2009 жылғы 24 қарашадағы №774 және «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 74.04 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі74.04 Kb.



«Медицина және фармацевтика

мамандықтарының номенклатурасын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 24 қарашадағы № 774

және «Интернатура және резидентурада

клиникалық мамандар даярлау

тізбесін бекіту туралы»

2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27

бұйрықтарына өзгерістер

мен толықтыру енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Заң газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1784) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында:

1-тарауда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Терапия (жасөспірімдер терапиясы, гериатрия, диетология)»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалардың)»;

4-тармақ алынып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың)»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың)»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Эндокринология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Эндокринология (балалардың)»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың)»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жұқпалы аурулар (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Жұқпалы аурулар (балалардың)»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың)»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Сәулелі терапия (радиологиялық онкология)

19. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ядерлік медицина)»;

20 және 23-тармақтар алынып тасталсын;


28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Анестезиология және реаниматология (трансфузиология, перфузиология, токсикология) (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

«28-1. Анестезиология және реаниматология (трансфузиология, перфузиология, токсикология) (балалардың)»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

29. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)»;

42, 43 және 44-тармақтар алынып тасталсын;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Педиатрия (неонатология)»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, суицидология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)»;

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Қоғамдық денсаулық сақтау»;

мынадай мазмұндағы 56-тармақпен толықтырылсын:

«56. Жедел және шұғыл медициналық көмек»;

3-тарауда:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер)»;

мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-1-тармақтармен толықтырылсын:

«7-1. Мейіргер ісі (күтім бойынша кіші мейіргер)

7-2. Мейіргер ісі (массажист)».

2. «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында, 2008 жылғы наурыз № 3, 311-бапта жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрығымен бекітілген Интрнатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Педиатрия (медициналық санитарлық алғашқы көмек үшін)

5. Акушерлік және гинекология (медициналық санитарлық алғашқы көмек үшін)»;

осы бұйрығымен бекітілген Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:

3 және 4-тармақтары алынып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Гастроэнтерология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Гастроэнтерология (балалардың)»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Гематология (ересектердің)»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Пульмонология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Пульмонология (балалардың)»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Эндокринология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Эндокринология (балалардың)»;

«10. Нефрология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Нефрология (балалардың)»;

12-тармақ алынып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жұқпалы аурулар (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Жұқпалы аурулар (балалардың)»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Неврология (ересектердің)»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Неврология (балалардың)»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Онкология (ересектердің)»;

33-36 45, 46-тармақтар алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына жеткізіуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



    


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі



Е. Біртанов






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет