2 БӨлім. Жалпы шарттар



жүктеу 147.99 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі147.99 Kb.

2 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ШАРТТАР.

2.1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгілеген апаттық ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге қызметті іске асырушы Сақтандырылушының (-лардың) мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.



2.2. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандырудың шарттарын түсіндіруді, сақтандыру шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) апаттық ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны қатыстыруға;

3) Сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы іске асырған сақтандыру төлемдерінің мөлшерімен және келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен танысуға;

4) сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;

5) шарттан шығатын сауалдарды реттеу үшін Заңның 22-1 бабында қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға немесе сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

6) арыз және тіркеліміндегі құжаттарды сақтандыру омбудсманына жолдауға (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет желісі арқылы немесе Сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы мен өкілдігі арқылы) ;

7) Заңмен қарастырылған жағдайларда сақтандыру төлемін алуға.

2.3. Сақтанушы міндетті:

1) сақтандыру шартымен белгіленген тәртіпте және мерзімде, мөлшерде сақтандыру сыйақысын төлеуге;

2) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабардар етуге;

3) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындауы туралы хабардар етуге;

4) қоршаған ортаның апаттық ластану жағдайында қалыптасқан жағдайда болуы мүмкін шығындардың алдын алу және оларды азайту үшін, оның ішінде мүлікті қорғау және жәбірленген тұлғаларға көмек көрсету үшін дұрыс және қолайлы шараларды қолдануға;

5) құзырларына қарай тиісті органдарға (мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметі, жедел медициналық жәрдем қызметі мен апаттық қызметтер) қоршаған ортаның апаттық ластануы мен жәбірленген тұлғалар жайлы хабарлауға;

6) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының туындауына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының ауысуын қамтамасыз етуге.

2.4. Сақтандырушы құқылы:

1) шартты жасау барысында Сақтанушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасауға қажетті мәліметтерді ұсынуды, оның ішінде алдындағы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге;

2) құзырларына қарай мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сақтандыру жағдайының туындау дерегі мен жәбірленушілерге келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

3) Сақтанушыдан қоршаған ортаның ластану тәуекелін, сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдарын бағалауға қажетті толық және шынайы ақпаратты алуға;

4) сақтандыру жағдайының туындау себептері мен өзге жайттарын анықтау үшін жәбірленушінің (Пайда алушының) бүлінген (құртылған) мүлкіне, қоршаған ортаға келтірілген зиянды бағалауға;

5) апаттық ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін және сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау үшін тәуелсіз сарапшыны қатыстыруға;

6) қоршаған орта мен сақтандыру жағдайы туындаған және одан кейін Сақтанушы іске асыратын экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің жағдайын өз бетімен зерттеуге;

7) зиян келтіруге жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын ұсынуға;

8) «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңының 22 б. қарастырылған негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара іске асырудан бас тартуға.

2.5. Сақтандырушы міндетті:

1) Сақтанушыны міндетті экологиялық сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның ішінде сақтандыру шартынан шығатын құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға;

2) ұсынылған құжаттардың толық тізімі мен оларды қабылдау күнін көрсетіп арыз иесіне анықтама ұсынуға;

3) Сақтанушыға сақтандыру полисын рәсімдеуге;

4) сақтандыру жағдайының туындауы туралы хабарлама алған жағдайда оны дереу тіркеуге;

5) Сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша арызы бойынша апаттық ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды іске асыруға, сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу көрсетілген сақтандыру актісін құруға және оны танысуға жәбірленушіге (Пайда алушыға) ұсынуға;

6) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте және мерзімде сақтандыру төлемін іске асыруға;

7) сақтандыру жағдайының туындау дерегін растайтын құжаттар және сақтандырушы өтейтін зиянның мөлшері жетпеген жағдайда оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арыз иесіне жетпей тұрған және дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсетіп хабарлауға;

8) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы барысында шығынның алдын алу немесе оны азайту мақсатында көтерген шығындарын өтеуге;

9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

10) сақтандыру төлемін іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Сақтанушыға аталған шешімді қабылдаған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері бойынша жазбаша негіздер жолдауға;

11) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) арызды алған жағдайда сақтанушының , жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарап, бес жұмыс күні ішінде одан кейін дауларды реттеу тәртібін көрсетіп, жазбаша жауап ұсынуға;

12) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жолданған арызды алған жағдайда аталған арызды,сондай-ақ оған тіркелген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жолдауға;

2.6. Сақтандыру төлемі туралы талапты Сақтандырушыға Сақтанушы немесе жәбірленуші (Пайда алушы) келесі құжаттарды қосып жазбаша ұсынады:

1) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте құрылған құзыретті комиссияның қоршаған ортаның апаттық ластануына әкеліп соқтырған сақтандыру жағдайының себептері, келтірілген зиянның және оның салдарының көлемі жайлы акт;

2) уақытша еңбек қабілетсіздігінің мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамасының немесе жәбірленушіге мүгедектік белгілеу туралы (белгіленген жағдайда) арнайы мекеменің анықтамасының көшірмесі;

3) Жәбірленушінің өлімі туралы нотариуспен куәландырылған куәліктің көшірмесі және Пайда алушының зиянды өтеуге құқығын растайтын құжат (көшірме)- жәбірленуші өлімі жағдайында;

4) сақтандыру жағдайы туындау барысында шығынның алдын алу немесе оны азайту мақсатында Сақтанушы көтерген шығындарды растайтын құжаттар-болса;

5) жекелеген жағдайларда – Сақтанушыны сақтандыру жағдайының туындауына және үшінші тұлғаларға зиян келтіруге жауапты деп таныған өтеуге жататын зиян мөлшері көрсетілген сот шешімі.

2.7. Сақтандыру төлемін Сақтандырушы осы шартпен қарастырылған құжаттарды алған сәттен бастап отыз күн ішінде жүзеге асырады.

2.8. Осы шарттың тараптарын өзгерту Сақтанушы мен Сақтандырушының өзара келісімдері бойынша қосымша келісім жасау арқылы іске асырылады.

2.9. Сақтандыру шарты келесі жағдайларда қысқартылған болып саналады:

1) шарттың әрекет ету мерзімінің өтуі;

2) шартты мерзімінен бұрын қысқарту;

3) Сақтандырушы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) іске асырса.

2.10. Шарттан шығатын дау болған жағдайда, ол дауларды реттеу үшін сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) Сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі және интернет қорлары арқылы) оның талаптарын растайтын құжаттар мен талаптарды көрсетіп, жазбаша арыз жолдауға құқылы, немесе сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет қоры арқылы немесе Сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы мен өкілдігі арқылы) арыз жолдауға, немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Сақтандырушы Сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) арызды алған сәттен бес жұмыс күні ішінде одан кейін дауларды реттеу тәртібін көрсетіп, жазбаша жауап ұсынады.

Егер сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына жүгінген жағдайда Сақтандырушы сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) сұранысы бойынша сақтандыру омбудсманына сұранысты алған күннен үш жұмыс күні ішінде дауларды қарау және шешуге қатысты құжаттарды ұсынуға міндетті.



РАЗДЕЛ 2. ОБЩИЕ УСЛОВИЯ.

2.1. Объектом страхования является имущественный интерес Застрахованного (-ых), осуществляющего (-их) экологически опасные виды хозяйственной и иной деятельности, связанный с его (их) обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный жизни, здоровью, имуществу третьих лиц и (или) окружающей среде в результате ее аварийного загрязнения.

2.2. Страхователь вправе:

1) требовать от Страховщика разъяснения условий обязательного экологического страхования, своих прав и обязанностей по договору страхования;

2) привлекать независимого эксперта для оценки размера вреда, причиненного жизни, здоровью, имуществу третьих лиц и (или) окружающей среде в результате ее аварийного загрязнения;

3) ознакомиться с результатами оценки размера причиненного вреда и расчетами размера страховой выплаты, произведенными Страховщиком или независимым экспертом;

4) досрочно прекратить договор страхования;

5) обратиться к Страховщику с учетом особенностей, предусмотренных статьей 22-1 Закона, либо страховому омбудсману или в суд для урегулирования вопросов, возникающих из договора;

6) направить заявление и прилагаемые документы страховому омбудсману (напрямую страховому омбудсману, в том числе через его интернет-ресурс, либо через Страховщика, в том числе его филиал, представительство);

7) получить страховую выплату в случаях, предусмотренных Законом.

2.3. Страхователь обязан:

1) уплачивать страховые премии в размере, порядке и сроки, которые установлены договором страхования;

2) информировать Страховщика о состоянии страхового риска;

3) уведомить Страховщика о наступлении страхового случая;

4) при аварийном загрязнении окружающей среды принять разумные и доступные в сложившихся обстоятельствах меры, чтобы предотвратить или уменьшить возможные убытки, в том числе меры к спасению имущества и оказанию помощи пострадавшим лицам;

5) сообщить в соответствующие органы, исходя из их компетенции (органы государственной противопожарной службы, службу скорой медицинской помощи, аварийные службы), об аварийном загрязнении окружающей среды и о пострадавших лицах;

6) обеспечить переход к Страховщику права обратного требования к лицу, ответственному за наступление страхового случая.



2.4. Страховщик вправе:

1) при заключении договора требовать от Страхователя предоставления сведений, необходимых для заключения договора обязательного экологического страхования, в том числе информации о предшествующих договорах обязательного экологического страхования, страховых случаях и страховых выплатах;

2) запрашивать у соответствующих государственных органов и организаций, исходя из их компетенции, документы, подтверждающие факт наступления страхового случая и размер вреда, причиненного потерпевшим;

3) получать от Страхователя полную и достоверную информацию, необходимую для оценки риска загрязнения окружающей среда, о причинах, размерах и последствиях происшедшего страхового случая;

4) производить оценку вреда, причиненного окружающей среде, поврежденного (уничтоженного) имущества потерпевшего (Выгодоприобретателя) для установления причин и иных обстоятельств наступления страхового случая;

5) привлекать независимого эксперта для оценки размера вреда, причиненного жизни, здоровью, имуществу третьих лиц и (или) окружающей среде в результате ее аварийного загрязнения и определения размера страховой выплаты при наступлении страхового случая;

6) проводить собственные исследования состояния окружающей среды и экологически опасных видов хозяйственной и иной деятельности, осуществляемых Страхователем до и после наступления страхового случая;

7) предъявлять право обратного требования к лицу, ответственному за причинение вреда;

8) отказать в осуществлении страховой выплаты полностью или частично по основаниям, предусмотренным статьей 22 Закона «Об обязательном экологическом страховании».

2.5. Страховщик обязан:

1) ознакомить Страхователя с условиями обязательного экологического страхования, в том числе с правами и обязанностями, возникающими из договора обязательного экологического страхования;

2) выдать заявителю справку с указанием полного перечня представленных документов и даты их принятия;

3) оформить Страхователю страховой полис;

4) при получении сообщения о наступлении страхового случая незамедлительно зарегистрировать его;

5) произвести по письменному заявлению Страхователя или его представителя оценку размера вреда, причиненного жизни, здоровью, имуществу третьих лиц и (или) окружающей среде в результате ее аварийного загрязнения, составить страховой акт с указанием расчета размера страховой выплаты и предоставить его на ознакомление потерпевшему (Выгодоприобретателю);

6) при наступлении страхового случая произвести страховую выплату в порядке и сроки, установленные Законом «Об обязательном экологическом страховании»;

7) при недостаточности документов, подтверждающих факт наступления страхового случая и размер подлежащего возмещению Страховщиком вреда, в течение трех рабочих дней со дня их получения сообщить об этом заявителю с указанием полного перечня недостающих и (или) неправильно оформленных документов;

8) возместить Страхователю расходы, понесенные им в целях предотвращения или уменьшения вреда при страховом случае;

9) обеспечить тайну страхования;

10) в случае принятия решения об отказе в страховой выплате направить Страхователю письменное обоснование причин отказа в течение десяти дней со дня принятия данного решения;

11) при получении от Страхователя (потерпевшего, выгодоприобретателя) заявления рассмотреть требования Страхователя (потерпевшего, выгодоприобретателя) и предоставить письменный ответ с указанием дальнейшего порядка урегулирования спора в течение пяти рабочих дней;

12) при получении от Страхователя (потерпевшего, выгодоприобретателя) заявления, направляемого страховому омбудсману, перенаправить данное заявление, а также прилагаемые к нему документы страховому омбудсману в течение трех рабочих дней со дня получения.

2.6. Требование о страховой выплате к Страховщику предъявляется Страхователем или потерпевшим (Выгодоприобретателем) в письменной форме с приложением документов:

1) акт компетентной комиссии, образуемой в порядке, установленном уполномоченным органом, о причинах, масштабах причиненного вреда и последствиях страхового случая, повлекшего аварийное загрязнение окружающей среды;

2) копия справки организаций здравоохранения о сроке временной нетрудоспособности или справки специализированных учреждений об установлении инвалидности потерпевшему - в случае ее установления;

3) нотариально засвидетельствованная копия свидетельства о смерти потерпевшего и документ, подтверждающий право Выгодоприобретателя на возмещение вреда (копия), - в случае смерти потерпевшего;

4) документы, подтверждающие расходы, понесенные Страхователем в целях предотвращения или уменьшения вреда при наступлении страхового случая, - при их наличии;

5) в отдельных случаях - решение суда, признавшего Страхователя ответственным в наступлении страхового случая и причинении вреда третьим лицам, с указанием размера вреда, подлежащего возмещению.



2.7. Страховая выплата производится Страховщиком в течение тридцати дней со дня получения им документов, предусмотренных настоящим договором.

2.8. Изменение условий настоящего договора производится по обоюдному согласию Страхователя и Страховщика путем заключения дополнительного соглашения.

2.9. Договор страхования считается прекращенным в случаях:

1) истечения срока действия договора;

2) досрочного прекращения договора;

3) осуществления Страховщиком страховой выплаты (страховых выплат) в размере страховой суммы.

2.10. При наличии спора, возникающего из договора, Страхователь (потерпевший, выгодоприобретатель) вправе направить Страховщику (в том числе через филиал, представительство, интернет-ресурсы Страховщика) письменное заявление с указанием требований и приложением документов, подтверждающих его требования, либо направить заявление страховому омбудсману (напрямую страховому омбудсману, в том числе через его интернет-ресурс, либо через Страховщика, в том числе его филиал, представительство) или в суд для урегулирования споров, возникающих из договора.

Страховщик при получении от Страхователя (потерпевшего, выгодоприобретателя) заявления в течение пяти рабочих дней рассматривает и предоставляет письменный ответ с указанием дальнейшего порядка урегулирования спора.



В случае обращения Страхователя (потерпевшего, выгодоприобретателя) к страховому омбудсману Страховщик обязан по запросу Страхователя, потерпевшего (выгодоприобретателя), страхового омбудсмана представить документы, относящиеся к рассмотрению и разрешению спора, в течение трех рабочих дней с даты получения запроса.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет