Этникалық қазақ Әділет Төлебаев грек-рим күресінен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Этникалық қазақ Әділет Төлебаев Румынияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Еуропа чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлде жеңіп алды. 77 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан алғашқы айналымда швед Пер Олофсонды ұтып, ширек финалда армениялық Малхас Амоянға есе жіберді. Дегенмен қарсыласының финалға шығуына байланысты Әділет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болып, италиялық Рикардо Витоны ұтты. Ал қола жүлде үшін белдесуде молдовалық Александ Гутуді айқын басымдықпен жеңді. 

Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті

Айта кетейік, Әділет Төлебаев қазіргі таңда 77 келідегі Ресей құрамасының №1 балуаны. Ол осы салмақтың үздігі болған, екі дүркін олимпиада чемпионы Роман Власовтың орнын басқан.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.