2 бақылау органдары кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі



жүктеу 301.55 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі301.55 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »
№ қаулысына


қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 775 қаулысымен


бекітілген

Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жұмыс технологиялық карталары – теңіз портында жүктерді өңдеу, қоймаға жинау және жүктерді кемеге тиеу мен жүктерді кемеден түсірудің технологиялық процестерін сипаттайтын порттың техникалық құжаттары;

2) бақылау органдары – кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі;

3) тальмандық қолхат – кемеден/ге жүктерді қабылдау немесе түсіру кезіндегі жүктің саны мен оның жай-күйін куәландыратын және жүк орындары есебінің фактісін растайтын жүк құжаты;

4) штурмандық қолхат – капитанның аға көмекшісі беретін және қол қоятын кеме бортына жүк қабылданғанын растайтын құжат;

5) қабылдау актісі – порт қызметкері мен экспедитор қол қойған порт терминалының жүк қоймасына жүк қабылдау фактісін куәландыратын құжат;

6) ХТЖҚК жүкқұжаты (Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісім) – жүк жөнелтуші мен темір жол арасында жасалатын тасымалдау шартын куәландыратын халықаралық құжат;

7) жүк манифесі – жүк туралы барлық негізгі мәліметтері әр порт бойынша бөлек жазылған құжат;

8) жүк жоспары (карго жоспары) – жүк үй-жайларын неғұрлым оңтайлы пайдалану мақсатында жүкті теңіз кемесінде орналастыру жоспары;

9) кеменің дайындығы туралы нотис – жүк жұмыстарын жасауға кеменің дайындығы туралы кеме капитанының порт әкімшілігіне беретін жазбаша хабарламасы;

10) порттың үрдістер жиынтығы – жүк операцияларын ұйымдастырумен, ол бойынша шығындарды бөлумен, жүк жұмыстарын нормалаумен және сталиялық, контрсталиялық уақытты есептеумен байланысты тасымалдауға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтін осы порттың қалыптасқан үрдістері мен практикасы көрініс тапқан, порт иесі бекіткен құжат;

11) палубалық жүк – кеменің ашық палубасында және қауіпсіз жерінде тасымалданатын, тоннаждың брутто/нетто өлшеміне кірмеген жүктер;

12) порт құрылыстары – теңізде жүзу және кемелер тұрағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, су ортасымен байланысатын теңіз портының аумағында және (немесе) акваториясында орналасқан инженерлік-техникалық құрылыстар (жағалауды қорғайтын құрылыстар, толқын тосқылары, бөгеттер, молдар, пирстер, айлақтар, сонымен қатар түбін тереңдету жұмыстары нәтижесінде пайда болған кіру арналары, су асты құрылыстары);

13) порт құрылысының паспорты – құрылыстың арнауы, сипаттамасы және техникалық жай-күйі (ақаулықтар, жөндеулер, сындарлылық өзгерістер, авариялар және пайдалану беріктілігін бұрынғы қалпына келтіру жөніндегі қабылданған шаралар) көрсетілген техникалық құжат;

14) пайдалану режимі – жобада немесе құрылысты пайдалану үдерісінде белгіленген параметрлермен бірге бағыты бойынша құрылыстарды пайдалану қарқындылығы;

15) пайдалану шарттары – құрылысты пайдалану кезінде оған әсер ететін қозғаушы күштердің жиынтығы;

16) теңізде жүзушілерге хабарлау қағазы – навигациялық карталарды түзету жөніндегі гидрографиялық деректердің өзгерістері қамтылған, теңізде жүзу үшін құралдары мен басшылығы бар құжат;

17) техникалық тексеріп қарау журналы – құрылысты тұрақты түрде техникалық тексеріп қарауды өткізу үдерісінде жүзеге асырылатын порт құрылыстарын пайдалану, техникалық жай-күйіне және режиміне бақылауды есепке алу жөніндегі құжат;

18) порттың паспорты – портқа жүктелген өндірістік міндеттерді орындауға арналған порттың өндірістік мүмкіндігін, өндіріс құралдары мен материалдық ресурстар жиынтығының қолдағысы мен жай-күйін куәландыратын құжат;

19) порттың режимі – теңіз портында жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ осы теңіз портына келетін кемелер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде теңіз порты белгілеген шаралар жиынтығы.



2. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар

теңіз порттарын пайдалану тәртібі
3. Жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне және кейін қарай ауыстырып тиеу үшін портты пайдалану порттың инфрақұрылымы мен құрал-жабдығын пайдаланумен жүзеге асырылады.

4. Жүктерді ауыстырып тиеу бойынша порт жұмысын ұйымдастыру портқа жүк келуін жоспарлау, жүкті қабылдау, порттың қойма алаңдарында қоймаға жинау, сондай-ақ жүкті теңіз терминалдарынан не қойма алаңдарынан тиеу жолымен жүзеге асырылады.

5. Осы Қағидаларда айқындалмаған жүк тегіне, порт жұмысының технологиясына және тасымал түріне (экспорт, импорт, транзит) байланысты жүктерді ауыстырып тиеу кезінде жүргізілетін техникалық операциялар порттың үрдістер жиынтығына, порттың нұсқаулықтары мен стандарттарына, сондай-ақ порттың жұмыс технологиялық картасына сәйкес жүзеге асырылады.



6. Жүкті ауыстырып тиеу бойынша жоспарлар:

1) кемелер, вагондар, өзге де жүктер, контейнерлер және автокөлік құралдарының келуі туралы;

2) жүк тиеу-түсіру орындарында жүк тиеп-түсіретін вагондардың бар-жоғы, өзге жүктің, контейнерлердің және қойма алаңдарында автокөлік құралдарының бар-жоғы туралы;

3) вагондарды кіргізуге, палубалық жүкті, дөңгелек техниканы тиеуге жасалған жүк жоспарларының бар-жоғы туралы;

4) ресімделген жүк құжаттары туралы тәуліктік ақпарат негізінде қалыптастырылады.

7. Порт арқылы жүктің нақты көлемін тиеу мүмкіндігін жүк жөнелтуші темір жолмен, темір жол портымен, ал порт кеме иесімен (агентпен) келіседі.

8. Жүктерді темір жол құрамынан қабылдау және түсіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысымен бекітілген Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларымен және Халықаралық жүк қатынасы туралы келісіммен көзделген тасымал құжаттарының толық топтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

9. Тасымалдаушы вагондарды алдағы жүк түсіруге беруден 2 сағаттан кешіктірмей портқа хабарлайды.

10. Жүк вагоннан порттың қойма аумағына түсірілгеннен кейін порт қызметкері жүктің саны бойынша есебін жүргізеді, ХТЖҚК жүкқұжатына енгізілген мәліметтермен салыстырып тексереді, жүктің, орауыштың, ыдыстың зақымданғанын немесе бүлінгенін тексеруді жүргізеді.

Одан әрі тасымалдауда немесе алушыға бергенге немесе бағыты бойынша жөнелтілгенге дейін жүктің сақталуын қамтамасыз етпейтін жүктің бұзылғаны, орауыштың, ыдыстың ақаулықтары анықталған жағдайда тасымалдаушы жүк алушы (экспедитор) мен порт арасында жалпы нысандағы акт жасалады.

11. Порт қызметкері жүк вагоннан түсірілгеннен кейін жүкке таңба басады (вагонның соңғы төрт саны, лоты, қосымшасы, порт экспедиторы, күні).

12. Портта вагондардың нақты тұрған уақыты нөмірлік әдіспен есепке алынады және вагондарды тиеу/түсіру жеріне нақты берген сәттен бастап тасымалдаушыға вагондарды жинастыруға дайын екені туралы хабарлама берген сәтке дейін есептеледі.

13. Жүкті (контейнерді) автокөлікпен кіргізу порт әкімшілігінің рұқсат беру бұрыштамалары мен бақылаушы органдардың мөрлері қойылған жүк жөнелтушінің (экспедитордың) хаты және тауарлық-көліктік жүкқұжаты болуының негізінде жүзеге асырылады.

Тауарлық-көліктік жүкқұжатына сәйкес бос контейнерлерді порт қызметкері сыртқы түрі және нөмірі бойынша, жүк тиелген контейнерлерді жүк жөнелтушінің жарамды пломбасы және нөмірі бойынша, өзге жүкті жөнелтушінің салмаққа саны бойынша қабылдайды.

14. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кеменің өткенін ресімдегеннен кейін кемеден жүк қабылдау жүзеге асырылады.

Порт қызметкері кемеден жүкті қабылдағанға дейін жүктің сыртқы көрінісін тексеріп қарауды жүргізеді, кеме иесі (агент) алдын ала ұсынған жүкті түсіруге тапсырма бойынша орын санына сәйкестігін тексереді.

15. Кемеден жүк қабылдау жүк орнын (стандарттық көтеруді) есептеумен жүзеге асырылады, жүктің әр 10-көтерілімінен кейін порт қызметкері мен кеме капитанының аға көмекшісі жүктің қабылдап/тапсырған фактісін тальмандық және штурмандық қолхаттарға өз мөрлері мен қол таңбаларын қойып бекіту жолымен тіркейді. Тальмандық қолхаттың бір данасы кеме капитанының аға көмекшісіне, штурмандық қолхаттыкі – порт қызметкеріне беріледі.

Автокөлік құралдарын трюмде және палубада қабылдау кезінде кеме капитанының аға көмекшісі автокөлік құралдарының кілттерін порт қызметкеріне береді.

16. Жүктің немесе ораудың жетпеуі, бұзылуы анықталған жағдайда жалпы нысандағы акт жасалады. Жалпы нысандағы актіге порт қызметкері, кеме капитаны, агент қол қояды және порт, кеме капитаны және агент мөрлерімен куәландырылады.

17. Жүкті ашық және жабық алаңдарда сақтау порт, жүк иесі (экспедитор) арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.

Жүкті ашық және жабық алаңдарда бөліп орналастыру жүктерді қоймаға жинауға арналған алаңдардың сызбасына және жүк тиеудің жұмыс технологиялық карталарына сәйкес жүргізіледі.

18. Жүк алушы жүкті алу, тапсыру үшін жүкті әкетуге/әкелуге өтінімді ресімдейді, оған порт әкімшілігі қол қояды және бақылау органдарымен келісіледі.

19. Жүк жөнелтуші автокөлік құралын темір жол көлігімен жөнелткен кезде порттың кірме жолдарында автокөлік құралдарын тиеуге рұқсат алу үшін порт әкімшілігіне жазбаша өтініш береді.

Өтініште автокөлік құралының маркасы, шассиі, коносамент нөмірі және автокөлік тиелетін вагон нөмірі көрсетіледі.

Тасымалдаушы порт қызметкеріне жүк тиеуге келген бос вагонның анықтама парағын ұсынады. Жүк жөнелтуші өз қаражатымен тиеуді жүргізеді.

20. Порт қызметкері вагондарды паромға тиеуді дайындау үшін тасымалдаушының деректері (вагондар нөмірі, жүк атауы, ыдыс салмағы, нетто, брутто) негізінде жүк жоспарын қалыптастырады, ал паром портқа келуден 12 сағат бұрын вагондарды алдағы тиеуге іріктеу үшін тасымалдаушыға тапсырылады.

21. Тасымалдаушы, порт, бақылау органдарының қатысуымен техникалық және коммерциялық тексеру үшін паром портқа келуден 6 сағат бұрын вагондар паром жолдарына беріледі.

Ақаулықтар болған жағдайда барлық тексеруге қатысушылар қол қоятын жалпы нысандағы акт жасалады.

Бақылау органдарының рұқсатын алғаннан кейін тиеу операциялары басталады.


  1. Паромға дөңгелек техниканы кіргізу және палубалық жүкті тиеу жүк жөнелтушінің мына ақпарат: өтінім берген күні, дөңгелек техниканың нөмірі мен ауқымы, жүктің сипаты мен салмағы, алып жүруші адамдар саны мен олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, порт әкімшілігіне берген өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте палубалық жүкті паромға тиеу үшін кеме иесінен жүк жөнелтуші, жүктің түрі, орын саны, тоннажы көрсетілетін тиеуді растаудың болуы қажет.

Берілген өтінім мен кеме иесінің растауы негізінде порт қызметкері тиеуге тапсырманы дайындайды, ол бақылау органдарымен келісіледі. Палубалық жүкті тасымалдау кеме капитанының келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.



  1. Дөңгелек техниканың немесе палубалық жүктің тиелгенін растайтын факті паром капитанының коносаменттерге және жүк манифесіне қойған мөрі болып табылады, паром капитаны олардың бір-бір данасын бақылау органдары мен порт қызметкеріне ұсынады.

  2. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы паромдардың өткенін ресімдегеннен кейін паромдардан вагондарды порт аумағына шығару жүзеге асырылады.

Вагондар паромнан шығарылып, порттың кірме жолдарына берілгеннен кейін (бос вагондар мен қауіпті жүктері бар вагондардан басқа) вагондарға коммерциялық тексеріп қарау жүргізіледі.

Жүк алушы (экспедитор) жүк құжаттарын, соның ішінде бақылау органдарында ресімдеуді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

Порт аумағынан вагондарды шығару тасымалдаушының тепловоздарымен жүргізіледі.


  1. Паромнан дөңгелек техниканы шығаруды және палубалық жүкті түсіруді ұйымдастыру үшін порт қызметкері жүк декларациясын, бас декларацияны, келген жолаушылардың тізімін және басқа құжаттарды ресімдейді, олар паром капитанымен және бақылау органдарымен келісіледі.

Порт әкімшілігі айқындаған порт аумағындағы тексеріп қарау алаңына дөңгелек техниканы шығару және палубалық жүкті түсіру жүзеге асырылады.

  1. Кемеге жолаушыларды отырғызу және кемеден жолаушыларды түсіру порттың теңіз вокзалы арқылы жүзеге асырылады.

Кететін жолаушыларды ресімдеу, соның ішінде шекаралық және кедендік бақылаудан өту жолаушылар кемесі портқа келерден 3 сағат бұрын жүзеге асырылады.

Қол жүгі бар келген жолаушыларды шекара жасағы порттың қызметтік автобусымен теңіз вокзалындағы шекара және кеден бақылау аумағына алып жүреді, жолаушылардың жолжүгі порттың теңіз вокзалына арнаулы көлігімен жеткізіледі.



3. Порт құрылыстары мен теңiз порты акваториясын

пайдалану тәртібі

1. Жалпы ережелер
27. Порт құрылыстары мен акваториясын пайдалану оларды тиiмдi пайдаланған және қауiпсiздiк талаптарын орындаған кездерде қызмет ету мерзiмi iшiнде олардың пайдаланымдық сипаттамаларының сақталуын қамтамасыз етуi тиiс. Порт құрылыстары мен акваториясының пайдаланымдық сипаттамаларын ұстап тұру және қауiпсiздiк талаптарын орындау үшiн оларға техникалық қызмет көрсету, олардың техникалық жай-күйiн бақылау және оларды жөндеу жөнiнде ұйымдастырушылық және инженерлiк-техникалық iс-шаралар кешенi көзделуi тиiс.

28. Порт құрылыстарын пайдалану:

1) порт құрылыстарының паспорттарын әзiрлеумен және жүргiзумен;
2) құрылыстарды пайдалану режимiн белгiлеумен және оны сақтаумен;
      3) порт құрылыстары мен акваториясын техникалық тексерiп қарау мен (тексерудi) жүргiзумен;

4) қажеттi көлемдегi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын уақтылы жүргiзумен;


      5) аса маңызды құрылыстарды қайта жаңартуды және жөндеудi жаңа құрылыспен байланыстыра және үйлестiре отырып, перспективалы жоспарлаумен;

6) құрылыстарды ағымдағы және күрделi жөндеумен;

7) құрылыстар мен акваториялардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ететiн нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды әзiрлеумен және оларды орындаумен;

8) порт құрылыстарына қызмет көрсететiн бiлiктi персоналдың болуымен;

29. Порт құрылыстарын пайдалануды осы құрылыстарды жалға алушы немесе оның иесi жүзеге асырады.

30. Порт құрылыстары мен акваториясын пайдалану кезiнде олардың жай-күйi мен пайдалану режимiнiң өрт қауiпсiздiгiнiң, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына, сондай-ақ заңнамада белгiленген, осы объектiлерге қойылатын еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.

31. Теңiз порты үшiн тұтастай және порттың әрбiр құрылысы үшiн бөлек-бөлек паспорттар жасалуы тиiс.

32. Теңiз портының және порт құрылыстарының паспорттарын портты немесе құрылысты салуға, қайта жаңартуға немесе қайта жайластыруға арналған жобаларды әзiрлеген ұйым жасайды.

Қолданыстағы құрылыстарға арналған паспорттар болмаған жағдайда, оларды теңiз порттары мен порт құрылыстарын жобалау жөнiндегi, қызметтiң осындай түрiмен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның көмегiмен қалпына келтiру керек.

33. Құрылыстар кезек-кезек салынған жағдайда, порт құрылыстарының паспорттары құрылыстың әрбiр кезегi үшiн бөлек, осы кезектiң объектiсi пайдалануға енгiзiлгеннен кейiн жасалады.

34. Порт құрылыстарының паспорттарын жүргiзудi порт құрылыстары және күрделi құрылыс қызметi (бұдан әрi – ПҚжКҚҚ) жүзеге асырады, теңiз портының паспортын жүргiзу теңiз порты басшысының бұйрығы бойынша теңiз порты қызметiне немесе бөлiмiне жүктеледi.

Порт құрылыстарының паспортын жасау және жүргiзу осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгiлiк нысандар бойынша жүзеге асырылады.

Теңiз портының паспортын жасау және жүргiзу осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес үлгiлiк нысан бойынша жүзеге асырылады.

Порт құрылыстары паспорттарына порт құрылыстарын техникалық тексеру мен зерттеулердiң деректерi мен оларды қалыпты пайдалану мүмкiндiгi туралы қорытындылар енгiзiледi.

Теңiз портының паспорты теңiз портында сақталады.

Порт құрылыстары паспорттарының даналары ПҚжКҚҚ-да, порт құрылысын пайдаланатын ұйымда және жобалау ұйымында сақталады.

35. Порт құрылыстарын қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы ұйым мыналарды:

1) теңiз порты аумағының, онда орналасқан порт құрылыстарының, акваториясының, сондай-ақ олардың ауданындағы атмосфераның ластануын болдырмау жөнiндегi нұсқаулықты;

2) Порт құрылыстары мен акваториясын техникалық тексерулердiң және зерттеулердiң бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi.

2. Порт құрылыстары

     


36. Порт құрылыстарын пайдалану режимi олардың жобалық сипаттамаларына, iс жүзiндегi техникалық жай-күйiне, пайдалану талаптарына, олардың қызмет ету мерзiмiне және әрбiр порт құрылысының тағайындалуына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Порт құрылысының пайдалану режимiн өзгерту жобалау ұйымымен келiсiледi, теңiз порты басшысының өкiмдiк құжатымен ресiмделедi және порт құрылысының паспортында көрсетiледi. Порт құрылысының пайдалану режимi өзгерген жағдайда, теңiз портының басшысы үш жұмыс күнi iшiнде төтенше жағдайлардың уәкілетті органының аумақтық бөлiмшенi хабардар етедi.

38. Порт құрылыстарын пайдаланудан шығарған кезде теңiз портының басшысы үш жұмыс күнi iшiнде төтенше жағдайлардың уәкілетті органының аумақтық бөлiмшенi бұл туралы хабардар етедi. Порт құрылыстарын пайдаланудан шығару құрылыстың меншiк иесi тағайындайтын Жұмыс комиссиясының қорытындысы бойынша жүргiзiледi және порт құрылысын пайдаланудан шығару қажеттiгi туралы актiмен ресiмделедi. Актiнi теңiз портының басшысы бекiтедi.

39. Порт құрылыстарын пайдалану үдерiсiнде техникалық құжаттама жүргiзiледi. Техникалық құжаттаманың тiзбесi осы Қағиданың 3-қосымшасында келтiрiлген.

40. Қайта жаңарту, жаңғырту немесе күрделi жөндеу аяқталғаннан кейiн порт құрылыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi заңнамасының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

41. Порт құрылыстарын салу, қайта жаңарту, жаңғырту, күрделi жөндеу және пайдалануға енгiзу жөнiндегi барлық құжаттама ПҚжКҚҚ-да және порт құрылысының меншiк иесiнде сақталады.

42. Порт құрылыстарын пайдалану режимi порт құрылысын пайдаланатын теңiз порты қызметкерлерi мен кемелер экипаждары орындайтын шарттар мен талаптардың жиынтығын бiлдiредi.

43. Порт құрылыстарын пайдаланудың белгiленген режимiне өзгерiстер енгiзу порт құрылыстарын жүйелi түрде бақылаулар нәтижелерiнiң және оларды пайдалану шарттарының өзгергенi туралы деректердiң негiзiнде жүргiзiледi.

44. Порт құрылыстарын пайдалану:

1) кемелердiң жүзуi, арқандап байлануы, тұрақтары мен оларды өңдеу үшiн қауiпсiз жағдайларды;

2) құрылыстардың кемелермен өзара әрекеттесуi кезiнде, жабдықтар мен көлiктiң жұмысы кезiнде, жүктердi қоймалап жинау кезiнде және гидрометеорологиялық факторлардың әсерi кезiнде қауiпсiздiгiн, сақталуын және қызмет ету ұзақтығын арттыруды қамтамасыз етедi.

45. Порт құрылыстарын қалыпты пайдалануға кедергi келтiретiн немесе құрылыстың жекелеген элементтерiнiң қирауына әкеп соғатын табиғи тозуы бар порт құрылыстарын пайдалануға жол берiлмейдi.

46. Барлық айлақтық құрылыстар олардың паспорттарында көрсетiлген, жобалау ұйымы әзiрлеген олар үшiн белгiленген пайдалану жүктемесiнiң нормаларын қатаң түрде сақтай отырып пайдаланылады.

47. Айлақтық құрылыстарға белгiленген нормалардан жоғары жүктемелердi арттыруға рұқсат етiлмейдi. Айлақтарды пайдалануды жүзеге асыратын ұйым басшылары теңiз портының айлақтық құрылыстарына, рұқсат берiлетiн жүктемелер нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi.

48. Айлақтық құрылыстарға арналған пайдаланымдық жүктемелердiң нормалары құрылыстың конструктивтiк элементтерiнiң iс жүзiндегi жай-күйiн және оның қызмет ету шарттарының жобалау және салу кезiнде алғаш қабылданған шарттарға сәйкестiгiн ескере отырып, ұдайы қайта қаралады және айлақтық фронттың әрбiр учаскесi үшiн бөлек белгiленедi. Пайдаланымдық жүктемелер нормаларын қайта қарау жобалау ұйымының зерттеулерден кейiнгi ұсынымдары негiзiнде жүргiзiледi.

49. Айлақтарды пайдалану шарттары мен олардың техникалық жай-күйi өзгерген жағдайда, жобалау ұйымы құрылысты салыстырып тексеру есептеулерiн жүргiзедi, олардың нәтижелерi айлақтарды пайдаланудың жаңа режимi тағайындалған кезде ескерiледi.

50. Айлақтық құрылыстарға түсiрiлетiн жүктемелердiң схемалары айлақтардағы, тиеу кешендерiнiң үй-жайларындағы, кордон жанындағы қоймалардағы және айлақтық құрылыстарды пайдаланумен байланысты қызметкерлер бар басқа да қызметтiк үй-жайлардағы көрiнетiн жерде iлiнедi.

51. Рейдтiк айлақтық құрылыстар (арқандап байланатын палдар мен бөшкелер) арқандап байланатын кемелерден оларға белгiленген түсiрiлетiн жүктемелердiң порт құрылыстарының паспортында көрсетiлетiн нормаларын қатаң түрде сақтай отырып пайдаланылады. Керi итергiш құрылғылар iлiнбеген немесе зақымдалған құрылыстарға кемелердi арқандап байлауға рұқсат етiлмейдi.

Гидротехникалық құрылыстарға орнатылған арқандап байлау және керi итергiш құрылғылардың техникалық жай-күйiн бақылауды Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

52. Айлақтарды пайдалану үдерiсiнде портты жобалау кезiнде осы айлақ үшiн есептелген тереңдiк сақталады. Тиiстi түрдегi тереңдiктердiң сақталуын бақылауды Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

Кемелердiң жақындап келуi мен арқандап байлануы, қауiпсiз тұрағы, орын ауыстыруы, кемелердiң гидротехникалық құрылыстарды зақымдауларының алдын алу шаралары теңiз портының режимiмен белгiленедi.

53. Кордон маңындағы әртүрлi тереңдiктерi мен әртүрлi тiрек қабiлеттерi бар айлақтардың шекаралары сол орында тұтас ақ көлденең сызықпен, ал пайдаланымдық жүктемелердiң схемалары – айлақтағы сызық үстiнде орнатылған көрiнетiн жердегi плакатта белгiленедi.

54. Кемелердiң қауiпсiз арқандап байлануын және айлақтық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн мынадай талаптар сақталады:

1) айлақтық құрылыстың арқандап байлау және керi итергiш құрылғыларының жарамды техникалық жай-күйде болуы және өздерiнiң сипаттамалары бойынша айлаққа арқандап байланатын кемелердiң сипаттамаларымен сәйкес болады;

2) кемелердi арқандап байлау кезiнде айлақтардың еркiн ұзындығының iс жүзiндегi қоры арқандап байланатын кеменiң ұзындығына байланысты нормативтiк қордан кем болмайды;

3) кемелердiң айлақтарға жақындап келу жылдамдықтарының қалыпты құрауыштары оларды арқандап байлау кезiнде порт құрылысына арналған жобаның талаптарымен сәйкес болады.

55. Кемелердiң, порт құрылыстарының зақымдануларын және адамдармен болуы мүмкiн қасiреттi жағдайларды болдырмау үшiн айлақты пайдаланатын ұйым кеменi қабылдауға қатысты айлақты алдын ала дайындайды. Айлақты қауiпсiз пайдаланудың қамтамасыз етiлуiн бақылауды Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

56. Кемелердi арқандап байлау арқандап байлауға арналған арқандармен жүргiзiледi. Арқандап байлауға зәкiр шынжырларын ұсынуға тыйым салынады.

57. Теңiз дауылы туралы ескертулер алынғаннан кейiн кемелердi арқандап байлау дауылдық арқандап байлау құрылғылары арқылы жүргiзiледi, егер олар порт құрылысына арналған жобада көзделген болса.

58. Арнайы арқандап байлау үшiн тағайындалмаған керi итергiш құрылғыларға және құрылыс бөлiктерiне кеменi арқандап байлауға тыйым салынады.

59. Порттық құрылыстарын қысқы кезеңде пайдаланған кезде теңiз порты ауданның климаттық және гидрометеорологиялық сипаттамалары мен гидротехникалық құрылыстардың конструктивтiк ерекшелiктерiн ескере отырып, порт құрылыстарын, акваториялар мен кеме жүзетiн каналдарды қысқы жағдайларда пайдалану жөнiндегi iс-шаралар әзiрлейдi. Қажет болған жағдайда әзiрлемелерге жобалау ұйымдары тартылады.

60. Айлақтық құрылыстар кордон бойынша доңғалақ ұрғыш құрылғылармен жабдықталады.

Еркiн жүрiстi кемелердi (Ро-Ро үлгiдегi) айлақтарда қабылдаған кезде айлаққа аппарелидi түсiруге тек сол үшiн арнайы тағайындалған және тиiстi жазулармен жабдықталған орындарда ғана рұқсат етiледi. Аппарелидi орнатуға арналған учаске алынбалы-салынбалы доңғалақ ұрғыш бiлеумен жабдықталады. Аппарели төсеу аймағының өлшемдерi айлақта айқын сызықтармен бояумен немесе басқа тәсiлмен белгiленедi.

61. Әрбiр арқандап байлау тумбасының бас кеңiстiгiнде жағалау жақтан оқылатын цифрлық белгiлеулер енгiзiледi:

1) жоғарыдан – айлақтың жағалау сызығынан бастап есептелетiн тумбаның реттiк нөмiрi (толассыз нөмiрлеу);

2) төменде, көлденең сызықтың астында – ең жақын арқандап байлау тумбаларына дейiнгi метрмен алғандағы қашықтық – сол жақтан және оң жақтан бiр-бiрiнен тiк сызықтармен бөлiнген.

62. Қадалық үлгiдегi порт айлағында арқандап байлау, тұраққа тұрған және тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде кеменiң сыртқы қабырғаға (жаққа) қисаюына жол берiлмейдi. Гравитациялық үлгiдегi айлақта кеменiң сыртқы қабырғаға (жаққа) 5о артық емес шамаға қисаюына жол берiледi.

63. Айлаққа жақындап келгенде және одан керi кеткенде кемелер машинамен жұмыс iстейдi, бұл ретте кеменiң алдыңғы бөлiгi гидротехникалық құрылыстардан кемiнде 10 метр қашықтықта болады.

64. Порт айлағынан жөнелетiн iрi тоннажды кемелерге өз машиналарымен айлаққа жақын маңда маневрлеуге тыйым салынады. Олар тiркеп сүйретулердiң көмегiмен акватория ауданына қарай жылжиды, мұнда маневрлеу басқа кемелердiң, гидротехникалық құрылыстардың зақымдану және құрылыс түбiн шаю қаупiн тудырмайды.

65. Есу бұрандасының жұмысымен байланысты кемелердiң арқандап байлау сынақтарын осы мақсатқа тағайындалмаған гидротехникалық құрылыстарда жүргiзуге тыйым салынады.

66. Кемелер тiкелей айлақта тұрақта тұрған кезде машиналарды жылыту үшiн есу бұрандасын барынша аз айналу жиiлiгiмен айналдыруға жол берiледi.

67. Кемелер айлаққа жақын келгенде және айлақтан кеткен кезде тiркеп сүйреуiштердi пайдалану кеменiң тiркелiмдiк сыйымдылығына және порттың жергiлiктi (географиялық, гидрологиялық және басқа) ерекшелiктерiмен байланысты теңiз портының режимiмен регламенттеледi.

68. Айлақта тұрған кемелер айлақты артық су балластын айдап шығарған кезде және палубаны жинастырғанда оған су шашырамауы үшiн, борт саңылаулары арқылы шығарылатын будың әсерiнен қорғау үшiн айлақты қоршайды.

69. Айлақ аумағында кеме жабдығын және басқа да ауыр салмақты жүктердi түсiруге тиеу-түсiру кешенi басшысының немесе айлақты пайдаланатын бөлiмше басшысының рұқсатымен ғана жол берiледi.

70. Айлақ құрылыстарының кордонында кемелердi арқандап байлаудың қажеттi жағдайларын және басқа операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн кордон сызығынан енi кемiнде 2 метр жолақ шегiнде жүктердi текшелеп қоймалауға тыйым салынады.

71. Құбырлар мен айлақ бетiнен жоғары шығып тұрған басқа да коммуникация арқылы адамдардың қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн өтпе көпiршелер орнатылады.

72. Сұйықтық құйылатын терминалдар мен айлақтарды пайдалану режимi олардың жарамды техникалық жай-күйiн, құйма өнiмдердi қауiпсiз ауыстырып тиеудi, өрт қауiпсiздiгi талаптарының, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi талаптары мен қауiпсiздiк техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi.

73. Қауiптi құймалы жүктердi (шикi мұнай мен мұнай өнiмдерi, сұйық химиялық заттар) ауыстырып тиеу қауiптi жүктiң түрiне, физика-химиялық қасиеттерiне және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға төндiретiн қауiптiлiк дәрежесiмен байланысты қауiптi жүктiң әрбiр класы үшiн айлақты пайдаланатын ұйым теңiз портымен келiсiм бойынша әзiрлеген технологияға сәйкес, мамандандырылған айлақтарда жүзеге асырылады.

Қауiптi жүктердi қайта ауыстырып тиеу Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияда (СОЛАС-1974) көзделген қауiптi жүктердi теңiзде тасымалдау қағидасы талаптары, өрт қауiпсiздiгi қағидасы талаптары, сондай-ақ еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өндiрiстiк санитария талаптары сақталған жағдайда мамандандырылмаған айлақтарда жүзеге асырылады.

74. Қоршау құрылыстарының және жағалау нығайтқыш құрылыстардың кескiнi оларды пайдаланудың барлық кезеңi iшiнде жобалық жағдайда ұсталады.

75. Массивтердi, темiрбетон бұйымдарды және басқа да жүктердi қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарда олардың көтергiштiк қабiлеттерiн тексермей және оларға жол берiлетiн жүктемелердi айқындамай қоймалауға тыйым салынады.

76. Қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарға кемелердi арқандап байлауға, осы құрылыстардың конструкциясы кемелердiң жақындап келуiне және тұраққа тұруына жол беретiн, ал құрылыстардың арқандап байлау мен ұрғыш құрылғылары болған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Белгiлi бiр өлшемдегi және түрдегi кемелердi қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарға арқандап байлауға рұқсат теңiз портының режимiнде алдын ала ескерiледi.

77. Ашық жүк қоймалары тiкелей жанаса орналасқан жағалау нығайтқыш құрылыстары үшiн кордон жанындағы белдеуде пайдаланымдық жүктеменiң теңiз порттарымен порт құрылыстарын жобалау жөнiндегi, қызметтiң бекiтiлген нормалары белгiленедi.

78. Төсемесi жоқ жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейiн судың шаюынан қорғайды. Жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейiнде пайда болатын және олардың төсемесiнiң қирауына әкелетiн өсiмдiктер мұқият жүйелi түрде жойылады.

79. Жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейiнде қандай да болмасын бiр заттарды текшелеп жинауға тыйым салынады.

80. Iшкi және сыртқы рейдтерi бар портта рейдте зәкiрге тұратын кемелер үшiн қоршаулы құрылыстарға және жағалау нығайтқыш құрылыстарға шектiк жақындау белгiленедi. Рейдтердегi зәкiрлердiң тұрақ орындары Теңiз порты әкiмшiлiгi әзiрлейтiн теңiз портының схемалық жоспарында көрсетiледi.

81. Рейдтердегi кемелердi қою Теңiз порты әкiмшiлiгiнiң нұсқауы бойынша жүргiзiледi.

82. Гидротехникалық құрылыстарға, суасты кабельдерiн және құбырларды жағалауға шығару орындарында, тыйым салатын белгiлер орнатылады.

83. Порт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету мыналарды:

1) белгiленген пайдалану режимiне және құрылыстардың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды қамтамасыз ететiн бақылауларды;

2) арқандап байлау және ұрғыш құрылғылардың, құрғатқыш жүйелердiң жарамды жай-күйiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды;

3) жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейлерiн ластанудан тазалауды, құрылыстың су үстi бөлiктерiнiң ұсақ зақымданулары мен ақауларын жоюды;

4) айлақтардағы санитарлық қағида нормаларының сақталуы жөнiндегi жұмыстарды, оның iшiнде айлақтарды қоқыстан, қардан және мұздан тазалауды;

5) құрылыстардың маңайындағы мұзды ойып шығаруды қамтиды.

84. Түбiн тазалау жөнiндегi жұмыстарды және айлақтарға техникалық қызмет көрсетумен байланысты басқа да суасты жұмыстарын сүңгуiр жұмыс саласындағы мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.

85. Гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлiктерiн зерттеудi теңiз портының тапсырмасы бойынша жобалау ұйымының мамандандырылған бөлiмшесi жүргiзедi.

86. Порттың гидротехникалық құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым басшысы осы құрылыстардың су үстi бөлiгiнде санитарлық қағида нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi.

87. Жағалау нығайтқыш құрылыстар беткейлерiнiң деформациясы туындаған кезде беткейлердiң кескiнiн қалпына келтiру және оларды бекiту жөнiнде шұғыл шаралар қабылданады.

88. Порт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету порт құрылыстарына тұрақты техникалық қарап тексерулердi, кезеңдiк техникалық қарап тексерулердi, кезектi және кезектен тыс тексерiстер жүргiзудi және оларды пайдаланудың белгiленген режимiн бақылауды көздейдi.

89. Порт құрылыстары мен акваториясының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану режимi оларды пайдаланудың барлық кезеңi iшiнде   порт құрылыстарын техникалық қарап тексерулер мен тексерiстердi жүзеге асыру жолымен айқындалады. Техникалық қарап тексерулер мен тексерiстер:

1) тұрақты техникалық қарап тексерудi;

2) кезеңдiк техникалық қарап тексерудi;

3) кезектi және кезектен тыс тексерiстердi қамтиды.

90. Тұрақты техникалық қарап тексерулердi порт құрылысын пайдаланатын ұйым жүргiзедi.

91. Тұрақты техникалық қарап тексерудiң нәтижелерi Порт құрылыстарының жай-күйiн және оларды пайдалану режимiн техникалық қарап тексеру журналына түсiрiледi, онда қарап тексеру күнi, құрылыс конструкциясының жаңадан анықталған ақаулары көрсетiлген тексеру нәтижелерi, құрылысқа жол берiлген жүктеменiң сәйкестiгi немесе асып кетуi және оларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы жазылады.

Теңiз портының басшысы тағайындаған адам техникалық қарап тексеру журналын ай сайын қарап отырады және порт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету мен оларды ағымдағы жөндеу сапасына жалпы баға бередi.

92. Кезеңдiк техникалық қарап тексерулердi порт құрылысын пайдаланатын ұйым басшысының бұйрығымен осы ұйымның қызметкерлерi iшiнен тағайындалатын комиссия жүргiзедi.

Кезеңдiк техникалық қарап тексерулер порт құрылысының жай-күйi туралы толық мағлұмдама бередi және жөндеулердi жоспарлау үшiн қажеттi деректер мен пайдалану жөнiндегi басқа да iс-шараларды қамтиды.

93. Порт құрылыстарын кезеңдiк техникалық қарап тексерулер жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Кезеңдiк техникалық қарап тексерулердiң нәтижелерi тексерулер актiсi түрiнде ресiмделедi.

Порт құрылыстарына кезеңдiк техникалық қарап тексерулер жүргiзу жөнiндегi материалдарды ПҚжКҚҚ қызметкерлерi жинақтайды.

94. Кезектен тыс тексерiстер оларды қалыпты пайдалану шарттары бұзылған жағдайда немесе олардың авариялық жағдайында жүргiзiледi. Кезектен тыс тексерiстердi теңiз порты басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия жүргiзедi. Комиссияның жұмысына жобалау ұйымының өкiлдерi тартылады. Кезектен тыс тексерiстiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.

Комиссия құрамына теңiз порты, жобалау ұйымы және порт құрылысын пайдаланушы ұйымының қызметкерлерi кiредi.

95. Теңiз порты аумағындағы порт құрылыстарының техникалық жай-күйiне аспаптық бақылау жүргiзу үшiн (жоспарлық және биiктiк жағдайымен) геодезиялық желiнiң тiректiк белгiлерi (реперлер) орнатылады, ал порттық гидротехникалық құрылыстардың өздерiнде бақылау геодезиялық желiсiнiң белгiлерi (бақылау маркалары) орнатылады.

96. Пайдаланушы ұйым геодезиялық желiнiң тiректiк және бақылау белгiлерiнiң орнатылуын және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

97. Тереңдiктiң iс жүзiндегi нөлдiк деңгейiн тұрақты анықтауға арналған деректердi жақын маңда орналасқан Мемлекеттiк гидрометеорологиялық қызмет жүйесi қосынынан алуға болады.

98. Порт құрылысын пайдаланатын ұйым басшысының гидротехникалық құрылыстардың тұрақты техникалық қарап тексерулердiң мерзiмдiлiгi порт құрылыстарының техникалық жай-күйiне және оларды пайдалану жағдайларына байланысты, бiрақ айына кемiнде бiр рет белгiленедi.

Порт құрылыстарына тұрақты техникалық қарап тексерулердi жүргiзу кезiнде айлақтардағы жүктердi қоймалаудан түсетiн пайдаланымдық жүктеме жобалау ұйымы белгiлеген нормаларының сақталуына ерекше назар аударылады.

99. Пайдаланымдық жүктеменiң белгiленген нормадан тыс асып кетуiн, порт гидротехникалық құрылыстарының, олардың бөлiктерi мен элементтерiнiң зақымдануларын екi жақты актiлермен ресiмделедi, оларға ПҚжКҚҚ өкiлдерi мен осы құрылысты пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның өкiлдерi қол қояды.

100. Тұрақты техникалық қарап тексерулердiң нәтижелерi мен айлақтарда жүктердi қоймалаудан түсiрiлетiн пайдаланымдық жүктеме нормаларының сақталуын тексеру деректерi Порт құрылыстарының жай-күйiн және пайдалану режимiн техникалық қарап тексеру журналына енгiзiледi. Осы журналды жүргiзу тәртiбi осы Қағиданың 4-қосымшасында айқындалған.

101. Порт құрылыстарын кезеңдiк техникалық қарап тексерулердi құрылысты пайдаланушы ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия жылына кемiнде бiр рет жүргiзедi.

102. Теңiз портының басшысы өлшеу құралдарын пайдалана отырып, кезеңдiк техникалық қарап тексеру жүргiзiлуге жататын порт құрылыстарының тiзбесiн бекiтедi.

103. Порт құрылыстарын кезектi тексерiстер құрылыстардың жай-күйiне және оларды пайдалану жағдайларына байланысты жүргiзiледi.

104. Кезектi тексерiстер бағдарламасын ПҚжКҚҚ қызметi жобалау ұйымын тарта отырып жасайды.

105. Кезектi тексерiстер кезiнде айлақтардың iс жүзiндегi көтергiштiк қабiлетiн анықтау үшiн қызмет ететiн, айлақтардың тәжiрибелiк жүктемесiн жобалау ұйымы шарт бойынша немесе жобалау ұйымымен келiсiлген бағдарлама бойынша теңiз портының өзi жүргiзедi.

106. Порт құрылысын пайдаланатын ұйым порт құрылыстарының техникалық жай-күйiнiң жалпы бағалауын және оларды жөндеу немесе қайта жайластыру жөнiндегi ұсынымдарды қамтитын кезектi тексерiстердiң нәтижелерi порт құрылыстарының паспорттарына енгiзiледi.

107. Айлақтық құрылыстарды кезектен тыс тексерiстер олардың ығысулары, деформациясы немесе зақымданулары, пайдаланымдық жүктеменiң белгiленген нормалардан тыс артып кетуi анықталған жағдайларда, сондай-ақ бес баллдан артық толқулары бар аса күштi дауылдардан кейiн жүргiзiледi.

108. Порт құрылысын пайдаланатын ұйым кезектен тыс тексерiстердiң нәтижелерi бойынша тексерiс (зерттеулер) актiлерi негiзiнде анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi жөндеу жұмыстарының тiзбесi жасайды, олар жылдық жөндеу жұмыстарының жоспарына енгiзiледi.

109. Порт құрылыстарын және рейдтiк айлақтардың жабдығын жөндеу (ағымдағы, күрделi) тұрақты, кезеңдiк қарап тексерулердiң және кезектi және кезектен тыс тексерiстердiң нәтижелерi бойынша жоспарланады.

110. Порт құрылыстарын күрделi жөндеудi құрылыстарды техникалық қарап тексеру мен тексерiс нәтижелерiн ескере отырып әзiрленген жоба бойынша жұмыстардың осы түрлерiн орындауға тиiстi рұқсаты бар мамандандырылған ұйым орындайды.

3. Теңiз портының акваториялары
111. Теңiз порттар мен кеме қатынасы каналдарының акваториясын техникалу пайдалану оларды неғұрлым тиiмдi пайдалану және қауiпсiздiк талаптарын сақтау кезiнде олардың пайдаланымдық сипаттамаларын қызметтiң есептiк мерзiмi iшiнде сақталуын, сондай-ақ авариясыз жүзу мен кеменiң теңiз портындағы тұрағын қамтамасыз етедi.

112. Теңiз портының акваториясын пайдалану режимiн пайдаланушы ұйым теңiз портының режимiне сәйкес және оның паспорттық сипаттамаларын және техникалық жай-күйiн ескере отырып белгiлейдi.

113. Теңiз портының акваториясы жобада жобалау ұйымы белгiлеген ауқымдарда ұсталады.

114. Акваторияны немесе кеме қатынасы каналын пайдалану жағдайларында өзгерiстер (тереңдiктердiң, құрылыс конструкциялары элементтерiнiң техникалық жай-күйiнiң және топырақ қабатының, олардың негiздерiнiң өзгеруi) туындаған кезде пайдалану режимi өзгертiледi.

Пайдалану режимiнiң өзгертiлуi құрылыс паспортында көрсетiледi. Теңiзде жүзудiң навигациялық қауiпсiздiгiне әсер ететiн пайдалану режимiнiң өзгеруi туралы теңiз портының капитаны тиiстi өкiм жасайды, ол Теңiзде жүзушiлерге хабарлама арқылы теңiзде жүзушiлердiң назарына жеткiзiледi.

115. Кемелердiң теңiз портына жақындап келу жолдарында және порттық суларда жүзуi кезiнде шөгуi теңiз портында белгiленген өтулiк шөгуден аспауы тиiс. Кемелердiң рұқсат етiлген өтулiк шөгуi теңiз портының фарвартерлерi мен акваториясындағы ең аз тереңдiктер туралы деректер негiзiнде жүзудiң гидрометеорологиялық шарттарын ескере отырып белгiленедi және теңiз портының капитаны шығаратын өкiммен хабарланады.

116. Теңiз порттарының акватория мен кеме қатынасы каналдары навигациялық жабдық құралдарымен (бұдан әрi - НЖҚ) жарақталады.

НЖҚ-ны пайдалану режимi НЖҚ-ға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым әзiрлеген және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен келiсiлген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

117. Теңiз порты акваториясының кеме қатынасы учаскелерiнде тереңдiк өзгерген кезде навигациялық жабдықтың белгiлерiн қою бұл туралы теңiзде жүзушiлердi Теңiзде жүзушiлерге хабарлама арқылы хабардар ете отырып өзгертiледi.

118. Навигациялық жабдықтың белгiлерi зақымдалған және олардың жарамсыздығы, кеме қатынасы үшiн қауiп төндiретiн батқан заттардың табылған кезiнде Теңiз әкiмшiлiгi кемелер қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.

119. Су асты кабельдерi мен құбырларының, егер олардың трассалары акваторияны немесе кеме қатынасы каналдарын кесiп өткен жағдайда зақымдалу мүмкiндiгiн болдырмау үшiн қорғау аймақтары белгiленедi. Қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 901 қаулысымен бекiтiлген Су асты құбырлары мен кабельдердi салу, жүргiзу және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғау ережесiне сәйкес белгiленедi.

Қорғау аймақтарындағы және оларға жақын жерде орындалатын барлық жұмыстар қарамағында су асты кабельдерi мен құбырлары бар кәсiпорындармен алдын ала келiсiледi.

120. Белгiленген пайдалану режимiнiң сақталуын және акватория мен кәсiпорының кеме қатынасы каналдарының кепiлдi ауқымдарын қамтамасыз етiлуiн бақылау олардың тереңдiктерiнiң жай-күйiн тұрақты бақылау жолымен жүзеге асырылады. Өлшеу жұмыстарының кезеңдiлiгiн пайдаланушы ұйымның басшысы гидрометеорологиялық факторлардың әсерiне және қызмет көрсетiлетiн акваториялар мен кеме қатынасы каналдарында тасындылардың шөгу қарқындылығына байланысты белгiлейдi.

Акваторияға және кеме қатынасы каналдарына iргелес жатқан аумақта өлшеу және түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзу үшiн тұрақты геодезиялық желi құрылады.

121. Акватория мен кеме қатынасы каналдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың тәртiбi мен ұйымдастырылуы:

1) талап етiлетiн навигациялық габариттердiң ұсталуын;

2) жобада белгiленген НЖҚ габариттерiнiң сақталуын және кеме жүрiсiн анықтау кезiнде оларға акваторияда белгiлердi қою схемаларына сәйкес қызмет көрсетiлуiн;

3) қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн мемлекеттiк бақылау органдары талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi.

122. Теңiз портының акваториясы мен кеме қатынасы каналдарына техникалық қызмет көрсету:

1) тереңдiктердi өлшеудi;

2) акватория мен кеме қатынасы каналдары суларының тазалығын бақылауды;

3) кеме қатынасына бөгет болатын әр тектi заттардан су түбiн тазартуды қамтиды.

Теңiз портының акваториясы мен кеме қатынасы каналдарына техникалық қызмет көрсетудi мамандандырылған ұйым шарт бойынша орындайды.

123. Акваториялар мен кеме қатынасы каналдарын қауiпсiз пайдаланудың қамтамасыз етiлуiн бақылауды Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

124. Өлшеу және тральдық жұмыстардың кезеңдiлiгiн құрылысты пайдаланушы ұйым қызмет көрсетiлетiн акваториялар мен кеме қатынасы каналдарында тасындылардың шөгу қарқындылығына байланысты белгiлейдi.

125. Акватория мен жақындап келу каналдарына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым теңiз портында және акваторияда НЖҚ-ның жарамды қолданылуын қамтамасыз етедi.

126. Теңiз портының кеме қатынасы каналдары мен акваториясына жобалау ұйымы әзiрлейтiн паспорттар жасалады. Акватория мен кеме қатынасы каналдарының паспорттары ПҚжКҚҚ-да, Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде, жобалау ұйымында және осы объектiлерге техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымда сақталады.

Акваториялар мен кеме қатынасы каналдарының паспорттарын түзетудi жобалау ұйымы жүргiзедi.

127. Акваториялар мен кеме қатынасы каналдарының сулары мен олардың түбiнiң бетi қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұсталады.

Акваториялар мен кеме қатынасы шлюздерiн пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым олардың бетi мен түбiн таза ұсталуын қамтамасыз етедi.

128. Теңiз портында кемелердiң қозғалысын басқару жүйесiн бақылауды Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

129. Теңiз портында акваториялар мен кеме қатынасы каналдарының түбiн тереңдету жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарының осы түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым орындайды.

Акватория мен кеме қатынасы каналдарының жөндеу түбiн тереңдету жұмыстарының көлемдерiн техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым анықтайды және теңiз портының басшысымен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен келiсiледi.

130. Акваториялар мен кеме қатынасы каналдардың жөндеу түбiн тереңдетуге техникалық тапсырманы техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым жасайды және теңiз портының басшысымен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен келiсiледi. Теңiз портының басшысымен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен айлақтардағы жұмыстарды орындау мерзiмдерi, порт құрылыстарын жұмыстық тереңдiгi мен көсiп алу шектерi келiсiледi.

131. Жөндеу түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзу мерзiмдерi мен көлемiн, сондай-ақ топырақты үю орындарын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, өңдеу және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдармен келiсудi теңiз порты жобалау ұйымын тарту арқылы жүргiзедi. Жөндеу түбiн тереңдету жұмыстары мен топырақ үюге арналған рұқсаттарды келiсу және алуға арналған материалдарды пайдаланушы ұйым қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалау ұйымын тарту арқылы дайындайды.

132. Акватория мен кеме қатынасы каналдарындағы жөндеу түбiн тереңдету жұмыстарының басшылары осы жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн Порттың теңiз әкiмшiлiгi келiседi.

133. Порттың теңiз әкiмшiлiгi су асты коммуникацияларын қорғау аймағында жөндеу түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзу шарттарын дұрыс анықтауды қамтамасыз етедi.

_____________________________





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет