Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еламан Шертаев  UFC тұжырымының экс-чемпионы Чарльз Оливейраның жаттықтырушысы Алиреза Ноеймен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Naiza

Еламан Шертаев Naiza 57 турнирінде UFС лигасының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Чарльз Оливейраның еркін күрестен бапкері Алиреза Ноеймен жұдырықтасып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Алғашқы раундтан басымдылықты қолына алған Шертаев қарсыласын бірнеше рет есеңгіретіп, кештің ең үздік жекпе-жегін көрсетті. 

Айта кетейік, Еламан Шертаев (10-2) Naiza тұжырымында 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 61 келі салмақтағы чемпиондыққа үміткерлердің бірі.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.