2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Дәріс кешені Пән: «Медициналық заңнама»



жүктеу 428.33 Kb.
бет1/3
Дата26.11.2018
өлшемі428.33 Kb.
  1   2   3

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы




Дәріс кешені
Пән: « Медициналық заңнама»

5В110100- «Мейірбике ісі» мамандықтары үшін(әлеуметтік қызметкер)


Курс-ІҮ

Шымкент-2014ж.

Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

хаттама №. __ 2014ж.

Кафедра меңг,

м.ғ.д., профессор м.а.: А.М.Жаксыбергенов.




Кредит № 1

1.1 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы-денсаулық қорғаудағы теңдікті қамтамасыз ететін негізгі заңнамалық акт.
2.Мақсаты :Студенттерді ҚР Конституциясымен таныстыру, ол қауіпсіз, тиімді, сапалы медициналық көмек алуға азаматтардың тең құқығын сақтауды кепілденген көлемін қамтамасыз етуге үйрету.
3. Дәрістің тезисі:

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның негізгі Заңы болып табылады.

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз ҚР Конституциясы 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданданған болатын.

«конституция » термині «constitutio» деген латын сөзінен «үкім етемін» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз біздің эрамызға дейін бірінші ғасырда ежелгі римнің заңнамаларында кездеседі, ол мемлекеттің құрылымын нығайтуға арналған императордың әртүрлі актілерінде кездесетін болған. Сонымекн қатар конституция ол кезде негізгі басшылық және жоғары заңды күшке ие мемлекеттің негізгі заңы болып есптелмеген.Қазақстан Республикасының Конституциясының негізқалаушы принциптарының бірі болып халықтық суверенитет болып табылады,ол дегеніміз Қазақстандағы мемлекеттік биліктің тізгіні тек халыққа тиесілі( Коституцияның 3ст,п1). Бұл конституциялық түсініктемеден еліміздегі мемлекеттік билік халықтан шығады,халыққа тиесілі және ( республикалық референдум және ашық сайлау өткізу арқылы) мемлекеттік органдарға өкілдер арқылы шешуге болады( Конституцияның 3 ст,п2) Халықтық суверенитет принципы ( немесе халықтық басқару) Қазақстан Республикасының негізгі Заңында бекітілген жалпыадами құндылықтарды қамтитын көптеген бүгінгі күнгі демократиялық конституциялардың универсальды принциптарына жатады. Ең маңыздысы халықтың суверенитеттінен мемлекеттің суверенитеті байланысты болады. Тек Қазақстан Республикасының халқы мемлекеттің суверенитетінің құрушысы және тасымалдаушысы болып табылады, оның мақсаттары мемлекеттік билікті туындатады. Осыған байланысты мемлекет қазақстандық халықтың ресми өкілі ретінде оның арманын, Республика азаматтарының құқықтарын және бостандығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің маңызды міндеті мемлекеттің сапалық белгісі ретінде суверенитет болып табылады. Мемлекеттік суверенитет - әрбір мемлекеттің біртүтас имманеннтті белгісі болып табылады, оның субьектіліктің халықаралық құқықтарының міндетті шарты болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің суверенитеті деп мемлекеттік биліктің мемлекет ішінде жоғары басшылыққа ие және тәуелсіздігі деп түсіну керек.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қолданыстағы Қазақстан республикасының конститутиясы 1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға Президенттің және парламенттің өкілеттілігіне байланысты бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. 2011 жылы Конституцияға өзгерістер енгшізілген болатын, осы өзгерістерге байланысты президентке мерзімнен тыс президенттік сайлау өткізу құқығы берілген болатын.
4.Иллюстрацияланған материалдар : презентация (11 слай ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.

6.Қорытынды (сұрақтар):

1.ҚР жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды?

2. ҚР Конституциясының қай бабында адамның денсаулығын қорғау құқығы негізделген?
1.2 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрғындардың денсаулығын сақтаудағы құқықтық негіздері.
2.Мақсаты : ҚР азаматттарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерімен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі:

Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет кепілдік береді:кепілдендірілген медициналық көмек көлемін алу, бастапқы медициналық санитарлық көмекке бірдей қол жеткізу, мемлекеттік және емдеу мекемелерінде, медициналық тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмекті алу, санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық, медициналық көмектің сапасы, көлемі мен мазмұны, денсаулық сақтаудың біріңғай стандарттары бойынша тегін және ақылы медициналық көмек, медициналық және дәрігерлік көмекті көрсетуде кәсіпкерліктің бостандық құқығына, фармацевтикалық өнімнің өндірісі және іске асыру.



Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау тәуелсіз жылдарының ең ұлы жетістіктеріне жатады. Үкімет бұл сұраққа әрқашан және ұдайы үлкен назар бөледі. Біздің елде жаңа әлеуметтік – эканомикалық жағдай және жаңа денсаулық сақтау жүйесі құрылған. «Сегіз сағат жұмыс күні туралы», «Әлеуметтік сақтандыру туралы», «Ауырған жағдайда сақтандыру туралы» заңдарда азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қамқорлығын көрсетеді. Тәуелсіз мемлекет құрылған жылдары денсаулық сақтау жүйесінде күрделі әлеуметтік – эканомикалық өзгерістер нәтижесінде біздің мемлекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Азаматтардың денсаулығын қорғау – үлкен мемлекеттік маңызды іс болып табылады. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей, азаматтардың денсаулығын қорғауды және азаматтардың денсаулығын әрқашан жақсартуда мемлекет жауапкершілікпен құқықтық шаралар жүргізеді. Заңнама денсаулықты қорғау құқығын кепілдендіреді және денсаулық қорғау құқығын кепілдемесін қамтамасыздандыратын шараларды қарастырады. Конституциямен қарастырылған азаматтардың денсаулық қорғау құқығы денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелердің тегін мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Азаматтың денсаулығын нығайту және емдеуге арналған мекемелер жүйесін кеңейту, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияларды дамыту және жетілдіру, кеңейтілген профилактикалық шараларды жүргізу жатады. Денсаулық сақтау саласында жасөспірімдердің денсаулығына қамқорлық көрсету, ал балалар еңбегін пайдалануға тиым салу, егер ол еңбектік тәрбиемен оқытумен байланысты болмаған жағдайда, аурушаңдықтың алдын алуға және төмендетуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізу, ұзақ мерзімді белсенді өмірді қамтамасыз ету жатады. Құқықтың қамтамасыз ету бірнеше нормалардан тұрады, ол бірнеше құқықтық ғылымдар саласына әкімшілік, азаматтық, еңбектік, жанұялық, қылмыстық құқықтар жатады. Біздің елде жаңав әлеуметтік-экономикалық жағдай және денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі , 2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық Денсаулық сақтау жүйесі енгізілді, мұнда негізгі принциптары болып дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау құқығы, бәсекелестік ортаны дамыту,ал бұл көрсетілетін медициналық көмектіәң сапасын көтеруге қол жеткізеді. Тәуелсіздік жылдары біздің елде көптеген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды біздің елдің денсаулық сақтау жүйесі үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Азаматтардың денсаулығын қорғау үлкен мемлекеттік маңызды іс, сонымен қатар әлеуметтік маңызды аурулармен күресуге бағытталған кең ауқымды профилактикалық шаралар жүргізу, қоршаған ортаны сауықтыру шараларын жүргізу. Бұл өскін жастардың денсаулығына қамқорлық көрсету, балалардың еңбегіне тиым салу, егер ол тәрбиелік немесе еңбекке баулумен байланысты болмаса, әлеуметті маңызды аурулар- жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары,тыныс жолдарының аурулары,жарақаттықты алдын алу және төмендетуге бағытталған ғылыми зерттулерді жүргізу, ұзақ жылға белсенді өмір қамтамасыз ету. Құқықтың қамтамасыз ету бірнеше нормалардан тұрады, ол бірнеше құқықтық ғылымдар саласына әкімшілік, азаматтық, еңбектік, жанұялық, қылмыстық құқықтар жатады.
4.Иллюстрацияланған материалдар : презентация (10 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды (сұрақтар):

1.Азаматтардың құқықтары қандай құжатта көрсетілген?

2.Денсаулық сақтау саласындағы азаматтарға мемлекеттік кепілдіктерді атаңыз?
1.3 Тақырыбы:Денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы,санитарлық –эпидемиологиялық жағдайды, дәрілермен қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының заңнамалары.
2.Мақсаты: Студенттерді денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы заңнамасымен, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қағидаларымен және міндеттерімен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі :

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы негізгі заңнамалық акті болып 21.10. 2009 жылы шыққан « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі болып табылады. Кодексте денсаулық сақтауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері көрсетілген, мұнда денсаулық сақтау ұйымдарына мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады. Олар тиісті медициналық көмектің нақты түрімен айналысуға тиісті лицензиясы, аккредитациядан өткен және түрлі меншіктік шаруашылық иелері болу керек. Денсаулық сақтау ұйымдарына жатады: біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар, оларға емханалар, ауылдық учаскелік ауруханалар,амбулаториялар,фельдшерлік-акушерлік пунктілер,стациоанарлар,күндізгі стационарлар, диспансерлерлер, консультативті-диагностикалық орталықтар,жедел медициналық көмек көрсету мекемелер, перинатальдық орталықтар,санитарлық авиация,апат медицинасы ұйымдары, хоспистер. «Саламатты Казақстан»

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес приоритетті бағыттарға АДСК ұйымдарының жетілдірі және материальдық-техникалық базаларын нығайту, Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жұйесін енгізу, ол бүкіләлемдік озық стандарттар мен технологияларды енгізу, денсаулық сақтау жүйесіне дәлелді медицина принциптерін ендіру болып табылады.

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жұйесінің соңғы нәтижелері ол көрсетілетін медициналық көмектің мөлдірлілігі, медициналық көмектің сапасының жоғарылауы, құжат айналымының азаюы болып табылады.

Санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтың негізіне Қазақстан Республикасының Конститутциясы, «Қазақстан Республикасының тұрғындарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы, қоршаған ортаны және тұрғындардың денсаулығын қорғау туралы заңнамалық актілер жатады. Тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің принциптеріне жатады.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қолайлы қоршаған ортаны, санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі ұйымдастырушылық, экономикалық,құқықтық, тәрбиелік сипаттағы шаралар кешенін жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаның факторлардың тұрғындардың денсаулығына зиянды әсерін алдын алуға бағытталған іс-әрекеттердің превентивтілігін қамтамасыз ету.

Санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтамау нәтижесінде өндірістер, мекемелер, ұйымдар мен жеке азаматтар тарапынан денсаулыққа көрсетілген зиянды өтем ақы өндірудің міндеттілігі. Тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы өзектілігі.

2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудағы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырудағы шаралар жоспары.
Обаның аурушандығын 100 мың тұрғындарға шаққанда 0,03 деңгейінде ұстау.

Қызылшамен аурушандық көрсеткішін 100 мың тұрғындарға 0,08-0,1 ұстау.

Жедел В вирусты гепатит аурушандығын 2013 жылда 3,8 дейін төмендету,2015 жылы 100 мың адамға шаққанда 3,4 дейін төмендету.

Жедел А вирусты гепатит аурушандық көрсеткішін 2013 жылға 39,6, ал 2015 жылға 39,2 100 мың адамға шаққанда төмендету.

Пневмококк инфекцияға қарсы вакцинациямен балаларды қамтамасыз етуді 62,5℅ 2013 жылға, ал 2015 жылы 95 ℅ жеткізу.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің органдарымен жүргізілетін жоспарлы тексерулердің санын жыл сайын 2℅, ал 2015 жылы -256100 тексеруге дейін төмендету.


КТМКК бойынша азаматтардың құқықтары.
Амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру.

Тегін және жеңілдетілген дәрілік қамтамасыздандырудың бағдарламасы. Қазақстан Республикасында бағдарлама 2005 жылдан бастап қызмет жасайды. Осы бағдарламаға сәйкес диспансерлік есепте тұратын науқастар дәрілік заттарды тегін және жеңілдетілген негізде алатын болады. Бүгін Үкімет және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі осы бағыттың дамуына және жетілдіруіне үлкен көңіл бөліп отыр, бұл амбулаторлық деңгейде сапалы және дер кезінде дәрілік қамтамасыздандыруды жетілдіру және аурудың өршу санын , госпитализацияны төмендету. Сол себепті «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудағы мемлекеттік бағдарламасында 2011-2015 жылға арналған приоритетті бағыттары ретінде амбулаторлық дәрілік қамтамасыздануды жетілдіру болып табылады.

Реформалардың негізгі мәні, ол пациентке бағытталған дәрілік көмектің сапасын жоғарылату болып табылады. 2012 жылдан бастап амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 50℅ жеңілдетілген дәрілерді тегін негізде алатын болады.Бұл мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасылар және зейнеткерлер үшін үлкен қолдау болып табылады. Сонымен пациенттер тегін дәрілік заттарды дәрігердің көруінен кейін сол емхананың өзінде немесе жақын орналасқан дәріханаларда алатын болады,ал бұл сол аймақтағы орналасқан дәріханалардан тегін дәрілерді іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.Бүгіннің өзінде көптеген емханаларда және АДСК орталықтарында дәріханалық пункттер ашылуда. Амбулаторлық дәрілік қамтамасыздандыруды жетілдіруге қойылған шараларды реализациясы емханалардың компьютерлендіруді жетілдірумен, рецептердің қайта көшіру мүмкіндігін төмендету, электронды рецептерді ендіру,жыл басында дәрілік заттардың жеткізуінің үзілісін алдын алу, қымбат препараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Тегін және жеңілдетілген дәрілермен қамтамасыз етудегі аурулардың түрлерінің тізімі 21.07.2007 жылы № 376 Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген.Соңғы 3 жылда амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету үлкен өзгерістерге қол жеткізді. 2005 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 3 есе өсті.


  • 2008 жылдан бастап тегін дәрілік қамтамасыздандыру мына ауруларға беріледі:жүректе протезі бар ауруларға, ревматоидті артритпен, қосынды ұлпаның жұйелі аурулары, миастениямен, сейілген склерозбен,гипотиреозбен, гемофилиямен,акромегалиямен ауыратын аулар

  • әртүлі аурулар (онкологиялық аурулар,психикалық бұзылыстар) берілетін дәрілік заттардың ассотименті кеңейеді

  • онкологиялық ауруларға қосымша наркотикалық емес ауруды басатын дәрілерді енгізу.

  • Енгізілген қосымшамен алматылық азаматтарды бірге тегін дәрілік қамтамасыздандыру, қант диабетімен ауырғандарға, бронх демікпесімен,эпилепсиямен, Паркинсон ауруымен , 5 жасқа дейінгі балалар,жасөспірімдер, жүкті әйелдер жатады.

  • 50℅ жеңілдікпен жеңілдетілген дәрілік қамтамасыздандыру бағдарламасы іс жүзінде жұмыс істейді.Жеңілдетілген дәрілерді пневмониямен, асқазан жарасымен,созылмалы обструктивті бронхитпен,артериальды гипертониямен ауыратын ауруларға беріледі.

  • Гипертомия,жүректің ишемиялық аурумен ауыратын нақастар алады.

  • Тегін және жеңілдетілген рецептер бойынша дәрілік заттарды жіберу қызметімен 13 дәріханалық ұйымдар, қала бойынша дәріханалар жүйесі бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қолайлы өмір сүру ортаға, бүгінгі және болашақ ұрпақтардың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың әсерін төмендету.

Қазақстан республикасының әрбiр азаматы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы шынайы ақпарат алуға, егер бұл шешiмдердiң iске асыруы тұрғынның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және денсаулығына әсермен байланса әрбiр азамат санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенiмдi мәлiметтi алып, лауазымды тұлғалардың басқарудың мемлекеттiк құрылым қолданылған шешiмдерiнiң орындауына өңдеуге, талқылау және бақылауда қатысуға құқығы болады.

Қазақстан республикасының азаматы айналымдағы санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, қорытындыларды,Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалардың шешімдерін, ұйғарымдарын орындау керек. Республиканың тұрғындарды дәрілік қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі бір міндеті болып табылады. Дәрілік заттар профилактикалық медицинада және ауруларды емдеуде маңызды орын алады. Фармацевтикалық секторды дамыту Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық,әлеуметтік, экономикалық мәні бар. Дәрілік саясаттың концепциясы- фармацевтикалық сектордың даму, ұйымдастыру, жұмысының негізгі принциптер концепциясы, тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі мемлекеттік стратегиясы, фармацевтикалық қызметтің ережелері мен координациясы. Экономикалық жаңа құру жылдары фармацевтикалық секторда түбегейлі өзгерістер болды. Орталықтанған дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің орнына фармайналымның жаңа жүйесі- ірі дистрибьюторлық компаниялар пайда болды, дәріханалық ұйымдар дербестікке қол жеткізді.

Реформалар табыстармен болып табылады: отандық фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуы(13тен 70 өсуі, өндірістің көлемі 1996 жылындағы 4, 7 миллиондары Ақш долдарының 2001 жылында19 миллионға дейiн өндiрiс көлемi өстi,, қазақстандық фармацевтикалық ұйымдарымен шығарылған тiркелген дәрiлік заттардың саны 1996 жылдан 60 2001 жылы 315 дейiн саны көбейді.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулықтарын ескере отырып, тұрғындардың аурушандық ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық ұйымдардың құрылымы мен профилін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің Коллегиясы қаулысымен дәрілік заттардың тізімі екі жылда бір рет денсаулық сақтау қызметінің өзгеретін приоритеттеріне бекітіледі. Декреттелген топтағы тұрғындарды дәрілік қамтамасыз ету, бұл топқа жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалар, әлуметтік маңызды аурулары бар пациенттер, қант диабеті, артериальды гипертония, туберкулез, ЖИТС,ЖИА аурулары жатады, дәрілік заттармен және медициналық құралдардың кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі,сонымен қатар бөлек категориялардың азаматтардың нақты ауруларымен тегін және жеңілдетілген дәрілік заттармен, арнаулы емдік өнімдермен амбулаторлық деңгейде өкілетті орган бекіткен тізім бойынша; дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін, сапасын бақылау жүйесін құру және дәрілік заттардың мемлекеттік тіркеудің реттеу процедурасын ретке келтіру.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация (12 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды (сұрақтар):

1. Медициналық ұйымдардың қандай түрлерін білесіз?

2.Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің заңнамалық негіздері қайда негізделген?

3. ҚР дәрілік саясат қалай жүргізіледі?



1.4 Тақырыбы: Мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың жұмысы.
2.Мақсаты: Студенттерді мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың жұмысымен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі :

Қызыл Крест Халықаралық комите́ті (қысқаша ҚКХК, англ. International Committee of the Red Cross; ICRC, фр. Comité international de la Croix-Rouge) — гуманитарлық ұйым, өзінің қызметін барлық әлем бойынша жүргізеді, нейтральдылық және бейтараптық принциптеріне негізделеді.

Ол қорғауды iлiгедi және қарулы даулар және iшкi тәртiпсiздiктерде жәбiрленушiге көмек көрсетедi, қызыл кресттiң Халықаралық қозғалысы және Қызыл жарты айдың құрама бөлiгi болып табылады. Ұйым дюнанның швейцариялық Анриымен 1863 жылда негiзделген. 1884 жылда [1 ] қызыл кресттiң Халықаралық комитетi бiрiншi халықаралық конференцияда өттi. Штаб-пәтер Женевада болады.

Мккк ) қызыл кресттiң халықаралық комитетi өз есебiн қорғауды iлiгiлетiндей етiп және қарулы даулар және iшкi тәртiпсiздiктерде жәбiрленушiге көмек көрсететiндей етiп көредi. Мккктi негiзге алатын қағида тiптi болған соғыс нақтылы негiзделген ережелердiң қағидасы бұларды әдiстер және әскери әсерлердiң жүргiзудi құралы және төбеге шектеу негiзiнде Женевалық конвенциялар жататын халықаралық гуманитарлық құқық құрауға салатын шеңберлерде хабар алу тиiстi болғандығында. Женевалық конвенциялар Мккктiң соғысатын жақтарының олардың өте әмбебап барлығымен халықаралық соглашенийповедениелерiмен iстейтiн әлемнiң барлық мемлекетi ұлттық қоғамдар және Халықаралық федерация қызыл крест және Қызыл жарты айдың Халықаралық қозғалыстарын құрайды қол қойды.
Мккк мандат

Мккк заң мағынасында халықаралық немесе мемлекетаралық ұйым болып табылмайды. Мойындау оны Женевалық конвенцияған мұндайларында дегенмен артықшылық және оон үшiн осындай салыстырылатын иммунитеттердi оның халықаралық мәртебесi және мандатты анықтайды қамтамасыз етедi. Бұл шарттар салықтан босату және кеден алымы, бөлмелер және құжаттардың ешкiмнiң тиiспеуi және сот кiрiсуiнен иммунитеттер қосады.


ҚКЖАҚ

Мккк қызыметшi 1200 делегаттан астам және әр түрлi профильнiң мамандары әлемнiң әр түрлi елдерiндегi Мккгi делегацияларда бүгiн жұмыс iстейдi. Оларға қойылған есептерiнiң орындауында Мккктiң штаб-пәтердiң 9 000 шақты жергiлiктi қызметкерлер және 800 дерлiк қызметкерлерiнiң Женеваларында көмектеседi.


Қызыл кресттiң халықаралық комитетi қызыл кресттiң iргелi қағида Халықаралық қозғалысы және Қызыл жарты ай ұстап тұрады әлемге және келiсiмге адамдарының талпынысында Мккк 1965 қағидаларда қызыл кресттiң Венада XX Халықаралық конференциясы және Қызыл жарты айдағы жариялалып негiзделген:

Мына қағидаларға негізделген:

Адамгершiлiк

Алалықсыздық

Бейтараптық

Тәуелсiздiк

Ерiктiлiк

Бiрлiк


Әмбебаптық

Қазақстан республикасының Президент Үкімінің негізінде және Женевалық конвенциялар және жарлық сәйкес ҚР ОКП жалғыз тұрғынның өте осал жерi топтары әскери әсерлер және қарулы даулар, әзiрлеу және төтенше жағдайлардың зардаптарының жоюы, медицина-әлеуметтiк көмектiң көрсетуiн мерзiмге елдiң қарулы күштерiнiң дәрiгерлiк құрастырулары жәрдемдесудiң төңiрегiдегiн функцияның өз үкiметi қарағанда қосалқы орындайтын қоғамдық ұйым елде болып табылады, соның iшiнде репатрианттарға және босқындарға, халықаралық гуманитарлық құқықтың таратуы, iздестiру және жанұялардың қайта бiрiгуiне көмек көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет