2006 жылғы бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі қорытынды талдау хабарламасы



жүктеу 485.8 Kb.
бет1/3
Дата25.03.2019
өлшемі485.8 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы бойынша 2006 жылғы бірінші жарты жылдығының қорытынды талдау хабарламасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыруға үшін ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды. Ол сыбайлас жемқорлықты азайтуға, құқықтық базаны жақсартуға, азаматтық қоғаммен байланысты нығайтуға, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қары саясатты насихаттауға, ұлтаралық қарым – қатынасты нығайтуға бағытталған.

Қабылданған іс шаралар құқық қорғау органдарының көрсеткішін жақсартады.

Осылайша осы жылдың бірінші жарты жылдығы мен жалпы 2005 жылды салыстырғанда қылмыстарды әшкерелеу 19,8 % (915 – 1091)-ға өсті. Белсендірілген жұмыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың өте ауыр түріндегі қылмыстарды ашу - пара алу 29,6% (230 – 298)–ге, өзінің қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану 53,1% (213 – 326), қызметтегі әрекетсіздік – 2,4 есе (13 –31)-ге өсті.

Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтерді қамтуға жағдай жасалынды. Құқық органдарының тарапынан мемлекеттік шенеуніктерге қарсы қозғалған істің саны 8,4% (831 - 901) Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін 551 адам тартылды, 2005 жылмен салыстырмалы түрде қарағанда 65,5 пайызға (333) өсті. Барлығы 320 іс сотқа жіберілді. Оның ішінде 3 судья, 50 ішкі істер қызметкерлері, 33 ауыл округі және аудан әкімдері, 18 сот орындаушылары, 9 төтенше жағдай министрлігі бөлімінің қызметкерлері, 8 әділет басқармасынан, 6 қаржы қызметінен, 6 қорғаныс министрлігінің бөлімінен, 2 кеден органынан және 185 басқа да мемлекет қызметтерінен.



1-тармақша. Бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жарияланымға жататын құжаттың тізімін анықтап, бюджеттік қаражаттың шығындалуына мемлекеттік органдардың шешімдерін қолданумен және таратылуының орындалу ақпаратының айқындығын қамтамасыз ету. (ЭБЖМ (шақыру), МАМ, облыстық және Астана, Алматы қаласының әкімдері).

Бюджеттік кодекс және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ҚР Үкіметінің 3 жыл мерзіміне орта мерзімді фискал саясаты және “Нормативтік құқықтық актілер туралы” ҚР заңына сәйкес тиісті жылғы Республикалық бюджет туралы ҚР заңы БАҚ жарияланымдарында басылып шығарылуға жатқызылған.

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және басқа да облыс Әкімдерімен, басылымдық шығарылымда және облыс әкімі сайтында - өткізілген және жария етілген тауарды, жұмысты мен қызметті мемлекеттік сатып алу және кәсіпкердің қолданылмаған объекті туралы мәлімет көрсетілімі, мемлекеттік коммуналдық меншікті қолға алу келісімінің мақұлдануы, функционалдық, ведомстволық және экономика ерекшеліктер бойынша бюджеттің орындалу есебі көрсетілген.

Мысалы “Вечерний Алматы” және “Алматы Ақшамы” газеттерінде осы жылғы 6 маусымдағы басылымында қала маслихатының 3-шақырылымының шешімімен” Алматы қаласының 2005 жылғы бюджеттің орындалуының есебі туралы” жазылған болатын. Ал “Ақтөбе” және “Актюбинский вестник” газетінің 2006 жылғы 3 мамырдағы басылымында 2006 жылғы 1 тоқсандағы облыстық бюджеттің орындалуы туралы ақпарат басылып шықты.

Қазіргі уақытта ЭБЖМ мен БАҚ–қа әр тоқсан сайын Мемлекеттік орган туралы ақпарат беріліп отырады. Бұнда Мемлекеттік сатып алу шығындалған және қабылдап алынған қаржы қаражаты көрсетілген.

2-тармақша бойынша - «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. АБА.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі “Ақпараттандыру туралы” кейбір заң актілеріне ақпараттандыру жөнінде толықтырулар енгізу” туралы жаңа заң жобаларын әзірледі.

Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін қарауында жатыр.
8-тармақша. Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат ету функцияларын қысқарту, сондай-ақ лицензиялар және рұқсат ету тәртібін жеңілдету жөніндегі жұмысты жалғастыру. (ЭБЖМ (шақыру), мемлекеттік мүдделі органдар).

2006 жылғы бірінші жарты жылдықта Мемлекеттік органға лицензия алу туралы 6069 сұраныс түсті. Оның ішінде, 5572 берілді. Ең көп берілген лицензия - 2609 көлік және коммуникация министрлігі тарапынан, Ұлттық банк тарапынын (678). Қаржы министрлігі тарапынан (452), Энергетика және минералды ресурстартар министрлігі тарапынан (446), Әділет министрлігі тарапынан (425) түсті.

Осы уақыттарда жергілікті орындаушы органға лицензия алуға 4777 сұраныс түсіп, оның 4351-і берілді. Аймақтарда лицензияның ең көп бөлігі Астана (780), Алматы (579), Павлодар (766), Атырау (407) Алматы облысында (346) берілді.

ЭБЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен, біріккен кәсіпкерлермен бірлесе отырып, лицензия жүйесін жақсартуға шара қолданып жатыр.

Бірлескен үлкен көлемді жұмыс қорытындысы бойынша “Лицензиялау”, «Лицензиялау жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР заң жобасы әзірленді.

Бұл заң жобаларының басты мақсаты – ыңғайлы жұмыс жағдайын жасау, бизнеске деген бюрократтық қысымды бәсеңдету, шаруашылық істерге қатысушылардың барлығының экономикалық еркіндігін көтеру.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілген “Лицензиялау туралы” Заңның жобасына тиісті өзгертулер енгізілді. Онда “жалғыз терезе”, “тікелей әрекет” ұстанымдары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лицензия беретін және рұқсат ететін әрекет түрлері айтарлықтай қысқарып, лицензия мен рұқсат беру тәртібі жеңілдетілген. Әр түрлі салалардың 21 түрін және 78 кіші түрлерін қысқарту ұсынылып отыр. Лицензия берушілердің бақылау қызметінің тізімі анықталды: лицензия беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талапқа сәйкес болуын анықтау, тізілім жүргізу жолымен берілген лицензиялар санының есебін алу, лицензияны алушылар әрекеттерінің біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруге арналған мерзімді тексерулерді жүргізу арқылы лицензиялық бақылау жасау.


Жекелеген тауарлар түрлерін импортқа шығару кезінде оларды БСҰ нормаларына сәйкес автоматты лицензиялау рәсімі жүргізіледі.

Қызмет көрсету түріне жататын бір жолғы операцияларға байланысты жекелеген іс-әрекет түрлерінен өзге әрекеттерге заң жүзінде шектеусіз мерзімді лицензиялар бекітіліп беріледі.

Лицензияланатын іс-әрекеттер түрлері мен кіші түрі (37 түр және 51 кіші түрі, немесе 21,4 пайыз) жергілікті деңгейге мүмкіндігінше көптеп жіберуге байланысты лицензияның аумақтық әрекет проблемасы пайда болды. Осыған байланысты аталған мәселе көрсетілген заң жобасының шеңберінде шешіледі.

“Қазақстан Республикасындағы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасына сәйкес, мемлекеттік рұқсат беру жүйесінен рұқсат етудің төмендегі 6 түрін шығару қарастырылады: бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау қызметін жүзеге асыру, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, тарих және мәдени ескерткіштерді жөндеу мен реставрация жасау, күзетшілік қызмет, мұнай газ құбырларын пайдалану.

Рұқсат беруді мемлекеттік реттеуді реформалау туралы шаралар кешенін жүзеге асыру, рыног инфрақұрылымын мемлекеттік әкімшіліктендіру жүйесі жеңілдетілетін болғандықтан, ол шағын және орта бизнесті ырғақты дамытуға алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.



18-тармақ. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу. (ЭБЖМ (шақыру), мемлекеттік мүдделі органдар)

2006 жылғы маусымда Парламент Мәжілісі мен Сенатында “Кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасындағы бюджет заңнамасының мәселелері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің әрекеті жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заң жобасы талқыланып, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.



19-тармақ. Қолма-қол есеп айырысу басты экономика салаларында есепке алуды жетілдіру. (Қаржымині (шақыру), АБА, АШМ, ККМ, мемлекеттік мүдделі органдар, ЕК ( келісім бойынша)

Қаржы министрлігі “Кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы Заңына сәйкес қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға (бұдан әрі - ҚЕХС) көшіруге қатысты мәселелерге өзгерістер енгізді, соның ішінде акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылғы 1 қаңтарға, басқа ұйымдар үшін – 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін мерзім берілді.

Нақты сектордың ҚЕХС-ға көшуіне байланысты мынадай жағдайлар болжанады: халықаралық рыног капиталына қосылу мүмкіндігінің кеңейуі, ақпараттың ашықтығы мен пайдалылығының жақсаруы, бухгалтерлердің білім, тәжірибе және өкілеттік ауқымының кеңейуі және жауапкершілігінің артуы, ақпараттық кеңістік арқылы басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту, қаржылық ақпараттың сапасы мен өтімділігін қалыптастыру негізінде әр түрлі елдердің экономикасын біріктіру. ҚЕХС-қа көшу шетелдік инвестициялар құрылымын кеңейтуге, қазақстандық ұйымдардың халықаралық рыногтардағы бәсекелестік қабілетін арттыруға, қор рыногының жандануына ықпал жасайды.

“Төлемдер және ақша аударымы туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Үкіметтің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын (қызмет көрсету) жүзеге асыру кезінде 2005 жылғы 1 шілдеден бастап төлем карточкаларын қолдану мен төлем қабылдауға міндетті сауда (қызмет етуші) ұйымдарының санаттары бекітілді. Алайда, бұл талап Қазақстан Республикасының салық заңдылығына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібін қолданушы немесе жалпы пайдаланудағы телекоммуникациясы жоқ жерлердегі сауда (қызмет етуші) ұйымдарына таратылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық салуды және салық әкімшілігін жеңілдету мақсатында қабылдаған 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы салық пен төлем төлеуді банкоматтар және Web-киоск арқылы жүргізу тетігін енгізеді.

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті Қаржы министрлігіндегі қолма-қол нысанның көлемін қысқарту үшін мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру туралы ұсыныс енгізеді: сауда кәсіпорындарында сатып алушылардың тауарлар мен қызмет көрсетуге төлемақыларын қолма-қол ақшасыз төлем карточкалары арқылы республиканың сервистік қызмет көрсетуін қосымша енгізу, барлық жерлерде қолма-қол ақшасыз айналым жасау жүйесінің тиімді шарттарын жасау үшін тауарлар мен қызмет көрсету есептерін электрондық есептеу жүйесін енгізу, бір немесе бірнеше ақша операциясын жүргізу үшін, бір жылға дейінгі мерзімге құрылған заңды тұлғаларды қатардан шығарып тастау мақсатында заң жүзінде қолма-қол ақша түрінде операция жасаушылыққа шектеу енгізу, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға жол беруші заңды және жеке тұлғалардың мәліметтер банкін құру, айыппұл ұсынушы барлық мемлекеттік органдар үшін төлем төлеушінің СТН міндетті түрде көрсетілген қатаң есептіліктің бланкісі болып табылатын бір үлгідегі жазылым бланкілерін енгізу.



20-тармақ. Тұрақты негізде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, шенеуніктер тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу фактілерін анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу (ҚПА (шақыру), БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша).

Ағымдағы жылда Агенттіктің аумақтық бөлімшелерімен кәсіпкерлердің мүдделеріне қарсы 186 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, 54 факті бойынша парақорлық, 65 факті бойынша қызметтік өкілетін теріс пайдалану, 7 факті бойынша билікті асыра пайдалану, 15 факті бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, 36 факті бойынша қызметтік жалғандық, 4 факті бойынша заңды кәсіпкерлік қызметке араласу және сағырттық, 1 факті бойынша заңсыз сыйақы алу. Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды бақылау-реттеу функцияларын жүзеге асыратын шенеуніктермен жасалады. Белгілі бір мәселелерді шешуде, кемшіліктерді жою үшін кәсіпкерлер субъектісін пара беруге немесе заңсыз сыйақы беруге мәжбүр етеді. Соңғы уақытта бұндай жағдайлар жер қатынастары саласының аумақтық комитеттер қызметкерлерімен, жер пайдалану, жер алуға құқық беру және аудару кезінде, шаруа қожалығы мен заңды тұлғаларға беру кезінде кездеседі. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімшілік қызметкерлер де кәсіпкерлікті лицензиялау, рұқсат беру түріне құқық беру үшін пара алу фактілері кездеседі. Сондай-ақ, мал дәрігерлік қызмет инспекторлары, сот орындаушылары заңға қайшы кәсіпкерлердің мүліктеріне заңсыз тыйым салу немесе алып қою және шаруашылық субъектілерін тексергенде СЭС-де анықталған. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы СЭС маманы Әсетов өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, жеке монша әкімшісінің санитарлық ережелерге сәйкес келмейтіндігін көрсетпеу үшін 4000 мың теңге пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ағымдағы жылғы маусымда Алматы қаласы бойынша ЭСЖҚД аяқталған қылмыстық іс сотқа жіберілді. Онда Мемлекеттік өртті қадағалау қызметінің бас маманы Канушева әкімгершілік жауапкершілікке тартпау үшін «Шанс» ойын–сауық кешенінің басшысынан 50 000 теңге пара алған.

Сондай-ақ, қаржы полициясының құрылымдық бөлімшесімен валюта айырбастау операцияларына рұқсат бергені үшін «Валюта» ЖШС директорынан 1000 АҚШ долларын алу сәтінде ұсталған Ұлттық банктің валюталық бөлімінің бастығы Нәбиеваға қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеуі аяқталып, сотқа жіберілді.

Павлодар облысында баю мақсатында өз қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану арқылы жер учаскесін жеке кәсіпкерге бөлгені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған Павлодар ауданы Жетекші ауылдық округінің әкіміне қатысты сот процесі басталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарына сәйкес қаржы полициясы кәсіпкерлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу және оны ашу жұмыстарын жолға қойды.

Аталған жұмыс мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бір бөлігі және экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар осындай құқық бұзушылықтардың алдын алудағы тиімді құралы болып табылады.

Есепті кезеңде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша барлығы 102 әкімшілік материал толтырылды.

Атап айтқанда, Қостанай облыстық Тәртіп кеңесінде қарау нәтижесінде Федорцева шаруа қожалығына тиесілі 146 гектар жер учаскесін алу туралы заңсыз шешім қабылдағандары үшін Федоров ауданының әкімі Бородинге және осы ауданның жер қатынастары бөлімінің бастығы Шарафиловқа «сөгіс» ретінде тәртіптік шара қолданылды.

Сондай-ақ, бөтен адамдарға жер учаскесін беру мақсатында, өз қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып сату-сатып алу келісімшартының күшін жойғаны үшін Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кентінің әкімі Левицкий де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2005 жылы Бас прокуратуран кәсіпкерлік саласына 973 тексеріс жүргізіп, 2679 заң бұзушылық анықталған, 216 наразылық қанағаттандырылған, 668 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар қаралған, Заң бойынша 202 мәрте түсініктеме берілген, прокурорлық қадағалау барысында 553 заңсыз актілер өзгертілген, оның ішінде 41 нормативтік құқықтық акт, тұлғаларға шектеусіз шеңбердегі тікелей конституциялық құқықтарын қозғайтын 52 заңсыз актінің күші жойылып, қайта өзгертілген, сөйтіп 3095 адамның конституциялық құқықтары қорғалған, қандайда бір шектеуді тоқтату туралы 13 қаулы жүзеге асырылды, 881 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 341 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тексеру қорытындысы бойынша 28 қылмыстық іс қозғалды, мүліктік емес 2 арыз және азаматтық істер бойынша 9 шағым қанағаттандырылды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында республиканың мемлекеттік органдарымен барлығы 264529 тексеріс актісі тіркелген, оның ішінде 152499 акті шағын кәсіпкерлікке байланысты екендігі анықталды.

Бақылаушы органдардың ішінде ең көп тексерістер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (89287), салық органдарымен (83918), төтенше жағдайлар саласындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен (16857) жүргізілген.

Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерді заңсыз тексеру фактілері анықталуда.

Көрсетілген мерзімде прокуратура органдарымен тексеріс актілерін әзірлемеген немесе тіркеуден өткізбеген барлығы 1026 тексеріс жүргізілгендігі анықталды.

Ең көп заң бұзушылық санитарлық-эпидемиологиялық қызметте – 492, ішкі істер органдарында – 419 орын алған.

Ағымдағы жылы прокуратура органдарымен 218 тексеріс жүргізіліп, 591 заң бұзушылық фактілері анықталған, 3 ұйғарым орындалған, 45 наразылық қанағаттандырылған, заң бұзушылықты жою туралы 153 ұсыныс қаралған, Заң бойынша 97 түсініктеме берілген, 103 заңсыз актілердің күші жойылған және өзгертілген, оның ішінде 9 нормативтік құқықтық актілер, қандайда бір шектеуді тоқтату туралы 2 қаулы жүзеге асырылды, 201 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 61 тұлға әкімішілік жауапкершілікке тартылып, тексеру қорытындысы бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі Быстровтың тарапынан азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіргендігі туралы көптеген фактілер анықталды, оның ішінде бір кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіріп басқа кәсіпкерлерге заңсыз артықшылық беру, жер телімдерін бөлуде заңмен белгіленген тәртіпті елемеу фактілері.

Осыған орай, 2006 жылғы 20 маусымда Бас прокуратурамен Шығыс Қазақстан облысының әкімі В.В. Храпуновтың атына заң бұзушылықтарды жою, Өскемен қаласының әкімі Быстровты қызметінен босату мәселесін шешу және басқа да лауазымды тұлғаларды тәртіптік шараға тарту туралы ұсыныс енгізілді.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерін анықтау мақсатында 2006 жылдың басынан Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде тек қана құқық қорғау органдарында анықталған 18 факті бойынша 2 қызметкер сотталған, оның ішінде біреуі басшы қызметкер.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚД «Торнадо КЖО» ЖШС-ның металл сынықтарын жинауға, 110 миллион теңге қаражатты бас пайдасына жаратқан «НЭС Қазақэнерго» МКК-нің бас директоры Бекжігітовке қатысты прокурорлық әрекет жасамағаны үшін «Торнадо КЖО» ЖШС-і басшысы Жылгелдиевтен 50 000 теңге пара алу сәтінде ұсталған Арыс көлік прокурорының көмекшісі Досжановқа қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу мақсатында салықтар бойынша қарызының жоқтығы туралы анықтама бергені үшін құрылыс материалдары ретінде 50000 теңге көлемінде пара алғаны үшін Теміртау қаласы салық комитетінің төрағасы Жаппаровқа қатысты, ҚХР-дан Қазақстанға кедергісіз тауар өткізіп бергені үшін кәсіпкерлерден 6 500 АҚШ доллары көлемінде пара алу сәтінде ұсталған «Бақты» кеденінің кедендік ресімдеу бөлімінің бастығы Беріковке қатысты қозғалған қылмыстық істер сотқа жіберілді.

Тендер өткізу кезінде жеке кәсіпкер Ващенкоға көмек көрсеткені үшін 430 000 теңге пара алу сәтінде ұсталған ІІМ-нің № 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ақжановқа қатысты айлық жалақысынан 20 пайыз ұстау және 2 жыл қызметіне шектеу қою жөнінде сот үкімі шықты.

Сонымен қатар, ҰҚК материалдары негізінде Бас прокурор бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының нормаларын бұзғаны, қара металл сынықтарын лицензиясыз жинауға көмектескені үшін дәределік атағын алып тастау арқылы Қостанай көлік прокуроры Серіков және оның көмекшілері Семенов пен Байзақов қызметтерінен босатылды.

Өзіне ұнамаған жеке кәсіпкер Гильдельманға кедергі келтіру мақсатында алкоголь өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату тәртібіне бақылау жұмысын жүргізу кезінде бірнеше рет салық тексерістерін көтергендігі үшін Риддер қаласы әкімшілігінің қаржы шаруашылық бөлімінің маманы Худякова мемлекеттік қызметтен босатылды.

Жол полициясы қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру мүмкіндігін жою мақсатында Ішкі істер министрлігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 223 бұйрығымен «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдылықтарының заңды тұлғалар тарапынан орындалуын жол полициясымен тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 26 ақпандағы бұйрығының күші жойылды.

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерімен кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің белгіленген тәртібін бұзу фактілері орын алуда.

Осы заң бұзушылықтардың басым көпшілігі Маңғыстау облысы ІІД-не (186), Қостанай (33), Атырау (19) облыстары және Көліктегі Оңтүстік Шығыс ІІД-і (46) орын алған.

Осы себепті, Ішкі істер департаменттері бастықтары бұйрықтарымен 38 полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік шараға тартылған, оның ішінде 2-і ішкі істер қызметінен босатылған, 2-і қызметіне сәйкес еместігі туралы ескертілген.



21-тармақ. Мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялардың медиахолдингтердің және акционерлік қоғамдардың ақшалай қаражатты, соның ішінде жанама әдістерді қолдана отырып жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігін тексеруді жүзеге асыру (ҚПА (шақыру), БП (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ҚМ).

Есеп комитеті мен Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес ағымдағы жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК, «Қазақпарат» ҰК, «Астана халықаралық әуежайы», «Қазатом өнеркәсібі», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «Қазақстан инжиниринг» ҰК, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры», «Бидай қолхаттарының орындалуын кепілдемелеу қоры», «Қазагромаркетинг», «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамдарының қаржы шаруашылық қызметін аудиторлық компаниялар мамандарын қатыстыра отырып, тексеру жоспарланған.

Қазіргі таңда барлық тексеруге қатысы бар мемлекеттік органдар тарапынан тексеру мерзімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-на Қаржы министрлігімен бірлесе отырып тексеріс жүргізу мақсатында агенттікпен әзірлеу іс-шаралары жүргізілуде.

22-тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыру (ҚПА (шақыру) БП (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ҚМ)

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу Елбасымен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінде атап өткен бес басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осыған орай, Агенттік және оның аумақтық құрылымдары бұл бағыттағы іс-шаралар барынша жолға қойды.

Ағымдағы жылы қаржы полициясы органдарымен мемлекеттік сатып алу саласында қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану, талан-таражға салу арқылы мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіру және басқа да қылмыстар бойынша 162 қылмыстық іс қозғалды, яғни бұл өткен жылдың осы кезеңінен 2 еседен көп (2005 жыл -75).

Мысалға, өз қызметтік өкілеттігін асыра сілтеп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 16 және 20-баптары талаптарын бұза отырып, баға ұсынысы бойынша дәрі-дәрмек сатып алу туралы бұйрық шығару нәтижесінде мемлекетке 70,0 млн. теңгеден аса зала келтіру фактісі бойынша Жамбыл облысы Денсаулық сақтау департаментінің бастығы Құралбаевқа, «Интерфуд» ЖШС-і директоры Жанабаев және оның орынбасары Сарбалинмен өзара сөз байласып қызметтік өкілеттікті теріс пайдалана отырып мемлекеттік материалдық резервке құны 418,0 млн. теңге сапасыз өнімдерді салып, бюджет қаражатын иемденіп кеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің төрағасы Данаевқа қарсы қозғалған қылмыстық істер сотта қаралуда.



52,0 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп кеткен Денсаулық министрлігінің онкология және радиология жөніндегі ҒЗИ директорының орынбасары Қосанов және басқа лауазымды тұлғалар әртүрлі мерзімге сотталды.

2004 жылы 48 пәтерлік тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттар даярлауға потенциалды жеткізушілерді таңдау комиссиясы төрағасының міндетін атқарған кезінде орындалған жұмыстарды қабылдамай 5,0 млн. теңге қаражатты мердігер «Жобалау» ЖШС-не аударып жіберу, сондай-ақ Көкшетау қаласының Сұңқар мөлтек ауданында орналасқан жеке үй маңын көгалдандыру және инженерлік коммуникациялар жүргізуге «МГТ –Астана» ЖШС-нің мүддесі үшін заңсыз қаражаттандыру арқылы мемлекетке 30,0 млн. теңгеден астам залал келтіру фактілері бойынша қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған Көкшетау қаласының «Күрделі құрылыс, көгалдандыру және жол құрылысы бөлімі» МК-нің бастығы Мадияровқа қарсы Ақмола облысы бойынша ЭСЖҚД 2 қылмыстық іс қозғады.

Ешқандай тендер өткізбестен, «Негіз-Ақмола» мекемесімен келісімшартқа отырып, жалған құжаттар бойынша аталған фирмаға 58,0 млн. теңге қаражатты аударып жіберген облыс әкімшілігінің Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының бастығы Сыдықовқа қарсы қозғалған қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖҚД-де тергелуде.

Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалана отырып, қызметкерлердің еңбекақысынан міндетті түрде зейнетақы қорына аударылатын 32 566 теңге төлемдерін иемденіп алу фактісі бойынша Қоршаған ортаны қорғау департаментінің қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Құлғалиеваға қатысты Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД қылмыстық іс қозғады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет