2. Ведомствоаралық өзара әрекеттесудің талдауы



жүктеу 198.1 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі198.1 Kb.


2. Ведомствоаралық өзара әрекеттесудің талдауы


Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесе орындаушы

Өзара әрекеттесудің талдауы

1

2

3

«Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттандырылу деңгейін арттыру» НИ

1461 қызмет беруші (Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың ұйымдары)

Облыс, аудан және қала әкімдіктерінде ішкі бақылау және Мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі бойынша функциялар құрылымдық бөлімшелерге бекітілген. Басқармалар мен ұйымдарда мемлекеттік қызмет сапасын бақылау мен мониторинг жүргізуге жауапты тұлғалар бекітілген. Жалпы облыс бойынша ЖАО қызмет көрсетушілерінің саны 1461 құрайды. Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану денгейін арттыру бойынша нысаналы индикаторды іске асыру шеңберінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарлы көрсеткіштерді орындау аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді: цифрлық сауаттылыққа 131 мыңға жуық адам оқытылды, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында «E-gov» қолжетімділік бұрышы ашылды, облыстың елді мекендерінде 260 баннер орналастырылды, мобильдік азаматтар базасында 267 мыңнан астам адам тіркелген. «Qazaqstan Kokshe» облыстық телеарнасында танымал әлеуметтік желілерде, ресми интернет-ресурстарда сандық сауаттылықты арттыру бойынша бейнероликтер орналастырылды, 76 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді. БАҚ-та 1176 түсіндіру материалдар жарияланды. 2018 жылдың қаңтарынан бастап перзентханаларда бала тууға байланысты бөлсенді қызмет іске қосылды. 2018 жылы 2114 түсіндіру іс-шаралары өткізілді (858 семинар-кеңес, дөңгелек үстелдер, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1256 сөз сөйлеуі, оның ішінде: теледидарда - 13, радиода - 13, газеттерде және басқа да баспа басылымдарында - 1230), арнайы курстар мен оқытудан 645 адам өтті. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс күн сайынғы бақылауда.

Бірлесе-орындаушының әрекет ету немесе әрекет етпеуі салдарынан қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлар туралы ақпарат жоқ.


3.Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қолданған шаралар

1

2









4. Қаржылық қаражаттарды игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн.теңге

Нақты, млн.теңге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

Жергілікті бюджет

140627,4

140549,5

Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеулер, жеткізушілердің міндеттерін уақытында орындамауы, жобаларды іске асыру мерзімдерін ауыстыру

Республикалық бюджет

49196,5

49196,3

Барлығы

189823,9

189745,8



5. Талдамалық жазба
Бағдарламалық құжаттың деректемелері:

Аталуы: Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Құжаттың қабылдау күні және нөмірі: 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №6С-27-3 Ақмола облысы мәслихаты сессиясының шешімі.

Әзірлеуші орган: Ақмола облысының әкімдігі.

Құжаттың жүзеге асырылу мерзімдері : 2016-2020 жылдары, соның ішінде кезеңдер бойынша – 1 кезең - аралық – 2016-2018 жылдары; 2 кезең – қорытынды – 2019-2020 жылдары.
1) Жүргізілген талдаудың қорытындылары

Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 26 мақсат, 110 нысаналы индикатор көзделген, соның ішінде 134 жоспарлы мәні көзделген, олардан 2018 жылдың қортындысы бойынша (2019 жылдың 1 наурыздағы жай-күйі бойынша) нысаналы индикаторларының 76 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілгені белгіленді, 33 жоспарлы мәндері бойынша статистикалық мәліметтер жарияланған жоқ, 25 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ.

Соның ішінде «Экономикалық даму» 1 бағыты бойынша 2018 жылға 7 мақсат, 56 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 22 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.

«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша Бағдарламада 10 мақсат, 42 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 31 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» 3 бағыты бойынша 1 мақсат, 8 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 6 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.

«Инфрақұрылым» 4 бағыты бойынша 4 мақсат, 18 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 12 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.

«Экология және жер ресурстары» 5 бағыты бойынша 2 мақсат, 9 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 5 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.

«Мемлекеттік қызметтер» 6 бағыты бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикаторы көзделген. Нысаналы индикатордың жоспарлы мәніне қол жеткізілген жоқ.


2) Соңғы нәтижеге ықпал еткен орындамаудың себептері мен факторлары

Нысаналы индикаторлардың 25 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілген жоқ, соның ішінде:

1. «Дайын металл бұйымдары өндірісінің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 104%, нақты – 65,4%. «Көкше» АҚ кәсіпорны қызметін қайта бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тапсырыстарының төмендеуі себебінде «Целингормаш» ЖШС цистерналар, бөшкелер, сыйымдылықтар өндіру көлемінің төмендеуі. «Шилка» ЖШС, «Азиякотломаш» ЖШС сұраныстың азаюына байланысты орталық жылыту қазандықтары өндірісін төмендеді.

2. «Химия өнеркәсібі өнімі шығарылымының нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 106,0%, нақты - 102,6%. Пестицидтер өндірісі 2,0% төмендеді.

3. «Өзге металл емес минералдық өнім өндірісі көлемінің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 110,0%, нақты 87,0%. Асфальтбетон өндірісінің төмендеуі Астана-Павлодар автожолы құрылысының аяқталуына байланысты.

4. «Тағам өнімдері өндірісінің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 110,0%, нақты - 105,0%. Ұн өндірісі 4% төмендеді.

5. «Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 101,0%, нақты – 96,2%. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың төмендеуі.

6. «Тұқымдық жаңғыртуға қатысатын ірі қара мал басының үлесі» НИ, жоспар бойынша 31,8%, нақты 31,0%. 2 және одан да көп жыл пайдаланылатын асыл тұқымды бұқалардың істен шығуы.

7. «Тұқымдық жаңғыртуға қатысатын ұсақ мал басының үлесі» НИ, жоспар бойынша 2,0%, нақты 0,7%. Асыл тұқымдылардың істен шығуы.

8. «Тіркелгендердің жалпы санында шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі» НИ, жоспар бойынша 83,0%, нақты – 79,0%. ШОБ кәсіпкерлердің жалпы көлеміндегі тіркелген үлесін азайтуы, кәсіпкерлік қызметін ұзақ уақыт бойынша жүзеге асырмайтын жеке кәсіпкерлер тұлғалар тізілімінен алып тастау бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілген іс-шараларға байланысты.

9. «Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2015 жылға өсу қарқыны» НИ, жоспар бойынша 124,0%, нақты - 104,0%. 2017 жылы құны 50 млрд. теңгеден асатын ірі республикалық жобалар жүзеге асырылды, олардың әкімшілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын - 17 млрд.теңгеге республикалық шаңғы базасын (МСМ) салу, 27,1 млрд. теңгеге Республикалық маңызы бар «Орталық-Шығыс» жолдарын қайта жаңарту (ИДМ).

10. «Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде сыртқы инвестициялар үлесі» НИ, жоспар бойынша 6,0%, нақты - 5,8%. Шетелдік инвесторлардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты сыртқы инвестициялардың көлемі күтілгеннен төмен қалыптасты. Қаржылық қиындықтарға, өтініш берушілердің осы жобаларды іске асырудан бас тартуына байланысты, шетел қатысатын жекелеген жобаларды іске асыруда кідірістер орын алды («АПК «Bavaria Product» ЖШС, «Аршалынский кирпичный завод» ЖШС, «Масальский ГОК» ЖШС).

11. «Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Өңірлерді дамытудың бағдарламасында көзделген қаражат шеңберінде): моноқала» НИ, жоспар бойынша 2,3 мың теңге, нақты – 0. Қаражат тапшылығы.

12. «Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Өңірлерді дамытудың бағдарламасында көзделген қаражат шеңберінде)» НИ, жоспар бойынша 330,5 мың теңге, нақты – 21,2 мың теңге. Қаражат тапшылығы.

13. «Халықтың саны: моноқалалар» НИ, жоспар бойынша 69,6 мың адам, нақты - 67,9 мың адам. Көші-қон арқылы халық санының азаюы.

14. «Халықтың саны: шағын қалалар», жоспар бойынша 140,1 мың адам, нақты 136,2 мың адам. Көші-қон арқылы халық санының азаюы.

15. «100 мың тірі туылғанға аналар өлімін азайту» НИ, жоспар бойынша 8,7 бірлік, нақты - 35,9. 4 өлім-жітім оқиғасы тіркелген.

16. «15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET – ағылш. NotinEducation, Employmentor Training)» НИ, жоспар бойынша 5,9%, нақты 7,6%. 2018 жылдың 4 тоқсандағы алдын ала деректер бойынша.

17. «Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы» НИ, жоспар бойынша 38,6%, нақты - 50,9%.

18. «Есірткі қылмыстарының жалпы санынан анықталған есірткі өткізумен байланысты не откізу мақсатындағы қылмыстар үлесі, %» НИ, жоспар бойынша 91,2%, нақты – 87%. Есірткіні таратушыларға қатысты қылмыстық құғынынды күшейтуіне екпіні.

19. «100 тұрғынға тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздығы» НИ, жоспар бойынша 23,2 бірлік, нақты 22,4 бірлік. Индикатордың орындалмауы абоненттік базаның азаюына байланысты. Мобил байланысқа қол жету деңгейінің өсуі.

20. «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 103,3%, нақты 84,9%. 2017 жылы ірі құрылыс объектілерінің аяқталуы.

21. «Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуі, %», жоспар бойынша 59,5%, нақты 59,4%. 6 объект пайдалануға енгізу және облыста халқы сирек ауылдардың мәртебесін ауыстыру.

22. «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамту» НИ, жоспар бойынша 46,0%, нақты - 44,5%.

23. «Нормативтік ластау заттарының көлемі: атмосфералық ауаға тастанымдар» НИ, жоспар бойынша 0,091 млн. тонна, нақты – 0,103.

24. «Нормативтік ластау заттарының көлемі: су объектілеріне тастанымдар» НИ, жоспар бойынша 0,008 млн. тонна, нақты – 0,034. Макинск құс фабрикасының пайдалануы.

25. «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттандырылу деңгейін арттыру, % », жоспар бойынша 86,0%, нақты – 80,7%. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Мониторингке жататын мемқызметтердің түрлері және меморган бойынша қызметтер саны жыл сайын өзгеріледі.

Бағдарламаның масаттарына қол жеткізуді қамтамамыз етпеген жауапты лауазымды адамдар кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары, полиция департаментінің, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген нысаналы индикаторлардың 25 жоспарлы мәндерінің орындалмауы Ақмола облысының өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жалпы өңірлік өнімінің өсу қарқынының төмендеуіне, тиісінше республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміне, соңдай-ақ облыс халқының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен және өңірде өмір сүру сапасымен қанағаттанушылығына, облыс тұрғындарының көші-қон қозғалысына ықпал етті.
Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына байланысты құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындауға арналған көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер

Іске асырылатын әлеуметтік және тұрғын үй маңызы бар жобалардың дайындық дәрежесін айқындау мақсатында 2018 жылы 49 көшпелі іс-шара өткізілді. Анықталған ескертулер жұмыс комиссиясының тұжырымдамасына қол қою барысында жойылды, нәтижесінде нысандар пайдалануға берілді.


3) Орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат:

Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген 719 іс шарадан 539 жүзеге асырылды, соның ішінде:

«Экономикалық даму» 1 бағыты бойынша жалпы 40268,9 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 99 іс-шарадан жалпы 40251,7 млн.теңге сомасына 88 іс-шара жүзеге асырылды, 9 іс-шара жүзеге асыру сатысында, 2 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;

«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша жалпы 36128,3  млн.теңге сомаға жүзеге асыруға көзделген 133 іс-шарадан жалпы 36091,7 млн.теңге сомаға 121 іс-шара жүзеге асырылды, 3 іс-шара жүзеге асыру сатысында, 9 шара жүзеге асырылған жоқ;

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» 3 бағыты бойынша жалпы 7952,2 млн.теңге сомаға жүзеге асыруға көзделген 34 іс-шарадан жалпы 7942,7 млн.теңге сомаға 32 іс-шара жүзеге асырылды, 2 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;

«Инфрақұрылым» 4 бағыты бойынша жалпы 53769,5 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 420 іс-шарадан жалпы 53766,8 млн.теңге сомасына 265 іс-шара жүзеге асырылды, 110 іс-шара жүзеге асыру сатысында, 45 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;

«Экология және жер ресурстары» 5 бағыты бойынша жалпы 1729,3 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 11 іс-шарадан жалпы 1727,6 млн.теңге сомасына 11 іс-шара жүзеге асырылды;

«Мемлекеттік қызметтер» 6 бағыты бойынша жалпы 49975,6 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 22 іс-шарадан жалпы 49965,3 млн.теңге сомасына 22 іс-шара жүзеге асырылды.


Жүзеге асыру сатысында 122 іс-шара, олардың орындаулары 2019-2020 жылдарда жалғастырылады. 58 іс-шара орындалған жоқ, оның ішінде:

1. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау», АШБ. Алушылардың нақты санының азаюы, жоспарланғанға қарсы.

2. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру», КӨБ.

3. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау», ББ. Өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі (уақтылы бермеуі).

4. «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары», ББ. Жеткізушілердің тауарларды жеткізбеуі (уақтылы жеткізбеуі).

5. «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары ішінде күрделі жөндеу», ББ. Қымбаттау, мемлекеттік сатып алу өтпеген.

6. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары», ЕИБ. Жеткізушілердің келісім-шартты бұзуы.

7. «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру», ДШСБ. Жеткізудің болмауы (уақытында емес, жинақталмаған жеткізу).

8. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары», ІСБ. Жеткізушінің келісім-шарт міндеттемелерін орындамау.

9. «Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру», ЖСМБ. Жеткізушілердің тауарды жеткізбеу (уақытында емес, толық емес жеткiзiлiм), жеткізушінің келісім-шартты бұзу.

10. «Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақасын тағайындау», ЖСМБ. Жетім, толық емес, көп балалы отбасылардың балалары, сонымен қатар үлгерімі жоғары студенттер талап етілген және атап айтқанда, медициналық мамандықтар бойынша білім алушылар.

11. «Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру», ЖСМБ. 2 лот іске асырылмаған, құжаттар сотқа жіберілді.

12. «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды құптауға арналған бөлінетін ақшалай қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету», ПД. МЕК өсуі есебінен құптау беру сомасын арттыруға байланысты тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген.

13. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және олардың орталық, республикалық пен жергілікті телеарналарды прокатын қамтамасыз ету», ПД.

14. «Атбасар қ., № 1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы (1-14 -поз.) (жобаны тіркеу) (9-поз.)». Өндіріс жұмысы кестесінен артта қалу.

15. «Атбасар қаласы, №1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Конкурс қорытындылары 16.01.2019ж дейін шығымдануда (конкурс үдерістерін ұзақ жүргізу).

16. «Атбасар қаласы, №1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілер және аббатандыру құрылысына ЖСҚ әзірлеу (аббатандыру, көше жарықтандыру)». Келісім 28.12.2018ж қазынашылық органдарында тіркелген (конкурс үдерістерін ұзақ жүргізу).

17. «Атбасар қаласы, №1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына (поз.1 -14) (жобаны тіркеу) (поз.5)». Өндіріс кестесінен артта қалу.

18. «Атбасар қаласы, №1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына (поз.1 -14) (жобаны тіркеу) (поз. 10)». Өндіріс кестесінен артта қалу.

19. «Целиноград ауданы Қараөткел а. 280 орындық балабақшасын құрылысы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу». 2018 жылғы 25 желтоқсанға дейін қолданыста болған жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптамадан өтпеді (келісім шарттың жеткізушілері орындамаған).

20. «Целиноград ауданы Қосшы селосының 280 орындық балабақшасын құрылысы, үлгілік жобаны жергілікті жерге байланыстыру». Қосымша келісім жасасудың ұзақ рәсімі.

21. «Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы Көкшетау қалалық Жоғары колледжі» МКҚК үшін 300 орындық жатақхана құрылысына ЖСҚ мен МС дайындау, «Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы Ақан сері атындағы Жоғары колледжі» МКҚК және «Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК үшін 300 орынға студенттік жатақхана құрылысына ЖСҚ дайындау және «Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы Көкшетау қалалық Біржан сал атындағы музыкалық колледж» МКҚК үшін 184 орынға жеті қабатты жатақхана құрылысына жұмыс жобасын байланыстыру». Жылдың соңына дейін конкурсқа шағымдануына байланысты студенттік жатақхана салу үшін ЖСҚ бойынша міндеттемелер жоқ.

22. «Астрахан ауданының Астраханка а. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы». Авторлық қадағалау қызметтерінде орындалған жұмыстардың актісі ұсынбаған.

23. «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі № 25А, 25Б мекен-жайы бойынша: екі 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын салу (Бөгенбай көшесі №25А)». Дұрыс емес ресімдеу себебінен қазынашылық органдармен техбақылау бойынша қосымша келісімді қайтару

24. «Атбасар ауданы Атбасар қ. № 1 шағың ауданында он төрт 45-пәтерлік тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы және аббаттандыру». Жұмыс кестесінен артта қалу.

25. «Щучинск Санаторий кентінде қазандық және жылу желілерініңің блоктық-модулдік абаттандыру мен инженерлік желілерінің құрылысы екі 5 қабатты және үш 4 қабатты үйлеріне қойылатын». Сот істері жүргізіліп жатыр.

26. «Ақмола облысы Щучинск қ. Ботанический көш. № 8Д жер телімі, мекен-жайы бойынша: бес қабатты 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына сыртқы желілер құрылысы және аббатандыру». Жұмыс кестесінен артта қалу.

27. «Зеренді ауданы Зеренді а. жаңа тұрғын массивті усадбалы су желілерінің құрылысы». Жұмыс кестесінен артта қалу.

28. «Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы 18 пәтерлік тұрғын үйдің инженерлік желілері құрылысы және аббатандыру: сыртқы телефондандыру желілер мен абаттандыру». Жұмыс кестесінен артта қалу (ауа райы жағдайына байланысты).

29. «Көкшетау қаласының Көктем ықшамауданының солтүстігіндегі 11 көппәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерін салу абаттандыру ЖСҚ түзету (Сыртқы газбен жабдықтау желісі). Қайта түзету». Жұмыс кестесінен артта қалу.

30. «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері: Целиноград ауданы». АБ қызметі бойынша атқарылған жұмыс актісі ұсынылмаған.

31. «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері: Көкшетау қ.». ТБ қызметі бойынша атқарылған жұмыс актісі ұсынылмаған; жеткізушілердің келісім-шарт бұзуы (келісім-шарт міндеттемелерің орындамауына байланысты келісім-шарт бұзылды).

32. «Ақмола облысы Целиноград ауданы Нижнеромановск кен орнының Қосшы а. дейін су жинайтын құрылыстар мен сумен қамту құрылысы». ЖСҚ қымбаттаумен түзетілген.

33. «Целиноград ауданының Максимовка а. жаңа учаскелерде сумен жабдықтаудың таратушы желілерін құрылысы, кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу». Конкурс нәтижелерін шағымдану үдерісі аяқталмаған (мемсатып алулар бойынша болмаған конкурстар).

34. «Аршалы ауданында орналасқан 42 Разъезд а. квартал іштеріндегі өткелдерді салу». Жерге заң орнатушы құжаттарын ұсынбау себебінен конкурс жарияланған жоқ.

35. «Атбасар-Сочинский» автомобиль жолының 19 км көпірін салу». Конкурс үдерістерін уақытында емес жүргізу (конкурс 3 рет жарияланған, қорытындысы 28.12.2018ж жасалған, шағымдану үдерісі - 2019 жылы).

36. «Ақмола облысындағы «Жалтыр-Макинск» автомобиль жолының 55 шақырымында көпір салу». Конкурс үдерістерін уақытында емес жүргізу (жүргізбеу) (конкурс 3 рет жарияланған, қорытындысы 28.12.2018ж жасалған, шағымдану үдерісі - 2019 жылы).

37. «Ерейментау-Павловка-Аршалы» автомобиль жолының 19 км-да кіреберісін жайластыруымен кішігірім жасанды құрылысын реконструкциялау». Сот істері нәтижесінде жеткізуші мемлекеттік сатып алудың жағымсыз қатусышысы болып танытылған.

38. «Бурабай ауданы Щучинск қ. «Заречный» шағын ауданында ІІБ объектілеріне кіреберіс жолдың құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу». Мемсараптамаға келісім-шарт жасалмаған, өйткені жерге арналған мемакті жоқ.

39. «Бурабай ауданы ІІБ кавалерия взводы ғимаратына кіреберіс жолдың құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу». ЖСҚ мемсараптамаға 12.11.2018ж жолданған, мемсараптамадан өту мерзімі 45 жұмыс күні.

40. «Целиноград ауданы Ақмол а. көше-жол желісі құрылысы, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу». Жұмыс көлемі жасалмаған.

41. «Атбасар-Сочинское» 30-97,1 ш автомобиль жолының орташа жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

42. «Атбасар- Қыйма» - «Жақсы-Державинск» 0-9 ш, 51-62 ш автомобиль жолының орташа жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

43. «Шортанды ауданы Бозайғыр селосының кент ішіндегі жолдарының күрделі жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

44. «Целиноград ауданы Қажымұқан селосының көше-жол жүйесінің күрделі жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

45. «Целиноград ауданы Тайтөбе селосының көше-жол жүйесінің орта жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

46. «Целиноград ауданы Қоянды селосының көше-жол жүйесінің орта жөндеуі». Конкурс үдерістерін ұзақ өткізу.

47. «2017-2020 жылдарға арналған ЩБКА дамыту шеңберінде ЖСҚ әзірлеу. «Бурабай-Катарколь» 0-20 км» автожолының күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу». Жерге арналған мемакті жоқ.

48. «Халық саны 100 адамнан асатын, жол жағдайлары бар елді мекендерді автобус тасымалымен қамтамасыз ету».

49. «Аудан орталықтарында және Көкшетау мен Степногорск қалаларында 6 такси тұрағын абаттандыру».

50. «Такси тасымалдары нарығын дамыту және елді мекендерді ресми такси тасымалымен қамтамасыз ету». Жеке тасымалдау. «Яндекс. Такси», «InDriver», «Такси 2», «Такси Максим», «Троечка» и «Семерочка» агрегаторлардың (мобильді қосымшаларды) қолдануы.

51. «Целиноград ауданы Малотимофеевка а. электрмен жабдықтау желілерін құрылысы». Жеткізушінің жұмыс жоспары орындалмаған, сот жүргізілуде (желтоқсан).

52. «Целиноград ауданының Қаражар а. жаңа құрылысты электрмен жабдықтау». Жоспарланған жұмыстар көлемі орындалмаған.

53. «Ақбұлақ а., Ақтасты а. газ құбырын мен олардан тармақтың, жерасты табиғи газ қоймалар, су кедергілері арқылы құбырмен өткелдер, компрессорлық станциялар және қондырғылар газ өлшеу құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Келісім қазынашылық органдарында тіркелмеген.

54. «Арнасай а. Бабатай ст. газ құбырын мен олардан тармақтың, жерасты табиғи газ қоймалар, су кедергілері арқылы құбырмен өткелдер, компрессорлық станциялар және қондырғылар газ өлшеу құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Келісім қазынашылық органдарында тіркелмеген.

55. «Бірсуат а., Байдала а. газ құбырын мен олардан тармақтың, жерасты табиғи газ қоймалар, су кедергілері арқылы құбырмен өткелдер, компрессорлық станциялар және қондырғылар газ өлшеу құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Келісім қазынашылық органдарында тіркелмеген.

56. «Шөптiкөл а., Ижевское а. газ құбырын мен олардан тармақтың, жерасты табиғи газ қоймалар, су кедергілері арқылы құбырмен өткелдер, компрессорлық станциялар және қондырғылар газ өлшеу құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Келісім қазынашылық органдарында тіркелмеген.

57. «Түрген а. газ құбырын мен олардан тармақтың, жерасты табиғи газ қоймалар, су кедергілері арқылы құбырмен өткелдер, компрессорлық станциялар және қондырғылар газ өлшеу құрылысына ЖСҚ әзірлеу». Келісім қазынашылық органдарында тіркелмеген.

58. «Целиноград ауданы Ақмол а. су құбырының техникалық Нұра өзені су жағалауынан орталық қазандыққа дейін реконструкциялау, кешенді ведомстволық сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу». Жеткізушінің жұмыстар көлемі орындалмаған.
4) Бөлінген қаражат игеру туралы ақпарат:

Бағдарламаны іске асырубойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 189823,9 млн. теңгені игеру жоспарланған, нақты түрде 189745,8 млн. теңге игерілген, немесе жоспардың 100%.

Оның ішінде:

жергілікті бюджет есебінен 140627,4 млн. теңге көзделген, 140549,5 млн. теңге, немесе 99,9%, игерілген;

республикалық бюджет есебінен 49196,5 млн. теңге көзделген, 49196,3 млн. теңге, немесе жоспардың 100%, игерілген.
5) Құжатты іске асыруға қатысатын түрлі жақтардың өзара қарым-қатынасын талдау:

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген Түйінді ұлттық индикаторлардың стратегиялық қартасына сәйкес келтірілген, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және бірлесіп-орындаушылармен келісілген.

Бағдарламаға Ақмола облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №6 С 7 5, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №6 С 17 3, 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №6 С 27 3 шешімдерімен өзгерістер енгізілген.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы №А 1/5, 2018 жылғы 26 ақпандағы №А 2/92, 2019 жылғы 25 ақпандағы №А 2/84 қаулыларымен Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары бекітілген, оның орындалуы бірлесіп-орындаушылардың өзара әрекет жасау шеңберінде жұзеге асырылады.


6) Құжаттың іске асырылуы барысына сыртқы әсер етуді талдау:

Есепті кезеңде Бағдарламаны іске асыру барысына әсер ететін негізгі факторлар іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру, жеткіліксіз жоғары әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі, басқа өңірлерге көшуге ықпал ететін сыртқы факторлардың әсері болып табылады.


7) Өткізілген бақылау іс шаралар туралы мәліметтер:

2016 жылы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен, 2017 жылы – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен, 2018 жылы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары өткізілген.


9) Есепті кезеңде жоспарланған іс шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттармен нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған шаралар:

Өндіріліген өнімінің, электр қуатының бәсекеге қабілетінің өсуі және оған сұранысы есебінен АӨК және тағам өндірісінің дамуы, өңдеу өнеркәсібі болатын бәсекелік артықшылармен даму басымдылықтар және экономиканың өсу резервілері іске қосылуда, оның ішінде жаңғыртылатын энергия көздері, құрылыс материалдарының өндірісі, тұрғын үй құрылысы және туризм. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері іс-шаралардың қаржыландыруын жақсарту және оларды уақытында іске асыру шаралар қолданған; Индустрияландыру картасы шеңберінде көзделген инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.

Енгізілетін стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды байланыстыру сәулетін ескере отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары «Мақсат – бюджеттік бағдарлама» қағидасы бойынша барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылған.
10) Бағдарламалық құжаттың іске асырылу қорытындысы туралы тұжырымдар:

Бағдарламаның 2018 жылға арналған мақсаттармен нысаналы индикаторлар ішінара орындалды.


11) Бағдарламалық құжатты одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар:

Бағдарламада келесі жылдарға көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізіші тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша жұмыстарын нығайту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет