Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтардың жүргізуші куәлігіне қатысты ұстанымы қандай екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Бүгін алқа отырысынан кейін брифингте Әлназаровдан тілшілер МӘМС жүйесіне жарна төлемейтін қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алатын кезде медициналық анықтамалар бермеу туралы ұсынысқа пікір білдіруді сұрады.

"Менің ойымша, халық саналы түрде медициналық сақтандыру жүйесіне өтуі керек. Ол үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, шығындардың ашықтығын және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Біз бүгін айтқан қадамдар биыл жасалады. Мен осы жұмыстар арқылы медициналық сақтандыру жүйесіне жаңа азаматтарды тартамыз деп ойлаймын. Әзірге халықты МӘМС жүйесіне тарту және реттеудің басқа әдістері, атап айтқанда, сіз айтқан мәселе қарастырылмайды", — деп жауап берді Әлназарова.

Бұған дейін министр медициналық көмек пен шығын көлемін жоспарлау міндеті медициналық сақтандыру қорынан денсаулық сақтау министрлігіне қайтарылатынын айтты.

Айта кетсек осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға көлік жүргізуге тыйым салу және кейбір мемлекеттік қызметтерден шектеу туралы ұсыныс білдірген болатын. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.