Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының әкімі әлеуметтік желіде пікір жазған қала тұрғынын жазалауды сұрап сотқа арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Әлеуметтік желіде Шемонаиха әкімі Егор Драчевтің сотқа берген арызының сканерленген нұсқасы пайда болды. Арызда әкімнің аталмыш пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгені айтылған.
“Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша", – деп әкімнің ренжіген пікірі”, – делінген пікірде.
Әкімнің айтуынша, бұл пікір оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді.
“Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын", – делінген арызда.
Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына әлеуметтік желідегі видеосы үшін 664 мың теңге айыппұл салынғаны туралы жазған едік.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.