Елімізде атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылы IV тоқсанда 393 605 теңгеге жетті. Бұл жерде шағын кәсіпорындар есепке алынбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жалақының медианалық мәні 2023 жылы қазан, қараша және желтоқсан айларында бағалау бойынша 259 463 теңгеге тең.

Соңғы үш айда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылардың берілуімен байланысты.

  • Еден жуушы болып жұмысқа кіру 500 мың теңге – депутат
  • 80 мыңнан төмен: Қазақстанда кейбір жұмысшылардың жалақысын екі есе көтеру ұсынылды

2022 жылдың 4-тоқсанына қарағанда өсім – 16,2%, нақты мәнде 5,3%. 1 жылда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметінде, онда өсім – 29,7%, ақпарат және байланыста 23,2%, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында 20,8% болған. Білім беру саласында жалақы бір жылда 18,6%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 18,2%-ға тең.

“Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетілген. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі”, – деп мәлімдеді ұлттық статистика бюросы.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.