Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда қай мамандық иелеріне хиджабпен жұмысқа келуге заңды түрде рұқсат етілгені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: uganka.ru

"Жалпы бұл мәселе ешқандай норма жоқ. Бірақ өздеріңіз де білесіздер, бұл мәселе туралы мемлекет басшысы да пікірін айтты. Естеріңізде болса, әсіресе өткен жылы бұл мәселе мектеп оқуышыларына байланысты көтерілді. Бұл азаматтың конституциялық құқығы, егер ол өзі таңдаса, бұл оның өз таңдауы", – деді вице-премьер.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің де жұмысқа хиджабпен келуіне тыйым салынбаған.

“Бұл оның құқығы. Өйткені ешқандай шектеу жоқ. Бірақ қандай ел екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз өзімізді зайырлы мемлекетпіз деп санаймыз. Сондықтан біз конституцияға сәйкес жұмыс істеуіміз керек", – деді премьер-министрдің орынбасары. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.