2 "Қоғамдық орындардағы тәртіптің ережелері" тақырыбындағы сабақ



жүктеу 0.59 Mb.
бет3/3
Дата01.03.2018
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3

Халық тәрбиесінде әдеп-дәстүрлері үш тоқа бөлінеді.

  1. Мінез құлық әдептері.

  2. Жүріс-тұрыс әдептері.

  3. Қатынас әдептері.

І. Мінез-құлық әдептері

Дарқандылық, биязылық, турашылдық, кішіпейілділік, салмақтық, пейілділік, бауырмалдық, рақымшылдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімпаздылық, ұқыптылық, меймандостық, тындырымдылық, сыпайылылық т.б.

«Көз көргенін, көсеу түрткенін біледі» - дейді дана халқымыз. Дүниеге бала «әдеп» деп кірсе, үлкендер ықпалымен тәлім тәртібіне жаттықса жақсы мінез сол баланың бойына үйір келеді.

Халқымыздың ұлттық психологиясындағы өзгеге ұқсамас өзіндік бір ерекшелігі кең пейіл дархандығы. Ашық қолды, жомарт, тамағының дэмдісін, көңілінің дәндісін, қонаққа сақтайды. Тіпті өз талшығы өзіне жетпей отырса да жоқты намыс тұтып, барын қонағының алдына тартады. Қонағы үйінен ырзалықпен аттанбаса, бойынан ұйқы, өзегінен ас қашады. Келген қонақтың көңілі үшін астындағы жалғыз атын союға дайын тұрады. Кеңпейіл, дархандылық мінез көбіне рақымшылдыққа әкеліп саяды. Жатты туыс, бауыр түтып, жатырқамай көкірегінен итермей бауырына тартып төрінен орын беріп, төбесіне көтереді. «Өле жегенше — бөле же» - деп тапқанын қызғанышсыз ортаға салып, адамдықтың ала жібін қасиет түтады. «Сұраса келе, қасыңдағы жарың қарын бөле шығады» - деп жатты жақындатып, бауыр тұтады. Кеңпейілділігімен ұстасып, тұтасып жатады. Ақкеңіл бала мінездес, өзгеге де өзіндей сенеді. Кеңпейілділіктен, ақкөңілділік, адалдық, рақымшылдық, бауырмалдық, сыйластық туылып, батырлық үштасып жатады. Соның нәтижесінде бір эулетте қанша жан болса сенікі-менікі деп бөле жармай бір қазаннан дэм татып, үлкенді қүрметт тұтып төрге отырғызып, оның айтқан сөзін «заң» деп ұғынады. Ынтымақ, бірлік, береке төрінен орын алып, өмір ағымында біте қайнасып жатады. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» - деген деп бірлікке, татулыққа үндеп отырады. Халқымыз мінез-құлқындағы өзіндік бір ерекшелік - шыншылдық пен турашылдық. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» - шындықты пір тулып, дар астында да туралықты айтады.

Адамды жақсылыққа бастайтын үш жолбасшы бар - дейді халқымыз. Ар, Намыс, ұят. Әр адамның бойында ар, ұят, намыс эділдікпен біріксе, бұл одақтан күші асар ешнәрсе болмайды, егер бұл төртеуі нысап, эділет, мейірім, яғни үжданмен біріксе мұндай адам имандық нүрын шашқан алып сәулеге айналады.

Мінез әдептерінің келесі көрінісі бұл кішіпейілділік пен қарапайымдылық.

Кішіпейілділік ұлылықтың белгісі - дейді ғұлама Махмут Қашқари. Адам бойындағы қүдай берген дарынға немесе байлығына, не қызметіне мақтанып немесе бұлданып менмен, тәкаппар болса, бұл ақылсыздықтың ең төмені.

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен жарайды» - дейді Абай. Әр адамның серігі ақыл, жетелеушісі ғылым, көңіліне сәуле шашар жарыгы ар, мінез болса, одан өткен жақын адам болмайды. Әр істі ақылға салган адам өзіне жақсы төреші бола алады, өзгегеде қазылыққа жарайды. Олай болса баланы кішіпейілділікке үйрету, қарапайымдылыққа үндеу халық педагогикасының құдіретті қаруы.

Халқымыз «¥л өссе ұрпақ, қыз өссе өріс» - деп ұрпақтарының болашағына жауапкершілікпен қарап, әрбір ата-ана олар алдында жауапты екенін асқақ сеніммен сезініп келеді.

Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша отау тігудің бірден-бір жолы құда түсіп, қалың малын төлеп үйлену арықылы жүргізіледі. Қалың малға алынган малды ата-ана дүние деп есептемейді. Өйткені алынған малдың үстіне ата-ана өз жанынан тағы қосып бойжеткенге отау мүліктерін жасап, не керектің бәрін әзірлеп жастардың қиналмай өмір сүріп кетуіне толық жағдай туғызып отырды. Жаңа қосылған жастардың қиналмауы, оларға қажетті заттардың екі ата-ананың әзірлеуі, қамтамасыз етуі босаға беріктігіне, және болашақ ұрпақтың жақсы жетіліп дүниеге келуіне негіз болды. Құда болуда екі жақты қатынасты жастар қосылғанға дейін ата-ана сыр алысып, бір-бірінің мінезін біліп, екі жақ та қуаныш көріп, жастардың болашақ өміріне негіз қаланады. Олардың қүйрық-бауыр жесуі, қүда тарту, қүдаларға үн жағу, ақ бата беру, ілу апару, есік ашар, ентікпе беру, шатыр —байғазысы, балдыз көрімдігі, т.б. кәделері жастар көңілін бір-біріне жақындатып отаудың баянды болуының басты жолы болды.

Болашақ перзентінің дене бітімі дұрыс жетіліп, оыың күшті ақылды, парасатты бодужггхгшқымыз баланың ананың күрсағындағы дәуірден ойластырды. Мұндай аналар ерекше күтімге алынып, олардың ауыр жүк көтеруіне, түнде далада жалғыз жүрмеуіне, бөлмеде жалығыз жатуына тыйым салынды. Оқыс қимылдардан сақтандырып отырды, тыныш үйықтауына, жақсы демалуына жағдай туғйзып, әсіресе ананы шошытпау жағынан қарастырып, бүкіл ел қамқорлыққа алды.

Нәресте дүниеге келген соң кырық күн толғанда баланы қырқына:; шығарады. Қырық қасық жылы суды қасықпен өлшеп құйып баланы шомылдырып, тырнағы, шашы алғаш алынады. Тырнағы мен ша лын дарынды, дуалы ауызды адамдарға немесе шещен, ақын, әнші, сері адамдарға алдырады. Өйткені жасын берсін, енерін, ақылын берсін деп ырым жасайды. Ал шын мәнінде халық ырымы қате кетпейді.

Бала қаз-қаз жүре бастағанда бала өмірінде сүріншек болмасын деген ниетпен абысын-аржындарды жинап той жасап арнайы баланың тұсауын кеседі. Халықымыздың салтында көктей қаулап көгерсін деп көк шөппен, біреудің ала жібін аттамайтын әділ бол деп ниетпен, яғни осы үш тілектің біреуімен баланың тұсауын кеседі. Ғасырлар бойы халықтың емеуірінен өткен ырымдардың қатесі жоқ, киелі. Мұны баларға үйрете отырып, өзімізде жауаптылықпен қарауға тиіспіз.

Атамыз қазақ нәрестенің дүниеге келу салтанатына осылайша көңіл бөліп, қасиетті дәстүрлерді сақтауды езінің бала алдындағы парызы деіі біледі. Осындай игі дәстүрлерді, ізгі қасиеттерді кішкентайынан бала бойына сіңіріп, ата-ананың ұлағатты ісін жалғастырушы етіп қалыптастырып отырды.



Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні

Сынып мұғалімі мен ата-аналар оқушының негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелелрі оның ата-анларымен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегі мен қолдауына суйене білуіне байланысты. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рольді педагог атқарады. Өйткені тәрбие жұмысы оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар, әр тұрлі педагогикалық ситуацияларды іскерлікпен қолданатын тәрбие құралдарының бай арсеналына ие.

Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының стилі дегеніміз - балаға тәрбиелік ықпал жасаудың белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс әдістерімен құралдарының тұрақты жүйесі. Педагог та, ата-ана да әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп езінің алдына әр тұрлі міндеттер қойып, оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, кезқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісу жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беру керек, міндетті тұрде ата-аналармен бірлесе отырып, әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет.

Екіншіден, мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беру педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті формада болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым қатынасқа қол жететін болады.

Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғалім мен ата-ана тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының перспктивалары мен қиындықтарын коре білуі қажет. Өкінішке орай, ата-аналар жиналысында немесе оқушының әкесімен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде мұғалімнің балаға наразылығын, оның теріс қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де: ол уақыты аз болғандықтан, ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын жайға аудармак болады. Ал, ата-ана болса, мұндай кездесуден ләззат ала алмайды, олар: «Мұғалім менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратынын қалайша байқамайды екен» - деп ойлайды. Осыдан келіп дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналардың жағдайы қиын. Іскерлікпен әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-аналардың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. Ал ол баланың ата-анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде екіншілей мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепке тәртібі мен үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй ішін әлекке салатын баллардың ата-аналарынан гөрі жиірек және ықыластана келетініне тандануға болмайды.

Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана өзінің мүгалімге айтқан дүдәмалы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен бейімділігіне берген бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтындығына сенімді болуға тиіс. Мұғалім де, ата-ана да өздеріне сеніп айтқан құпияны жария етпеуге міндетті. Үлкендер баланың мүддесі үшін бұл құпияны бір-біріне айтуы мүмкін. Алайда, мұны баланың білмеуі шарт. Көп ретте баланың өзі айтқан құпиясының жария болғанын біліп қоюы мұғалім пен ата-ананың, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының бүзылуына әкеп соғады.

Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы басқа қарым-қатынастарға да әсер етеді. Егерде мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы сәтті болмаса, өкінішке орай, мұғалім кейде баланы жек көреді. Бұл – педагогикалық тұрғыдан аса үлкен кемшілік және мұндай жағдайда балаларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жететініне сенуге болмайды. Немесе мұғалім мен оқушы белгілі бір мерзім ішінде өзара тіл табыса алмады дейік. Ата-ана кейде өзара түсінбеушіліктің айыбына барып жатпастан, баласының жағына шығады да, бәріне мұғалімді кінәлайды, сөйтіп өзара қарым-қатынастарын бұзып алады. Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалары мен мәнерді сақтауға, балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынаста мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн.

Оку жылы бойында мұғалім өз оқушыларының ата-анасына барып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда нелерге назар аудару керектігін, ата—анадан не сұрап, нендей кеңес беру керек екеніні ойласытып аплуы шарт. Әрбір үйдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескергеннің езінде мұғалім мыналарға назар аударуға тиіс:



  1. Жалпы үйдің атмосферасы. Микроклиматы, ата-ана
    арасындағы олардың үйдегі басқа мүшелермен қарым-
    қатынастың қалай дамығандығы. Сондықтан да мұғалімнің
    үйдегі ересек адамдар түгел болған кезде келгені дұрыс.
    Әңгіме басталған бетте-ақ үйде өзара түсінушілік жайын,
    бірін-бірі сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарастарын,
    үлкендердің кішілерге қарым-қатынасын, ондағы
    балалардың орынын бірден байқауға болады.

  2. Үйдегі жалпы тәртіп: оқушының сабаққа әзәрленетін
    арнаулы бұрышы бар ма, баланың заттары, оқу құралдары,
    кітаптары, ойыншықтары қандай жағдайда. Оқушы
    бұрышының дұрыс ұйымдастырылуына баланың жұмыс
    істеуіне қолайлылығына, стол мен орындықтың
    лайықтылығына, жарықтың дұрыс түсуіне, үйде радио мен
    теледидар, компьютер мен бейнетаспалардың бар жоғыны
    назар аудару керек.

  3. Әңгіме үйдегі ересек адамдардың бәрінің де болғаны жөн;
    олардың бала тәрбиесін қалай түсінетінін, баланы қандай
    етіп өсіргісі келетінін, ықпал етудің қандай әдістерінің ең бастысы және ең тиімдісі деп санайтынын анықтаған дұрыс. Мұндайда үлкендердің бала ерекшеліктері туралы, оның мүдделері мен бейімділіктері туралы, күшті және әлсіз жақтары туралы тәрбиелеу үстінде өздерінің қандай қиыншылықтарға кездесіп жүргендіктері жайлы айтқаны пайдалы.

С.Көбеев «әр баланың мінезінің бір-біріне ұқсамайтын сияқты, әр семьяның тәрбиесі де әркелкі. Үйде бетімен өскен бала ілуде бір ғана жаңа ортаға әрең үйреніп, зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім-тәрбиесіне көндігіп кеткенімен де «жүйріктің ұрыншақтағы қалса да, қырыншықтағы қалмаса» дегендей, эйтеуір бір шәлкем-шалыс мінез шығармай қоймайды. Баланың жас көзінен ер жеткенше қандай адаммен жолдас болып, қандай балармен ойнайтынын оның ата-анасы және мектеп бақылап жүруі керек. Ақырып зекіріп баланы қорқыту өте зиянды. Тәрбиенің негізгі мақсаты - баланы шыншылдыққа үйрету. Үй ішіндегі ересек адамдардың өздерінің сөз жүзніде емес, ісімен, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге көрсетуі керек» - дейді.

Мұғалім бұл үй жөнінде өзінің алдын-ала байқағандарына сүйене отырып, ата-ананыц баланы мектепке әзірлеуі кезінде нелерге баса назар аударуы керек екендігі жөнінде байыпты тұрде ақыл кеңестерін айтады.

Мұғалім ата-ана баланы мектеппен қорқытатын теріс әдеттерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: «Немене тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені сыныптан қуып шығады». Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен-текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзінде ол ата-анасы үрейлендірген жазадан қорқып жылайды. Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдылық сезімін егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екені жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендерінің бәрін де орындау туралы айтуы керек.

Бірінші сынып оқушыларының жанұяларында баланың мектеп өмірінде араласып кетуіне қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылыққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Мүнсыз оқушының сыныпта жұмыс істеуі, сабақ үстінде 30-40 минут бойына мұғалімді тыңдап, соның талаптарымен тапсырмаларын орындауы мүмкін емес.

Мұғалім ата-ананың балаға бақылау жапсауына кеңес береді:- тамақ ішкенде, сурет салып, ағаш ойып, балшықтан бейнелер жасағанда стол жанында тыныш отыра ала ма, қолға алған ісін аяғына дейін жеткізе ала ма, үйді қалай бастаған екен, оны түгел аяқтай ма жоқ әлде кубиктерді тастай беріп, машинаға бас салып, одан көзіне кітап түсе қалса, соны ақтара бастай ма т.с.с. Егер бала орнықты болмаса мұғалім оның ата-анасына нақты кеңестер ұсынады. Ол балаларға шағын тапсырмала беруге, оларды орындалуын тұрақты тұрде бақылап отыруға ақыл береді. Басында балаға қиын болса, оның өзінде де білдірместен бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне көмектесу керек.

"Қоғамдық орындардағы тәртіпті ережелері" тақырыбы

Сабақ еткізуге керекті әдістемелік кеңестер

Бұл тақырыпта өткізілетін сабақты төмендегі бірнеше негізгі сұрақтардың төңірегіндегі құруға болады: үлкендер мен құрбыластарға деген сыпайылық; жалпыга бірдей міндетті ережелерді орындау; өз ауласындағы, көшесіндегі, тағы басқа да тәртіпке, тазалық пен әдемілікке деген қамқорлық.

Алғашқы екі сұрақты оқушыларға жақсы таныс әр тұрлі оқиғаларды инсценировкалау арқылы қайталау қызықты. Осы мақсатта қуыршақтарды (қуыршақ театрын) пайдалануға болады. Бұлай жасау аса күрделі болмаса, көріністерді оқушылардың өздері-ақ қоя алады. Оларға, мәселен, төмендегідей инсценировкалар ойлап табуды тапсыруға да болады.



"Көшеде", инсценировка

Сыныпқа бірнеше оқушы кіреді. Олар ары-бері жүріп жатқан адамдарды бейнелеп, сынып ішінде қыдырып жүреді. Есіктен Арман кіреді. Ол жолдасымен қуана кездеседі.

Арман: Миша, амансың ба?

Қанат: Сәлемет пе?

Арман: Бүгін үйірмеде сабақ бола ма екен, білмейсің бе? Маған Нұрлан болады деп еді, Талғат болмайды дейді.

"Ары-бері жүріп жатқан адамдар әңгімелесіп тұрған балалардың жанынан айналып, «тротуардан» шығып, бормен сызылып бөлектеліп қойған «үлкен жолмен» өтуге мәжбүр болады. Екі дос оларға бөгет жасап тұр.

Қанат: Қане, Арман, жолдан былай тұрайық. Біз жолды бөгеп тұрмыз. «Тротуардан» шығып, әңгімелерін жалғастыра береді. «Ары-бері жүріп жатқан адамдар» енді «тротуармен» еркін жүреді. Класқа өзара дос, төрт қыз кіреді. Олар қатар түзеп, көңілді әңгімелесіп, қатты күліп келеді. «Тротуар» тағы да бос емес, «ары-бері жүріп жатқан адамдардың» тағыда қыздарды айналып өтуіне тура келеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әлгі көріністі талдайды. Мұғалім былай деп қорытынды жасайды:

Мына ереже естеріңде болсын: «жолдастарыңмен бірге келе жатыр екенсің, тротуарды түгел алмаңдар; жолдасыңмен кездесіп, әңгімелесу үшін тоқтаған екенсің, жолдан шығып тұр. Бір-біріңмен сөйлескенде, сыпайы бол, Арман, Қанат, Талғат деп атын атаңдар.

Оқушыларға көшедегі тәртіптің басқа да ережелерін нақты көрсету үшін және бір инсценировка әзірлеуге болады.

«Айтыңызшы, қалай жүру керек», инсценировка

Класқа бір топ бала келіп енеді. Олар «көшеде» доп ойнап, жіптен секіре бастайды. Зульфия кіреді.

М ұ ғ а л і м: Зульфия өзіне керекті адресті табу үшін қалай қарай жүру керек екенін білмейді. Ол бір оқушыдан, онан соң келесісінен сұрайды.

Зульфия (доп ойнап жсүрген балага қарап). «Рақым етіңіз, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңызшы».

Орынкүль (бұрылып қарамастан). «Білмеймін», Уалихан қолын белгісіз бір жаққа қарай сілтей салды. Зульфия аз-кем тұрған соң жіптен секіріп жүрген балаларға келеді.

- Рақым етіңіздер, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңыздаршы?

Балалар бірлесіп: Солға! Көпірден өткен соң оңға бұрыл! Жоқ, олай емес! Көпірмен өтудің керегі жоқ! Трамвай аялдамасының жанында! Зульфия ренжіп, ештеңеге түсінбей кете береді. Балалардың бәрі де өз ойындарымен айналысады, біраздан соң кластан шығып кетеді.

Осыдан кейін инценировканы талдау басталады.

Мұғалім былай дейді:

Біздің әрқайсымыз сыпайы қойылған сұрағымызға басқалардың қалай болса солай, немқұрайдылықпен, түсініксіз жауапберуі реніш тудыратынын өз тәжірибемізден білеміз.



Телефон

Қыз бала «телефон-автоматпен» сөйлесіп тұр. Жақын жерде үлкен сағат ілулі тұр. Оның тілдері қанша уақыт өткенін көрсетіп тұр. Телефонға кезек күткен адамдар ұзыннан-ұзақ тұра бастайды. Ал қыз бала болса сөйлесе береді, сөйлесе береді. Кезектегі адамдар ренішпенен тарай бастайды.

М ұ ғ а л і м. Балалар сендерге жекелеген оқушылардың өздерін көшеде өзін-өзі қалай ұстау керек екенін қайсыларыңның жақсы білетініңді қазір байқап көрелік. Бұл үшін шағын ойын кіземіз.

Көшедегі тәртіптің белгілі бір ережесін айтқан балаға қызыл дөңгелекше береміз. Осындай дөңгелекшілерді көп алған бала жеңіп шыққан болып табылады, өйткені ол көше тәртібін басқалардан гөрі жақсы біледі. Бір ережені қайталап айта беруге болмайды, әрине.

Оқушылар кезекпе-кезек қолдарын көтеріп, өздеріне таныс ережелерді айта бастайды. Мұғалімге көмекші балалар оқушы айтқан ереже жазылған плакатты іліп отырады (ол плакаттарды шефтердің көмегімен оқушылардың өздері алдынала жасайды).

Сабақтың соңында балалар өздері аулада ойнайтын ойындарды көрсетіп, ережелерін айтып береді. Бұл ойындарды балалардың шағын топтары көрсетеді.



Қорытынды

Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Баланың қалай болып өсетіні: ары бар және адал қызметкер, жақсы адам болып шығуы коп ретте мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу ісіне бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысса, жұмыс жемісті болады. Сыныптағы бұл жұмысты бір ғана мұғалім жүргізсе, тұрақты да тиімді нәтижелерге қол жетпейді.

Оқушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қою мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жұійысының басты шарты болып табылады. «Тәрбиешілері бір үжымға бірікпеген жерде, бұл үжым бірыңғай жұмыс жоспарына, бірыңғай екпінге, балаға деген бірыңғай дәл талапқа ие болмаған жерде ешқандай да иәрбие процесі болмақ емес» - деп жазған болатын А.С.Макаренко.

Мінез-құлық мәдениетін белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе ғана тиімді болады. Бұл жүйелілік, балалардың бойында мінез-құлық, пайдалы әдет-дағды тәжірибесін жинақтауда, адамгершілік мағлүматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің мінез-кұлық, оның сырт бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Мұғалімнің мінез-құлық оқушы Ү-Қсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс. Балалармен қарым қатынастағы дөрекілік, ашушаңцық, мектепте ата-аналар әлі де естіп қалатын орынсыз ескертпелер, сөз жоқ, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындадатады. Егер мектепте жалпыға бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ пен қамқорлық қалыптасқан болса, сыпайылылық, сөйлеу мәдениеті, дәлдік, міндеттілік ережелері әлдеқайда тез жүзеге асады.

Балалардың мінез-құлқы көп жағдайда ұжым мен жанұяның үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты. Ата-аналар балалардың тәртібіне қандай талаптар қойылып отырғанын, олардың бойында қандай мәнер тәрбиеленіп жүргенін, ең маңыздысы нелер екенін білуге және үйде, жанұяда сол бағытта жұмыс істеуге міндетті.

Жүргізілген жұмыстың тиімділігін тұрақты тұрде тексеріп отыру аса маңызды. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі көрсеткіші балалардың жалпы және адамгершілік жағынан дамуы болып табылады. Мұғалім балардың мінез-құлқы қалай өзгеріп келе жатқанын, олардың мұғалімнің тұрақты бақылауынсыз қалай әрекет ететінін, дұрыс әдет-дағдыларының тұрақтылық дәрежесін, баланың сана-сезімі қай бағытта дамып жүргенін тұрақты тұрде бақылап отыруға тиіс. Балаларды зерттеу жұмыс жүйесіне қажетті өзгертулер енгізуге, оны жетілдіре беруге мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. - Алматы, Қазақ университеті,
    1989.

  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -
    А., 1991.

  3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке
    тәрбиелеудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1985.

  4. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. — А., 1991.

  5. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу
    жолдары. - А., Өнер. 1972.

  6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары.
    //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.

  7. Алмаханова X. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие бері.
    /Методикалық нұсқау. А., 1990.

  8. Ақназаров Б. Класс жетекшісі. - А., Мектеп, 1973.

  9. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. —
    А.,1992.

10. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А., 1999.

11. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылықтәрбиесі. -Шымкент 1994.

12. Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. - Алматы, 1988.

13. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. - Алматы, 1997.

14. Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. №3.

15. Әбілова Зоқушыларға эстетикалық тәрбие беру. - А., 1972.

16. ӘбіловаЗ. Этнопедагогика- А., 1997.

17. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз.мем. 1-1996.

18. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, 1987. Ш-УІ тарау.

19. Болдырев Н. Класс жетекшісі. - А., Мектеп, 1980.

20. Богословский В. т.б. Жалпы психология - А., Мектеп, 1980, 13 тарау.

21. Безкаравайный С, Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи -әдеби

кештер. - А., Мектеп, 1968.

22. Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. - Алматы, 1973.

23. Бержанов Қ., С.Мусин. педагогика тарихы. - А., Мектеп, 1984.

24. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976.

25. БарановС. Принципы обучения. -Москва, 1975.

26. Бабанский Ю. Педагогика. - Москва 1988.

27. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процеса. —Москва, 1975.

28. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т.И.Шамовой.

29. Дорженов С. Бүгінгі ислам. - Алматы, Білім қоғамы, 1988.

30. Дүйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-1991ж/

31. Елеманов С, Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. - А., 1985.

32. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. А., Мектеп, 1975.

33. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. А., 1985.

34. Жас ұрпаққа дамгершілік эстетикалық тәрбие беру концепсиясы. //Қазақ мұғалімі, 1-тамыз 1989.

35. Жақыпов А. Өнеге өрісі- А., Мектеп, 1975.

36. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. А.,1977.

37. Ильина Т. Педагогика. Москва, 1984.

38. Иванова Н., Қозғанбаева М. Оқыту процесінің мәні. — Алматы, 1991. 39.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. Алматы, 1991.

40. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы, 1983.

41. Класный час и его организация. Алматы, 1989.

42. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысы,-Алматы, 1973.

43. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. - Алматы, 1990.

44. Көпжасарова М. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда коллективизмге тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1978.

45. Көшекпаев Н. Оқыту теориясы. - Алматы, Мектеп, 1976.

46. Кочетов А. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. Москва, Просвещение, 1967. 47. Крупская Н. Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы. Тандамалы педагогикалық шыгармалары.- Алматы, 1973.

48. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана,1998.

49. Лемберг Р. Оқыту әдістері. Алматы, 1958.

5О. Лернер И. Дидактические основы методов обучения. Москва, Педагогика,1981.

51. Методика правового воспитания. - Москва, 1984.

52. Макаренко А. Ұстаздық дастан. Алматы, 1985.

53. Макаренко А. Ата-аналар кітабы.Алматы, 1985.

54. Маслов., Карагоз Ю. Планирования воспитательной работы в учебной группе. Москва, 1985.

55. Мурзалин С. Рухани байлық. Алматы, Казақстан, 1988.

56. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру.

Алматы,1981.

57. Николаева В. В школе и" после школы вместе: Книга для учителя. Москва, Проссвещения, 1988.

58. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, Білім, 1994.

59. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1991.

60. Нұ.рмағанбетов С, Овчиникова Р. Метептегі кластан тыс жұмыстар. Алматы, Мектеп, 1969.

61. Нұрланова Г.К. Орта ғасыр ғүламаларының тәрбие тагылымдары.

Алматы, 2003.

62. 0қушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1975.

63. Основы внутришкольного управления.(Под ред.П.В. Судоминского) Москва, Педагогика, 1987.

64. 0қушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. (ред. басқарған Макаренко А.С.) Алматы, Мектеп, 1978.

65. Положения о ретинго-тестовой контроля качества знания, навыков и умений студентов. Алматы, Казгумя, 1996.

66. Педагогика школы./под ред. Г.И.Шукиной. Москва, Поссвещения, 1977.

67. Подласый И. Педагогика. Москва, 2000.

68. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 1999.

69. Сухомлинский В. Балаларға жүрек жылуы. Алматы, 1976.

7О. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986.

71. Сухомлинский В. Мектептің жас директорларымен сырласу. Алматы, 1987.

72. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991.

73. ¥зақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. Алматы, 1991.

74. ¥зақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет