2 тақырып: Windows -та негізгі жұмыс



жүктеу 31.28 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі31.28 Kb.

2 тақырып:

Windows -та негізгі жұмыс.







Мақсаты:

Windows амалдық жүйесінде жасалатын жұмыстар дағдысын қалыптастыру.


Нені білуі керек

  • Амалдық жүйенің негізгі функцияларын білу

  • Жұмыс үстелі және ондағы объектілер міндетін білу

  • Терезе элементтерін білу

  • Басқару панелі және оның элементтерінің қызметін білу

Нені үйренуі керек

  • Амалдық жүйеде атқараылатын негізгі амалдарды қолдануды үйрену

  • Түрлі тәсілмен қапшық құру және оны көшіру, жылжыту, атын өзгертуді үйрену

  • Терезе элементтерімен және тереземен жұмыс жасауды үйрену

  • Басқару панелінің элементтерімен жұмыс жасауды үйрену

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Windows амалдық жүйесінің негізгі функциялары.

  2. Жұмыс үстелі мен объектілерімен жұмыс.


Дәріс мазмұны

WІNDOWS ХP АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ


Кез келген амалдық жүйе сияқты Wіndows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқаруын;

  • файлдық жүйемен жұмыс жасауын;

  • қолданбалы бағдарламалардың іске қосылуын.

Бұдан басқа Wіndows жүйесі:

  • бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс жасауын;

  • әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтердің алмасуын;

  • масштабталатын қаріптерді қолдануын;

  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануын;

  • бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.



WІNDOWS ХP АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ


Wіndows ХP амалдық жүйесінің негізгі объектілері, жұмыс үстелі және терезе элементтері негізгі ұғымы болып табылады.

Жұмыс үстелі келесі суретте бейнеленген:




Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Жұмыс үстелінің негізгі төрт объектісін атаңыз?

  2. «Пуск» бас мәзір командаларының қызметін атаңыз?

  3. Терезе түрлерін атаңыз: анықтамалық, сұқбаттық, қолданбалы бағдарламалық және қалталық.

2 тапсырма

Сурет бойынша нөмірленген терезе элементтерін атап жазыңыз

ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



Жауабы:

Терезе элементтері.

  1. Тақырып жолы

  2. Жүйелік мәзір батырмалары

  3. Терезе батырмалары

  4. Мәзір жолы

  5. Саймандар тақтасы

  6. Жиек

  7. Айналым жолақтары

  8. Жағдай жолы

  9. Жұмыс алаңы

  10. Екі жақты сілтелмелі бағыттауыш батырмалары мазмұн бойынша экрандап қозғалтады.

3 тапсырма


Тереземен жұмыс жасау

  • Терезенің өлшемін өзгертіңіз, орнын жылжытыңыз.

  • Пернелер комбинациясы арқылы терезелерді ауыстырыңыз.

  • Терезелерді реттеңіз.

  • Сұхбаттық терезе ашыңыз.

  • Терезені жабу түрлер көрсетіңіз.

Жұмыс үстелінде жұмыс жасау

  • Лақап құрыңыз.

  • Есептер тақтасының орналасуын өзгертіңіз (жоғары, төмен, сол, оң)

  • Түс палитрасын өзгертәңіз (қасиеті, экран)

  • Рең суретін өзгертіңіз (фон узорының өзгерісі)

  • “Заставкамен” жұмыс жаса


Жұмыс үстелінде терезелердің орнын ауыстыру

Жұмыс үстелінде Мой компьютер, Мои документы и Себет (Корзина) терезелерін ашыңыз.

Мәтінмәндік (жанама) мәзір арқылы терезелерді орналастырыңыз:


  • А) каскад

  • Б) жоғарыдан төмен

  • В) солдан оңға

4 тапсырма


Панель управления (Басқару панелі)

  • «Панель управления» қалтасын ашыңыз (әртүрлі ашу жолдарын көрсетіңіз)

  • Мерзім, уақытты түзетіңіз

  • Түрік тілін айғақтауыш үстеліне енгізіңіз  

5 тапсырма



СИН программасының екінші модулінде тестілену, 8 практикалық жұмыстарын орындау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет