№19 технологиялық карта



жүктеу 28.22 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі28.22 Kb.

19 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Күні: 13.01.2016 жыл

Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян (кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құру)

Мақсаты: а) Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру.

ә) Балалардың тілдік қорын дамыту, байыту.

б) Жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ақ қоян, орғып келе жатады.

Қолданылатын көрнекті құралдар: қоян мен қасқырдың кезігіп тұрған суреті, тіл дамыту дәптері.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық-түзетушілік

«Ұйқасын тап» ойыны
Өзінше ноян,

Қорқақ не?

...

- Қоян қандай жануарға жатады?



- Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба әлде қысқа ма?

- Қоянды тағы қалай деп атауға болады?



- Қорқақ қоян.


- Қоян жабайы жануарға жатады.

- Қоянның құлағы ұзын.Және сыбдырды тез естігіш болып келеді.

- Ұзын құлақ қоян, ақ қоян, сұр қоян, қорқақ қоян деп те атауға болады.



Ұйымдас-тырушылық-ізденістік

Сурет бойынша жұмыс.

1. Тақырыбын қою

Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян

2. Сөздік жұмысын жүргізу:

Орғу – секіру,ырғу.

Түлеу – көктем және күздеу жан-жануардың жүнінің түсуі.

3. Қоян туралы қысқаша мәлімет береді.

- Қыста қоян түсі ақ болады.

Көктемде түсі сұр түске айналады екен. Яғни олар қысқа қарай және көктемде түлейді. Қоян өте қорқақ ,саққұлақ аң деуге де болады. Себебі: құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қоян орғып жүреді.

4. Әңгіме құрастыру.

5. Дыбыстық жаттығуды қайталау.
Қоя-қоя-қоя – қоян.

Соя-соя-соя.

Ұя-ұя-ұя – ұя.

Ұя-ұя-ұя – ұят.

Құя-құя-құя – құяды.
- Балалар, «я» дыбысы «иа» болып естіледі. Бірақ біз ол дыбысты анық айтуымыз қажет. «Я» дыбысының дауысты дыбыс екенін айту.

Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қоян көлеңкесінен де қорқады.
Дидактикалық ойын: «Мұнда неше қоян бар?»

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: дәптердегі «Нүктелердің бір-бірімен қосу арқылы, бірнеше қоян бейнесін тап» тапсырмасын орындау.



- Қыстың бір күнінде

бір ақ қоян орғып келе жатады.

Оның алдынан қасқыр кезігіпті. Қасқыр Қоянды жеп қоймақ болады. Осы кезде Қоян қасқырға былай депті:

- Мені жемеші, мен саған өзім туралы өлең айтып беремін.

Сонда қасқыр:

- А, солай ма? Жарайды, айта ғой, - дейді.


Секірейік-секірейік

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.


Сергіту сәтін

өлең шумағының ырғағымен қимыл-

қозғалыс арқылы орындау.
- Осылайша қоян

секіріп-секіріп қасқырдан құтылып кетіпті.


Мақал-мәтелді қайталап жаттап алады.

Тіл дамыту дәптерінен неше қоян бар екенін анықтайды.

Мысалы:

- Суретте үш қоян бар.





Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.



Балалар қуанышты сезімде болады.




Күтілетін нәтиже:

біледі: мақал-мәтелдер білу;

игереді: ұйымшылдықты, ұқыптылықты;

меңгереді: еркін әңгіме құрауды біледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет