2006 жылғы бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі қорытынды талдау хабарламасы



жүктеу 485.8 Kb.
бет3/3
Дата25.03.2019
өлшемі485.8 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3

Ішкі істер министрлігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне» Қылмыстық кодексте қаралмаған мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз сыйақы алуы және коммерциялық параға итермелеу әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісілуге жіберілді.

Қазақстан Республикасы Парламентінде Ішкі істер министрлігімен әзірленген «Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қылмыстық заңнамаларды жетілдіру мақсатында өзгірістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылуда. Заң жобасы бойынша, автокөлік жолдарын, тұрғын үйлердің және ғимараттардың сапасыз салынуы және жөндеу жұмыстарына қылмыстық жауапкершілік енгізу қаралған.



Астана қаласының әкімшілігімен жарты жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу туралы шешім қабылдауға байланысты 20-дан аса материалдар БАҚ-та жарияланған.

«Лига потребителей», «Право-Астана», «Ардагер», «ЖАРиА» және басқа да қоғамдық ұйымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптары бойынша мемлекеттік органдардың, БАҚ-тың өкілдерін шақырып, халықпен кездесулер өткізіп, дөнгелек үстелдер ұйымдастырып, халық арасында өз жұмыстарымен белгілі болды.

Қалалық прокуратура, кәсіпкерлердің құқығын қорғау ассоциациясы және «Атамекен» Қазақстан жұмыс берушілері және кәсіпкерлердің жалпы ұлттық одағы аймақтық филиалымен бірлескен «Шенеунік және кәсіпкер» атты акция өткізілді.

Осы акцияның шеңберінде кәсіпкерлердің бақылау-қадағалау органдары және басқа қалалық ведомстволардың басшыларымен кездесулері ұйымдастырылып, құқықтық және салықтық тіркеуді оңайлату, коммерциялық және тұрғын үй салуға жер учаскелерін бөлу мәселелері қаралды.



Қарағанды облыстық әкімшілігімен ағымдағы жылғы 1 наурыздағы Елбасының жолдауына кең көлемде талқылаулар ұйымдастырылды.

Насихаттау жұмыстары шеңберінде «Индустриальная Караганда» газетінде «За строкой Послания Президента» тақырыбы мен «Сохраняя активы государства» мақаласы жарияланған. Апта сайын аудан әкімдері, кенттер мен ауылдық округтері тұрғындарымен кездесулер өткізу барысында «Нақты адамның нақты мәселесін шешу» күндері өткізіледі. Аталған іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін атқарушы органдардың қабылдаған шешімдері туралы халыққа түсініктемелер беріліп, өткізілген кездесулер материалдары БАҚ-та жарияланып отырылады.

Осы бағыттағы жұмыстар басқа да мемлекеттік органдарда өткізіледі.

50-тармақ. Билік органдары өкілдерінің тарапынан қорқытып алу фактілеріне шыдамсыздық жағдайын құру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-қимылды талқылау бойынша форумдар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар ұйымдастыру (ҚПА (шақыру), МҚІА (келісім бойынша), облыстық және Астана, Алматы қаласының әкімдері).

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) 2006 жылғы 3 маусымда «ЭРА-ТВ» телекомпания студиясында «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымдарда» тақырыбында өткізілген «Ашық әңгіме» әлеуметтік-талдамалы бағдарламасының жұмысына қатысты. Сол жұмыста саясаткерлер, мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасында, бұл құбылыспен күресудің нақты Астанада және республиканың басқа аймақтарында атқарылу деңгейі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа итермелейтін жағдайлар мен себептері талқыланды.

Ағымдағы жылғы наурызда, Агенттіктің басшылары Д. Назарбаеваның төрағалық етуімен өткізілген «Аймақ» атты депутаттар тобының отырыс жұмысына қатысты, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесі қаралды.

2006 жылғы 16-17 наурызда Агенттіктің қолдауымен Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің батыс аймағы бойынша семинар отырыс өткізілді.

Оның жұмысына Агенттіктің басшылары, «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің одағы, «TRANSPARENSI KAZAKHSTAN» қоғамдық қоры, ЕҚЫҰ, облыстық пркуратура, Ұлттық қауіпсіздік, әділет, ішкі істер, кеден органдары, мемлекеттік сатып алу және қаржы бақылау басқармасы, салық комитеті өкілдері, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша ЭСЖҚД басшылары қатысты.

Семинар барысында ұйымдар мен құзыретті органдар өзекті мәселелерді талқылап, ой-пікірлерімен алмасты.

Сондай-ақ, Қаржы полициясы академиясының негізінде Әділет министрлігі жанындағы заң ғылыми зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының тұжырымдамасы талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен 2006 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар одағымен біріккен ҚР орталық мемлекеттік органдар басшыларына және «Халлибертон», «Филипп Морис Қазақстан», «Мицубиши Корпорейшн», «Лукойл Оверсиз Сервис Лтд», «Брейсвелл энд Джулиани» және басқа шетелдік компаниялар өкілдеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың тиімді шаралары: ұлттық стратегия және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе» семинары өткізілді.

Аталған семинардың жұмысына Президент Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың, БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы, шетелдік компаниялар өкілдері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлықтың экономикалық және әлеуметтік салдарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен танысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізу және пікір алмасу.

Әділет министрлігімен, әділет органдары қызметкерлерінің қатысуымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңес басқармаларымен ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында семинарлар өткізілді.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» тақырыбында жеке қауіпсіздік қызметекерлерімен семинар-отырыс өткізілді. Семинар-отырыста облыстық құрылымдардың жеке қауіпсіздік қызметкерлері мен Бас прокуратура өкілдері қатысты.



52-тармақ. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырумен мақсатты және дәйекті айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету (МИМ (шақыру), облыстар және Астана, Алматы қаласының әкімдері).

Мәдениет және ақпарат министрлігінде үкіметтік емес ұйымдарды азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға тарту жұмыстары жүргізілуде.

Басқа да қатысты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың, азаматтық қоғам институтын қатыстырумен заңдылықты жетілдірудің ауқымды жұмыстарын болжайтын, Азаматтық қоғам тұжырымдамасы жобасын әзірлеп Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесіне ұсынған.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұмысты атқарудың негізгі тетігі ҮЕҰ-дың әлеуметтік маңызды жобаларына конкурстар өткізу болып табылады. Конкурс өткізудің жариялылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Министрдің бұйрығымен сарапшылар комиссиясы құрылды, ол комиссияның мүшелеріне ҮЕҰ-ның белгілі көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау бағытында ҮЕҚ-мен бірлескен жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, Қостанай облысында мұндай ұйымдар қалалық және аудандық әкімдердің қолдауымен, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру жұмыстарын құқықтық қорғаумен айналысатын «Кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды оңтайландыру қоры» қоғамдық қор, «Табыскер және даму» қоғамдық қоры, «Тюльпан», «Созидание» қоғамдық бірлестіктер, «Қорғау» Қостанай қалалық қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдемдесу қоры» қоғамдық қормен облыстық әкімшіліктің ішкі саясат департаменті үнемі семинарлар, лекциялар және мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кездесулер өткізіп отырады.

Ақтөбе облысында ағымдағы жылғы 26 мамырда Мұғалжар ауданы әкімімен «Мемлекеттік қызметкершілердің «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптарын орындау мақсатында ауданның қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен семинар отырыс өткізілді. Осындай семинар отырыс 2006 жылғы 5 маусымда Қарғалы ауданында өткізілді.

Облыстық ішкі саясат департаментімен облыстық газеттерге және телеарналарға тәртіптік кеңестің отырыстары, азаматтарды қабылдау, сенім телефондарының жұмысы туралы хабарламаларды тегін жариялауға үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің мемлекеттік бағдарламасын тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылады.

«Жетісу» телерадио компаниясының эфирі арқылы тұрақты түрде «Адам және Заң», «Тікелей эфир», «Жеті жарғы», «Өмір өзегі» ток-шоуы және «Сөйлесейік...», хабарлары жүргізіледі.

53-тармақ Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер (мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары) туралы жұртшылықты хабардар ету. (Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі, мемлекеттік органдар, облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдері).

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу негізінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың тазалығын қамтамасыз ету мақсатындағы мәліметтерді баспа өнімдеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, сұхбаттасуға, баспасөз конференцияларына жіберіледі. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі белгілі бір мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жерге қатысты заңдылықтар мен нормативтік құқықтық актілерге ревизиялық тексерулер жүргізеді.

«Экономика саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1404 қаулысын орындау мақсатында жер ресурстарын басқару мен экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктерінің бірлескен бұйрығымен Мемлекеттік жер кадастрында тіркелген жер учаскелері туралы ақпараттармен алмасу туралы ережелері бекітілді. Осы уақыттары Астана және Алматы қалаларының азаматтары мен заңды тұлғаларына жер учаскелерін құқықтық растайтын құжаттарын беру «жалғыз терезе» принципі бойынша жүргізіліп келеді, бұл жерге қатысты мәселелердің айқындылығы мен тазалығын көрсетеді.

Астана қаласында коммерциялық және тұрғын үйлер салуға қатысты жер қатынастары мәселелерін қалыптастырып отыру мақсатында қала мәслихатының шешімімен бекітілген Жер учаскелерін пайдалануға құқық беру ережелері бойынша жүргізеді. Астанада осындай нормативтік актіні қабылдағаннан кейін ҚР Жер кодексінің таратушы және бұлжытпай қадағалаушы құқықтық базасы құрылған. Жергілікті баспа өнімдерінде 1 айда 2 рет сатуға қойылған жер учаскелері жарияланады, аукционның өткізілу тәртібі анық көрсетіледі. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 68 бұйрығы негізінде веб-сайт құрылды, онда көлік және коммуникация кешені саласындағы мәліметтер жинақталған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі ағымдағы жылғы 1 тоқсанында Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру процесі түсірілімдерімен тақырыптық бағдарламаларды жүзеге асыру мен жалға беру негізінде ашық конкурс жүргізуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіп, қоғамға хабарлап отыр. Сонымен қатар, қызмет көрсету және автокөлікті жалдауға мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету және т.б. келешекте болатын іс-шаралар жарнамалары мен қорытындыларын мемлекеттік органдар министрліктердің саясатында мемлекеттік және орыс тілдерінде «мемлекеттік сатып алу бюллетені» атты арнайы баспа өнімінде жариялайды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарланған уақытта министрліктерде конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына қаржыгерлер, заңгерлер, техникалық сарапшылар кіреді. Ағымдағы жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық органдарымен әртүрлі бағыттағы табиғатты қорғау туралы (заңсыз аңшылыққа, балық аулауға қарсы күрес және т.б.) 56 материал жарық көрді, оның – 44 баспасөз және ақпараттандыру агенттіктерінің жолдарында, теледидарда - 12 таратылды.



Осы уақыттары табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері, облыстық ішкі істер департаменті «Газон», «Таза ауа» іс-шараларын жүргізуде, оның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.

Осыған ұқсас іс-шаралар Қостанай облысында жүргізіліп келеді. Мемлекеттік сатып алуды өткізу және оның қорытындылары Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастарына қатысты мәселелер нормативтік құқықтық актілер жарияланып отырады. Облыстық прокуратура органдары ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты облыстық жер қатынастары басқармасының мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылау басқармасындағы мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықты анықтады. Анықталған фактілер құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде талқыланып, баспа мен теледидарда көрсетіледі. Алматы қаласында қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде қабылданған шешімдермен хабарлап отыру мақсатында, мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр: «Мемлекеттік сатып алу» ҚР Заңына сәйкес өкілетті органдар мерзімді баспасөз бетіне жуырда белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде өтетін конкурсты жариялап отырады, Алматы қаласын экологиялық тұрғыдан тазартуды оңтайландыру мақсатында «Таза ауа – жанға дауа» бағдарламасын қоғамдық тыңдау арқылы тарату үшін қалалық әкімдігі жер комиссиясын құрды. Жер қатынастары басқармасы «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің беттерінде 50 мақала және жер қатынастары мәселесіне қатысты қабылданған шешімдер туралы мәліметтер «Алматы» телеарнасы бойынша 25 көрсетілім көрсетті. Қарағанды облысында қоғамды ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу материалдары облыстық баспа беттерінде «Сыбайлас жемқорлық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта жарық көрді. Қаржылық бақылау басқармасының жұмысы мен Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сатып алу «Арна» газетінде жарық көрді. Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен «Атамекен» бірлесе отырып, жер учаскелерін кәсіпкерлікке беруде айқындылық пен тазалық кепілі ретінде жұмыстар жүргізіп келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелерін талқылау мақсатында комиссия отырысы жоспарланады. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу туралы шешімдері конкурс қорытындылары «Мемлекеттік сатып алу бюллетені» газеті мен облыс әкімінің ВЕБ – сайтында беріледі. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламалармен қамтуды үйлестіру Департаментінде мемлекеттік сатып алуды жариялау процесін қамтамасыз ету мақсатында мүгедек жандарға сурдо құралдарды мемлекеттік сатып алуда бақылау кеңесі құрылған, оның құрамына қоғамдық мүгедектер ұйымы өкілі, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі кіреді. Жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттік сатып алу қызметтерін ұйымдастыруда энергетика және минералды ресурстар министрлігі біршама жұмыстар жүргізді. Ұлттық компаниялар мен табиғи монополия субъектілерінің қаржылық көрсеткіштері жылдық қорытынды бойынша жарияланып отырады. Мысалы: «KEGOK» АҚ-ның 2005 жылғы және 2006 жылғы 1 тоқсан бойынша қаржы қорытындысы «Мегаполис» газетінде 2006 жылғы 19 шілдедегі № 24 (288) жарияланды. «Кәсіпкерлік және билік» газетінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 8 нөмірінде Энергетика және минералды ресурстар министрі Б.С. Ізмұхаметовтен сұхбат алынған. «MAZEIKIU NAFTA» мәселесі наурыз-сәуір айларында шешіледі.

57-тармақ Әлемдік практика ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, ҰҚК).

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басшы қызметіне тағайындалған және алғашқы рет мемлекеттік қызметке тағайындалғандар үшін оқу жұмысы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасында және шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтарын қайта даярлау жалпыға міндетті. Астана қаласы әкімінің аппарат басшыларымен мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында, «Мемлекеттік қызметтегі қазіргі заманғы технологиялық басқару», 2006 жылғы мамырда Академия оқытушылары «Сыбайлас жемқорлықтың құқықтық және әлеуметтік аспектілері» тақырыбында лекция оқыды. Бұдан басқа да ағымдағы жылғы ақпанда «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс», «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтары» тақырыбында дәрістер «Мемлекеттік қызметтің кәсіптік біліктілігінің әлеуметтік-психологиялық негізі» семинарын оқыды, наурызда адам құқығын қорғау аумағындағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтары ҚР қаржы министрлігі мен «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы арасында орталық министрлік аппаратының және ведомстволардың мемлекеттік қызметкерлерін «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық негізі тақырыбында қысқа мерзімді оқытуды өткізу ағымдағы жылғы 1 жарты жылдықта орталық аппарат пен комитет қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі тақырыбына дәріс оқыды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2006 жылғы 27-31 наурыз аралығында өткізілген «Этникааралық қатынастарды басқару семинарында ЕҚЫҰ-мен бірлесе отырып, аумақтық қайта даярлау мен кәсіби біліктілікті көтеру орталықтары үшін этникааралық қатынастарды қалыптастыру, факторларды тұрақтандыру, адам құқығы, азғантай этника, этникалық қақтығыстарды талдау және шешу мәселелері қаралды. Агенттік төрағасы Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Израиль мемлекеті, Иран, Испания, Қытай елшілерімен кездескенде мемлекеттік қызметтерді жаңарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру және мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы өзара қарым-қатынас келешегін анықтады. Ішкі істер министрлігінің сұранысы бойынша ҚР Агенттігі Сингапур мемлекетіне Ішкі істер министрлігінен 15 қызметкерді ағымдағы жылғы қазанда Сингапурдың мемлекеттік саяси мектебіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» курсы бойынша оқуға жіберді. Ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Ішкі істер министрлігі Испанияға, Кентуккиге (АҚШ) кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында делегация барды, осы сапарда осы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тәжірибесін жинақтады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімін жетілдіру және қайта даярлау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына дәрістер ұйымдастыру туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ұсыныс жасалды.



59-тармақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен күрес мәселелерінде тәжірибе алмасу жөніндегі халықаралық конференцияларға, семинарларға қатысу. (ҚПА (шақыру), БП (келісім бойынша), МҚК (келісім бойынша), Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі).

Жыл басынан бері ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері мынадай іс-шараларға:



  • 2006 жылғы 24 наурыз - 2 сәуір аралығында мемлекеттік қызметшілердің экономика және саяси ғылымдардың Лондон мектебіне барған оқу сапарына (Ұлыбритания);

  • 2006 жылғы 26 наурыз - 2 сәуір аралығында БҰҰ-ның нашақорлық және қылмыс туралы Орталық Азия басқармасының ұйымдастыруымен Ашғабадта өткен «Орталық Азиядағы халықаралық құқықтық қарым қатынасты жетілдіру» атты семинарға (Түркменстан) қатысты.

ЕҚЫҰ–ның Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Леа Бюрмен Алматыда өткен кездесуде қыркүйек айының соңында Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған дөңгелек үстел мен семинар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері БҰҰ, ЕҚЫҰ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына ұйымдастырылған конференциялар мен семинарларға, оқу-жаттығу тренингтеріне тұрақты қатысуда. Олардың қатарына қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің Еуразиялық тобының, халықаралық қаржылық барлау жүйесінің «Эгмонт тобының» қылмыстық қаржыны ресмилендіруге қарсы бағытталған «FATF» қаржылық тобының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Стамбулдық іс-жоспарын жатқызуға болады.

2006 жылғы 12-13 маусымда Париж қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Стамбул іс-жоспар шеңберінде 5-шолушы және 7-кеңесуші топтардың кездесулері өтті. Осы кездесулер барысында осыған дейінгі 4-шолушы мен 6-кеңесуші топтардың өткізген үйлестіруінің Стамбул жоспары аясында Қазақстан тарапынан іске асырылуы талқыланды.

Сондай-ақ, Агенттіктің басшылығы тарапынан АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі Энн Паттерсонмен, АҚШ Конгрессінің ЕҚЫҰ жөніндегі комитетінің бас кеңесшісі Шелли Ханмен кездесулер ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Үстіміздегі жылдың ақпанында Бас прокуратураның қатысуымен Мәскеуде өткен ТМД елдерінің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде қылмыстардың сыбайлас жемқорлық сипатын анықтау, олардың статистикалық есептілігін жүргізу, Достастық елдері прокуратураларының бірлескен қимылдарын жақсарту мәселелері қозғалды. Осы жұмыс тобының атқарған іс-шараларының қорытындысы 2006 жылғы 25 мамырда Минскіде өткен ТМД елдері Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. Нәтижесінде Кеңестің хатшылығында ТМД елдері прокуратуралары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әріптестік қарым-қатынасты жақсарту мен статистикалық есептілікті жетілдірудің жобасын жасауға тапсырма берілді. Үстіміздегі жылғы 10 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Мемлекеттік басқарудың жалпы дүниелік тиімділік үрдісі» атты халықаралық конференция болып өтті. Оған мемлекеттік орталық органдардың, халықаралық ұйымдар мен елшілік өкілдері мемлекеттік басқарудың практиктері және шет елдің ғалымдары мен қызметкерлері қатысты. Конференция барысында мемлекеттік басқаруды түрлендіру сот жүйесі мен дипломатиялық қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері сөз болды. 17 наурызда Израиль елшілігімен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың кадрлық және ақпаратты-техникалық бөлім басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілерді қашықтықта интерактивті түрде оқыту» атты семинар өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерді келешекте электронды қашықтықта және интерактивті виртуалды түрде оқыту мәселелері талқыланды. 17-20 мамырда ҚР мен Грузия ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен жол полициясы бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибелер алмасу болды.

Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері төмендегідей халықаралық семинарлар мен пікір алмасуларға қатысты «Мафияға қарсы күрес және заңдылықты сақтауды оқыту; Палермо тәжірибесі» (Италия), «БҰҰның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту және оны іске асыруды жеделдету мәселелері туралы» (Болгария): «Мемлекеттік секторды реформалау» (Сингапур); «Құқықтық мемлекет және басқаруды нығайту - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» (Тәжікстан); «Құқық қорғау органдарындағы сыбайластықтың алдын алу туралы» (Ирландия). ІІМ–нің ішкі қауіпсіздік қызметкерлерінің Мәскеу қаласымен Оңтүстік Кореядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен танысу мақсатында іссапардың мәселесі талқылану үстінде.



62-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықарлық конвенцияларға қосылуға бағытталған жұмыстар жүргізу және оларды бекіту (БП шақыру, мүдделі мемлекеттік органдар).

Егер Қазақстан Сыбайлас жемқорлық қылмыстың жауаптылық конвенциясына (Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар) қосылатын болса, онда қылмысты орындау құралын және сыбайластықпен алынған пайданы тәркілеу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, Европа Кеңесі елдері мен осы Конвенцияны қуаттаған басқа мемлекеттермен екі жақты көмек алуға қол жеткізуге болады. Осы Конвенцияға сәйкес кез-келген қылмыстың сыбайласы сол елге қайтарып беру қарастырылған, егер ондай келісім болмаған жағдайда, Конвенцияда көзделген кез-келген қылмыстың тәртіп бұзушылығы құқықтық негізге алынуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстық сыбайласы жасаушының Еуропа Кеңесіне мүше елдердің көлемінде жүргені белгілі болған жағдайда оларды Қазақстанға қайтарып алуға (экстрадиция) мүмкіндігі туады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының сыбайластыққа азаматтық-құқықтық жауаптылық туралы ETSN 174-Конвенциясына (Страсбург, 1999 жылғы 4 қараша) қосылу мәселесінің тиімділігі қаралу үстінде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет