2. Талдау Ауылдық округтің экономикасы және ауыл шаруашылығы



жүктеу 294.06 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі294.06 Kb.
түріҚұрамы

2018 жылдың 15 мамырында Зевакино ауылдық округінің жергілікті қауымдастығының жиналысында бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округінің

дамуының кешенді жоспары










1.Кіріспе

Зевакино ауылдық округі 1998 жылы құрылды. Округтің аумағы ауылшаруашылығына тағайындалған жерлермен бірге 36 262 га жерді құрайды. Округтің құрамына үш ауыл кіреді: Зевакино, Убинка және Новая Убинка. Халықтың жалпы саны 2002 адамға жуық, соның ішінде еңбекке жарамды халықтың саны 1087 адамнан көп. Округтің аумағында орналасқан: арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, екі орта мектеп, екі медициналық пункт, екі ауылдық клуб және екі ауылдық кітапхана. Округ аумағында 17 шаруа қожалығы, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 23 сауда нүктесі, 2 дәріхана, 1 наубайхана орналасқан. Ауылшаруашылығы құрылымдарының негізгі қызмет бағыты-дәнді дақыл өндіру.


2.Талдау
2.1.Ауылдық округтің экономикасы және ауыл шаруашылығы

Зевакино ауылдық округінің базалық саласы болып ауыл шаруашылығы табылады. Округтің аумағында 17 шаруа қожалығы орналасқан. Ауылшаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы 26 575 га құрайды, соның ішінде егістік 19 168 га, мал жайылымы 5075 га, шабылатын шөптің аумағы 2157га.

Округтің ауыл шаруашылығы жеткілікті әрсалаландырылған. Округте дәнді және май дақылдары өндіріледі.

Ауылдық округте 2,4 мың тонна сүт өндіріледі және 0,4 мың тонна ет өндіріледі. Негізгі ет-сүт азығын өндірушілер округтің тұрғындары.

Ет-сүт өндіруді шектеу факторы төменгі кірістілік болып табылады (ет-сүтті сатып алудың ең төменгі бағасы, мал азығының қымбаттылығы, сату нарығының төменгі қолжетімділігі).

Округтің өсімдік саласында дәнді дақылдары және май дақылдары дамыған, сонымен бірге картоп өнімі. 2017 жылы дәнді дақылды жинау 7,0 мың тоннаны құрады, ал май дақылдары 11,4 мың тонна, картоп 87 мың тонна. Дәнді дақыл мен май дақылдарын өндірумен «Сизиков и К» ЖШС, «ВК Житница» ЖШС, «Прииртышье +» ЖШС, «Журба Н.И.» ЖШС, «Кноблох Э.В.» ЖШС, «Садықов и К» ЖШС, картоп өндірумен «Иртыш ТАНур плюс» ЖШС және «Қозыбаев А.» ш/қ айналысады.

Зевакино ауылдық округінде кіші бизнес саласында 19 жеке кәсіпкер тіркелген. Сауда қызметін 21 сауда нысаны жүзеге асырады. Олардың барлығы күнделікті тұтыну. Дүкендердегі азық-түлік ассортимент, халықтың тұтыну тауары жеткілікті. Сондай-ақ екі дәріхана, наубайхана қызмет атқарады.

Округ аумағында бизнесті мемлекеттік қолдау жетерліктей табысты жүзеге асырылады. «Даму» Қоры бағдарламасы, сонымен бірге «Бизнестің Жол картасы 2020» жүзеге асырылуда.

Округ экономикасының дамуыту үшін ауылдық шаруашылықты дамытуғақолайлы табиғи ресурстар маңызды болып табылады.

Зевакино ауылдық округінің экономикалық дамуын шектетудің негізгі факторлары болып табылады:
1. Ет-сүт өнімдерінің жеткіліксіз кірістілігі-етті сатып алудың ең төменгі бағасы, сату нарығының қолжетімсіздігі.

2. Ауылшаруашылығы саласында мамандардың елеулі жетіспеушілігі- еңбек ақы деңгейінің төмендігі, тұрмыстың қолайсыз жағдайы саладағы мамандардың ағымына кедергі келтірмейді.

3. Фермерлер ассоциациясының, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жоғы, ауылдық округтің ауылшаруашылығын өндірушілерінің нарыққа бірігіп шығуына кедергі жасайды. Ассоциацияның жоғы фермерлердің өз мәселелерін өз бетінше шешуге құлқы жоқтығынан, бұл міндетті мемлекетке итермелеуге құлшынулығы.

4. Ауылшаруашылығын өндірушілердің азық -түлікті келешегі бар нарықтарға сатуға ақпараттардың жетіспеуішілігі, азық-түлікті сатуды ұйымдастыру бойынша қолдаудың жетіспеушілігі.

5. Жем-шөп, ұрықтар және асыл тұқымды малдарды сатып алу процессін ұйымдастыру бойынша ақпараттар мен ресурстардың жетіспеушілігі.
Ауылдық округтің экономикасын дамыту болжамы болып табылады:
1. Сату арналары ұйымдастырылса сүт өндіру мүмкін ұлғайтылады.

2. Кірістілігін жетілдіру үшін ет азығын қайта өңдеу бойынша өндірісті дамыту.

3. Азық-түлік өндірушілердің ассоциациясын ұйымдастыру.

4. АКК саласына мамандарды тарту, соның ішінде мектептерде кәсіби бағдарлықты өткізу және ауыл еңбегінің беделін арттыру.

5. Туристік бизнесті дамыту, соның ішінде ауылдық және аграрлық туризм.
SWOT- талдау


Мықты жақтары

Әлсіз жақтарыы

Сапалы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру

Ауыл шаруашылығында кәсіби мамандардың жетіспеуі

Әртараптандырылған ауыл шаруашылығы (Дәнді, май дақылдары, картоп, ет-сүт малшаруашылығы, омарташылық)

Азық-түлікті сатумен айналысатын өндірушілер ассоциацияның жоқтығы

Туристік және табиғат бизнесін дамыту мүмкіндігі

Кіші және орта бизнес әлсіз дамыған, әртараптандырылмаған (қызмет саласы дамымаған)

Ауылшаруашылығының барлық бағыттарын дамыту үшін әлеует




Мүмкіндіктері

Қауіптері

Нарыққа сатуға бірлесіп шығу үшін фермерлердің ассоциациясын ұйымдастыру, ірі жобаларды ұйымдастыру

АПК мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

Бағдарламалар арқылы ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау және мемлекеттік қолдау шаралары

Аграрлық саланың ерекше тәуекелдерінің артуы: қолайсыз ауа райының ықпалы, табиғи апат, малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы және басқалар.

Өндірісте жаңа заманауи технологияларды ендіру

АКК- ға мамандардың жетіспеушілігінің артуы


2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер
Зевакино ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда, базалық қызметтер көрсетіледі.Әлеуметтік- тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым ауылдық жер үшін біркелкі қанағаттанарлық деңгейде дамыған , инфрақұрылымның қалалық деңгейімен салыстырғанда төмен сипатталады. Округте 2002 адам тұрады, округгке 3 ауыл кіреді.
Білім
Зевакино округінде екі мектеп қызмет атқарады. Оқушылардың саны 243 бала. Округ мектептерінде 33 педагог жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасыларынан 21 оқушы 100% сапалы тамақпен қамтамасыз етілген. Убинка жалпы білім беретін орта мектебінде балаларды тасымалдайтын автобус бар. Жаз кезінде балаларға арналған сауықтыру алаңы ұйымдастырылады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін Зевакино мектебінде 50 балаға арналған бала бақша , Убинка орта мектебінде 20 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді.

Осы саладағы басты мәселе педагогтардың жетіспеушілігі, мамандар құрамын жаңалау қажеттілігі. Аз бала туу және жастардың ауылдан кетуі мектептердің қызметін қауіптендіреді.


Денсаулық сақтау
Ауылдық округтің денсаулық сақтау мекемелері екі медициналық пунктпен ұсынылады. Медициналық қызметті 3 орта медицина қызметкері атқарады. Кәсіби медициналық қызметтер округтен 26 шақырым жерде орналасқан Первомай ауруханасында және округтен 55 шақырым қашықтықта орналасқан Шемонаиха қаласындағы аудандық ауруханасында ұсынылады. Зевакино ауылында екі дәріхана «Арлан Сағда» ЖШС және «Байжұменов Н.Г.» ЖК жұмыс істейді.
Спорт, мәдениет және демалу
Спорттық инфрақұрылым спорт мекемелерімен еркін қолжетімді мектеп базасында ұсынылған.

Зевакино,Убинка ауылдарында ауылдық клубтар бар , онда мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған шаралар өткізіліп тұрады, оның базасында шығармашылық ұжымдар мен үйірмелер жұмыс істейді. Екі ауылдық кітапхана жұмыс істейді.

Демалу инфрақұрылымы дамымаған. Округ екі Ертіс және Үбі өзендлерінің бойында орналассада демалу аумағы құрылмаған.

Спорт саласындағы материалдық-техникалық база бүгінгі таңның басты мәселесі блып табылады, мамандар жетіспейді.


Әлеуметтік қызметтер және қамтамасыз ету
Ауылдық округте тұрғын үй мәселесі ауылдық жерге тән. Тұрғын үйдің көбі жеке меншік, пешпен жылынады, Зевакино және Новая Убинка ауылдары орталық сумен қамтамасыз етіледі. 2018 жылы Убинка ауылында су өткізу желілерін салу үшін ЖСҚ жасау жоспарлануда.

2017 жылдың соңында жұмыссыз 6 адам ресми тіркелді, 182 адам өз бетінше жұмыс істейді. 2017 жылы 27 жұмыс орны құрылды.

Қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті күзетуді округке бекітілгенучаскелік полиция қызметкері жүзеге асырады.

Округ әкімдігі 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді- «Жеке қосалқы шаруашылығы бар туралы анықтама», «Сату (конкурс, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқық беру», «Жер телімдеріне мақсатты тағайындауды өзгерту». Тұрғындарға көрсетілетін негізгі қызметтер Шемонаиха қаласында аудан орталығында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.

Ауылдық округте аз қамтылған 8 отбасы бар, олар жәрдемақы алады.Округ аумағында 174 мүгедек тұрады.
Әлеуметтік саладағы негізгі мәселе болып табылады:
1. Ауылдық окрутегі тартымсыз тұрмыс жағдайы және жұмысқа орналасу қиындығы, және еңбек ақының аз мөлшері жастарды ауылға тартпайды.

2. Мәдени-спорт саласында материалдық техникалық базасы ескірген.

3. Халықтың тоқтамсыз жүріп-тұруы әлеуметтік саланы төмендету қаупін тудырады.

4. Демалуға жағдай жоқ.

5. Убинка және Новая Убинка ауылдарында жұмыс орындарының жетіспеуі, әсәресе әйелдерге.

6. Төмен еңбек ақы.


Округ инфрақұрылымының әлеуметтік даму болжамы:
1. Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жақсарту.

2. Қолда бар табиғи және географиялық мүмкіндікті есепке ала отырып демалу саласын дамыту.



3. Жастарды аулға тарту, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайды жасау.
SWOT- талдау

Мықты жақтары

Әлсіз жақтарыы

Білім

Оқытудың жоғары тиімділігі, білім сапасы

Зейнеткерлікке шығатын мұғалімдердің орнына келетін жас мамандардың жетіспеуі,

Қолжетімді тамақтану




Балаларды тасымалдау үшін меншік көліктің болуы.




Денсаулық сақтау

Медициналық пункттердің болуы

Медицина қызметкерлерінің, құралдардың жетіспеушілігі.

Мәдениет және дем алу

Ауылдарда клубтардың бар болуы

Әлеуметтік саланың әлсіз материалдық-техникалық базасы (білім, мәдениет, спорт- спорт құралдарының жоқтығы)

Кітапханалар ақпарат орталығы қызметін атқарады




Спорт залдарына еркін қолжеткізу.




Ауылда волейбол командалары бар.




Әлеуметтік қызметтер

Сапалы әлеуметтік қызметке қол жеткізу




Мамандармен толық тқамтаасыз ету




Мүмкіндіктер

Қауіптер

Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау аясында әлеуметтік инфрақұрылымдар мекемелерін жаңғырту мүмкіндіктері

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға мемлекеттік қаржыландыруларды қысқарту

Бұқаралық спорт және спорттың жоғары жетістіктеріне қол жеткізуді арттыру үшін денешынықтыру мен спорт инфрақұрылымын дамыту

Жастардың ауылды жерлерде жұмыс істегілері келмегендіктен мамандар жетіспеушілігінің қауіпі


2.3.Инженерлік инфра құрылым және қолдау
Ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылымы ауылдық жер үшін қажетті деңгейде емес
Сумен жабдықтау және су ағызу
Зевакино және Новая Убинка ауылдарында сумен қамтамасыз етуді «Шемонаиха су каналы» ЖШС жүзеге асырады. Барлық кәсіпорындар суды пайдаланады. Орталық сумен қамтамасыз етуге Зевакино ауылында аулалардың 80 % қосылған, 20 % өз бетінше қамтылған, Новая Убинка ауылында аулалар 100 % қосылған. Бірақ сумен қамтамасыз ету желілерінің жағдайы нашар, желілердің 93 % тозған. Сумен қамтамасыз ету желілерін қайта салуды қарау қажет.

Орталықтандырылған су ағызу жүйелері жоқ, септиктер қолданылады. Септиктер сорылып алынбайды және зарарсыздандырылмайды. Сонымен қатар қолдағы бар тарифке сәйкес келмейтін шығыстар мәселе туғызуда.


Электрмен жабдықтау ету
Электрмен қамтамасыз етуде өткір мәселе жоқ. Желілерге «ВК РЭК» АҚ Шемонаиха желілер участогы қызмет етеді. Үйлер 100 % электрмен қамтамасыз етілген. Округтің электр желілері жаңа абоненттерді қосуға күші бар, соның ішінде өндірістік кешендер.

Ауылда 10 көше жарықтандырылған, ол жалпы санның 50% құрайды.

Округ ауылдарының қалған көшелерін жарықтандыру қажет.
Байланыс және ғаламтор
Зевакино ауылында сандық телефон станциясы жұмыс істейді, Убинка, Новая Убинка ауылдарындасымсыз телефон байланысы бар. Округте 2018 жылға 389 нөмір қосылған. Қажет болған жағдайда абоненттерді қосу мүмкіндігі бар.Талшықты –оптикалық желілер бойынша 50 абонент ғаламтор желілеріне қол жеткізді.

Зевакино ауылында ұялы байланыс және Beeline және Tele2 ғаламторлары бар, Убинка, Новая Убинка ауылдарында ұялы байланыс пен ғаламтор жоқ.


Көлік қолжетімділігі
Зевакино ауылдық округі «Өскемен –Шемонаиха » автожолдарынан алыста орналасқан (Зевакино ауылы -13 шақырым, Убинка ауылы -16 шақырым).

Округте аудан (Шемонаиха) және облыс (Өскемен) орталықтарына қатынайтын маршрут жоқ .

Ауылдық округтегі жолдың ұзақтығы 36,5 шақырым, соның ішінде асфальтталған жол - 3,8 шақырым. Жолдардың жағдайы қанағаттандырмайды.
Экология және туризм
Ауылдық округтің экологиясы жақсы, тарихи кірлеу көздері жоқ, экологиялық қауіпті өндірістер жоқ.

Экология қауіпсіздігінің негізгі қауіпі ТҚҚ полигонының жоғы, сонымен бірге 1 мал қорымы және 1 сібір-жарасының қорымы.



Негізгі мәселелер болып табылады:
1. Су құбырлары желілерін қайта салу қажеттігі.

2. ТҚҚ жою үшін жабдықталған полигоннық жоқтығы.

3. Аудандық және облыстық орталықтарға қатынайтын маршруттың жоқтығы.

4. Ауылдық округтің жолдарының қанағаттанарлық жағдайда еместігі.


Дамудың болжамды бағыттары болып табылады:
1. Сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарын қайта салу есебінен сапалы ауыз сумен округ тұрғындарын қамтамасыз ету үмітін арттыру.

2. Тұрмыстық-қатты қалдықтарды жоюға полигон салу.


SWOT- талдау

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Сумен жабдықтау және суды бұру

Округте мамандандырылған қызмет ету ұжымдары жұмыс істейді

Сумен жабдықталған желілердің 93 % тозған

Мамандардың бары

Тарифтердің шығысқа сай келмеуі

Қалтқысыз су беру және жақсы су сапасы

Желілердің тозуы

Орталық сумен 80 % қамтамасыз етілген

Электрмен жабдықтау

Өзінің РЭК желі участогы бар




Көшелердің 50 % жарықталған

Көшелердің 50%жарықталмаған

Байланыс

Зевакино ауылында жаңа абоненттерге 100% ғаламторға, телефонға және ТВ қол жеткізу

Убинка және Новая Убинка ауылдарында ғаламтор және ұялы байланыстың жоғы

Көлік қолжетімділігі және жолдар

ЖӨБ жолдарды сақтай алады

Ауылдық округтегі жолдардың жаман сапасы




Аудандық және облыстық орталықтарға маршруттардың жоқтығы

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту үшін мемлекеттік бағдарламаның бар болуы

Апатты жағдайларды көбейтетін және тозу дәрежесін арттыруға әкеп соғатын инженерлік- көліктік инфрақұрылым және дамуды қаржыландыруды қысқарту




Халықтың ағыны инженерлік инфрақұрылымның сыни кірістілігіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Зевакино ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы SWOT- талдауы




Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

*Әрсалаландырылған ауыл шаруашылығы, дамыған өсімдік өсіру, малшаруашылығы, ара шаруашылығы

*Мектептің жеке ғимараттары, қолжетімді тамақтану, балаларды тасымалдауға автобустың бары

*Ауылдық округте медициналық пункттер бар

*Ауылда жақсы қалыптағы клубтардың бары

*Клубта шығармашылық топтар , мектепте мұражай жұмыс істейді істейді

* Екі кітапхана бар

*Тұрғындардың 80% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген , қалтқысыз су беру қамтамасыз етілген

*Зевакино ауылында ұялы байланыс және ғаламтордың бары

*50% көше жарықталған

*50% байланыс қызметіне қол жеткізу



*Азық түлікті сату арналарының жоғы, шикі затты сатып алудағы, құралдарды қоюдағы, азық-түлікті сатудағы логистикалық процестер

*Ауыл шаруашылығында кәсіби ммандардың жетіспеуі

*Азық-түлік өндірудегі жоғарғы шығын

*Үнемі халықтың ағыны

*Білім және мәдениет саласындағы МТБ ескіруі

*Білім саласындағы жас мамандардың жоқтығы

*Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі

*Сумен жабдықтау желісінің 93% тозған

*Септиктер зарарсыздандырылмайды және сорылмайды.

* Убинка және Новая Убинка ауылдарында ұялы байланыстың, ғаламтордың жоқтығы

*50% көше жарықталмаған

*Ауылдық округте жол сапасының нашарлығы



Мүмкіндіктері

Қауіптері

*Ірі жобаларды жүзеге асыру, сату нарықтарына бірлесіп шығу үшін фермерлердің ассоциациясын ұйымдастыру

*Ауылшаруашылығы техникаларын бағдарламалар арқылы жаңарту және мелекеттік қолдау шаралары

*Ауылшаруашылығын қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың бар болуы

*Инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту үшін мемлекеттік бағдарламалардың бар болуы

*


*АКК мемлекеттік қолдау көлемдерінің төмендеуі

*Туристік инфрақұрылымдың дамытуға қаражаттың жетіспеулігі

*АКК мамандардың жетіспеуінің өсуі

* Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға мемлекеттік қаржыландыруларды қысқарту

* Жастардың ауылды жерлерде жұмыс істегілері келмегендіктен мамандар жетіспеушілігінің қауіпі

* Апатты жағдайларды көбейтетін және тозу дәрежесін арттыруға әкеп соғатын инженерлік- көліктік инфрақұрылым және дамуды қаржыландыруды қысқарту

* Халықтың ағыны инженерлік инфрақұрылымның сыни кірістілігіне әкеп соқтыруы мүмкін



3.Стратегиялық бөлім

3.1.Кіріспе
Зевакино ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысындағы әйгілі танымал шаруа қожалықтары мен ЖШС бар экологиялық таза өнімдерді шығаратын орталықтардың бірі болып табылады. Азық-түлік дайындау циклы өндірушіден қайта өңдеуге дейін және тұтынушыға жеткізу толық ұйымдастырылған. Округте азық-түлікті өндіру және сату логистикалық мәселесін шешетін фермерлердің ассоциациясы қызмет етеді.Жоғары кіріс жастарды ауыл шаруашылығына мамандандыруға ынталандырады. Кіші бизнес халықтың барлық негізгі тұтынуын қамтамасыз етеді, және ұлғайту үшін жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау алады.

Білім, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінде барлық заманауи құралдар, мамандардың толық штаты бар. Білім беру, денсаулық сақтау қызметінің сапасы талап етілетін стандарттарға сай. Тұрғындардың барлық тобын демалумен қамтитын жақсы жабдықталған, жергілікті дәстүрді және мәдениетті сақтайтын клуб жұмыс істейді. Барлық әлеуметтік мекемелер жоғары жылдамдықты ғаламторға қол жеткізді. Спорттық мекемелермен тұрғындардың 50% қамтылған. Өмір сүру сапасын жақсарту халықтың ағымын азайтады және ауылдық округке жас мамандарды тартады.

Округ 100% сапалы сумен жабдықталған, су бұрудың экологиялық қауіпсіз тәсілдері қолданылады, электр энергиясымен қалтқысыз жабдықтау, абаттандырылған және көшелерді көгалдандыру, ТҚҚ полигоны бар. Қызмет және жол қызметі бойынша коммуналдық қызмет енгізілген.Тұрғындар жоғары жылдамдықты ғаламторға 100% қол жеткізді, жүргіншілер мен жүктер трафигі қолайлы көліктік қол жетім болып табылады. Мемлекеттік қызмет ұсыну орталықтары заманауи және қол жетімді болып табылады.
3.2. Мақсаттары мен басымды бағыттары
3.2.1 Экономика және ауыл шаруашылығы
Стратегиялық мақсат 1 : Зевакино ауылдық округінде экономиканың ары қарай өсуі, ауылшаруашылығы кәсіпорнының, өндірісті қайта өңдеу, кіші және орта бизнестің дамуы,ішкі инвестициялар мен ішкі резервтер мобилизациясын тарту есебінен.

Стратегиялық мақсат 1 ауылшаруашылық тиімділігін жетілдіру, ауылдық округ экономикасын әрсалаландыру, кіші және орта бизнес бөлігін жетілдіру, халықты жұмыспен қамтуды көбейту арқылы тұрғындардың ахуалын өсіру есебінен қол жеткізіледі.

Округ ауыл шаруашылығын дамытудың ағымдағы деңгейіне жасалған талдау оның дамуы үшін жеткілікті потенциалының, әрсалалықтың жоғары дәрежесінің барын куәләндіреді.

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын фермерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша, оларды азық- түлік өндіруде жаңа технологияларға үйретуге жұмыс жүргізілетін болады.


Басым бағыт 1. Ауыл шаруашылығын дамыту.
Міндеттер:

 машина-трактор паркін жаңалау негізінде өсімдік өсіруді дамыту, технология және жер құнарлығын арттыруды сақтау:

 ветеринарлық және фито-санитарлық қауіпсіздік жүйесін сақтау.
Басымды бағыттар жетістігінің индикаторы:

 Округте 50% а/ш жалпы санынан жаңаланған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі

 округтің ауыл шаруашылығында өнімділікті өсіру;

 округтің ауыл шаруашылығында өндірілген азық-түліктің көлемін 30% өсіру.


Басымды бағыт 2. Кіші кәсіпкерлікті және тұрғындардың іскер белсенделігін арттыруды дамыту
Міндеттер:

 Кәсіпкерлердің инициативасын және кіші бизнесті дамытуды ынталандыру;

 азық-түлікті жүзеге асыруға ықпалдасу

 жаңа және қолданыстағы кәсіпкерлерді үйрету.


Басым бағыттар жетістіктерінің индикаторлары:

 КОБ кәсіпкерлерінің өсуі және онда 5-10% жұмыспен қамтылу.


3.2.2.Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер
Стратегиялық мақсаттар 2. Халықтың негізгі әлеуметтік тұтынуын қанағаттандыратын ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамыту.

Стратегиялық бағыт 2 білім саласын (мектептегі және мектепке дейінгі) жақсарту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру және қол жеткізу есебінен болады, сонымен бірге мәдениет,спорт, демалу саласын дамыту, көрсетілетін әлеуметтік қызме көрсету сапасын жетілдіру үшін жағдаймен қамтамасыз ету.

Ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамыту жағдайына жасалған ағымдағы талдау, негізгі мәселелер тұрғындардың өміріне тұрмыстық жағдайына, халықтың ағымына, мәдениет және спорт материалдық –техникалық базасының төмендігін, сонымен бірге Убинка және Новая Убинка ауылдыранда жұмыс орныдарының жетіспеуін көрсетті.

Осыған байланысты әлеуметтік саланы дамыту бойынша барлық күш ауылдық округте өмір сүру сапасын жақсартуға, тұғындардың потенциалын дамыту бойынша мүмкіндіктер жасауға бағытталады.

Соған қарамастан білім беру саласында өткір мәселелер жоқ, білім беру жүйесін дамыту және сақтау үшін, бар стандарттарға сәйкес, жас мамандарды тартатын күш қолдану қажет.

Денсаулық сақтау саласында қолдау материалдық-техникалық базаны жақсартуға, осы саланы қаржыландыруды жақсартуға бағытталған. Ол үшін мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын болады.

Ауылдық округте мәдениет, спорт, демалу салаларын қолдау материалдық- техникалық базаны жақсартуға, мамандар жетіспеушілігін азайтуға бағытталған.

Әлеуметтік қызметті қолдаудың негізгі бағыты болып осал топтардың (жастар, әйелдер және зейнеткерлердің)демалуын ұйымдастыру бойынша қызмет ұйымдастыруы болып табылады.


Басым бағыт 1. Ауылдық округтің мектептегі білім беру және мектепке дейінгі тәрбие қызметінің сапасын арттыру арқылы Ауылдық округтің білім беру жүйесін ары қарай дамыту
Міндеттер:

 заманауи талаптарға сәйкес білім беру жүйесін сақтау және дамыту;

 білім беру ұймдарының материалдық –техникалық базасын нығайту;

 штатты толық мамандармен қамтамасыз ету;

 сапалы білім беруге қол жеткізуді арттыру.

Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 оқыту жағдайымен қанағаттандыру 50% жетілдірілді;

 білім сапасын сақтау және бәсекелес түлектерді шығару


Басым бағыт 2. Тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту,салауатты өмір салтын жүргізу үшін ынталандыру жағдайын жасау және құру
Міндеттер:

 тұрғындарға сапалы медициналық көмекті кепілді қамтамсыз ету;

 салауатты өмір салтын құру;

 ішкі ортадағы қолайсыз факторларды тудыратын қауіпті азайту;

 медициналық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру;

 ауылдық округтің тұғындарын амбулаториялық жағдайда дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту;

 алдын-алу шараларын жүргізу;

 міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру;


Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 жылына 5% мақсатты топтардың ортасында науқастануды азайту және өткен жылмен салыстырғанда ауруханаға жатқызуды азайту;

 келесі жылмен салыстырғанда % созылмалы аурулардың өсуін, өлімді азайту.
Басымды бағыт 3. Мәдениет және спортты дамыту
Міндеттер:

 демалуды ұйымдастыру үшін жағдай жасау және ауылдық округ тұрғындарын мәдени қызметпен қамтамасыз ету;

 тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру;

 тұрғындарды тарихи-өлкелік ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

 ауылдық округте дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау;

 жастармен жұмыс жасау әдістері мен формаларын жетілдіру, адамгершілікті жетілдіруге тұрақты мүддені құрау және салауатты өмір салты.


Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 ауылдық округтің мәдениет саласындағы МТБ 20% жақсарту

 ктапхана қорын 20% жаңалау;

 өткен жылдан қарағанда % жергілікті тұрғындар қатысқан шаралар санын көбейту.



Басымды бағыт 4. Әлеуметтік саланы дамыту
Міндеттер

 осал топтар үшін демалу қызметін ұйымдастыру арқылы ауылдық округте қызмет сапасын жетілдіру үшін қолда бар әлеуетті қолдану.


Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 жастардың, әйелдердің және зейнеткерлердің демалу қызметін 60% кем қылмай қамту.


3.2.3 Инженерлік-көліктік инфрақұрылым
Стратегиялық мақсат 3. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жетілдіру үшін жағдай жасау және коммерциялық қызметті жүзеге асыру.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Стратегиялық мақсат 3-ті жүзеге асыру ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылым нысандарымен кешенді салу деңгейін жетілдіру, тұрғындарды орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, қоқыс жинау жүйесін дамыту, округті абаттандыру, автомобиль жолдарын қайта жасау есебінен қол жеткізілетін болады.

Осы жұмыс кәсіпкерлердің, фермерлердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының белсенді тұрғындардың және басқада мүдделі тараптардың қатысуымен жүргізіледі.

Әкімдік мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы және ауылдық округтің өзінің қаражатымен ықпал жасайды.

Көбірек басымдылық орталық сумен жабдықтауды қайта жасау, көшелерді жарықтандыру, көлікке қол жетімділікті дамыту бойынша жобалар.


Басымды бағыт 1. Тұрғындарды сумен жабдықтаудың сапалы қызметімен қамтамасыз ету.
Міндеттер:

 су құбырлары желілерін жөндеу;

 ағын суларды тазалауды ұйымдастыру.
Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 қызмет сапасын арттыру және былтырғы жылмен салыстырғанда апатты азайту;

 экологиялық және инфекциялық қауіпті азайту.
Басымды бағыт 2. Тұрғындардың энергия жинақтау үмітін және ауылдық округтің экономикасын арттыру
Міндеттер:

 Округтегі трансформаторлық күштің тозу деңгейін азайту;


Басымды бағыт 2 индикаторы:

 Электр жүйелеріне және трансформаторлаға 5% кем емес салмақты азайту.


Басымды бағыт 3. Тұрғындарды қол жетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету
Міндеттер:

 халықты сандық сауаттылықа үйретуді ұйымдастыру;

 Убинка, Новая Убинка ауыдарында ұялы байланыспен ғаламторды орнату.
Басымды бағыт 3 қол жеткізу индикаторы:

өткен жылмен салыстырғанда ауылдық округте % ұялы байланыспен ғаламторды пайдаланушыларды көбейту.


Басымды бағыт 4. Көлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту
Міндеттер:

 ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 тасымалдаушыларға қолайлы жұмыс жағдайын жасау.
Басымды бағыт 4 қол жеткізу индикаторы:

 жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын % үлесі;

 жүргіншілерге қызмет ету деңгейін өсіру және қалааралық жүріс қауіпсіздігі мен жайлылықты арттыру.
Басымды бағыт 5. ауылдық округті ары қарай абаттандыру
Міндеттер:

 абаттандыру нысаналарын құру, сақтау, жөндеу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

 округ тұрғындарының үйлерінің жанындағы аумақтың жағдайына жауапкершілікті арттыру;

 аумақты көгалдандыру;

 округ көшелерін 50% кем емес жарықтандыру жабдықтау бойынша жұмыс жүргізу;

 аумақтарды тазалау бойынша акция, сенбіліктер өткізу.


Басымды бағыттарға қол жеткізу индикаторы:

 ауылдық округте көшелерді жарықтандыру үлесі;

 ауылдық округ көшелерін көгалдандыру үлесі.
Басымды бағыт 6. Экология және туризм
Міндеттер:

 тұрғындармен экологиялық мәдениетті, энергия және ресурстарды үнемдеу, суды екінші рет пайдалану бойынша жұмыс жүргізу.


Басымды бағыт 7 индикаторы:

 апатты үйінділер санын азайту.




Стратегиялық мақсат №1




Іс-шара

Жүзеге асыру мерзімі

Мүмкіндікті қаржыландыру көзі

Жүзеге

асыруға жауапты-лар



Азық- түлік индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылған жұмыс орнының саны

Басымды бағыт 1. Округте ауыл шаруашылығын және агрокәсіп кешенін дамыту

1

Жабдықтарды және ауылшаруашылығы техникаларын жаңғырту

2018-2020

Қазагрофинанс АҚ: Бағыт-ауылшаруашылығы техникалары-мен арнайы техникалардың қаржылық лизингі

 монтажды талап етпейтін ауылшаруашылығы техникалары-мен арнайы техникалардың лизингі

 монтажды талап ететін техникалар мен жабдықтардың лизингі

 монтажды талап етпейтін жабдықтардың лизингі

 бұрын пайдаланылған а/ш техникаларыны 4 лизингі

«Экспресс-лизинг» бағдарламасы бойынша лизинг



Жеке инвестициялар

Жаңаланған ауыл

шаруашылығы техникалары-ның саны(дана)



Округтегі а/ш техникаларының жалпы санынан жаңаланған а/ш техникаларының үлесі, %




2

А/ш өнімділікті ұлғайту үшін жаңа технологиялар енгізу

2018-2020

Агробизнес 2020 Бағдарламасы аясында

4.2.8.Білім беру қызметінің,аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтің экономикалық қолжетімділігін арттыру



Жеке инвестициялар

Ауылдық округтегі фермерлермен енгізілген жаңа технологияныңсаны

Округтегі ауыл шаруашылығында өнімділіктің өсуі




Стратегиялық мақсат №2

Басымды бағыт 3. Ауылдық округте денсаулық сақтау сапасын жақсарту

1

Зевакино,Убинка ауылдарында медициналық пункттерді медицина қызметкерімен қамтамасыз ету

2019

«Дипломмен ауылға!» ШҚО денсаулық сақтау басқармасы

ШҚО денсаулық сақтау басқарма-сы

2 маманды тарту

Білікті мамандармен қамтамасыз етілу және 100%




Басымды бағыт 4. Ауылдық округте мәдениет, спорт және туризмді дамыту

1

Мектептерді спорт жабдықтарымен толықтыру

2019-2020

Аудандық бюджет

Шемонаиха ауданы-ның білім бері бөлімі

Спорттық құралдармен толықтырылған мектептер мен спорттық орталықтардың саны

Ауылдық округ тұрғындарын қосымша спорттық секциялар-мен 20% қамтуды ұлғайту




Стратегиялық мақсат 3.

Басымды бағыт 1. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 60% орталықтандырылған су ағызумен 50 % халықты қамтумен сусен жабдықтау және су ағызуды одан ары дамыту




Убинка ауылында су құбырлары желілерін салуға ЖСҚ дайындау

2018

«Нұрлы-Жол»Бағдарламасы (жаңғырту (қайта салу, салу) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы 5.4. бағыты аясында) 2020 жылға дейін аумақтарды Дамыту бағдарламасы. Бағыт 4. Ауылдық аумақтарды дамыту, барлық тірек елдік мекендерді қоса (тірек ЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту)

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ

ЖСҚ жобасы дайындалды

Округ тұрғындарын 100% дейін су ағызу қызметімен қамтуды ұлғайту.




Басымды бағыт 3. Халықты орталықтандырылған қоқыс жинау жүйесімен 50% қамтумен орталық қоқыс жинау жүйесін құру, ТҚҚ сақтау және жою бойынша инфрақұрылым салу

1

Тұрғындар арасында өздерінің көшелерін таза ұстауға конкурс ұйымдастыру (мысалы -Ең таза көше)

2018-2020




Әкімдік Жеке инвестициялар,белсенді тұрғындар

Өткізілген конкурстардың саны

Өздерінің көшелерін таза ұстау бойынша конкурсқа қатысқан ауылдық округ тұрғындарының саны




Басымды бағыт 4. Көліктік инфрақұрылымды қолдау және дамыту

1

Убинка ауылында Ленин, Украинская Абай, Зевакино ауылында Урожайная, Советская көшелерінің жолын ағымдағы жөндеу (тас төсеу)

2018-2019

1.Шемонаиха аудандық бюджеті

Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты

5 көшенің жолдарын ағымдағы жөндеу (тас төсеу)

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі ,%




Басымды бағыт 6. Зевакино ауылдық округін абаттандыру

1

Ауылдық округтің елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру

2018-2020

2020 жылға дейін аумақтарды Дамыту бағдарламасы.

Бағыт 4. Ауылдық аумақтарды дамыту, барлық тірек елдік мекендерді қоса (тірек ЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту)



Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округте жарықтандыр-ылған көшелердің саны

Ауылдық округте жарықтандырылған көшелердің үлесі




2

Ауылдық округтің елді мекендерін көгалдандыру

2018-2020

2020 жылға дейін аумақтарды Дамыту бағдарламасы.

Бағыт 4. Ауылдық аумақтарды дамыту, барлық тірек елдік мекендерді қоса (тірек ЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту)



Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты, округ тұрғындары

Көгалдандыр-ылған көшелердің саны

Ауылдық округте көгалдандырылған көшелердің үлесі




3

Саябақтарды және қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша жұмысты жалғастыру

2018-2020

2020 жылға дейін аумақтарды Дамыту бағдарламасы.

Бағыт 4. Ауылдық аумақтарды дамыту, барлық тірек елдік мекендерді қоса (тірек ЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту)



Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты

Абаттандырылған саябақтардың және қоғамдық орындардың саны

Жаңа саябақтар мен қоғамдық орындарды қолданудан ауылдық округ тұрғындарының қанағаттану деңгейі.




4

Тұрғындар арасында ауылдық округті абаттандыруды жақсартуға бағытталған конкурстарды жүргізу

(мысалы- Ең жасыл көше)









Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты округ тұрғындары

Конкурстар саны

Абаттандыруға бағытталған кокурстарға қатысқан ауылдық округ тұрғындарының саны






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет