Геннадий Головкин ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болу ұсынысын қабылдау үшін қандай шарт қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: olympic.kz

Бұл туралы Геннадий Головкин олимпиада комитетінде өткен жиында айтты.

“Маған Қазақстан ҰОК басшылығына ұсыныс түскенде, қазақ спортының дамуына өз үлесімді қосуға рұқсат беру шартымен ғана келістім. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер немесе шенеунік емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланғанмын. Менің өз көзқарасым бар, көп жылдық халықаралық тәжірибем, ұжымым бар, ең бастысы – барлығын өз елімде жүзеге асыруға деген шынайы ниетім бар екенін айтқым келеді”, – деді Головкин.

Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкин ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланғаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.