2011 жылғы есеп 1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-шаралары



жүктеу 1.33 Mb.
бет4/7
Дата07.05.2019
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7



3-бөлім. Тәуекелдерді басқару



р/с

Ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелді басқару бойынша шараларды қабылдамаған кезде болуы мүмкін салдарлар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушы

Тәуекелдерді нақты басқару

Орындамаудың себептері

1

2

3

4

5

6

7

8


Сыртқы тәуекелдер




Энергия тасымалдауыштардың әлемдік бағаларының құлдырауы

Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы


Активтердің жоғары өтімділігі мен инвестициялық кірістің өсуін қамтамасыз ететін Ұлттық Банк пен Ұлттық Қордың халықаралық резервтерінің құралдарын тиімді басқару.

Жедел жауап қату және оларды қолдану механизмінің дағдарысқа қарсы шараларын әзірлеу




2011 жылы ішінде қажет болған жағдайда

МОД

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)






Әлемдік қаржы дағдарысы

Қазақстан қаржы жүйесінің тұрақсыздануы




2011 жылы ішінде қажет болған жағдайда

МОД

2011 жылы ішінде Еуропа одағының елдеріндегі жағдайға байланысты кредиттік тәуекелін болдырмау мақсатында ҚРҰБ Басқармасы АВА инвестициялық портфелінің Еуро қосалқы портфеліне және ҚРҰҚ жинақ портфелінің Еуро қосалқы портфеліне арналған эталондық портфельді кредиттік сапасы жоғарырақ эталондық портфельдерге ауыстыру шешімін қабылдады.






Қаржы тұрақтылығына қауіп

Қаржы жүйесінде жүйелік дағдарыстың өрбуі

1. ҚҚА мен ҚРҰБ-ның 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрықпен бекітілген Жүйелі тәуекелдерге жедел жауап қату жоспарының шараларын іске асыру
2. Қазақстанда макро-

пруденциалдық реттеуді ендіру бойынша шаралар кешенін іске асыру




Тұрақты

ҚТД

1. 201 жылы тәуекел іске асырылмағандықтан шараларды қабылдау қажет болған жоқ
2. 2011 жылы ішінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңесінің он сегіз отырысы өтті.







Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық

Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің пайда болуы

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел жауап қату шаралары


Қажет болған кезде (тәуекел болған кезде)

ТБВРД

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)





Ішкі тәуекелдер




Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бойынша
іс-әрекеттерінің үйлеспеуі


Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару арналарын құру


Ведомствоаралық үйлестіруді нығайту

Қажет болған кезде

ТБВРД

2011 жылы ішінде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәміле паспорттары бойынша тауарды қозғалысы туралы ақпарат жібермеуіне байланысты Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2011 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың тиімділігіне ықпал ететін көрсетілген мәселені шешу үшін жұмыс кездесу өткізілді






Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы


Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сату үшін қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін

Егер өтімділік портфе-лінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәй-кессіздік анықталған күннен бастап бес жұ-мыс күні ішінде инвес-тициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі


Күнтізбе-лік тоқсанда 1 рет тексеріледі (әрбір тоқсан-ның 10 жұмыс күні).


МОД

ҚРҰБ Төрағасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 93 өкіміне сәйкес өтімділік портфелінде меншікті қаражатының жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін АВА ішінде инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне 2 млрд. АҚШ долларына жуық сомасына активтер аударылды.








Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі


Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген аймақтарда қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы


Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақша жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу

ҚРҰБ резервтік қорларында қолма-қол ақшаға күтпеген сұраныс өскен жағдайда банкноттардың арнайы стратегиялық қорын құру




Жыл бойы қажет болған жағдайда

ҚАЖД

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)







Мамандардың тұрақтамау тәуекелі


Ұлттық Банк қызметі нәтижелігінің төмендеуі


Елдің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің мақсаттарына, міндеттеріне және құндылықтарына адалдық қағидаттарымен, өз ісіне берілген және адал қызмет ететін, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұратын жоғары нәтижелі, кәсіби жетілген, жауапты және этикасы жоғары қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қолжетімді (қашықтан) оқыту жүйесін жетілдіру және біліктілік деңгейін арттыру


Жыл бойы

ҚЖЖД

ДТБД


ҚРҰБ қызметкерлері ҚР шегінде, ҚРҰБ базасында және шетелде семинарлармен (курстарда, тренингтерде) және тағылымдамада оқытылды. ҚРҰБ филиалдар қызметкерлері үшін 3 қашықтық семинарлары өткізілді.

ҚРҰБ ОА және филиалдарының бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Құндылықтар, басқару ұстанымдары, іскери этика» тақырыбында семинарлар өтті.

ҚРҰБ мемлекеттік қызметшілері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының біліктілікті арттыру және қайта дайырлық курстарынан оқудан өтті.

ҚРҰБ ОА және филиалдарының бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Құндылықтар, басқару ұстанымдары, іскери этика» тақырыбында семинарлар өтті.

ҚРҰБ мемлекеттік қызметшілері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының біліктілікті арттыру және қайта дайырлық курстарынан оқудан өтті.

Сонымен қатар, ҚРҰБ 2 қызметкері ҚР Президентінің әкімшілігінде тағлымдамадан өтті.

Швейцарияның Ұлттық Банкімен бірлесіп, қызметтің үздіксіздігі мәселелері бойынша «Исламдық қаржыландыру: теория мен практика» тақырыбы бойынша (оқытушы – Dr. Amir Raslan Abu Bakar, Islamic Research and Training Institute, Islamic Development Bank) Ұлттық Банктің басшылары мен орталық аппараты қызметкерлеріне арналған қаржы тұрақтылығы мен бағалар тұрақтылығы, ақша-кредит саясаты, тәуекелдерді макро- және микропруденциалдық реттеу бағыттары бойынша Гете Бизнес Скул (Германия) профессорлық-оқытушылық құрамды тарта отырып, оқу семинарлары өткізілді.

Қызметкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында, Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді іріктеу ережесіне сәйкес (ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 147 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 желтоқсанда қолданысқа енгізілді) бос техникалық лауазымдарға конкурстар ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.






55

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарына мониторинг жүргізу бойынша

2011 жыл үшін оралымды есептілікке

талдамалық жазба

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-шаралары
Ұлттық Банк 2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру бойынша мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізді.
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1-мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
1.1.1.1-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Экономиканы монеталандыру деңгейі (М3 ақша массасының номиналды ЖІӨ-ге қатынасы)
1.1.1.2-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Ақша агрегаттары көлемінің өзгеруі:

- ақша массасы (М3)

- айналыстағы қолма-қол ақша (М0)

1-іс-шара. Депозиттер тарту

2011 жылы банктерден 13,3 трлн. теңге сомасына депозиттер тартылды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22,0% аз. 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері бойынша қалдықтар 4,6 есе төмендеді және 2011 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша 94,1 млрд. теңгені құрады.



2-іс-шара. Қысқа мерзімді ноттарды шығару

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда шығарылған қысқа мерзімді ноттардың көлемі 10,0% төмендеп, 3,0 трлн. теңге болды. 2011 жылғы желтоқсанда айналыстағы ноттардың көлемі 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 509,8 млрд. теңгеге дейін 43,3% қысқарды.



3-іс-шара. Қайта қаржыландыру заемдарын беру

2011 жылы кері РЕПО операцияларының көлемі 5,5 трлн. теңге болды. 2011 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген берешек 329,2 млрд. теңгені құрады.



1.1.1.3-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі («Ұлттық жинақ ақша деңгейі» ҒБИ көрсеткіші)

1-іс-шара. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлеміне талдау жасау

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 8372,3 млрд. теңгеге дейін 14,2% өсті.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2629,7 млрд. теңгеге дейін 2,8% ұлғайды, ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5755,7 млрд. теңгеге дейін 20,5%-ға өсті.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2758,6 млрд. теңгеге дейін 22,6% өсті.

2011 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2,7% (2010 жылғы желтоқсанда 3,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,6% (8,8%) құрады.

1.1.1.4-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі

1-іс-шара. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлеміне талдау

Банктердің экономикаға берген кредиттерінің жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар- желтоқсанда 8781,4 млрд. теңгені құрай отырып, 15,7%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 5681,6 млрд. теңгеге дейін 29,6%-ға өсті, шетел валютасында 3099,7 млрд. теңгеге дейін 3,4% төмендеді.

Заңды тұлғаларға кредиттер 2011 жылғы қаңтар- желтоқсанда 6434,9 млрд. теңгені құрай отырып, 17,5% ұлғайды, жеке тұлғаларға кредиттер 2346,4 млрд. теңгеге дейін 10,9% өсті.

2011 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 10,8% (2010 жылғы желтоқсанда – 12,9%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 20,4% (20,3%) болды.

1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің ставкалар дәлізінде нарықтық пайыздық ставкаларды қолдау

1.1.2.1-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу

1-іс-шара. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысын дайындау

2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкнің ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу туралы» мынадай қаулылары қабылданды:

1) 2011ж.09.03. № 20 – ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,0%-дан 7,5%-ға дейін көтерілді;

2) 2011ж.25.03. № 31 – ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,5% деңгейде белгіленді;

3) 2011ж.01.07. № 66 – ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,5% деңгейде белгіленді;

4) 2011ж.30.09. № 135 – ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,5% деңгейде белгіленді;

5) 2011ж.26.12. № 207 – ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,5% деңгейде белгіленді.

1.1.3-міндет. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың транспаренттілігін арттыру

1.1.3.1-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша баспасөз-релиздерін шығару

1-іс-шара. Ақпарат дайындау және баспасөз-релиздерін жариялау

Мыналар дайындалып, шығарылды:



  1. «2010 жылдың алдын ала қорытындысы. Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 1 баспасөз релизі;

  2. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы. 2010 жылдың қорытындысы» 2011 жылғы 9 ақпандағы № 4 баспасөз релизі;

  3. «Теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамына көшу туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 6 баспасөз релизі;

  4. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 9 наурыздағы № 7 баспасөз релизі;

  5. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 8 баспасөз релизі;

  6. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 10 мамырдағы № 9 баспасөз релизі;

  7. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 15 маусымдағы № 14 баспасөз релизі;

  8. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі № 19 баспасөз релизі;

  9. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 12 тамыздағы № 24 баспасөз релизі;

  10. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 28 баспасөз релизі;

  11. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы № 32 баспасөз релизі;

  12. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 9 қазандағы № 37 баспасөз релизі;

  13. «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 40 баспасөз релизі.

1.1.3.2-тікелей нәтиженің көрсеткіші. «Инфляцияға шолуды» шығару

1-іс-шара. Ақпарат дайындау және «Инфляцияға шолуды» жариялау

2010 жылдың 4-тоқсаны үшін және 2011 жылдың 1,2,3-тоқсандары үшін «Инфляцияға шолу» шығарылымдары Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында орналастырылды.


1.2-мақсат. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
1.2.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімін қолдау

1.2.1.1-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Кредит нарығының параметрлеріне зерттеуді жариялау («Банктерінің сенімділігі» ҒБИ көрсеткіші)

1-іс-шара. Кредит нарығының параметрлеріне зерттеу жүргізу және жариялау үшін ақпарат дайындау

Осы тексерудің ерекшелігі банк жүйесінің жай-күйін бағалау үшін социологиялық әдістерді пайдалану болып табылады. Тексеру сауалнама жүргізу және банктердің өкілдерімен банктер ұсынған ақпаратты талқылай отырып жеке сұхбат алу арқылы жүргізіледі.

2011 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде (2011 жылғы қаңтар, сәуір, шілде, қазан) банктерді кредит нарығының өлшемдеріне 4 тексеру жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша талдама материалдар мен баспасөз релиздері дайындалып, ҚРҰБ сайтында жарияланды. Осылайша, тоқсан сайынғы тексеру жөніндегі міндет толық орындалды.

Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша банктердің кредиттік саясатының шамалы төмендеуі және кредиттеу талаптарының жақсару аясында кредиттік ресурстарға сұраныстардың одан әрі өсуі байқалып отыр, бұл ретте сұраныстың неғұрлым айтарлықтай өсуі тұтыну сегментінде байқалды.

Мәселен, банк секторындағы клиенттік базаны өрістету бойынша бәсекелестіктің күшеюі байқалды, нәтижесінде банктер кредиттеу талаптарын қайта қарады, ұсынылатын өнімдер жетілдірілді, клиенттердің төлем қабілеттілігін неғұрлым жеке бағалау тәсілі байқалды.

Кредиттік тәуекел банктер үшін әлі де айтарлықтай тәуекел болып қалып отыр. Банктер тәуекел-менеджемент жүйесін жетілдіру және несие портфелін жұмыс істемейтін заемдардан тазарту бойынша жұмыс жалғасты. Несие портфелінің сапасын жақсаруын банктер күтіліп отырған салық заңнамасының жұмсаруымен және проблемалық кредиттер қорын құрумен байланыстырады.



1.2.1.2-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Қаржы тұрақтылығы туралы есепті жариялау

1-іс-шара. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы үшін тәуекелдердің талдауын және бағалауды дайындау

Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ресми жариялатын құжат болып табылады, онда Қазақстан қаржы жүйесінің барлық тәуекелдері (әлеуметті және сол сияқты басталған), сондай-ақ мемлекеттің елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралары толық көлемде ашылған.

Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебі қарды нарығының қатысушыларына, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық проблемасына мүдделі аудиторияға бағдарланған.

2011 жылғы Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ҚРҰБ сайтында 2012 жылғы қаңтарда жарияланды. Есептің құрылымы және объективтілігі тұрғысынан алғанда банктерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы кредиттік тәуекел тақырыбын ашу маңызды болды. Жариялауды кешіктіру банктердің ақпаратты толық көлемде уақтылы тапсырмауына байланысты болды, бұл кредиттік тәуекелді бағалау үшін қосымша жұмыс жүргізуді талап етті. Жариялауды кешіктірудің маңызды сипаты жоқ.



1.2.1.3-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Өңірлік бөліністі қоса алғанда, елдің кредит нарығының жай-күйі туралы мынадай бағыттар бойынша статистикалық ақпарат жариялау:

- кредиттеу объектілері

- қызмет түрлері

- халыққа ипотекалық кредит беру

- тұтынушылық кредиттеу

- шағын бизнес

1-іс-шара. Елдің кредит нарығының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат жасау

Ақпарат «Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінде» жарияланды.



1.2.1.4-тікелей нәтиженің көрсеткіші. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

1-іс-шара. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысын дайындау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 134 қаулысы қабылданды.



1.2.1.5-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Пайыздық ставканың спрэді («Пайыздық ставканың спрэді» ҒБИ)

1-іс-шара. Пайыздық ставканың спрэді деңгейінің мониторингі

2011 жылы («Пайыздық ставканың спрэді» ҒБИ көрсеткіші күрделі мәннен асқан жоқ. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көрсеткіш 1,58% (2011 жылғы 1 қаңтарда 1,20) құрады.

Ақпарат ұсыну шеңберінде мынадай жұмыс жүргізілді:


  1. Елдің бәсекеге қабілеттілігінің 2011 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған кешенді мониторингі жөніндегі жұмыс тобының жоспарына сәйкес ЭДСМ-ге 2011 жылғы тамызда ақпарат жіберілді;

  2. «Пайыздық ставканың спрэді» ДЭФ ҒБИ көрсеткішіне қол жеткізу бойынша ҚРҰБ жүргізген жұмыс туралы ақпарат 2011 жылғы қыркүйекте жіберілді;

  3. «Пайыздық ставканың спрэді» ДЭФ ҒБИ көрсеткішіне қол жеткізу бойынша ҚРҰБ жүргізген жұмыс туралы ақпарат 2011 жылғы қазанда жіберілді;

  4. Елдің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді мониторингін жүргізу әдістемесіне сәйкес «пайыздық спрэд, %», ЕДБ заңды тұлғаларға бір жылда берген ұзақ мерзімді кредиттер», оның ішінде «Әлемдегі алатын орын», «Әлемдегі алатын орнының өзгеруі» және «Деңгейді бағалау» көрсеткіші бойынша ЭДСМ-ге 2011 жылғы қарашада ақпарат жіберілді.


1.2.2-міндет. Қаржы ұйымдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету

1.2.2.1-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілердің саны (5 нормативтік құқықтық акт)

1-іс-шара. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру бойынша талаптарды жетілдіру

Есепті кезеңде Ұлттық Банк Басқармасының мынадай 10 қаулысы әзірленіп, бекітілді:

1) «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 4;

3) «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 11;

4) «Арнайы қаржы компанияларының және исламдық арнайы қаржы компанияларының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44;

5) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 67;

6) «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68;

7) «Жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69;

8) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 107;

9) «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108;

10) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 109.

2011 жылы осы көрсеткіш 200% орындалды (жоспарланған 5 НҚА орнына 10 НҚА бекітілді).

1.2.2.2-тікелей нәтиженің көрсеткіші. Бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды қаржы ұйымдарының сақтауына жүргізілген тексерулер саны (12 тексеру)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет