Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевке қатысты істі алқабилер соты қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана соты

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ісін алқабилер сотында қарау туралы шешім шығарды.

"Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды", – деді судья.

Іс бойынша негізгі сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.

Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? 

Сонымен қатар сот Бишімбаевтың қорғаушысының қылмыстық іс материалдарын прокурорларға қайтару туралы өтінішінен бас тартты. Іс бойынша бапты “Абайсызда кісі өлтіру” деп қайта қарау да жоққа шығарылды.

Нүкенованың өлімі орын алған мейрамханадағы бейнежазбалар да іс материалдарынан алынбайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев істі алқабилер сотында қарауды сұрап өтініш білдіргені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.