20 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі



жүктеу 118.5 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі118.5 Kb.

20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды:

Мектеп директоры ДОЖО ӘБ жетекшісі

Жақсылықова Ғ.Х. Қасымова Н.Қ. Токушбекова Ж.К

_________________ _________________ ________________

_________________ ___________________ ___________________

Қолданбалы курс
«Тіршілік экологиясы»
9 сынып

Мұғалімі: Рысбекова Қ.М.

2014-2015 оқу жылы


«Тіршілік экологиясы» курсына берілген рецензия
9 сыныпқа арналған «Тіршілік экологиясы» курсының бағдарламасы еліміздегі экологиялық апаттар туралы толық түсінік бере отырып, «Жер-Ана» табиғаты туралы ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибені ғылыми түрде жүйелеп, ұрпаққа нақты экологиялық білім мен тәрбие беруге көзделген. Бұл курста Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық жағдайлар мен оларды шешудің оңтайлы жолдары жан- жақты қарастырылған.

Оқушы «Тіршілік экологиясы» курсында туған өлкенің табиғатын аялауға, қорғауға бейімделеді, соның ішінде ерекше қорғалатын жерлер: егістік жерлер, сулы алқаптар, ну ормандар табиғатын тиімді пайдалануға оқып үйренеді.


Пікір жазғандар:

директордың ғылыми

ісі жөніндегі орынбасары: Лескенова З.Ш

Жаратылыстану пәндерінің

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Токушбекова Ж.К

2014 жылдың 27 тамыздағы жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігінің І отырысында қаралып, талқыланды.


Түсініктеме хат

Курстың мақсаты:

Оқушыларды тіршілік экологиясымен және тіршіліктегі түрлі үрдістердің ерекшеліктерімен таныстырып, экология ғылымының негізгі заңдарын, олардың практикалық қолданыстарын түсіндіріп, өмірде қолдана білуге бағыт бағдар беру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, оқушылардың экология пәніне деген қызығушылығын арттыру.



Курстың міндеттері:

Географиялық, биологиялық және экология білімдерін кеңейту,

Экологиялық ұғымдар мен ғылыми терминдердің мағынасын түсіндіру;

Экологиялық үрдістердің ерекшеліктерімен таныстыру және оны өмірде дұрыс пайдалануға бағыт беру;

Өз ойын жүйелі көрсете білуге дағдыландыру.

Соңғы жылдарда географиялық және биологиялық жүйелерді экологиялық деңгейде зерттеу табыстарға жетіп, тіршілік әрекеті үрдістерінің маңызды ерекшеліктері айқындалды. Қазіргі заманғы экология бірсыпыра шектес ғылымдарға, соның ішінде медицинаға, барған сайын ықпалын күшейте түсуде. Сондықтан бағдарламада экология ғылымының құрылымы туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, ғылымның мәні мен мазмұны ашылады.

Бағдарламада Республикамыздың оқу жүйесінде өркениетті елдердің тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, материалдар мен фактілер, мысалдар Қазақстанның табиғаты мен оның экологиялық жағдайына тікелей байланысты түсіндіріледі. ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің биосфераға тигізген әсеріне баға бере отырып, болашақ ұрпақтың тағдырына жауапкершілікті арттырады. Экологиялық апат аймағының ошағына айналған: Семей, Азғыр, Тайсойған, Нарын, Байқоңыр, Арал, Балқаш, Каспий, т.б.табиғи экожүйелердің өзгеру динамикасы талданады.

Бағдарлама «Экология ғылымына кіріспе», «Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы», «Биосфера туралы ілім», «Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар», «Экология және табиғатты қорғау» тарауларынан тұрады.

Бағдарлама оқушыларға экология саласындағы маңызды жаңалықтар мен негізгі теориялық қорытындыларды қазіргі заманға ғылыми деңгейде түсінікті баяндап, тіршілік иелері аталатын өсімдіктер, жануарлар мен адамның организмдерінің тіршілігіндегі экология ғылымының маңызы мен оларды қорғау шараларын жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді.

Басқа пәнмен байланыстылығы: география, биология, химия, информатика, бейнелеу.

Бағдарлама аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат.

Бақылау түрі: практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс.
Курстың өзектілігі:

«Тіршілік экологиясы» курсының ең маңыздысы қоршаған ортаны танып білу, экологиялық апаттардың алдын алу. Тірі организмдер мен тіршілік әлемімен ұштастыру.



Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушы міндетті түрде білуі қажет:

  • Сұраққа жауап боларлық маңызды экологиялық мәселелерге көңіл бөлу;

  • Экожүйе мен геожүйелер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тану;

  • Табиғи саябақтарды қорғау;

  • Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру:


Оқушы мынандай талаптарды орындауға үйренеді:

  • Теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастыру;

  • Сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

  • Деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;

  • Топтық жұмыс.



Күтілетін нәтижелер

(қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар)


  • Экологиялық ұғымдар мен терминдердің мағынасын түсіне білу;

  • Экология заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

  • Тіршілік барысындағы экологиялық үрдістердің ерекшеліктерімен танысып, оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

  • Нақты мысалдар арқылы тіршіліктегі экологиялық проблемаларды түсіндіре алу;

  • Зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу;

  • Іздену және зерттеу жұмысының нәтижелерін дайындай білу;

  • Тіршілік экологиясы курсы бойынша меңгерген білімдерін басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра алулары керек.


Курстың мазмұны:
І. Экология ғылымына кіріспе (3 сағат).

Экология ғылымы нені зерттейді? Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы. Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері.

ІІ. Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы (10 сағат)

Литосфера және жер бедерінің өзгеруі. Атмосфера экологиясы. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар. Гидросфера экологиясы. Су көздерін ластайтын зиянды заттар. Жер қыртысының экологиясы. Өсімдіктер экологиясы. Биологиялық күрес әдістері. Жануарлар экологиясы. Адам экологиясы.

ІІІ. Биосфера туралы ілім (3 сағат)

Биосфера. Биосфераның біртұтастылық қағидасы. Тірі организмдер және тіршілік. Организмдердің негізгі тіршілік орталары.

ІV. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар (11 сағат)

Қоршаған ортаның химиялық ластануы. Негізгі химиялық ластағыштар. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Арал теңізінің экологиясы. Балқаш көлінің экологиясы. Каспий теңізінің экологиясы. Қала экологиясы. Өндіріс экологиясы. Агроэкология.

V. Экология және табиғатты қорғау (7 сағат)

Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері. Табиғатты тиімді пайдалану. «Қызыл кітап» және оның рөлі. Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары. Қорықтар. Табиғи саябақтар, табиғат ескерткіштері. Зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар. Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары.



Тіршілік экологиясы

(34 сағат, аптасына 1 сағат)




Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І.

Экология ғылымына кіріспе

3




1

Экология ғылымы нені зерттейді?

1




2

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы

1




3

Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері

1




ІІ.

Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы

10




4

Литосфера және жер бедерінің өзгеруі

1




5

Атмосфера экологиясы

1




6

Атмосфераны ластайтын зиянды заттар

1




7

Гидросфера экологиясы

1




8

Су көздерін ластайтын зиянды заттар

1




9

Жер қыртысының экологиясы

1




10

Өсімдіктер экологиясы

1




11

Биологиялық күрес әдістері

1




12

Жануарлар экологиясы

1




13

Адам экологиясы

1




ІІІ.

Биосфера туралы ілім

3




14

Биосфера. Биосфераның біртұтастылық қағидасы

1




15

Тірі организмдер және тіршілік

1




16

Организмдердің негізгі тіршілік орталары

1




ІV.

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар

11




17

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

1




18

Негізгі химиялық ластағыштар

1




19

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы

1




20

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы

1




21

Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары

1




22

Арал теңізінің экологиясы

1




23

Балқаш көлінің экологиясы

1




24

Каспий теңізінің экологиясы

1




25

Қала экологиясы

1




26

Өндіріс экологиясы

1




27

Агроэкология

1




V.

Экология және табиғатты қорғау

7




28

Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері

1




29

Табиғатты тиімді пайдалану

1




30

«Қызыл кітап» және оның рөлі

1




31

Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары. Қорықтар

1




32

Табиғи саябақтар, табиғат ескерткіштері

1




33

Зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар

1




34

Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары

1





Оқу деңгейін тексеру

  • Өзіндік жұмыс

  • Қорытынды бақылау, тексеру

  • Талдау жұмыстары

І жартыжылдықта оқушыларға «Экологиялық апаттар» атты дөңгелек үстел өткізіп, білім деңгейлерін тексеру.



ІІ жартыжылдықта оқушылар өзіндік шығармашылық жұмыстарын бағалау.

Мұғалімге арналған әдебиеттер:


  1. Қосанов О.С. «Экология және адам экологиясы», Алматы, 2000 ж

  2. Сарыбеков М.Н., Сарыбеков Н.Н. «Табиғатты қорғауға байланысты қазақтың салт-дәстүрлері», Алматы, 1999 ж

  3. Таңатаров Қ.С. «Экология негіздері», Алматы, 2006 ж

  4. Николаев Л.А. «Тіршілік химиясы», Алматы, «Мектеп», 1990 ж

  5. Жайлыбаев Р. (Су – тіршіліктің негізі», Талдықорған, 1993 ж


Оқушыларға арналған әдебиеттер:


  1. Бейсенова Ә., Шілдебаев Ж. «Экология», Алматы, «Мектеп», 2005 ж

  2. Қайсарбеков Ш., Досболатов Е. «Табиғат және біз», Алматы, 2000 ж

  3. Шілдебаев Ж.Б., Қожантаева Ж.Ж., Аманжолова Л.Е. «Биология» 9 сынып, Алмат, «Мектеп», 2013 ж

  4. Нұрахметов А., «Биология», 9 сынып Мектеп, 2012 ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет