№2 Уәлихан сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты



жүктеу 21.3 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі21.3 Kb.
түріБағдарламасы

МҰХАНОВ Рәт Қырғызбайұлының

сайлауалды бағдарламасы
Тәуелсіз еліміздің көк туы бейбіт аспанымызда желбірегелі де, міне 20 жыл. Осы жылдар ішінде біз көптеген табыстарға қол жеткізіп, дамыған елу елдің қатарына ендік. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге танымал ел болды. Әдет-ғұрып, салт - дәстүрімізді жоғалтпай жылдан жылға іргемізді бекіте түстік. Осының барлығы Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Осы орайда мен де Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған бағытына өз үлесімді қоса отырып, «Нұр Отан» ХДП-сы атынан депутаттықа түсу мен үшін үлкен бақыт деп білемін.

Сондықтан, егер мен депутат бола қалсам, халықтың үмітін ақтап әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, денсаулықтарына баса назар аудара отырып төмендегі мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді саламын.



  1. Елбасының халыққа Жолдауларын негізге алып «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдап, аудан көлемінде орындалуына ықпал етемін.

  2. Ел қуаты саналатын ұлт денсаулығы ана мен бала ұрпақтарымыздың мықты, дені сау болып жетілуіне жан-жақты демеу көрсетуге мүмкіншіліктер қарастырамын.

  3. Зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін жақсартып, өкімет тарапынан берілетін жәрдемақылардың тиісті берілуін қадағалаймын.

  4. Мемлекеттік тіл аясын кеңейте отырып, қызмет бабында қолдануға ықпал етемін.

  5. Мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жәрдем қолымды созамын.

  6. Жастар жетістігін бағалап, оларды жұмысқа орналастыруға, баспана мәселесімен қамтамасыз етуге ықпал жасаймын.

  7. Өзімнің денсаулық сақтау саласында қызмет ететіндігімен байланысты мұқтаж жандарды өкімет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға, тегін емдеуге жағдай қарастырамын.

  8. Ауданымыздың гүлденуі үшін, көгалдандыру, көгеріштендіру, жұмыстарына септігімді тигіземін.

  9. Тазалық денсаулық кепілі екендігін есте сақтап, өмір сүру сапасын жақсартып, тазалыққа көңіл бөлемін.

  10. Түнгі көше тәртібіне назар аударып, көше бойларын жарықпен қамтамасыз етілуіне назар аударамын.

  11. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Сондықтан әр бесігіміз шайқалып, шаңырағымыз күйремеу үшін жас отбасыларының әлеуметтік жағдайларының оңтайлы шешіміне жан-жақты мүмкіндіктерді қарастырамын.

  12. Халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, жасөспірімдерімізді спорт саласына тартамын.

Құрметті сайлаушылар!

Егер де сіздер мені қолдап дауыс берер болсаңыздар, мен де өз жауапкершілігімді толықтай сезініп, жоғарыда айтып өткен бағдарламама аясында ерінбей еңбек етуге уәде беремін.



Дұрыс таңдау жасау сіздердің еріктеріңізде, уәдені орындау менің азаматтық парызым. Сондықтан сіздерге қоғамымыз денсаулыққа бай, салауатты өмір салты қалыптасқан ел болу үшін ерінбей еңбек етемін деп нық сеніммен айта аламын. Бар білімім мен қабілетімді тұрғындардың мәселесін шешуге арнаймын. Дауыс беру арқылы өз таңдауларыңызды жақсартатындықтарыңызды ұмытпаңыздар. Бұл саяси науқан ертеңіміз үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет