1.Қалыптасу тарихы



жүктеу 84.25 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі84.25 Kb.

«Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ жөніндегі ақпарат.

1.Қалыптасу тарихы

1959 жылы 30 желтоқсанда Самар машина жасау станциясы базасы жанынан ауыл шаруашылығы механизациясы училищесі құрылды.

Механизатор мамандығы бойынша білім алу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен түлектер келе бастады.Алғашқы жылдары тракторшылар мен комбайншыларды дайындайтын қысқа мерзімді 3-6 айлық курстар қалыптастырылды.Оқушылар саны 40 адамды құрады.

Жылдан-жылға ауыл шаруашылығы мамандарына сұраныс көбейе түсті,сол себептен оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасын кеңейту қажет болды.8 техникаға арналған шеберхана,40 орындық жатақхана,кітапхана ашылып,ең алғашқы ДТ-54,МТЗ-5 тракторлары сатып алынды.

1964 жылық қолданысқа 300 адам оқуға арналған жаңа оқу ғимараты берілді.

1971 жылы Самар ауыл шаруашылығы механизациясы училищесі атауы Самар орта кәсіпкерлік-техникалық училище № 151 болып өзгертілді.

1980 жылы бұрынғы Одақтың алдыңғы қатарлы кәсіпкерлік-техникалық училищелер қатарына кірді.

Арнайы кәсіптерге дайындайтын бөлімдер құрылды.Атап айтсақ,К-700 санатындағы тракторшылар,СК-5 санатындағы комбайыншылар, «В,С,Д» санатындағы автокөлік жүргізушілер,машиналық сиыр сауу операторлары,электриктер және зоологтар.

Машина-тракторлық парк МТЗ-50,ДТ-75,К-700 тракторларымен,СК-5 комбайнымен,ЗИЛ-130,ГАЗ-53 автокөліктерімен толықты.

1980-1981 жылдар аралығында социалистік жарыстағы жеңістері үшін училище ауыспалы Қазақ ССР қызыл жалынымен марапатталады.

1996 ж-Самар кәсіпкерлік-техникалық училище №27 (СПТУ № 27) № 27 кәсіптік-техникалық мектеп болып ауысады.

Жаңа мамандықтар ашылып,тігінші,газ-электр сварщигі,кең профилдегі құрылыс шебері,пайдалы қазбаларды құнарландырушы мамандықтары бойынша бөлмелер жабдықтандырылды.

2006 жылы кәсіптік мектеп №27 Шығыс Қазақстан облысының әкімінің « Жылдың үздік кәсіптік мектебі» аталымын дипломымен марапатталды.

2008 жылы кәсіптік мектеп №27 «Кәсіптік лицей № 14» атауын алады.

Материалдық-техникалық база «Енисей-1200 НМ» комбайнымен, МТЗ-82 тракторымен,ауыл шаруашылық техникасымен толықты.Оқу шаруашылығы 1200 га жерге созылды.Одан басқа,интерактивтік тақта және интерактивтік проекторалынып, 5оқу бөлмелері Интернет желісіне қосылды.

Қалыптасқан күнінен бастап,қазіргі таңға дейін мектеп еңбек нарқында сұранысқа ие14 мың жоғары санаттағы мамандарды дайындап шығарды.2012 жылдың 20 сәуіріндегі ШҚО әкімінің № 91 қаулысы негізінде кәсіптік лицей колледж атын алып «Самар аграрлық-техникалық колледж» жалпы қолданыстық мемлекеттік мекемеге айналады.Колледждің жаңа тарихы оның 1993 жылдан бастап басқарып келген бастығы Нұртас Нұрахымұлы Исеновпен байланысты.1977 жылы Нұртас Нұрахымұлы «инжинер-механик» мамндығымен Қазақ орденінің иЖұмысшы қызыл жалыны ауыл шаруашылық институтын бітірді.Жоғарғы оқу орының бітіргенне кейін еңбек жолын Жамбыл колхозында механик болып бастады.Кейін 11 жыл комсомолдық-партиялық жұмыстар атқарды. 1988-1993 жылдар аралығында аудандық агроөнеркәсіптік бірлестікте бас инжинер болып жұмыс істеді.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаетың алғысына ие болып,көптеген алғыс хаттары мен,дипломдармен марапатталған.Елімізге қиындық тудырған 1990 жылдары өзінің еңбекқорлығы арқасында училищенің беделін сақтап,ары қарай жетілдіруге көп күш жұмсады.


2.Дайындық бағыты
Колледж атауын иеленгеннен кейін 2012-2013 оқу жылдарындағы жалпы студенттер саны 291 адамды құрады. (Үлкен Бөкен ауылы)
Мамандықтарға шаққанда:

Көлік жүргізуші-тракторист-71 адам

Аспазшы-48 адам

Тәтті дайындаушылар-16 адам

Газэлектрінің сварщиктері-47 адам
Орта санаттағы мамандарды дайындық курстары ашылды.

Техник-механик-17 адам
Сонымен қатар жаңа мамандық иелері :
Электр монтері-20 адам

Омарташы-20 адам

Лаборант- 20 адам

Официант-бармен-12 адам

Пісіруші-20 адам

3.Лицейдің материалдық-техникалық базасы

Материалдық-техникалық базамен толық жарақаттандырылмаған мекемеден жоғары мамандарды дайындауды талап ету мүмкін емес.

№14 кәсіптік лицей бүгінгі таңда 18 жақсы жарақаттандырылған оқу бөлмелері,шаштараз бөлмесі,аспазшылар зертханасы,оқу-өндірістік шеберхана,гараждар,120 орындық асхана,100 орындық жатақхана,автотасымалдау паркі-33 дана техника,720 га оқу шаруашалығы.

Оқу шаруашылығында «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторис-машинисті», «Техник-механик» мамандығы бойынша шеберлердің басшылығымен студенттер шеберліктерін шыңдап,оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерімен танысып, практикалық білім алады.

Оқу шаруашылығының өндірістік кәсіпкерлігі уақытылы қаржы түсіріп отырады.Түскен қаржы лицейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған.

Оқу шаруашылығының жұмыс көрсеткіші
(мың теңге көлеміндегі кіріс)


2009

2010

2011

6 530 мың теңге

12 650 мың теңге

11 109 мың теңге

Кәсіптік лицей оқу бөлмелерін жаңарту үшін жаңа жиҺаздар,құрал-жабдықтар,ауыл шаруашылығы техникалары:

Соңғы жылдары 2 дақылдық «Енисей» комбайны,МТЗ-82 тракторы,СУПН-6А пневматикалық егуші,БДН-2400 боронасы,БДТ-7 боронасы т.б.барлық оқу бөлмелерінде дерлік жаңа класс-кешендер бар.

Лицейде оқу-тәрбие жұмыстарына информациялық-коммуникациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөледі: 2 интерактивтік тақта, 2интерактивтік проектор,5 оқу бөлмесі жоғары жылдамдықтағы Интернет жүйесіне (Мегалайн) қосылған.

2012 жылы жаңа мамандық иелерін дайындау үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған:

- «Фауна М» дақыл дымқылдығын өлшеуіш

-ВК-600 электрондық лабороториялық таразы

-ППБ буры

-дақылдағы температураны өлшейтін құрылғы

-КИ-562 форсуноктардың қадағалаушы

-лабароториялық наубайхана

-КРПВ культиваторы

-Себезгі

- дақыл егу кешені

-қозғалмалы компрессор

-ПП-3 жинақтаушысы

- ши кесуші

-КТП өзгермелі киоскісі

-ЖВП-4,9 қысушысы

-күнбағыс жинаушы, сонымен бірге интерактивтік құрылғы


4.Кадрлық әлеуеті.
Қазіргі таңда колледжде 18 мұғалім,11 өндірістік сала шеберлері жұмыс істейді.Барлық ұстаздар мен шеберлер штаттық қызметкерлер,бұл 100 % пайызды құрайды.
Сапа көрсеткіштері:

Педагог мамандар бойынша:

Жоғары санаттағы – 4 адам-22 %

1 санаттағы- 7 адам-39 %

2 санаттағы- 1 адам-6 %

Санатсыз-6 адам-33 %

Өндірістік сала шеберлері бойынша:
Жоғары санаттағы – 1 адам

1 санаттағы- 1 адам

2 санаттағы- 4 адам

Санатсыз-5 адам


Білім деңгейі бойынша :

Жоғары біліммен-16 адам,

Арнайы орта-11 адам,

Жалпы орта- 2 адам


5.Ас-ауқатты ұйымдастыру

Салауатты өмір салтын ұстанудың басты талабы тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру.46 жетім балаларға және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге 4 уақыттық ас мәзірі барлық құрылғымен қамтылған колледж асханасында беріледі.Барлық тазалық ережесі сақталады.Білім алушылардың күнделікті ас-ауқатына шығыс 553 теңгені құрайды.




6.Жатақхана

Жатақханада 46 оқушы,оның ішінде жетімдер саны 5 адам,қорғауға алынған балалар саны 4 адам,37 адам- аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан.2012 жылы жатақханада жылу жүйесін жүргізу , сумен қамтамассыз ету, кәріз жөндеу жұмыстары жүргізіліп,су жылыту қазандықтары,жерге төсейтін кілемдер,қабырға кілемдер,жапқыштар.капрондық шілтерлер алынды.Жатақханада түрлі-түсті теледидар,музыкалық жүйе,Интернет жүйесі қосылған компьютер,демалыс бөлмесі,теннис үстелі,шашкалар мен шахматтар бар.Жуыну бөлмесін жасау жоспарланып отыр.Бөлмелер санитарлық-тазалық нормасына сай.


7.Кітапхана.

Оқу ғимаратының 120 кв.м көлемі 30 орындық кітапхана 2 компьютермен,принтермен ,Қазақтелеком желісіне қосылған интернет жүйесімен қамтылған.Кітапхана қорының электрондық жүйесі кіргізілмек.

Қорда 20661 кітап бар.Оқулықтар-11426, оның ішінде қазақ тілінде 1944 нұсқа.

Оқырмандар саны-323

Қамтылуы-6453

Кітап таралымы-16779 нұсқа.


Жыл сайын кітапхана қоры жаңа әдебиеттер мен оқулықтармен толықтырылып отырады.2008-2010 жылғы жаңа ғасыр оқулықтары да бар.

Жыл сайын басылымдарға жазылу көбеюде.



8.Медициналық көмек.

Қажетті құрылғылармен қамтамассыз етілген,алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық бөлме бар.Шылым шегу,ішімдік ішу,нашақорлық.бруцеллездің,туберкулездің және В гепатитінің алдын-алу кеңестері өтіп тұрадыүНаша шегу колледжде тіркелмеген.2011 жылы медициналық тексерілуге 60 000 теңге бөлінді.



9.Сабақтан тыс уақыт.

Колледжде волейбол(19) мен футболдан (16) спорттық секциялар жұмыс істейді.Спорт секцияларына 75 оқушы қатысады.(Самар спорттық мектебін санағанда)Барлық жоспарланған іс-шаралар өзіндік деңгейде өтеді.Жыл сайын:жеңіл атлетикадан кросс,Денсаулық күні,футболдан біріншіліктер,гирлік спорт,волейбол,шағын футбол,шахмат,шашки,тоғыз құмалақ,армрестлинг,спорттық-сауық жарыстар,атап айтқанда «Жігіт сұлтан», «А,ну-ка,девушки»,әскери-спорттық жарыстар өтіп тұрады.Колледж республикалық,облыстық,аудандық деңгейдегі жарыстарға да қатысады.15 оқушы ән үйірмесіне қатысса,6 оқушы Мәдениет үйінде би үйірмесіне қатысады.



10.Әріптестік.

Ақырғы кезде техникалық және кәсіби оқу орындары мен кәсіпорындардың, жұмыспен қамту бөлімдерімен қарым-қатынаста тұру басты назарға қойылып келеді.

Әлеуметтік әріптестік жүйесі-бұл индустриялық-инновациялық дамудың бір бағыты,әрі жас мамандар дайындауда әлемдік деңгейге көтерілу әдісі.

Колледж әлеуметтік әріптестермен кәсіби байланыста:

«Мәмбет»

«Лик»


«Кұсайынұлы»

«Қалисаттарұлы»

«Батраков» және т.б.шаруа қожалықтарымен.

Қоғамдық қызмет көрсету орындарымен де байланыста:

«Қайнар» кафесі

«Престиж» кафесі

«Айфар» кафесі

Шағын асханалар

Ауыл шаштаразы.

Әсіресе ауданымыздың ең үлкен шаруа қожалығының бірі болып саналатын «Мәмбет» ШҚ атап кетпесе болмас.2012 жылдан бастап,біздің колледж өз тәжірбиесіне Германияның дуалды әдісін кіргізіп жүр.Осындай әдіспен нан зауытында және шаруа қожалығының дәнді-дақыл лабораториясында «Лаборант», «Пісіруші» жаңа мамандықтары оқытылып жатыр.Шаруа қожалығының басшысы Есенбек Дәлелұлы Мәмбетовпен 3 жақты келісім жасалды.

Студенттер өндірістік іс-тәжірбиелерін осы шаруа қожалықтарында өтеді;Жыл сайын сәуір-мамыр айында «Мамандар жәрмеңкесі»,мамандықтар презентациясы,кәсіби шеберлік конкрустары,мансап күні,жұмыс берушілермен кездесу кештері өтілуі дәстүрге айналған.

Колледж Самар селолық округінің мемлекеттік емес ұйымдарымен де тығыз байланыста.Самар ауылында әйелдер кеңесі жұмысы жақсы атқарылады.Атап айтсақ, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу кеңестері,әңгімелесу кештері.кеңес мүшелерін сынып сағаттарына шақыру жұмыстары өтіп тұрады.

Сонымен қатар,ардагерлер кеңесімен бірге атқаратын жұмыстар қаншама.Қарттар үйінде өтетін кештерге қатысу,қарттарға үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету жастар бойында ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.Бұндай ұйымдар жастардың тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосады.

Педагогикалық ұжым тәрбие беру кеңестерімен де бірігіп жұмыстар атқарады.Тәрбие орталықтары аз қамтылған отбасыларынан шыққан баларға көмек қолын ұсынып,сыныптан тыс сабақтар,сауықтыру-жетілдіру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді.Тәрбие орталығы қаржылай да көмек көрсетеді.Жұмыстар оқу жылының жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.


11.Түлектер-біздің мақтанышымыз.

Колледж қабырғасынан өмірде де, жұмысында да жетістіктерге жеткен мамандар қаншама.

Бақыт Ахтиярова-әлемдік деңгейдегі шаштараз шебері.әлемдік,Европалық байқаулардың жеңімпазы.

Аудан аймағынан тыс жерлерге аты мәлім шаруа қожалықтарының басшылары:Есенбек Мәмбетов,Самархан Жотабаев,Александр Воротников т.б.

Мадина Хамидулина-Қазақстанның еркін күрестен жеңімпазы,қазіргі таңда олимпиадаға дайындық мектебінде білім алып жүр.

Бұдан да басқа көптеген колледж мақтаныштары өз кәсібінің майталманы аталып,халыққа адал қызмет етіп жүр.Бұның барлығы колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымының өз шәкірттеріне болашаққа апарар жарқын жол салып бергендігінде десе де болады.

«Білім кемесінің сыртында қалып қалмайық десек,упқытпен аяққа аяқ ,қолға қол қатар жүруіміз қажет»- дейді ұстаздар қауымы.Сонда ғана қаншама жылдық тарихы бар колледж жұмысымен теңесерміз.

Ахтиярова Б. – мастер-класс



Мероприятия к 20-летию Независимости.









Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет