2006 жылғы бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі қорытынды талдау хабарламасы


Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетімен



жүктеу 485.8 Kb.
бет2/3
Дата25.03.2019
өлшемі485.8 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3

Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетімен ағымдағы жылғы 1 жарты жылдықта мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына байланысты 2721 тексеріс жүргізіліп, 389 732 733,92 мың теңге, оның ішінде кешенді тексеріс барысында 67 160 049,6 мың теңге (аймақтық басқармалар бойынша), заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен арыздар бойынша 202 тексеріс – 25 799 362,75 мың теңге, мониторинг нәтижесінде 1053 тексеріс – 263 291 510,17 мың теңге, мемлекеттік органдар тапсырысы бойынша 39 тексеріс 3 752 858,4 мың теңге, құқық қорғау органдары тапсырмасы бойынша 191 тексеріс -29 728 653,0 мың теңге.

Жоғарыда көрсетілген тексерістердің 919 бойынша заң бұзушылықтар анықталып, сома мөлшері 58 428 325,54 мың теңгені, яғни 58,4 млрд. теңгені құрады.

Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықты жою туралы 803 акті ұсынылып, олардың 429 қанағаттандырылған, оның ішінде 116 конкурс шешімін жою туралы, қанағаттандырылғаны - 105, конкурс шешімін қайта қарау туралы 150 ұсыныс, қанағаттандырылғаны - 20.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтар талабын бұзғаны үшін 521 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылған, оның ішінде 18 қызметінен босатылған, сондай-ақ 201 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2006 жылғы 1 жарты жылдықта прокуратура органдарымен мемлекеттік органдар мен басқа да объектілерде мемлекеттік сатып алу заңдылығының орындалуына бірқатар тексерістер жүргізілген.

Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның аумақтық органдарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 2004 - 2005 жылдары мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұза отырып, құны 1,4млрд. теңгенің тауарлары сатып алынған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің және конкурстық комиссияның бұрынғы төрағасы Тәуекел «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 7-бабының талаптарын бұза отырып, өзінің балалары: Тәуекел Рүстем Сламбекұлы және Тәуекелова Ғалима Сламбекқызы құрылтайшы болып табылатын «Издательский дом «RUAN» және Издательско-дистрибьютерская компания «Китап Сервис» ЖШС-не жеңімпаз болуына ықпал еткен.

Сонымен қатар, 2005 жылғы сәуірде құрылған «Издательско-дистрибьютерская компания «Китап Сервис» ЖШС-і конкурсқа қатыстыруға жатпаған («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы).

Осы және басқа да фактілер бойынша Бас прокуратура Мәдениет және ақпарат министрлігіне кінәлі тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныс жіберді.

Есеп комитетімен жүргізілген тексерістер нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтың бұзылуы бойынша 220,2 млн. теңге анықталды.



23-тармақ. Астананың дамуы мен қалыптасуы үшін құқықтық негіздерді жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның жобасын әзірлеу (Астана қаласының әкімі).

Астана қаласының әкімшілігімен, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленіп, ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 368 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынылған.



26-тармақ. Мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялардың, медиахолдингтердің және акционерлік қоғамдардың мүлікті сатуына тексеруді жүзеге асыру. (ҚМ (шақыру), ҚПА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша).

Мемлекетті қатысуымен Ұлттық компаниялар, мегахолдингтер және акционерлік қоғамдар сатылған мүлік бойынша тексерістердің жүргізілуі мүдделі мемлекеттік органдардың мәліметі бойынша 2 жарты жылдыққа жоспарланған.

Агенттік «Қазақойл» ҰК» АҚ және «ҚазМұнай Газ» ҰК» АҚ тиесілі «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС мен «Қарақұдықмұнай» АҚ акциялар пакеттері сатылуының заңдылығына алдын ала тергеу тексерісін толығымен аяқтады.

Атап айтқанда, «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ-ның лауазымды тұлғалары тиісті сату рәсімін жасамастан 2000 жылғы шілдеде «Нельсон Голд Корпорэйшн Лимитед» корпорациясымен келісімшартқа отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұрмалай отырып, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің 50 пайыз үлесі 2 есе төменгі бағамен 2,0 млн. АҚШ долларына сатылған.

Ал, ЭМРМ-нің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ресми мәліметтеріне сәйкес «Әлібекмола» және «Қожасай» жер қойнауларындағы өндірілетін мұнай көлемі 2005 жылғы 1 қаңтарға 493 024 мың баррель болып есептелген. «Brent» маркалы мұнайдың 1 баррелінің жылдық орташа бағасы 2000 жылы 28,5 АҚШ долларына тең болған. Яғни, «Әлібекмола» және «Қожасай» жер қойнауларында өндірілетін мұнайдың әр баррелі 0,85 АҚШ центіне сатылып кеткен.

«Қазақойл» ҰК» ЖАҚ-ның лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде 100,0 млн. АҚШ доллары көлемінде залал келтірілген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.



Бас прокуратура ұлттық компаниялармен, мегахолдингтермен және мемлекеттің қатысы бар акционерлік қоғамдармен сатуға жататын мүліктердің сатылуын реттейтін заңдылықтарды талдауға алып, мынадай ұсыныстар берді.

Мемлекет серіктестіктің мүшесі немесе акционері бола тұрып, акционерлік қоғамның немесе серіктестіктің мүлікті сату үрдісіне тікелей қатыса алмайды. Олардағы мемлекеттің мүліктің мүддесі, осы тиісті заңды тұлғалардың билік органдарында осы мүдделерді ұсынатын уәкілетті лауазымды тұлғалары арқылы қорғалуы тиіс. Сондықтан, мемлекеттің, сондай-ақ акционердің немесе серіктестікке қатысушының мүліктік мүддесін қорғау мақсатында бақылау тетігіне өзгерістер енгізілуі қажет.

Мемлекет атынан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік акциялар пакеті мен мемлекеттік үлестерді иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысымен регламенттелген.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамамен мемлекет мүддесін қорғайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарындағы, ревизиялық комиссиялардағы өкілдерді таңдау және даярлау, сондай-ақ олардың қызметіне баға беру жүйесі толығымен реттелмеген. Мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі және акционерлік қоғамдардағы мүлікті іске асыру ақпараттарымен алмасу және алу тәртібі толық көлемде белгіленбеген.

Соңғы уақытта кең тараған мәселенің бірі мемлекеттік компанияларда мемлекеттің қатысуымен үлесі бар акционерлік қоғамдардың еншілес мекемелерін ашу арқылы мүліктерді бөлшектеп, қоғам мүліктерінің бір бөлігін сол еншілес мекемелерге беру. Осындай тәсілмен тиісті мүліктерді мемлекет қадағалауынан тыс қалдырып, бұдан әрі есепке алынбай, ал кейде мемлекеттік мүдделерден тыс өткізіліп жіберіледі.

Бұл жерде мемлекет мүлкін басқаратын уәкілетті органдар тек қана қоғамның барлық тиісті активтерінің жиырма бес немесе одан да көп пайыз құрайтын бөлігін беру арқылы басқа да заңды тұлғаларды құруына немесе қызметіне қатыстылығы бойынша қабылданған шешімдерді қадағалау мен ғана шектеледі.

Осыған байланысты, акционерлік қоғамды басқару органдарындағы мемлекет өкілдер мүліктің жағдайына әр уақытта мониторинг жүргізуді және акционерлік қоғамның еншілес кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін, істі тиімсіз жүргізген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігі жөнінде мәселені міндеттеріне енгізу қажет.

Сонымен қатар, заңды тұлғалардың басқару органдарындағы мемлекет өкілдерінің, мемлекеттік компаниялар, мегахолдингтер және мемлекттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жүргізілуіне тиісті бақылау жоқтығына қатысты өз жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туындайды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

27-тармақ Мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялардың және акционерлік коғамдардың бейімді емес функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін оларды анықтау (ЭБЖМ (шақыру), ТМРА, ИСМ, ЭМРМ, Қаржымині).

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен (ЭБЖМ) мелекеттік кәсіпорындармен мемлекет үлесі бар акционерлік қоғамдардың қызмет түрлеріне талдау жасауға әдістемелік ұсыныс әзірленген. Алайда, бұл тармақшаның бірге орындаушылары қаржы, индустрия және сауда министрліктері ЭБЖМ-ға осы тармақша бойынша қажетті мәліметтер бермеген.

Мәселен, индустрия және сауда министрлігі (ИСМ) ведомстволық бағынышты ұйымдардың 3 және 16 шілдедегі отырыстарында осы бейімсіз қызмет түрлерін бәсекелі ортаға берудің тиімділігі туралы мәселені қарауды жоспарлаған болатын.

Осыған байланысты, бұл әдістемелік ұсынысты жетілдіру үшін 2006 жылғы 3 шілдеде ҚР ҚМ және ЭБЖМ-ның № 92 бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.



39-тармақ. Жоғары заң оқу орындары мен факультеттеріне жоғары білім берудің бекітілген стандарттары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша оқу әдебиетін әзірлеу мен шығаруды жалғастырсын. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламалары табысты іске асырылған елдерде қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырсын. (БҒМ (шақыру), ІІМ, Әділетмині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша).

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша құқықтық жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарды талдау мен шығару жоспарына сәйкес, жаңа әдістемелерді есепке ала отырып, «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар» оқулығының сұлбасы әзірленді, ол арнайы оқу орындары мен аспиранттар, магистранттар және күндізгі, сырттай оқу бөлімдерінің студенттердің оқу барысында сынақтан өтті.

Ішкі істер министрлігімен тиісті ғылыми зерттеулер жүргізілуде және бір қатар монографиялар мен оқу әдістемелік құралдарын шығару әзірленуде. ІІМ Академиясында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» ғылыми-техникалық бағдарламасының жобасын талдау мақсатында жұмыс тобы құрылған, ІІМ-ның ведомстволық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын алудың құқықтық тәсілдері» атты арнайы курс енгізілген.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның өміріне қауіп ретінде», «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты», «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде және оның алдын-алу шаралары» атты оқулықтар шығарылды.

Сонымен қатар, «Тиімді мемлекеттік басқарудың жалпы дүниежүзілік үрдістері» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түрлі аспектілері қаралды.

Бүгінгі таңда Әділет министрлігімен мемлекеттік тіркеуге тапсырылатын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын мөлшерлікті анықтайтын әдістемелік ұсыныстар әзірленуде.

Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жанындағы Павлодар заң колледжінің, Қостанай заң институтының оқу жоспарларына «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын алудың құқықтық тәсілдері» оқу пәні мен «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашудың өзекті мәселелері» атты қосымша арнайы курс енгізілген.

40-тармақ. Қазақстандық құқық қорғау органдарын халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдарға ықпалдастыру бойынша даярлық іс-шараларын өткізу (БП (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, СІМ).

Осы тармақшаны одан әрі іске асыру мақсатында, Бас прокуратура ЭСЖКА жанынан мемлекеттік органдар өкілдерінен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдарының тарихы мен тәжірибелерін мұқият оқып танысып, оның әрқайсысына қазақстандық құқық қорғау органдарын біріктірудің тиімді айқындамасын өндірумен шұғылданатын ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ұсынып отыр.



Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінен, қазақстандық құқық қорғау органдарын халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдарға біріктіру мақсатындағы даярлық шараларына қатысты мынадай мәліметтер келіп түскен.

Қазақстан Республикасының АҚШ-ғы елшілігімен осы мәселеге қатысты құрылымдардың өкілдерімен кеңес өткізілген.

АҚШ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірнеше арнайы қызмет орындары мен құқық қорғау органдары айналысады (ФТБ және Әділет министрлігі халықаралық полициясының ұлттық бюросы, Ішкі қауіпсіздік министрлігі жанындағы құпия қызметінің экономикалық қылмыстар басқармасы, қаржы министрлігінің қаржылық қылмыстарға қарсы күрес (қаржылық барлау) құқық қорғау жүйесі).

Көрсетілген құрылым қызметкерлері, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті халықаралық деңгейде бірлесе атқару ынтасын қолдайтындығын атап көрсетті. Осы жағдайды ескеріп, олар өздерінің нақты қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимылды өркендетуге, содай-ақ ЮСАИД-та және шетелдерде айналысып жатқан ҚР-ның әріптестеріне әдістемелік және техникалық көмек көрсетуге әзір екендігін білдіреді.

Қазақстандықтар үшін негізгі қызығушылық ТМД елдерінде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгі шеңберінде ЕҚЫҰ-мен өзара қарым-қатынас болып табылады.

Біріктірудің тиімді жолы Европа Кеңесі құрылымдарымен, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген елдер тобы» (штаб-пәтері Стасбург қаласында) – Европа елдері Әділет министрлігінің комитеті органымен қарым-қатынас болып табылады. Достастық елдер арасынан бұл топқа Армения, Әзірбайжан, Молдова, Украина кіреді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдардың ішінен Франциядағы экономикалық ынтымақтастық және өркендеу ұйымының (ЭЫӨҰ) жанында 1989 жылы «үлкен жетілік» елдерімен құрылған осы ортаға беделді халықаралық орган болып табылатын ақшаны жылыстатумен күрес тобы (ФАТФ) орналасқан.

2004 жылғы қазанда ФАТФ-ның бастамасымен терроризмді қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатумен күрес жүргізетін Еуропалық аймақтық топ (ЕАТ) құрылды, ол топқа Ресей, Қытай, Белорус, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және кейіннен Өзбекстан кірді.

Сонымен қатар, ҚР ЭСЖҚА өкілдері, елшіліктің ықпалымен Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украина үшін ЭЫӨҰ Стамбулдық жоспар шеңберінде 1998 жылы қазан айында Стамбул қаласында ЭЫӨҰ-ның Қаржы және кәсіпкерлік директорымен құрылған өтпелі экономикалы елдер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесіндегі шараларға үнемі қатысып отырады.

Түрік Республикасында экономикалық қылмыстарға қарсы күресті Қаржы министрлігінің Қаржылық қылмыстарды тергеу бюросы атқарады (MASAK).

MASAK халықаралық қызметі, оның ішінде ақпараттық алмасу әлемі 84 елінің қаржылық барлауын құрайтын «Эгмонт тобы» қағидаттары негізінде іске асырылады.

Ағымдағы жылғы 12-13 маусымда ЭСЖҚА өкілдері СПД–нің мәжіліс тобының кездесуіне қатысып, шетелдік әріптестерді халықаралық сарапшылардың ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді шараларын жетілдіру ұсынысын іске асыру жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, Лион қаласында орналасқан ҚР ІІМ-нің өкілі бар халықаралық ИНТЕРПОЛ криминалдық полиция ұйымын атап өту қажет.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында, ҚР-ның Украинадағы елшілігі қызметкерлері Қауіпсіздік қызметі, Қаржылық мониторинг мемлекеттік департаменті, Украинаның ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бас басқармасы, үкіметтік емес ұйым болып табылатын халықаралық қылмысқа және терроризмге қарсы күрес комитеті өкілдерімен алдын ала кездесу өткізілді.



44-тармақша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған ведомстволық жоспарларын мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңестерде талқылау арқылы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (Мүдделі мемлекеттік органдар).

Түскен ақпараттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомстволық жоспары мынадай мемлекеттік органдарда: ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, Бас прокуратурада, Жоғарғы Сотта, Ұлттық банкте, әділет, қорғаныс, қаржы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және ақпарат, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, туризм және спорт, көлік және коммуникация, төтенше жағдайлар министрліктерінде, статистика, жер ресурстары басқармасы агенттіктерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әзірленген.

ҚР Үкіметімен көрсетілген кемшіліктерді жою барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомстволық жоспары әзірлену үстінде екендігі туралы ЭБЖМ, ТМРА-дан қосымша анықтамалар келіп түсті.

Ағымдағы жылғы 17 маусымда ДСМ және ӘҚЕҚМ-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ведомстволық жоспарлары әзірленіп бекітілді.



45-тармақша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған ведомстволық жоспарларын әкімдіктер жанындағы сараптамалық кеңестерде талқылау арқылы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (Облыс және Астана, Алматы қаласының әкімдері).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған аумақтық бағдарламалары әкімдермен әзірленіп, кезекті маслихат сессиясының отырысында: Астана қаласында – 2006 жылғы 1 маусымда; Алматы қаласында – 2006 жылғы 14 сәуірде; Алматы облысында – 2006 жылғы 24 сәуірде; Ақтөбе облысында – 2006 жылғы 14 наурызда; Ақмола облысында – 2005 жылғы 7 желтоқсанда; Атырау облысында – 2006 жылғы 24 мамырда; Шығыс Қазақстан облысында – 2006 жылғы 4 сәуірінде; Жамбыл облысында – 2006 жылғы 6 маусымда; Батыс Қазақстан облысында – 2006 жылғы 5 мамырында; Қарағанды облысында – 2006 жылғы 5 шілдеде; Қызылорда облысында – 2006 жылғы 30 мауысымда; Қостанай облысында – 2006 жылғы 18 мамырда; Павлодар облысында – 2006 жылғы 27 сәуірде, Маңғыстау облысында – 2006 жылғы 30 маусымда; Солтүстік Қазақстан облысында – 2006 жылғы 2 мамырда бекітілген.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінде аймақтық бағдарлама бекітуге ұсынылған.



46-тармақша. Тәртіптік кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметіне мониторинг жүргізу (Облыстық және Астана, Алматы қаласының әкімдері).

Тәртіптік кеңестерінің қызметіне мониторинг өткізу нәтижесі жөніндегі қорытынды ақпарат Мемелекеттік істер агенттігімен 2006 жылғы 15 шілдеде Президент Әкімшілігіне ұсынылды.



49-тармақша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының қолдану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманы жетілдіру барысы туралы халықты хабардар ету жөніндегі тұрақты жүйелі жұмысты қамтамасыз ету (Мемлекеттік органдар, облыс және Астана, Алматы қаласынің әкімдері).

Мемлекеттік органдармен қарастырлып жатқан тақырыптағы ақпараттық ағымдардың тұрақтылығын және жүйелігін қамтамасыз ету мақсатында насихаттау іс-шараларының ауқымды жиынтығы қаралған. Оның іске асырылуы барлығына міндетті болып табылады. Оның ішінде: тоқсандық медиа-жоспарларды және ақпарат құралдарында сұхбат беру кестесін әзірлеу, «тікелей байланыс», «ашық есік күндерін», «дөңгелек үстел» және семинарлар өткізу, «сенім телефондарын» бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру, мақсатты топтармен түсіндіру жұмыстары, маңызды көкейтесті істер бойынша баспасөз конференцияларын және брифингтер ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттерге қарсы қолданған шаралар жөнінде халықты хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды жетілдіру, сонымен қатар құқық қорғау органдарының беделін көтеру.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында бұқаралық ақпарат құралдарына 1759, оның 689 республикалық БАҚ-қа жарияланым берілді. Соның ішінде 656-сы телеарна, 317-сі радио, 786-сі басылымдар арқылы берілді.

«Казахстанская правда», «Егеменді Қазақстан», «Заң газеті» газеттер беттерінде, сонымен қатар «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу тетігі тақырыбына арналған 96 жарияланым берілді.

Бүгінгі таңдағы ең маңызды өзекті тақырып, ол - Елбасшысының 2006 жылғы 1 маусымда өткізілген Қауіпсіздік Кеңесінде берген бес басым бағытта сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар: мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, салық, кеден және жол полициясы органдарында күресті күшейту. Күш құрылымдары басшыларының сөйлеген сұхбаттары барлық негізгі телеарналар арқылы берілді, ал «Экспресс-Казахстан» газетіне шыққан «Забрали тех, кто брали» мақаласында - құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы деректер жарияланды.

«Заң» газетінде Қаржы полициясы академиясы қызметкері «По примеру Италии» мақаласында ағымдағы жылғы 2 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Конституциялық кеңес өкілдері қоғамдағы сыбайлас жемқорлық саясатын ғылыми және тәжірибелі қамтамасыз ету мәселелері туралы ғалымдардың қатысуымен болып өткен отырыстың нәтижесін жариялады.

Қаржы полициясы академиясы бастығының құқық қорғау органдарында жедел-тергеу қызметін реттеу заңдылығын жетілдіру мәселесіне, арналған «Нуждается в совершенствовании» мақаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның мәселелеріне арналып, жеке тақырыпта берілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып, баспасөз конференциясы түрінде нақты қылмыстар жөніндегі ақпарат қызметкерлерінің түсініктемелері, комитет басшысының сұхбаты өткізілді, сонымен қатар ақпараттық хабарламалар жарияланды. Телеарна бойынша 35 бейнематериалдар көрсетілген, электрондық және басылымды БАҚ-да 115 жариялыманымдар орналастырылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында (www.knb.kz.) жедел-іздестіру қызметінің нақты нәтижелері жөнінде «Коррупция и организованная преступность» арнайы айдарының жариялануы халықта жоғары қызығушылық тудырды. Ақпараттық агенттіктер, оның ішінде шетелдіктер, өздерінің хабарламаларында ҰҚК Web-сайтында орналасқан материалдарды үнемі қолданады (2006 жылы 36 материал жарияланған).



Бас прокуратурамен республикалық, аймақтық және ведомстволық БАҚ-да сыбайлас жемқорлық тақырыбына 1700 аса жарияланым ұйымдастырылған. Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлерінің мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орны студенттері және әскери қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының төңірегінде 1200 түсіндірмелі кездесулер мен сұхбаттар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы негізінде Бас прокуратура әзірлеген және қылмыстық жолмен келген табыстардың жылыстатуға қарсы іс-әрекеттерге және республикада қаржылық мониторинг органын құруға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарының екі заң жобаларына аса көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, осы мерзімде БАҚ-да кәсіпкерлікті қорғауды күшейту және билік пен табыскерлік арасындағы сұхбатты жақсарту мәселелеріне қатысты жарияланымдар ұйымдастырылды. Прокуратура органдарымен мемлекет органдарының шағын қәсіпкерлікке ұсынылып отырған қызметтерінің сапасын айқындау, заңсыздықты болдырмау, кәсіпкерлерді олардың заңды құқықтарымен, сондай-ақ лауазымды қызметкердің міндеттерімен хабардар ету мақсатында өткізілген «Заң және кәсіпкерлік» атты акциясы бұқаралық ақпарат тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Мақсатты топтарға алдын алу бойынша ықпал жасау және нақты құқықтық мөлшерді насихаттау мақсатында, республикалық прокурорлық тексеріс қорытындыларын БАҚ арқылы тарату жолға қойылған.



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен БАҚ-да 50-ден астам жарияланым жүргізілген. Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Агенттіктің Тәртіптік кеңестерімен, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және халықтың қатысуымен кең көлемде акция түрінде салық органдарының кешенді тексеруі өткізілді.

Тексеру қорытындыларымен халықты БАҚ-ы арқылы үнемі хабардар етіп, баспасөз конференциялары, кездесулер және дөңгелек үстелдер өткізілген, кездесулерде кәсіпкерлер Президенттің Қазақстан халқына жолдаған, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, төрешілдіктің бейімсіз функцияларына тыйым салу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық тәртіпті жеңілдету жөніндегі жолдамасын қызу қолдайтындықтарын білдірді.

Көрсетілген уақытта Тәртіптік кеңес мүшелерімен БАҚ арқылы 1321 жарияланым, оның ішінде: телеарнадан - 511, радиодан - 208, газеттер мен басқа да басылым құралдарынан - 602 берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет