2009 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі



жүктеу 18.35 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі18.35 Kb.


2009 жылғы маусымдағы

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы маусымда инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 3,9%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8%-ға (5,7%) төмен.

ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың маусым қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 4,9%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%). Ақылы қызметтер 3,3%-ды құрады (4,2%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 3,5%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6%-ға төмен (8,1%).


2009 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен

Ағымдағы жылдың маусымында мамырға қарағанда азық-түлік тауарларында көкіністер – 2,3%, қант – 2,0%, күріш – 1,9%, ет және ет өнімдері – 0,7%, алкогольды сусындар – 0,5%, кондитерлік және темекі өнімдері – 0,4% әрбірдер, балық және теңіз өнімдері – 0,1% бағасында едәуір өсуі байқалды. Жұмыртқа – 3,7%, күнбағыс майы – 2,4%, сүт өнімдері – 1,4%, жемістер – 1,3%, ұн – 0,6% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде бензин – 3,7%-ға, дизелдік отын – 1,3%-ға, дәрі-дәрмектер – 1,1%-ға, жеке гигиена тауарлары – 0,6%-ға, маталар – 0,7%-ға, аяқ киімдер – 0,6%-ға. Сұйытылған газ – 1,5%-ға, қатты отын – 0,7%-ға төмендеген.

Ақылы қызметтер құрамында теміржол көлік қызметтері – 4,0%-ға, салт-жора қызметтер – 2,4%-ға, тұрғын үйді жөндеу – 2,2%-ға, электр энергиясы – 2,2%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 0,4%-ға, медициналық қызмет көрсету – 1,1%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі – 0,4%-ға қымбаттаған.


2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, %

2009 жылғы қаңтар-маусымда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-маусымға 8,5%-бен салыстырғанда 19,1%-ды құрады.


Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі



Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы маусымда 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (4,4%), Шығыс Қазақстан (4,2%), Атырау мен Жамбыл облыстарында (4,0%) және Алматы (4,6%) қаласында қалыптасты.
2008 жылдың желтоқсанына қарағанда

2009 жылғы маусымдағы өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
------- – орташареспубликалық деңгей – 3,9%





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет