Мемлекеттік кірістер комитетінің жалпы декларациялау және жеке кірістерді әкімшілендіру департаменті басшысының орынбасары Әсемгүл Мұстафина пәтерін заңсыз жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтарға қандай айыппұл салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: greedyfinance.com

Мұстафинаның айтуынша, айыппұл мөлшері жеке кәсіпкерлікке байланысты болады. Айыппұлдың ең жоғары мөлшері 100 АЕК, яғни 360 000 теңге.

"Тәртіп бұзушыларды анықтау үшін учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Олар бізге осы тұлғалар туралы ақпарат береді. Қазірдің өзінде тиісті шараларды қолданып жатырмыз. Айыппұл кәсіпкерлік қызмет көлеміне байланысты 15-тен 100 АЕК-ке дейін", — деді Мұстафина.

  • Енді букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынады: Бұл қаншалықты қауіпсіз
  • "Шағын бизнесті тығырыққа тіремек": Алматыда кәсіпкерлер бөлшек салықты 2%-ға азайтуды талап етіп, әкімдікке барды

Ал Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова салықты e-Salyq Business арнайы қосымшасы арқылы төлеуге болатынын түсіндірді.

"Сіз сол қосымша арқылы салықты төлей аласыз. Салықтар мобильді қосымшада есептелетін болады және салық есептілігін тапсырудың қажеті жоқ. Егер адам пәтерді жалға берсе, ол қанша төлеуі керек? Астанадағы орташа баға 100 мың теңге делік. Азамат мобильді қосымша арқылы арнаулы салық режимін қолдана алады: 100 мыңнан бастап ЖАТ (жеке табыс салығы) үшін айына 10 мың теңге төлейтін болады. Мүліктің иесі төлейді. Сол мобильді қосымшада чек бере аласыз, бірден 10 мың теңге төлеуіңіз керегін көрсететін шот-фактура аласыз", — деді Құсайынова.  

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мобильді аударымдарға салық салу шарттарын қайта қарайтыны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.