2 қосымша. Паразиттік аурулардың алдын алу



жүктеу 42.87 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі42.87 Kb.

2 қосымша.

Паразиттік аурулардың алдын алу (қышыма, педикулёз, терінің және бастың шаш бөлігінің саңырауқұлақтық аурулары).



Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша педикулез (битшеңдік) әлемде ең көп таралған паразиттік ауру болып саналады. Битшеңдік қайдан пайда болады?

Биттер – адамнан адамға жеңіл жұғатын, ұсақ, қан сорғыш жәндіктер отряды болып табылатыны белгілі. Ол науқас адаммен қарым-қатынас жасағда, оның шаш тарайтын тарағын, бас киімін алған кезде жұғады. Алайда аурудың жұққанын болжау мүмкін емес. Бит адамның бас терісінде, әсіресе:



  • шекеде;

  • құлақ маңайында;

  • желкеде;

  • қаста, иектің шашты бөлігінде, яғни сақал-мұртта кездесуі мүмкін. 

Битті жұқтырудың келесі белгілері бар: 

-Бит тістеген жердегі терінің қышу.  Ауру ұзақ уақытқа созылған кезде бала бас терісін қайта-қайта тырнай береді, нәтижесінде бит тістеген жерде қабықшалар пайда болады. 

-тістелгенен кейін бірнеше күннен соң бөртпе пайда болады. 

-ауырған бала жайсыздық пайда болады, бір орында ұзақ отыра алмайды және алаңғасарлыққа ұшырайды. 

-шашта сірке пайда болады. 

- лимфа бездері қабынуы мүмкін (лимфаденит). 

Педикулездің алдын алу үшін балаға өзін-өзі қалай ұстау қажеттігін түсіндіру аса маңызды. Педикулездің алдын-алудағы басты ережелерге: 7-10 күн сайын суға шомылып, киім-кешек пен төсек орынды ауыстырып отыру, шашты қиып – тарау, жеке тарақтарды пайдалану; балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру; ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу. Жеке бас тазалығы мақсатында педикулез туралы балаларға түсінікті де қарапайым етіп айту керек. Педикулездің басқа аурулар тәрізді ауру екендігін, өздігінен емделіп – жазылмайтындығынан, онымен күресу керектігін түсіндіру керек. Сонымен қатар, биттердің таза, шашы қиылып – таралған балалардан аулақ жүретіндігіне назар аударту керек. Өзге адамдардың тарағын, бас киімін, киім-кешегі мен төсегін пайдаланбаған жөн. Балалар ұжымдарында жеке бас тазалығын сақтау, жинақылық пен ұқыптылықты мадақтап, сыйлық берудің де пайдасы зор.

Микроспория (қарапайым тілде - теміртекі) балаларда кездесетін ең көп таралған саңырауқұлақтық ауру. Бұл ретте, ауру теріні немесе бастың шашты бөлігін зақымдайды.

Аурудың көзі науқас адам немесе жануар (мысық және ит) болып табылады.




Алғаш белгілері ақшыл-қызғылт таңғылдақтар қабыршақтанып, үлкейіп, әр түрлі формалы болып келеді. Науқас аздап қышуды байқайды. Зақымданған тері қызарып, кейде іріңдейді. Іріңдеу көбінесе бастың шашты бөлігінде кездеседі. Бастың шашты бөлігінде теміреткі шыққан жағдайда науқастар ем қабылдап жүріп, жұқа мақтадан тоқылған орамал тастамау қажет. Теміреткі денеге шыққан жағдайда киім-кешектерін, төсек-орнын міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет. Науқас адаммен киім алмастырып киюге болмайды және де қарым-қатынастағылардың барлығы қадағалауға алынады. Дер кезінде емделмесе ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Жұқпалы тері ауруларынан сақтанғыңыз келсе, өзіңіздің және жақындарыңыздың жеке бас гигиенасын сақтай біліңіз.

Бастың шаш бөлігінің микроспориясы.

Баладағы микроспорияны қалай емдеуге болады?

Балаларда микроспорияны анықтау мен емдеуді дәрігер-дерматолог жүргізеді. Емдеу орташа 3-тен 6-ға дейін аптаны қамтиды. Ауырған баланы дреу оқшауландыру қажет. Бала пайдаланған заттарды бір бөлек сақтап, дереу дезинфекциялау керек. Үйді тазалап, барлық төсек-орындардың қаптарын жуу керек, барлық заттардың беткі жағын және еденді шаруашылық сабын мен сода қосылған ерітіндімен сүртіп шығыңыз.



Микроспорияның алдын алу шаралары: 1. Микроспориямен ауырған бала толық сауыққанға дейін мектепке, балабақшаға бармауы тиіс. 2.Санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет: тек жеке бас киімді, киім-кешекті, тарақты, жуыну жөкесін т.б. жеке заттарды пайдаланған жөн. 3. Балаларға қаңғыбас мысық-иттерді ұстауға рұқсат етпеу керек. Үйге асырауға алынған мысық немесе күшіктерді мал дәрігеріне көрсеткен жөн, балаларға жануарларды төсек-орынға алып жатуға рұқсат етпеу керек. 4. Ауру жануарды ұстаған жағдайда, қолды сабынмен жуып, тырналған жерлерге 5% йод жағып, киімді ауыстырып, шешіліп алынған киімді суға қайнатып немесе ыстық үтікпен үтіктеу қажет. 5. Үй мысықтары мен иттерді қажетінше сабынмен жуындыру керек, оларда бүргелердің пайда болуына жол бермеу қажет, жылына міндетті түрде мал дәрігеріне қарату керек. 6.Теріде немесе баста қабыршақталған дақтар пайда болған кезде дереу дәрігер-дерматологқа қаралу қажет.

Қышыма дегеніміз не?

Қышыма – қышыма кенесімен тудырылатын паразиттік ауру болып табылады. Ауру көзі – науқас адам.

Жұғу жолдары: 1.тікелей – қоздырғыштың ауру адамнан сау адамға тікелей жұғуы; 2.жанама – қоздырғыштың жеке пайдалану заттары арқылы жұғуы (жуыну жөкесі, сүлгі, ақжайма).



Қышыма қалай пайда болады? Аурудың алғашқы белгілері оны жұқтырғаннан кейін 7-10 күн ішінде пайда болады. Қышыманың негізгі белгісі – бұл терінің қышуы, әсіресе түнге қарай күшеюі. Қышу мына жерлерде байқалады:

  • саусақ араларында;

  • мықынның жоғары жағы;

  • буын бүгілістеріне;

  • қолтықасты маңайда;

  • кеуденің бүйір жағында;

  • бел мен бөксе маңайында;



Қышыманың алдын алу шаралары: 1.Қышымамен ауырған балалар толық сауыққанға дейін мектепке, балабақшаға бармауы тиіс. 2. Санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет: тек жеке бас киімді, киім-кешекті, тарақты, жуыну жөкесін т.б. жеке заттарды пайдаланған жөн. 3. Бөртпелер пайда болған кезде дәрігер-дерматологқа қаралу керек.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет