзгереді. Мұндай өсімдіктердің өміршеңдігі тез төмендейді. Олардың орнына жаңа жағдайларға тез бейімделетін жаңа өсімдіктер басады. Өрт, жасанды суару, ағаштарды кесу, шабындықтарды шабу фитоценоздың ауысуына әкеледі.

Сукцессия өсу, тұрақтану климакс сатыларынан тұрады. Сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, антропогенді түрлері бар. Кез келген сукцессия түрі бәсең дамитын климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады. Аутогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп аталады. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде 3 жағдай ескеріледі:

Сукцессия қауымдастықтың ықпалында жүреді. Өз кезінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап даму шектерін тежейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.

2.Сукцессия қауымдастығының түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы.

3.Сукцессияның шарықтау шегі энергия ағыны бірлігіне шаққанда максимальды биомасса және түр аралық әсерлесудің максимальды саны тежелетін тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 20. Фитоценоз жұмыс істеуші жүйе ретінде. Өнімділік. Энергетикалық ағын.

Фитоценоздағы негізгі энергия көзі Күн. Энергияның шамамен 0,3% –і фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық заттектердегі химиялық байланыстардың энергиясына ауысады және тек 0,1 % таза бірінші өнімге өтіп отырады. Әрі қарай қоректі органикалық заттектер арқылы трофикалық тізбекке сәйкес таралады. Органикалық заттектер ыдырауына әр түрлі организм топтарының қатысуы осыған ұқсас бірден-бірге басқыштаушылық қатармен жүреді.Таза бірінші өнім энергиясының шамасен 90% бөлетін микроорганизмдер мен саңырауқұлақтар, 10 % омыртқасыз жануарлар және 1 % тен аздауын омыртқалы жануарлар-соңғы консументтер. Табиғи жүйе энергиясының 1% шамасында өзгеруі жүйені тепе-теңдік жағдайынан шығарады. Жер бетіндегі ірі масштабта құбылыстардың бәрі де күн сәулесі энергиясынан 1% ен аспайтын жиынтық энергияға ие. Күн энергиясы ағыны арқасында жерде ауамен судың әлемдік физикалық айналымы жүреді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар су фотолизі, озонның, күкіртті сутектің түзілуі орын алады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылстары айналымға тартылады.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 21. Фитоценоздың автореттелуі және төзімділігі. Генетикалық және биотрофикалық каналдар. Автореттелудің бағдарламасы.

Фитоценоздың тіршілік әрекеті мен төзімділігі сыртқы және ішкі каналдармен бай ланысты күрделі жүүйе автореттелумен қамтамасыз етіледі. Реттелудің ішкі каналдарына жатады: Генетикалық канал, биотрофикалық канал, алелосполиялық және аллелопатиялық канал. Генетикалық канал негізінде қауымдастықтағы популяцияның ролі мен маңызы табиғатына, оның сапасына және сыртқы орта факторларының әсеріне беретін реакция формасына тәуелді реттелуі жатыр. Бұның барлығы молекулалық деңгейде кодталған тұқымқуалаушылық бағдарламасымен анықталады. Биоценоздың қалыптасуы мен пайда болуында осы бағдарламаменбекітілген әр түрдің көбеюге қарқындылығының маңызы жатыр.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 22. Фитоценоздың эволюциясы-фитоценогенез. Биотоценогенез. Биоценоз.

Фитоценогенез деген –фитоценоздың жаңа типтерінің түзілуіне әкелетін және ондағы түрлердің эволюциясымен қатар жүретін фитоценоз эволюциясы.Фитоценогенезді зерттеу үшін бұрынғы қазба және қазіргі ботаникалық материалдар пайдаланылады. Фитоценоздың прогрессивті және регрессивті белгілерінің даму бағыттарын ажыратуға болады. Прогрессивті даму:



  1. Құрылымының күрделенуі.

  2. Фитоценоздың төзімділігі мен ақпараттылығы.

  3. Тірі заттардың және энергия мөлшерінің артуы, қауысмдастықтың өнімділігінің жоғарлауы

  4. Жер бетін және жергілікті жердің энергетикалық ресурстарын максимальды қолдану.

  5. Жалпы интеграцияның өсуі (ценопопуляция)

Регрессивті даму

    1. Құрылымының қарапайымдануы

    2. Жалпы интеграцияның төмендеуі

    3. Фитоценоздың төзімділігі мен ақпараттығы

    4. Қауымдастықтың өнімділігінің төмендеуі

    5. Жер бетін және жергілікті жердің энергетикалық ресурстарын толық пайдаланбау.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 23. Фитоценоздың географиясы-синхрология. Фитоценоздың және тұрлердің ареалы

Тақырып 24. Фитоценоздың комплекстілігі. Комплекстер. Микрозональдылық.

Тақырып 25. Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы.

Жер бетінде өсімдіктер жамылғысынан тұратын фитоценоздар саны өте көп. Оларды анықтау мүмкін емес. Осыдан фитоценоздың негізгі таксоны-ассоциация деген ұғым пайда болды. Түр жеке особьтан тұрса, ассоциация фитоценоздардан тұрады. Ассоциацияға аналитикалық және синтетикалық белгілері ұқсас фитоценоздар кіреді.

Олар фитоценотикалық ортаның қалыптасуына әсер етеді. Фитоценотикалық жүйеде кең таралған таксон бірліктері мынадай: ассоциация, ассоциация топтары, формацифия, формация топтары, формация кластары және өсімдік типтері.

Ассоциация ассоциация топтарые біріктіреді. Ассоциация топтарының құрамына байланысты 2 дәрежелі ярустылықтың біреуі ғана қатысады. Мысалы: шыршалы орман бірнеше ассоциация топтарына жіктеледі.

Баспалдақ формация- бұл топ бірнеше жалпы эдификатордан және жеке топтан тұрады.

Формация топтары- бұл топқа сол және басқа да тіршілік формалары тиесілі топтар жатады.

Формация кластары-олар тіршілік формасының құрылысы бірбіріне жақын эдификаторларды біріктіреді. Ең үлкен таксон өсімдік типтері. Бұған шығу тегі ұқсас формация кластарын біріктіреді.

Г.Брокман Эрош жәнеЭ.Римбель 4 өсімдік типін жіктеді:

1. Сүректі ағаш бұталар – лигноза. Бұлар мәңгі жасыл тропикалық мәңгі жасыл қылқанды жапырақ түсіретін ормандар және бұталарды біріктіреді.

2. Шөптесін өсімдіктер типі-хербоза. Су өімдіктері фитоценозы, далы шалғын, батпақ фитоценозын құрайды.

3. Шөл өсімдіктері типтері-десерта. Шөлді, құрғақ климатты фитоценоз, құмды және тұзды жердің фитоцензын біріктіреді.

4. Адасқан типі-эрантия. Субстратқа бекінбеген, яғни адасқан және бос жүретін төменгі организмдар фитоценоздары. Бұған топырақ, планктон фитоценоздары жатады.

А.Ильинский крассификациясы; 17 типке бөледі.

1. Гилей-мәңгі жасыл сүректі өсімдіктер. Климаты үнемі тұрақты 20-30 градус болатын ылғалды тропикалық жағдайда өсетіндер.

2. Саваннаның лавралық және қатты жапырақты ормандары. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа өте төзімді. Ал біраз төменгі температураға бейімдеушілігі жоқ. Құрғақшылыққа төзімді болуына байланысты жапырақтары қатты және қылқанға дейін өзгерген.

3. Қатаң климаттың жасыл жазды ормандары. Бұл ормандар жапырақтарын жылы құрғақ кезде емес керісінше суық кезде түсіреді.

4. Қылқанды мәңгі жасыл ормандар. Қатал климатта өседі.

5. Шалғын өсімдіктері. Шөптесін лтзафитті өсімдіктер құрайды.

6. Дала өсімдік типтері. Ксерофитті астық тұқымдастар құрайды.

7. Шөл және жартылай шөл өсімдіктері. Олар температураның жоғарғы құбылмалығына бейімделген, ыстыққа төзімді. Жылдың ыстық және суық мерзімдерінде тыныштық күйге көше алады. Бұталар және жартылай бұталар жатады.

8. Тундра өсімдіктері.

9. Батпақ өсімдіктері.

10.Теңіз және басқа су қоймаларының өсімдіктері.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.



Тақырып 26. Өсімдік жамылғысын карталау. Геоботаникалық карталардың түрлері. Өсімдік жамылғысын карталау әдістері.

Тақырып 27. 28. Фитоценоздың таксономиясы мен систематикасы. Факторальды анализ. Морфологиялық және экологиялық, биоэкологиялық классификация.

Континенттердің өсімдіктер жамылғысын құрайтын фитоценоздар саны аз емес. Сондықтан оны анықтау мүмкін емес. Фитоценоздың негізгі таксоны –ассосация. Кез келген ассосацияға аналитикалық және синтетикалық белгілері ұқсас фитоценоздар мозайкасы кіреді. 1957 ж Б.Быков ассосация ұғымына өте жақсы анықтама берген. Ассосация ұқсас фитоценоздардың жиынтығы. Фитоценологиялық жүйеде кең таралған таксон бірліктері мынадай: ассосация, ассосация топтары, формация, формация топтары, формация кластары, өсімдік типтері. Ассосация-ассосация топтарын біріктіреді. Ассосация тобына құрамына байланысты 2-ші дәрежелі ярустың біреуі ғана қатысады. Келесі 3-ші баспалдағы формация. Бұл топ бірнеше жалпы эдификатордан және жеке топтан құралады.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 29. Фитоценоздың түзілуі. Сукцессияны жылдамдату. Ценотикалық ортаның өзгеруіне қарай қауымдастықты қайта құру.

Өсімдіктер қауымдастығы тек ритмдік өзгерістерді ғана басынан өткізбейді, сонымен қатар сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне байланысты өзгере және қайтадан қалыптаса алады. Бұл динамикалық құбылыстар синценогенезге жатады. Сукачев В.Н. барлық өзгерістерді 3 типке бөледі: Синдинамикалық сукцессия- өсімдіктер және ценотикалық ортадан айырылған топырақтың бетінде фитоценоздың қалыптасуы. Кез келген жағдайда болашақтағы фитоценоздағы орны үшін күресе алатын қабілеті бар түрлер болады. Л.Г. Раменский (1935ж) осыған байланысты түрлерді 3-топқа бөледі. Сукцессия-бір фитоценоздың басқа фитоценозға ауысу процесі. Фитоценоздың ауысуы климатқа және топырақ жағдайларына байланысты. Соған байланысты фитоценозды қалыптастыратын өсімдіктердің фазаларының мерзімі өзгереді. Мұндай өсімдіктердің өміршеңдігі тез төмендейді. Олардың орнына жаңа жағдайларға тез бейімделетін жаңа өсімдіктер басады. Өрт, жасанды суару, ағаштарды кесу, шабындықтарды шабу фитоценоздың ауысуына әкеледі.

Сукцессия өсу, тұрақтану климакс сатыларынан тұрады. Сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, антропогенді түрлері бар. Кез келген сукцессия түрі бәсең дамитын климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады. Аутогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп аталады. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде 3 жағдай ескеріледі:

Сукцессия қауымдастықтың ықпалында жүреді. Өз кезінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап даму шектерін тежейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.

2.Сукцессия қауымдастығының түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы.

3.Сукцессияның шарықтау шегі энергия ағыны бірлігіне шаққанда максимальды биомасса және түр аралық әсерлесудің максимальды саны тежелетін тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы.Бос топырақта фитоценоздың қалпытасуы жекелеген инициалды түрлердің қалыптаса бастауынан басталады. Осылай проценоз немесе проценоз-колония түзіледі. Бұнда түрлер бір-бірінен алыста тұрады, олардың арасында тікелей де және жанама да байланыстар (болмайды) жоқ, ценотикалық ортасы әлі құрылмаған. Бір ғана популяция колониясы мекендей бастайды. Біртіндеп түрлік құрамы алуан түрліше , күрделене бастайды. Ценотикалық ортаның алғашқы қалыптаса бастауы -проценоз топтасу процессі басталады.

Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 30. Өсімдіктерді тиімді пайдалану.Табиғатты қорғау.
Зертханалық сабақтардың тақырыбы:

Тақырып 1. Геоботаниканың методологиясы. Классификациялық әдіс. Геоботаникалық материалдарды математикалық анализдеу әдісі.

Мақсаты: Геоботаника әдістерімен танысу.

Тапсырма.


  1. Классификациялық әдісті меңгеру.

  2. Математикалық әдісті меңгеру.

  3. Бақылау сұрақтары.

Қолданылған әдебиеттер: 8.9.10.11.12.13.14.15

Тақырып 2. Фитоценоздың құрамы. Фитоценоздың түрлік құрамы. Жамылғысы.

Мақсаты: Фитоценоздың түрлік құрамын зерттеу.

Тапсырма: 1.

Тақырып 3. Фитоценоздың құрамы. Ярустылығы. Аспектісі. Сукцессиялар.

Мақсаты: Фитоценоздың құрамымен танысу.

Тапсырма:

1.Фитоценоздың аспектісі түсінігін ұғу.

2. Фитоценоздың ярустылығы түсінігін ұғу.

3. Сукцессия түсінігін ұғу.

Бақылау сұрақтары: Жекр беті және жер асты ярустарының айырмашылығы.

Тақырып 4. Ценотикалық ортаның жылу ерекшеліктері. Фитоценоздың жылу режимін зерттеу әдісі.

Мақсаты: Фитоценоздың жылу режимін зерттеу.

Тапсырма: 1.

Бақылау сұрақтары:

Фитоценоздың жылу режимі қалай реттеледі.

Тақырып 5. Ценопопуляцияның қарым-қатынастары. Аллелопатия . Аллелосполия.

Мақсаты: Фитоценоздағы қарым-қатынастарды және түрлерін зерттеу.

Тапсырма: 1.

Бақылау сұрақтары:

Аллелопатия деген не.Фитоценозда қандай қарым қатынастарды ажыратасың.

Тақырып 6 Фитоценоздың ауа жағдайларын зерттеу. Ауа ағындары.

Мақсаты: Фитоценоздың ауа жағдайларын зерттеу.

Тапсырма: 1.

Бақылау сұрақтары:

Фитоценоздың ауа жағдайы қалай реттеледі. Қандай факторлар әсер етеді.

Тақырып 7. Фитоценоздағы организмдердің трофикалық қатынастары. Эпизитизм. Паразитизм. Мутуализм.

Мақсаты: Фитоценоздағы трофикалық қатынастарды және түрлерін зерттеу.

Тапсырма: 1.

Бақылау сұрақтары:

Симбиоз деген не. Гетеротрофтар деген не.

Тақырып 8. Консорция. Популяциялық консорция. Микроконцорсиялар. Комменсалдар.

Мақсаты: Популяциялық консорция. Микроконцорсиялар. Комменсалдар.түсінігін талдау.

Тапсырма: 1.

Бақылау сұрақтары:



Тақырып 9. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Ассосациялануды биоэкологиялық зерттеу әдісі.

Сабақтың мақсаты: Даралардың және популяцияның ассосациялануын зерттеу.

Тапсырма:

Бақылау сұрақтары:



Тақырып 10. Фитоценоздың динамикасы. Режимдік жағдайлар.Фитоценоздың ритмикасы.

Сабақтың мақсаты: Фитоценоздың динамикасымен танысу.

Тапсырма:

Бақылау сұрақтары:



Тақырып 11. Фитоценоздың автореттелуі. Автореттелудің бағдарламасы.

Сабақтың мақсаты: Фитоценоздың автореттелуімен танысу.

Тапсырма:
Бақылау сұрақтары:

Тақырып 12. Фитоценоздың эволюциясы. Прогрессивті даму. Регрессивті даму. Биотоценогенез.

Сабақтың мақсаты: Фитоценоздың эволюциясымен танысу.

Тапсырма:

1. Фитоценоздың прогресствті дамуын талқылау.

2. Фитоценоздың регресствті дамуын талқылау

Бақылау сұрақтары:



Тақырып 13. Фитоценоздың географиясы.

Сабақтың мақсаты: Фитоценоздың географиясымен танысу.

Тапсырма:

Бақылау сұрақтары:



Тақырып 14. Тундраның өсімдіктер зонасы. Орман. Дала.

Сабақтың мақсаты: Тундраның өсімдіктер зонасымен танысу

Тапсырма:

1. Тундра ормандарының өсімліктеріне тән ерекшеліктерді анықтау.

2. Тундра даласының өсімліктеріне тән ерекшеліктерді анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Тундраның орман өсімдіктерін ата. 2.Тундраның дала өсімдіктерін ата.

Тақырып 15. Фитоценоздың систематикасы. Орман, шөп шабатын жер, мал жайылым типологиясы.

Сабақтың мақсаты: Фитоценоздың сиситематикасымен танысу

Тапсырма:

1. Орман типологиясын меңгеру

2. Шөп шабатын жер типологиясын меңгеру

3. Мал жайылым типологиясын меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары.

1. Фитоценоздағы режимдік жағдайлар.

2. Экожүйе.

3. Аллелопатия.

4. Биогенді заттектер.

5. Регрессивті даму.

6. Тәуліктік кинетика

7. Фитоценоздағы фосфор айналымы

8. Шөптесін өсімдіктер типі

9. Экобиоморфо.

10.Климакс.

11.Редуценттер.

12.Өсімдік зоналары.

13.Ценоиндикация.



14. Эпиконсорттар. Комменсалдар.

15. Фитоценоздың динамикасы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет