2 қосымша «бекітемін» бөлім басшысының орынбасары



жүктеу 33.36 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі33.36 Kb.




2 қосымша

«БЕКІТЕМІН»

бөлім басшысының орынбасары

_____________Г. Шиндлярская


«Жыл мұғалімі - 2017»

қалалық сайыстың

ЕРЕЖЕСІ
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқытудың әдістері мен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.

  1. Сайыстың өткізу формасы, ережесі, мерзімі

Өтінішті тапсыру мерзімі –2017 жылғы 7 қыркүйекке дейін

Сайыс қыркүйек айында екі кезеңде өткізіледі:

1 іріктеу кезеңі шеберлік сынып.

Өткізу мерзімі: 2017 жылғы 12 қыркүйек



2 іріктеу кезеңі – «Ұстаз шеберлігі» (таныс емес сыныпта ашық сабақ өткізу).

Өткізу мерзімі: 2017 жылғы 21, 22 қыркүйек


  1. Сайысқа қатысушылар

Сайысқа оқыту тәжірибесіне инновациялық технологиялар мен көптілдік элементтерді енгізетін мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын қала мектептерінің пән мұғалімдері өз еркімен қатыса алады. Жалпы білім беретін мектептен еңбек өтіліне байланысты 1 мұғалім жіберіледі. Аталған мұғалім 3 номинацияның біреуіне қатыса алады:



«Үміт» аталымы – педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін;

«Шеберлік шыңы» аталымы – педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін;

«Шоқ жұлдызы» аталымы – педагогикалық жұмыс өтілі 16 жылдан жоғары.
  1. Ұйымдастырушы комитет және сайыстың қазылар алқасы

Сайысты дайындау және өткізу үшін білім беру бөлімінің және қала мектептерінің өкілдерінен ұйымдастырушы комитет құрылады.

Сайыстың қазылар алқасы жоғары оқу орындарының ұстаздарынан, мектеп басшылары мен тәжірибелі ұстаздарынан, білім беру бөлімінің өкілдерінен құрылады.

Сайыстың қазылар алқасы:



  • түскен мәліметтерге сараптама жүргізеді

  • ұстаздың әрекетін, өзіндік қасиетін, жұмысының нәтижесін бағалайды.



  1. Сайыс мазмұны



Сайыстың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы сайыскерлерді бағалайды:


  • кәсіби шеберлігін;

  • мұғалім жұмысының жүйесін;

  • мұғалім әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігін;

  • жеке қасиеттерін (педагогикалық көкейкөздігі, суырып салмалы, ұйымдастырушылық қабілеттері және жаңашылдығы қаралады).



Бірінші іріктеу кезеңі – шеберлік сағат
Мақсаты: мұғалімнің оқу мен тәрбиенің өзекті мәселелерін шешу бойынша педагогикалық қызметін жобалау қабілетін бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. Ұсынылған тәжірибенің өзектілігі.

  2. Ұсынылған тәжірибенің жаңашылдығы.

  3. Оқушыларды оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тәжірибенің жоғары нәтижелілігі.

  4. Педагогикалық тәжірибенің тиімділігі (алынған нәтижелерге жұмсалған күш пен уақыт сәйкестігі).

  5. Педагогикалық тәжірибенің тұсаукесері (яғни, басқа ұстаздардың тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі).

  6. Тәжірибе ұсынудағы нақтылық, анықтық.

Әр қатысушыға 7- 10 минут уақыт беріледі.
Екінші кезең «Ұстаз шеберлігі»
Мақсаты:мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. Өзіндік және өзара оқыту негізінде оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

  2. Дидактикалық құралдарды таңдау тиімділігі.

  3. Тақырыпты ашу тереңдігі мен ерекшелігі.

  4. Оқушылар мотивациясының жоғары деңгейін, қызметінің жоғары интенсивтілігін құра білу және қолдай алу білігі.

  5. Мұғалімнің бақылау - бағалау әрекетінің тиімділігі.

  6. Ұстаздың рефлексиялық әрекеті.

Сайысқа қатысушылар қаланың бір мектебінде таныс емес сыныпта мұғалімдік шеберлігін көрсетеді.

Сайыскерге 2 күн бұрын ашық сабақтың өткізілетін сыныбы мен тақырыбы туралы мәлімет беріледі. Сабақ заманауи талаптарға сай болуы тиіс.





  1. Жеңімпаздарды марапаттау


Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, оларға білім беру бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Сайыс нәтижесі педагог кадрлардың аттестациясы кезінде ескеріледі. Мұғалімдер күніне арналған қалалық мерекеде қатысушыларды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет