2007 жылғы қантар-қыркүйек



жүктеу 49.07 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі49.07 Kb.
түріҚұрамы

2007 жылғы қантар-қыркүйек

Өнеркәсіптік өндіріс


2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Өскемен қаласында ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын қаржыландырылмаған корпорация бөліміндегі ірі және орташа кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық құрылымдары, ұйымдаспаған экономикалық қызмет құны 176451,6 млн. теңге болатын өнім өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағамен) 2006 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деңгейге қатысты 101,6%-ды, 2006 жылғы қыркүйекке – 101,1%-ды, 2007 жылғы тамызға қатысты –85,9%-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестиция


2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында есеп берген кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға 35278,3 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 55,9%-ға артық.  Инвестицияның көп бөлігі машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар және мүліктер сатып алуға – 49,2%, сонымен қатар құрылысқа, ғимараттарды күрделі жөндеуге – 49,4% қолданылды.                                               

Ауыл шаруашылығы


2007 жылғы 1 қазанда Өскемен қаласында мал шаруашылығының өнімдерін өндірумен 3 ауылшаруашылық құрылымы, 25 шаруа қожалығы және мал ұстайтын 3,4 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысты. 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында шаруашылықтың барлық санаттарында тірі салмақта 1746,0 тонна мал еті мен құс еті союға өткізілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға артық. 6034,8 тонна сиыр сүті (2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейдің 85,6%), 2287,0 мың дана жұмыртқа (102,9%), 8,9 тонна қой жүні (104,7%) өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімін негізінен уй шаруашылығы өндіруде. Олар еттің 80,1%-ын, сүттің 88,4 %-ын, жұмыртқаның 97,6%-ын, жүннің 46,1%-ын өндірді.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында барлық санатты шаруашылықтарда әр 100 бас аналықты есепке алғанда ауыл шаруашылық малдарынан 80 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңінің деңгейіне қатысты 103,9%), 603 бас торай (66,6%), 96 бас қозы, лақ (100,1%), 86 бас құлын (95,6%) алынды. 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында барлығы 3112 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңінің деңгейіне қатысты 86,0%), 6282 бас торай (68,7%), 2918 бас қозы, лақ (107,7%), 195 бас құлын (77,1%) алынды.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында барлық санатты  шаруашылықтарда 420 бас шошқа, 37 бас қой және ешкі, 5 бас жылқы, 12 бас мүйізді ірі қара өлді. 

Көлік


2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында жүк көлік кәсіпорындары 1917,6  мың тонна жүк тасыды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалының көлемі 39,2%-ға артық болды. 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында барлық бағыттағы жүк айналымы 134,8 млн тонна-шақырым болды.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйекте Өскемен қаласының көлік кәсіпорындары 47413,8 мың жолаушы тасыды., бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда жолаушы тасымалының көлемі 2,4%-ға артық болып, 482,3  млн. жолаушы шақырымды құрады.

Сауда және басқа қызмет көрсету

Жедел деректерге қарағанда 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда тауар айналымы барлық арна түрлері бойынша (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда) 65732,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде жеке тұлғалар 34805,9  млн. теңгенің тұтыну тауарларын (тауар айналымының жалпы көлемінің 52,9%), ресми тіркелген кәсіпорындар 30926,8 млн. теңгенің (47,1%) тауарын сатты.


Қаланың көтерме сауда кәсіпорындары 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 138103,3 млн. теңгенің тауарын сатты. Сыйақы немесе келісімшарт негізінде (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 182,6 млн. теңгені құрады.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында көрсетілген сауда қызметінің көлемі 1751,9 млн. теңге болды, оның көбірек үлесі қоғамдық тамақтану  қызметтеріне тиді.

Бағалар мен тарифтер индексі

2007 жылғы қыркүйекте облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасының жиынтық индексі  2006 жылғы қыркүйекке қатысты 111,5%-ды, 2007 жылғы тамызға қатысты 102,9%-ды құрады.


Азық-түлік тауарларының бағасы 2007 жылғы қыркүйекте облыс бойынша 2006 жылғы қыркүйекке қатысты 13,1%-ға, 2007 жылғы тамызға қатысты 4,2%-ға өсті.
Облыс бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобының баға индексі 2007 жылы қыркүйекте 2006 жылғы қыркүйекке қатысты 107,4%-ды, 2007 жылғы тамызға қатысты 101,2%-ды құрады.
Облыс бойынша тұрғындар үшін қызмет көрсетудің баға және тарифтер индексі 2007 жылы қыркүйек айында 2006 жылғы қыркүйекке қатысты 113,3-% ды, 2007 жылғы тамызға қатысты 102,5% -ды құрады.

Еңбек нарығы


Филиалдарды қосқанда ірі және орташа кәсіпорындарда , сондай-ақ жұмысшы санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды және банктердегі жұмысшылардың тізімдік саны Өскемен қаласы бойынша 2007 жылғы қаңтар-тамыз айларында орта есеппен 111728 адам болды. 2007 жылғы 1 қазанда Өскемен қалалық еңбекпен қамту қызметіне 4078 адам өтініш жасапты (2006 жылғы сәйкес кезеңге қатысты 100,3%), 3548 адам жұмысқа орналасты (101,4%).
Өскемен қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 1160 адам қатысты. Кәсіптік оқуға 539 адам жіберілді.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылғы 1 қазанда Өскемен қаласында жұмыссыздар саны 1923 адам болды (2006 жылғы 1 қазанда – 2335 адам).

Еңбекақы төлеу


2007 жылғы қаңтар-тамызда жұмысшылардың жалпы еңбекақы қоры (ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ санына қарамастан филиалдары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды және банктерді қосқанда) орта есеппен Өскемен қаласы бойынша 40382,2 млн. теңге, немесе облыс бойынша көрсеткіштің 43,8%-ын құрады. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда еңбекақы қоры қала бойынша 33,4%-ға өсті. Өндіріс үлесіне еңбек ақының жалпы қорының 35,0% тиді.
2007 жылғы қаңтар-тамызда Өскемен қаласында орташа атаулы еңбекақы орта есеппен 46327 теңге, яғни 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,0%-ға артық болды.

Демографиялық жағдай


2007 жылғы 1 шілдеде жедел деректер бойынша Өскемен қаласында халық саны 298,3 мың. адам болды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 0,7 мың адамға азайып, 99,8%-ды құрады. Соның ішінде қала халқы – 287,0 мың адам (99,7%), ауыл халқы -11,3 мың адам (102,7%) болды.
2006 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда туылғандардың саны 8,6%-ға  артып, 2964 адам болды. Одан басқа 39 сәби өлі туылды.
2007 жылғы қаңтар-тамызда 2913 адам қайтыс болды, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,7%-ға кем.
Жедел деректер бойынша 2007 жылғы қаңтар-тамызда Өскемен қаласының көші–қон үрдісіне 5861 адам қатысты, оның ішінде келгендер саны – 2834 адам, кеткендер саны – 3027 адам болды.
Көші-қон айырбасының нәтижесінде 2007 жылғы қаңтар-тамызда келгендерден гөрі кеткендер саны 193 адамға көп (6,8%).
2007 жылғы қаңтар-тамызда Өскемен қаласында 2032 неке және 1033 ажырасу тіркелді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 7,4%-ға, ажырасу 5,0%-ға артты.
Қалалық жерде некеге отыру саны 6,7%-ға, ажырасу 5,2%-ға артты, ауылды жерде 34 неке, 6 ажырасу  тіркелді.

Халықтың ауруға шалдығуы


Өскемен қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметтері бойынша 2007 жылғы қаңтар-тамыз айларында 2006 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда тұмаумен ауыру – (62,0 есе),  “А” гепатитімен – (3,1 есе), бруцеллезбен – (2,0 есе), вирусты гепатитпен – (28,6%-ға) артты. Сальмонеллезбен ауыру (44,6%-ға), қызамықпен (36,4%-ға), ротовирусты энтеритпен ауыру (40,8%-ға) кеміді.
Жұқпалы аурулардың көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. 2007 жылғы қаңтар-тамыз айларында қала бойынша барлық аурулар санының 100,0% - ротовирусты энтеритпен, 68,8% - шигеллезбен, 89,0% - қызамықпен, 60,3% - жоғарғы тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруларымен, 49,8% - тұмаумен, 46,4% - өткір ішек ауруларымен, 42,0%  бактериялды ішек ауруларымен (нақтыланбаған), 39,1% - педикулезбен тіркелді.

Қылмыстылық

2007 жылғы қаңтар-тамыз айларында Өскемен қаласының құқық қорғау органдарында 4559 қылмыстық іс тіркелді, бұл көрсеткіш 2006 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,7%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда Октябрь және Үлбі тірек бекеттері бойынша қылмыс саны 5,4 және 2,1%-ға сәкес өсті. Сол жағалау тірек бекетінде қылмыс саны 19,3%-ға төмендеді.


2007 жылғы қаңтар-тамызда құқық бұзу негізінде қылмыстың көп үлес салмағын қылмыстық полиция (94,8%), 2,8% - экономика аймағы, 2,4% - басқа да қызметтер алды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет