№2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердіњ дебиторлыќ борыштарыныњ есебі



жүктеу 51.29 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі51.29 Kb.

2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышы тиісті мерзімде өтелген болса мұнда борыштар күмәнді, күдікті деп таңылады. Есепке алудың 2 жолы бар:1) Тікелей есептен шығару әдісі – бұл әдіс бойынша борыш сомасы күмәнді деп таңылғаннан кейін ғана шығын ретінде есепке алынады. Көптеген ұйымдар резервтік әдісті есепке алудың 2-ші жолын пайдаланады.

Бұл тәсіл бойынша борыштардың бір мөлшері күмәнді деп танылып түзету жасалынады. Күмәнді борыштар бойынша резерв құрастырылған кезде әкімшілік шығындар көбейіп көрсетіледі қалыптпсқан резервтік сома 1210. ДТ 7210 КТ 1290 – Күмәнді борыштар бойынша резервтің қалыптастыру.
4 Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу есебі.

Есеп беруге тиісті адамдар – кәсіпорын тарапынан белгілі бір операцияларды жүзеге асыру үшін, өз есебінен алған нақты ақша сомасы бойынша есеп беруге тиісті адамдар болып табылады. Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу 1250 активтік шоттар аркылы жүргізіледі.

ДТ 1250 КТ 1010 – Кассадан есеп беруге тиісті адамға берілген аванс сомасы.

ДТ 1010 КТ 1250 – Есеп беруге тиісті адамның кәсіпорын сомасына алынған аванс қалдығын өткізу.

ДТ 1310, 2410 КТ 1250 – Есеп беруге тиісті адам есебінен сатылып алынған қор және негізгі құралдардың кіріске алынуы.

ДТ 3350 КТ 1250 – Есепті соманың жетпей қалған мөлшерінің дебиторлық жалақысынан ұсталынуы.


12 Күмәнді дебиторлық борыштар есебі.

Күмәнді дебиторлық борыштарды бағалаудың екі тәсілі бар: 1)Тауарларды сату нәтижесінде алынатын, таза табыс сомасына есептелінетін пайыз әдісі. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша шеккен нақты шығындар мен сатудан түскен таза табыстан есептелінген пайызының ара қатынастарының орташа пайызын есептеуге негіз болады. 2)Дебиторлық борыштардың өтелу мерзіміне сәйкес әдісі. Күмәнді дебиторлық борыштарды өтелу мерзіміне сәйкес бағалау әдісі бухг. Баланста таза дебиторлық борыш қалдығын көрсетуде негізделген. Бұл әдіс бойынша күмәнді дебиторлық борыш пайызын есептеген кезде өткен кездердегі мәліметтер пайдаланылады.Әдістің негізгі мақсаты күмәнді дебиторлық борыштың нақты өзіндік құнын анықтау болып табылыды.


13 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері, бағалануы.

Негізгі құралдар – 1 жылдан астам уақыт өнім өндіруге жалға беруге және әкімшілік мақсатқа пайдаланылатын өздерінің құнын жаңадан өндіріліп шыққан өзінің құнын біртіндеп қосатын материалдық активтер болып табылады. ЖІКТЕЛУІ: 1)Халық шаруашылық салаларына байланысты. (ауылшару.,құрылыс,өнеркәсіп)

2)Иелену құқығына байланысты. а)Меншікті б)Жалдағы.

ТҮРІ: Жер2411, үйлер2412, ғимараттар, машиналар2413, жабдықтар2413

БАҒАЛАНУЫ: 1)Бастапқы құн; 2)Ағымдағы құн; 3)Сату құны; 4)Қалдық құны; 5)Тозу құны 6)Жоюлу құны
14 Дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі.

Дивидендтер – акционерлерге, олардың иелігіндегі акцияларына сәйкес төленетін ақы. МАҢЫЗДЫ 3 МЕРЗІМДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК: 1)Жарияланған мерзім; 2)Тіркеу мерзімі; 3)Төлем мерзімі; Дивиденд бойынша есеп айырысудың мақсатында 3380 (қ.м. төленуге тиісті ақылар) және 4160 (ұ.м. төленуге тиісті ақылар) шоттарда жүргізіледі. Шоттар пассивті болғандықтан кредиттік айналымда төленуге тиісті дивидендтер сомасы ал дебиттік айналымда нақты төленген дивидендтер сомасы көрсетіледі.


25 Негізгі құралдардың тозуының есебі және оларға амортизация есептеу тәсілдері.

Тозудың 2 түрі бар: 1)Физикалық 2)Моральдік

НҚ –ң бастапқы құнын қалпына келтіру мақсатында оны тиімді пайдалану мерзімі ішінде амотизациялық аударымдар түрінде қор жасалады. Жылдық амортизациялық аударымдар сомасы амортизациялық аударым нормасы арқылы анықталады. Амортизациялық нормасы объектінің тиімді пайдалану мерзіміне қатысты анықталады. Халықаралық стандарт б\ша амортизациялық аударым сомасын анықтаудың 3 әдісі бар: Тікелей; Өндірістік; Жеделдетілген;

26 Резервтік капитал есебі.

Меншікті капиталдың бір бөлігі қорлану көзініңбірі – резервтік капитал болып табылады. Оның синтетикалық есебі 5300 бөлімшесінің 5310-5340 шоттарында жүргізіледі. Шоттар пассивті болғандықтан резервтік капиталдың қалыптасуы олардың кредиттік айналымда, ал дебиттік айналымда резервтік капитал қаражаттың жұмсалуы көрсетіледі. Резервтік капиталдың қалыптасуы міндетті және ерікті түрде жүзеге асырылыды.

ДТ 5410 КТ 5310-5340 – Есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен резервтік капиталдың қалыптастырады. КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ:

ДТ 5310-5340 КТ 5410 – Есепті жылы жабылмаған зиян резервтік капиталдың есепті жылы орын алған зиян саласын жабуға пайдалануы.

ДТ 5310-5340 КТ 3380 – Есепті жылдың пайдасының жетіспеуіне байланысты акционерлерге дивидендтердің резервтік капитал есебінен есептелуі.


30 Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – орындалуы 1 жылдан астам уақытты қамтитын қарыздар болып табылады. Төленуге тиісті шоттар бойынша міндеттеме несиеге сатып алынған тауарлар, материалдар, қорлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша жабдықтаушы алдында пайда болады. Мұнда міндеттемелердің пайда болуы шот фактура арқылы расталады. Жабдықтаушы және мердігер ұйымдармен қысқа мерзімді міндеттеме бойынша есеп айырысу 3310, ал ұзақ мерзімді міндеттеме бойынша есеп айырысу 4110 шоттарында есепке алынады. Шоттар пассивті, яғни кредиттік айналымда міндеттеменің пайда болуы және көбеюі, ал дебиттік айналымда өтелуі көрсетіледі.


34 Бөлінбеген табыс есебі.

Меншікті капиталдың бір бөлігі – бөлінбеген табыс болып табылады. Бөлінбеген табыс ұйымның акционерлеріне, дивидендтер және қатысушыларға табыстар түрінде бөлінбеген меншікті капиталдың бір түрі болып табылады. Бөлінбеген табыс сомасы 5400 бөлімшенің 5410-5430 шоттарында есепке алынады. 5410 шоты нәтижелік шот, уақытша шот. Уақытша болу себебі, бұл шотта есепті жылдың барлық табыстары мен шығындары есептеліп, есептік кезеңнің соңында шот жабылады. 5420 шотында есеп саясатының өзгеруіне байланысты пайда және зиян операцияларының түзетуі жүзеге асырылады. 5430 шотында өткен жылдардың бөлінбеген табысы мен жабылиаған зиян сомасы есепке алынады. 5430 шоты бойынша қалдық калуы мүмкін және сол қалдық сомасы ұйымның бухг. балансында көрсетіледі.


38 Алдағы кезең табыстарының есебі. – ұйымның есепті кезеңде алған, бірақ келесі есепті кезеңдерге қатысты табыстары болып табылады. Мысалы, алдын-ала алынған жылдық төлемақы, пәтерақы, жүк тасымалдауға, мерзімді басылымдарға жазылу үшін алынған төлемдер. Алдағы уақыт табыстарының есебі 3520 және 4420 пассивті шоттарында есепке алынады. Мысалы, табыс сомасы келіп түскен жағдайда дебиті 1010, 1040, кредиті 3520 немесе 4420. Алдағы кезең табысы ретінде есепке алынған табыс сомасының өз есепті кезеңде табыс ретінде есепке алынуы. ДТ 3520,4420 ал КТ сәйкес табыстар есебі жүргізетін шоттар. Мысалы, жыл төлемі бойынша алынған табыс 6130 және 6260 шоттарының кредитінде есепке алынады.
40 Еншілес, тәуелді, бірлесіп-бақыланатын серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебке алу үшін шоттардың бас тізбесіндегі 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» деген бөлімшесі қарастырылған. Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 1) 321 «Еншілес серіктестіктердің қарыздары»; 2) 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары» 3) 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың қарыздары»
50 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. АВАНС – ақшалай міндеттеме есебіне алдын-ала төленген сома. Аванстың төленуі келісім шарттың жасалғанын растай алмайтын, бірақ алдын-ала төленген сома бірнеше функцияларды орындайды. ОЛАР: 1)Белгілі бір мөлшерде келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 2)Міндеттеменің бар екендігін растайды. 3)Жалпы төлем соманың белгілі бір мөлшері болғандықтан аванс төлемдік қызмет атқарады. Алдын-ала төленген аванс сомасы бойынша келесі корреспонд. құрастырылады: ДТ 1010-1040 КТ 3510. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу 3510 пассивті шотында(қ.м. міндеттеме) немесе 4410(ұ.м.міндеттеме) шоттарында есепке алынады. Кәсіпорынның шоты толық төленгеннен кейін бұрын алынған аванс сомасының келесі корреспонд. құрастырылады: ДТ 3510 (4410) КТ 1210 – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кредиттік борышы.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет