«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы



жүктеу 121.3 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі121.3 Kb.


Ақмола облысы әкімдігінің

2017 жылғы 28 желтоқсандағы

№ А-1/611 қаулысына

3-қосымша



«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды «Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігі «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз.

3. Қазақстан Республикасы спорт істері және дене шынықтыру Агенттегі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құжаттарды мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 9675 тіркелген) бекітілген спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санаты туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады немесе Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі бекіткен 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрықпен бекітілген (нормативтік құжаттарды мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11276 тіркелген) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - стандарт) 9-1 тармағымен қаралған негізде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

5. Көрсетілетін қызметті алушы үшін қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және басшылыққа тапсыруды жүзеге асырады – 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтады – 1 сағат;

3) жауапты орындаушы қызмет алушы ұсынған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оларды спорттық разрядтар мен санаттар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына ұсынады – 1 күнтізбелік күн;

4) Комиссия ұсынылған құжаттарды 26 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру немесе спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

5) жауапты орындаушы Комиссия хаттамасының негізінде спорттық атақ, разряд немесе санат беру туралы материалдарды дайындайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап береді – 1 күнтізбелік күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы барлық материалдармен танысады – 1 сағат;

7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітіп, мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналына тіркейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауапты тіркейді – 15 минут;

8) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлікті, біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық разряд, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап береді – 15 минут.

7. Келесі рәсімдерді (әрекеттер) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметткреді көрсету бойынша рәсімдер (әрекеттер) нәтижесі:

1) қол қойылған реестрді Мемлекеттік корпорация курьеріне беру;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды жауапты орындаушыға тапсыру;

4) Комиссия отырысының хаттамасы;

5) спорттық разряд беру туралы куәлікті, біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық разряд, біліктілік санатын беру туралы бұйрықты әзірлеу;

6) Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық разряд, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі беріледі;

7) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап;

8) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша журналға белгі қою.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

4) Комиссия.

10. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдайды – 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеріп, оларды Комиссия отырысына дайындауды жүзеге асырады – 1 күнтізбелік күн;

4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап 26 (жиырма алты) күнтізбелік күн ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде комиссия спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5) жауапты орындаушы спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы материалдарды немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы жауапты әзірлейді – 1 күнтізбелік күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы спорттық атақ, разряд немесе санат беру туралы бұйрыққа, спорттық разряд беру туралы куәлікке, біліктілік санатын беру туралы куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды – 1 сағат.

7) жауапты орындаушы бұйрықты бекітеді және оны мемлекеттік қызметті көрсетудің журналына тіркейді – 15 минут.

8) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорация курьеріне спорттық разряд беру туралы куәлікті, біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық разряд, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап береді – 15 минут.




4. Орталықпен және (немесе) өзге қызметті берушілермен қарым-қатынас жасау тәртібінің, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету
11. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:

1 процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау датасы мен уақыты көрсетілген қолхат береді. 1 шарты – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген Стандарттардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

2 процесс – осы регламеттің 5-тармағымен қаралған көрсетілетін қызметтерді берушінің рәсімдері (әрекет);

3 процесс - Мемлекеттік корпорация инспекторы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде қызмет алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін береді.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру барысында, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Құжаттар пакетін тапсыру үшін күту уақыты – 15 минут;

Қызмет көрсету ақыты – 15 минут.

Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы (немесе өкілетті өкіл) өтініш білдіру барысында мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар пакеті:



  1. «2-разрядты спортшы», «3-разрядты спортшы», «1-жасөспірімдік-

разрядты спортшы», «2-жасөспірімдік-разрядты спортшы», «3-жасөспірімдік-разрядты спортшы» спорттық разрядын беру бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтішін білдірген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды бекітілген сенімхаты (идентификация үшін);

алғашқы спорттық мекеменің қолымен және мөрімен бекітілген қолдаухат;

облыстық және (немесе) қалалық жарыстардың спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен бектілген, егер спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаса денешынықтыру және спорт бойынша облыстық атқару органының немесе денешынықтыру және спорт бойынша аудандық, қалалық атқару органдарының мөрімен бекітілген хаттамаларының көшірмелері;



  1. «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы»,

«біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) бойынша мемлекеттік қызмет алушы үшін:

көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтішін білдірген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды бекітілген сенімхаты (идентификация үшін);

мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыным;

кәсіби білім туралы дипломның көшірмесі;

еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын немесе тоқтауын растайтын жұмыс беруші актісінен жазба немесе оны тоқтату негізі мен уақыты туралы жұмыс берушінің белгісі қойылған еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе қызметкердің еңбек жолы туралы мұрағаттық анықтама;

мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы жаттықтырушы-бапкердің спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен бектілген, егер спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаса денешынықтыру және спорт бойынша облыстық атқару органының мөрімен бекітілген жарыстардың хаттамаларының көшірмелері;


  1. «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «біліктiлiгi

орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» біліктілік санаттарын (және/немесе растау) беру бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтішін білдірген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды бекітілген сенімхаты (идентификация үшін);

мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

кәсіби білім туралы дипломның көшірмесі;

еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын немесе тоқтауын растайтын жұмыс беруші актісінен жазба немесе оны тоқтату негізі мен уақыты туралы жұмыс берушінің белгісі қойылған еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе қызметкердің еңбек жолы туралы мұрағаттық анықтама;

4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы»

біліктілік санатын (және/немесе растау) беру бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтішін білдірген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды бекітілген сенімхаты (идентификация үшін);

мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

кәсіби білім туралы дипломның көшірмесі;

еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын немесе тоқтауын растайтын жұмыс беруші актісінен жазба немесе оны тоқтату негізі мен уақыты туралы жұмыс берушінің белгісі қойылған еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе қызметкердің еңбек жолы туралы мұрағаттық анықтама;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен бекітілген, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы жұмыс істеген мекеменің мөрімен бекітілген хат – қолдаухат;



  1. «спорт төрешiсi» біліктілік санатын беру бойынша мемлекеттік қызмет

алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтішін білдірген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды бекітілген сенімхаты (идентификация үшін);

мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

қызмет алушының төрешілігін куәландыратын төрешілік туралы анықтама немесе жарыстардың хаттамалары;

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері «электронды үкімет» порталының шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

12. Рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігінің нақты жазбасы, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара қарым-қатынасы, сонымен қатар басқа да қызмет көрсетушілермен және (және) Мемлекеттік корпорациямен өзара қарым-қатынас жасау тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйені пайдалану тәртібі осы регламеттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында бейнеленеді.

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар мен 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Құжаттарды қабылау, оларды тіркеу

– 15 минут

Құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат

Жауапты орындаушы қызмет алушы ұсынған құжаттар пакетін белгіленген талаптармен сәйкестілікке тексереді және спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша Комиссия отырысына құжаттарды тапсырады – 1 күнтізбелік күн


Мемлекеттік корпорациия




Комиссия ұсынылған құжаттар түскен күннен бастап 26 күнтізбеліккүн ішінде қарайды.

Отырыста қарау барысында Комиссия спорттық атақтар, спорт бойынша разрядтар мен төрешілер санатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап беру туралы шешім шығарады







Қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап береді – 15 минут.







Бұйрықты бекітеді, Мемлекеттік корпорация курьеріне мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап береді

– 1 сағат




Барлық материалдармен танысады, мемлекеттік қызметтің нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 1 күнтізбелік күн



Мемлекеттік корпорациия

Шартты белгілер:


autoshape 101

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ

атауы;

autoshape 85

- таңдау нұсқасы;



-autoshape 81 келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет