2011 жылғы есеп 1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-шаралары


Төлем жүйелерінің 2011 жылғы жұмыс қабілеттілігінің



жүктеу 1.33 Mb.
бет6/7
Дата07.05.2019
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Төлем жүйелерінің 2011 жылғы жұмыс қабілеттілігінің

коэффициенттерінің өзгеру динамикасы

БААЖ және БКЖ жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерінің ай сайынғы есебі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ТЖД-нің 2011 жылғы I, II, III, IV тоқсандағы жұмыс жоспарын орындау туралы есептерінде ұсынылды (ҚРҰБ басшылығына мәліметтер 07.04.2011ж. №29004/855Н, 08.07.2011ж. №29004/1705Н, 07.10.2011ж. №29004/4283Н, 10.01.2012ж. №29003/52Н хаттарымен жіберілді).


Іс-шара: Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)

Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) шеңберінде:

1) күн сайынғы негізде ҚБЕО-нан алынған төлемдер бойынша ақпаратты жинау және өңдеу арқылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне мониторинг, талдау жүзеге асырылды;

2) төлем жүйелерінде күн сайынғы негізде БААЖ өтімділік және айналымдылық коэффициенттерін, БКЖ айналымдылық коэффициентін есептеу арқылы тәуекелдерді басқару және барынша азайту мақсатында;

3) Есептілік және тиісті ақпарат ҚРҰБ басшылығына, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерге ұсынылды, оның ішінде:

- ҚРҰБ басшылығына ай сайынғы негізде MIS-12 «Банкаралық ақша аударымы және банкаралық клиринг жүйесіндегі айналымдар бойынша есептілік» (2010 жылғы желтоқсан үшін 05.01.2011ж. №29305/2Н, 2011 жылғы қаңтар үшін 01.02.2011ж. №29305/270Н және 2011 жылғы ақпан үшін 10.03.2011ж. №29305/605Н, 2011 жылғы наурыз үшін 01.04.2011ж. №29305/801Н, 2011 жылғы сәуір үшін 03.05.2011ж. №29305/1057Н, 2011 жылғы мамыр үшін 02.06.2011ж. №29305/1351Н, 2011 жылғы маусым үшін 08.07.2011ж. №29305/1709Н, 2011 жылғы шілде үшін 01.08.2011ж. №29305/1907Н, 2011 жылғы тамыз үшін 09.09.2011ж. №29305/4041Н, 2011 жылғы қыркүйек үшін 03.10.2011ж. №29306/4246Н, 2011 жылғы қазан үшін 03.11.2011ж.№29306/4491Н, 2011 жылғы қараша үшін 05.12.2011ж. № 29305/4760Н)

- өзге де есептілік және ақпарат;

- 95-Нұсқаулықта12 белгіленген ҚБЕО төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз ететін ұйымдық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды сақтауға қатысты төлем жүйелерін пайдаланушылардың қызметіне 9 тексеру жүргізілді.

Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ТЖД-нің 2011 жылғы I, II, III, IV тоқсандағы жұмыс жоспарын орындау туралы есептерінде ұсынылды (ҚРҰБ басшылығына мәліметтер 07.04.2011ж. №29004/855Н, 08.07.2011ж. №29004/1705Н, 07.10.2011ж. №29004/4283Н, 10.01.2012ж. №29003/52Н хаттарымен жіберілді).

5-іс-шара: Төлем жүйелері өтімділігінің мониторингі,БААЖ-ғы кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдердің туындауын барынша азайту

Осы жұмыстар шеңберінде МОЕД тұрақты негізде нақты уақыт режимінде төлем жүйелерінің пайдаланушылары позицияларының мониторингін және бақылауды жүзеге асырды. ТЖД тәуекелдерді басқару мақсатында күн сайынғы негізде операциялық күн ішінде кезекте тұрған, пайдаланушы қайтарып алған, сондай-ақ операциялық күн ішінде БААЖ-да орындалмаған және БКЖ-да жойылған төлем құжаттары болған кезде, олар ақпаратқа талдау жүргізілді.

Тұтастай алғанда 2011 жылы БААЖ-ғы пайдаланушылардың орташа күндік өтімділік көлемі 845,6 млрд. теңгені құрады (пайдаланушылардың айналымдарының орташа күндік сомасы 763,8 млрд. теңгеге тең болған кезде), бұл жүйе пайдаланушыларының төлемдер жүргізуі үшін өтімділікпен жеткілікті қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2011 жылы БААЖ-да пайдаланушылар өтімділігі

өзгеруінің динамикасы



2011 жылы БААЖ-да мынадай төлем құжаттарын орындамау (кері қайтару) фактілері анықталды:

1) 2011жылғы 14 наурызда 1 төлем құжаты орындалған жоқ, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;

2) 2011жылғы 12 сәуірде 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;

3) 2011жылғы 13 сәуірде 1 төлем құжаты орындалған жоқ, осы төлем бойынша банкаралық мәміле жойылды;

4) 2011 жылғы 4 мамырда 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, осы төлем бойынша банкаралық мәміле жойылды;

5) 2011 жылғы 3 маусымда 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;

6) 2011 жылғы 18 шілдеде 9 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген құжаттарды банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;

7) 2011 жылғы 20 қыркүйекте 4 төлем құжаты кері қайтарып алынды, барлық қайтарып алынған төлем құжаттары БААЖ арқылы сол күні табысты түрде қайта өткізді.

Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылы төлем құжаттарын жоюдың мынадай фактілері анықталды:

1) 2011 жылғы 17 маусымда 58 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді.

2) 2011 жылғы 18 шілдеде 21 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді;

3) 2011 жылғы 24 тамызда 7 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді;

4) 2011 жылғы 1 желтоқсанда 141 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді.

Төлем жүйелеріндегі мониторинг және тәуекелдерді басқару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ТЖД-нің 2011 жылғы I, II, III, IV тоқсандағы жұмыс жоспарын орындау туралы есептерінде ұсынылды (ҚРҰБ басшылығына мәліметтер 07.04.2011ж. №29004/855Н, 08.07.2011ж. №29004/1705Н, 07.10.2011ж. №29004/4283Н, 10.01.2012ж. №29003/52Н хаттарымен жіберілді).

6-іс-шара. Төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеру

Екінші деңгейдегі банктердің «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлем жүйелерін пайдаланушылардың жұмыс орнына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша Ұлттық Банк Төрағасы бекіткен 2011 жылғы І және ІІІ тоқсандағы тексеру жүргізу жоспарының негізінде 2011 жылы мынадай төлем пайдаланушыларының 9513 нұсқаулықта белгіленген ҚБЕО төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды сақтауына 9 тексеру жүргізілді:

1) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, 2011 жылғы қаңтар - 2011 жылғы 24 қаңтар аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 10.01.2011 жылғы № 1 ПС акт, 24.01.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

2) «Қазпочта» АҚ, 2011 жылғы 20 қаңтар - 2011 жылғы 31 қаңтар аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 10.01.2011 жылғы № 2 ПС акт, 31.01.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

3) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, 2011 жылғы 7 ақпан - 2011 жылғы 18 ақпан аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 02.02.2011 жылғы № 3 ПС акт, 18.02.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

4) «Таиб Қазақ Банкі» АҚ, 2011 жылғы 14 ақпан - 2011 жылғы 25 ақпан аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 02.02.2011 жылғы № 4 ПС акт, 25.02.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

5) «Қазкоммерцбанк» АҚ, 01.03.2011ж. - 18.03.2011ж. аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 23.02.2011ж. № 19ПС акт, 2011 жылғы 18 наурызда тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойылды);

6) «Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк» еншілес банкі АҚ, 07.03.2011ж. - 25.03.2011 ж. аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 23.02.2011ж. № 20ПС акт, Тексеру нәтижелері туралы актіге 2011 жылғы 25 наурызда қол қойылды);

7) «Қытайдың Алматы қ. Сауда-Өнеркәсіп Банкі» АҚ, 2011 жылғы 18 шілде - 2011 жылғы 29 шілде аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 12.07.2011 жылғы № 49 ПС акт, 29.07.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

8) «Ситибанк Қазақстан» АҚ, 2011 жылғы 1 тамыз - 2011 жылғы 12 тамыз аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 22.07.2011 жылғы № 54 ПС акт, 12.08.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт);

9) «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ, 2011 жылғы 13 қыркүйек - 2011 жылғы 23 қыркүйек аралығындағы кезеңде (тексеру тағайындау туралы 09.09.2011 жылғы № 54 ПС акт, 23.09.2011 жылғы тексеру нәтижелері туралы акт)

7-іс-шара. Ақша төлемі мен аударымдары саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру (оның ішінде ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру әдістерін қолдану; банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілеу; банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, тәртібін белгілеу; электрондық банк қызметін ұсыну; ақша төлемі мен аударымдары мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтер ұсыну тәртібін белгілеу; корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу тәртібі, аударым операциялары, банкаралық клирингті жүзеге асыру, сондай-ақ төлем жүйелерінің Қазақстан Республикасында тиімді және сенімді жұмыс істеуіне бағытталған төлем карточкаларын және чек кітапшаларын шығару және пайдалану) және олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру.

2011 жылы Ұлттық Банк Басқармасының мынадай қаулылары әзірленіп, қабылданды:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 17 шілдедегі № 287 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 25.03.2011ж. № 23 қаулы;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру және банк шоттарын ашу және жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 25.03.2011ж. №24 қаулы;

3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.05.2011ж. №52 қаулы;

4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 01.07.2011ж. № 65 қаулы;

5) «Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 26.08.2011ж. № 102 қаулы;

6) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 17 шілдедегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 30.09.2011ж. № 131 қаулы;

7) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.09.2011ж. № 132 қаулы;

8) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 28.10.2011ж. №162 қаулы;

9) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26.12.2011ж. №205 қаулы.

Сонымен қатар Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің мынадай қаулылары қабылданды:

1) «Қазақстан Республикасында бөлшек (жаппай) электрондық төлемдерді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын мақұлдау туралы» 10.03.2011ж. №60 қаулы;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарифтерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 07.07.2011ж. № 129 қаулы;

3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнінің кестесін бекіту туралы» 19.08.2011ж. № 159 қаулы;

4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кейбір қаулыларына сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 21.09.2011ж. № 182 қаулы;

5) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасында бөлшек (жаппай) электрондық төлемдерді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын мақұлдау туралы» 2011 жылғы 10 наурыздағы № 60 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 26.10.2011ж. №220 қаулы.

Тікелей нәтиже көрсеткіші 3.1.1.2. Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару

1-іс-шара. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару бойынша іс-шаралар жүргізу

Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару 2011 жылы жүзеге асырылды:

1) 2011 жылғы 17 маусымда сағат 21:00-ден бастап 22:00-ге дейін, резервтік сервердегі төлем жүйелерінің жұмысы 2011 жылғы 24 маусымға дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге қайта аудару 24 маусымда сағат 21:00-ден бастап 22:00-ге дейін жүргізілді;

2) 2011 жылғы 17 қараша сағат 20:00-ден бастап 21:00-ға дейін, резервтік сервердегі төлем жүйелерінің жұмысы 2011 жылғы 23 қарашаға дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге қайта аудару 23 қараша сағат 10:20-дан бастап 11:12-ге дейін жүргізілді



Тікелей нәтиже көрсеткіші 3.1.1.3. Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) қорытындылары бойынша есепті жыл сайынғы негізде жариялау

1-іс-шара: Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) қорытындылары бойынша есепті дайындау және жариялау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)» талдамалық материалдарын жариялау бойынша жұмыс жүргізілді. (2011 жылғы 7 маусымдағы №29305/1405Н, 2011 жылғы 9 маусымдағы №29306/1443Н).


2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
1-стратегиялық бағыт: Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.2-мақсат. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

Ресей Банкіндегі, Англия Банкіндегі, Германияның Бундесбанкіндегі, Швейцарияның Ұлттық Банкіндегі, Франция Банкіндегі, Халықаралық валюта қорының Біріккен Вена институтындағы семинарларда, тағылымдамаларда, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу мақсатында есепті кезеңде ҚРҰБ 15 қызметкері шетелдік орталық банктердің өкілдерімен шетелдік семинарларға, жұмыс кездесулеріне қатысты, оларда қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелік тәуекелдерді талдау, қаржылық тұрақтылық үшін экономикалық және макропруденциалдық саясат мәселелері қаралды.

Оның ішінде 11 қызметкер Біріккен Вена институты және Сингапур Аймақтық институты ХВҚ-мен, Англия Банкімен, Швейцария Ұлттық Банкінің базасындағы Герцензи оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған шетелдік семинарларға қатысты. Сол сияқты 4 қызметкер Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі Оқу орталығында және Ресей Орталық банкінде және Арменияда ТМД бойынша семинарларға қатысты. Оған қоса 2 қызметкер Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған (Германия, Мюнхен) «Экономиканың дамуын болжау және дағдарыстардың ертерек алдын алу жүйесін әзірлеу» жобасының нәтижелері бойынша жұмыс кездесулеріне қатысты.



1.2.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау

«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе макроэкономикалық көрсеткіштер жинау және талдау үшін ақпараттық-талдау жүйесін және қаржылық тұрақтылық индикаторларын білдіреді.

2011 жылы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалын дамыту және пысықтау бойынша жұмыс жүргізді, оның шеңберінде кіріс ақпаратты қосу және шағын жүйелерді ақпаратты шығару бөлігінде оңтайландыру мақсатында ҚРҰБ басқа да шағын жүйелерімен шоғырландырылды.
1.3.-мақсат. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

1.3.1-міндет. «Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту және пысықтау

1-іс-шара.

Есепті кезеңде ҚР Ұлттық Банкі және «ҚРҰБ Банктік сервис бюросы» РМК арасында жасалған 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №718НБ/BSB/151 шартқа берілген 2011 жылғы 14 қаңтардағы №2 тапсырмаға сәйкес бекітілген жоспар-кесте бойынша жұмыс аяқталды. Техникалық тапсырмаға мынадай толықтыру әзірленіп, бекітілді:

1) Бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық жұмыс құжаттамасы пысықталынды.

2) «Бағдарлама және сынақтар әдістемесі» құжаты әзірленді және бекітілді.

3) Пысықталынған ААШЖ-ге алдын ала сынақтар және тәжірибелік пайдалану жүргізілді.

4) Шағын жүйе 2011 жылғы 25 тамыздан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.


1.4-мақсат. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету
Міндет. «HiPerformance» және «Askari» бағдарламалық өнімдерін ендіру

1-іс-шара.

Есепті кезеңде активтерді басқару мен талдау, тәуекелдердің менеджменті үшін Ұлттық Банкте «HiPerformance» бағдарламалық өнімін енгізу бойынша жұмыс жалғастырылды. «Пайдаланушылардың қабылдауы және пайдалану үшін сынау» сатысында мынадай жұмыстар жүргізілді:

1) Алтынвалюта активтері бөлігінде ендіру бойынша жұмыс, тұтастай алғанда аяқталды.

2) Ұлттық Қор бойынша кастодиан банкпен интерфейстерді орнату жұмысы аяқталды.

3) Сенімгерлік басқарудағы қорлар (клиенттер) бойынша «HiPerformance» бағдарламалық өніміне қосу үшін әзірленген интерфейстерді (Security master, позициялар, транзакциялар) алынды.
3-стратегиялық бағыт. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.1.1-міндет. Операторы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клирингі жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

1. Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ сынақтан өткізу және ендіру

Сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға көшу шеңберінде 2011 жылғы 25 қаңтарда Ұлттық Банктің ақпарат жүйелеріне және төлем жүйелерінің операторы − «ҚБЕО» РМК бағдарламалық-техникалық кешеніне ішкі сынақтан өткізу жүргізілді. Сонымен қатар мынадай 9 кешенді тестілеу жүргізілді:

1) 2011 жылғы 17-18 ақпанда Ұлттық Банктің, І-топтағы банктердің (26 қатысушы), «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «МЗТО» РМКК және «ҚБЕО» РМК автоматтандырылған жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

2) 2011 жылғы 24-25 ақпанда Ұлттық Банктің, ІІ-топтағы банктердің (21 қатысушы), «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «МЗТО» РМКК және «ҚБЕО» РМК автоматтандырылған жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

3) 2011 жылғы 17-18 наурызда, 2011 жылғы 21-22 сәуірде, 2011 жылғы 25-26 мамырда, 2011 жылғы 14-15 қыркүйекте, 2011 жылғы 17-18 қарашада, 2011 жылғы 20-21 желтоқсанда төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйелерін, Ұлттық Банктің ААШЖ және ҚБЕО төлем жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

4) 2011 жылғы 19-20 және 21 қазанда төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйелерін, Ұлттық Банктің ААШЖ және ҚБЕО төлем жүйелерін, сондай-ақ СТН және ӘЖК ескі деректемелерін төлем хабарламаларының жаңа форматына қайта құру арқылы жаңа СН дербес түзету мүмкіндігімен салық органдарының инкассалық өкімдердің орындалуына тестілеу жүргізілді.

Бір жыл ішінде Ұлттық Банк және төлем жүйелерінің операторы - «ҚБЕО» РМК пайдаланушыларға өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін СН пайдалануға көшіру бойынша қосымша тестілеу ұйымдастыру үшін төлем жүйелерін тестілік стенд жұмысын ұйымдастырды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік Орталығын құру бойынша жұмыстарға қатысу ҚРҰБ-ның 12.01.2011 жылғы № 7 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңа Резервтік орталығын құру бойынша Тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Сонымен, 2011 жылғы қаңтарда Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметті сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманың жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2011 жылғы ақпанда Резервтік орталық құру бойынша консультациялық қызметті сатып алу жөнінде тендерлік құжаттама әзірленді және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» резервтік орталығы» АҚ бас директорының 22.02.11 жылғы № 5 бұйрығымен №5 бекітілді.

2011 жылғы 22-23 ақпанда «Q-BRO» АҚ және Ұлттық Банктің интернет-ресурстарында консультациялық компанияның қызметін сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланды.

2011 жылғы 24 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» резервтік орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізді. Осы тендер тендерлік өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша және сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде өтпеді деп танылды.

2011 жылғы сәуірде және мамырда жаңа Резервтік орталық құру бойынша консультациялық қызметті қайтадан мемлекеттік сатып алу жөнінде Тендерлік құжаттаманың жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2011 жылғы 16 мамырда «Q-BRO» АҚ және Ұлттық Банктің интернет-ресурстарында жаңа резервтік орталық құру бойынша консультациялық қызметті қайтадан мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланды.

2011 жылғы 20 маусымда Резервтік орталық құру бойынша консультациялық қызметті қайтадан мемлекеттік сатып алу бойынша сараптау комиссиясының конкурстық өтінімдер және/немесе әлуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашты.

2011 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті сатып алу бойынша келіп түскен тендерлік өтінімдерді қарау бойынша жұмыстар жүргізілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 2011 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті қайтадан мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген тендер болмады деп танылды.

2011 жылғы тамызда – қыркүйекте «Q-BRO» АҚ ҚРҰБ Астана қ. Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін тиісті рәсімдік іс-шаралар өткізді.

2011 жылғы қазанда «Q-BRO» АҚ «Инфосистемы Джет» ЖШС-мен 05.10.11ж.
№ К/0907-11/40 Q-BRO Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасады.

2011 жылғы қарашада «Q-BRO» АҚ резервтік орталықтың ТЭО-ға техникалық тапсырманы, сондай-ақ ТЭО әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізді.

2011 жылғы 4 қараша «Q-BRO» АҚ интернет-ресурсында ТЭО әзірлеу МС бойынша конкурс өткізуге хабарландыру орналастырылды.

2011 жылғы 6 желтоқсанда «Q-BRO» АҚ Астана қаласындағы Резервтік орталығының ТЭО әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізді. «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС-мен 14.12.11ж. №59 ТЭО әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. «Инфосистемы Джет» ЖШС-мен жасалған 05.10.11ж. №К/0907-11/40 Q-BRO Ұлттық Банктің Астана қаласында Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстар жүргізілді.


Міндеті.'>Ұлттық Банк бөлімшелері қызметінің басқа бағыттары
Мақсаты. Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Міндеті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін Т24 БАЖ функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін Т24 БАЖ функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.

Атап айтқанда, пайдаланушылардың Т24 БАЖ қызмет көрсету және дамыту қызметіне (АБАЖЕБ) 261 өтініші қаралды, 64 бойынша жүйе анағұрлым пысықталды.

«Деривативтер – фьючерстер, опциондар» модулінің «Опциондар» операциялары, интерфейсы с системами «НАЖ», «Cosmos and Aegis» және «Шоғырландырылған есептілік жасауды автоматтандыру» жүйелерімен интерфейстері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Есепті кезеңде тұтастай алғанда пайдаланушылардың өтінімдері негізінде және Шарт бойынша талаптарға сәйкес «Эмиссия-кассалық операциялар», «Шоттар», «Банкаралық депозиттер», «Ақша аударымдары», «Әкімшілік-шаруашылық қызмет», «Бағалы қағаздарымен операциялары», «Жеке тұлғаларға заемдар бойынша операциялар», «Мерзімі өткен берешек», «Ностро шоттарын салыстырып тексеру», «Сенімгерлік-брокерлік және кастодиандық қызмет көрсету», «Лимиттер», «Деривативтер – фьючерстер, опционды», «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «FOREX қолма-қол жасалмайтын валюталық-айырбас операциялары», сондай-ақ «ХҚАЖ ПУ», «Қымбат металдарды есепке алу», «ҚБЕО», «KASE», «Bloomberg», «Cosmos and Aegis», «НАЖ», «Қызметкерді басқару» және «Бюджетті жоспарлау және талдау» жүйелерімен интерфейс бойынша 5 пысықтау.

Операциялық күнді жабу рәсімінің функционалын түзету, сондай-ақ «Банкаралық депозиттер», «Жеке тұлғаларға заемдар беру бойынша операциялар», «Мерзімі өткен берешек», «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «Деривативтер – фьючерстер, опциондар» модульдерінің жұмыстарын түзету үшін Теменос компаниясының қолдау қызметі ұсынған 21.01.2011 ж. R063750, R063745, R063668 , 25.02.2011 ж. R063813, 17.03.2011 ж. R063851, 03.05.2011 ж. R063830, 03.05.2011 ж. R063557, 01.06.2011 ж. R063917, 17.10.2011 ж. R064008 9 патча тестіленді және орнатылды.

2. Т24 БАЖ пысықтау және тестілеу жүргізу кестесіне сәйкес және ҚРҰБ автоматтандырылған ақпарат шағын жүйесінің және «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенін 19.01.2011ж. сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға көшіру бойынша өзара іс-әрекет етуін тестілеу жоспарына сәйкес тестілеу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Тестілеу нәтижелері бойынша 01.01.2012 ж. сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға көшіру бойынша T24 БАЖ пысықтау өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дайын.

Осылайша, жоспарланған барлық жұмыстар мерзімінде жүзеге асырылды және Т24 БАЖ функционалдық мүмкіндіктерін анағұрлым жақсартуға мүмкіндік берді.


Міндеті. Ұлттық Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметін есепке алу үшін бағдарламалық пакетті таңдау және ендіру жөніндегі жұмысты жалғастыру

1-іс-шара. «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу және ендіру

Есепті кезеңде жүйеге талаптарды таңдау және нақтылау бойынша, жеткізуші компаниялардан ақпарат жинау бойынша жұмыстар жүргізілді:

1) конкурстық рәсімдер жүргізу үшін техникалық ерекше нұсқама және шарттың жобасы дайындалды;

2) сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге уәкілетті бөлімшеге өтінім берілді;

3) мемлекеттік сатып алу бойынша екі рет конкурс өткізілді: 2011 жылғы 19 тамызда мемлекеттік сатып алу бойынша бірінші конкурс жарияланды және 2011 жылғы 28 қарашада қайтадан конкурс жарияланды. Өткізілген сатып алулар нәтижелері бойынша конкурстар конкурстық комиссияның екіден аз әлуетті жеткізушіні конкурсқа қатысушы деп тануы салдарынан өтпеді деп танылды (қайтадан мемлекеттік сатып алудың 30.12.2011 жылғы қорытындысы туралы хаттама).
Міндеті. ҚРҰБ ҚРҰБ-де оқуға баршаның қол жетімділігін қамтамасыз ету. Орталық банктің қызметкерлерін оқыту жүйесін құру – жан-жақтылық
1. Қашықтан оқытуды ендіру

Ұлттық Банктің оқыту жүйесін жетілдіру, атап айтқанда оқуға баршаның қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қашықтан оқыту нысанын ендіру туралы шешім қабылданды. Оқудың осы нысанын пайдалану Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының қызметкерлерінің оқу барысын ұйымдастыру бойынша шығыстарды анағұрлым азайтады. Сонымен, «РгimeВгidgе» компаниясымен Adobe Connect Pro бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт (15.04.2011ж. №135ҰБ шарт) жасалды. Сондай-ақ қашықтан оқыту үшін Adobe Connect Pro бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану бойынша оқу жүргізілді.

Ақтөбе филиалының қызметкерлері үшін қашықтан оқытуды ендіру шеңберінде «Мансапты дамытудың жеке жоспары» тақырыбы бойынша (2011ж. маусым) семинар өткізілді, сондай-ақ барлық филиалдардың қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тәуекелдерді басқару» (2011ж. желтоқсан) және «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету» (2011ж. 28 желтоқсан) тақырыптары бойынша семинарлар өткізілді.

2. Оқу курстарының бейнетекасын және электрондық кітапхананы құру.

Ұлттық Банктің қызметкерлеріне үздіксіз білім беру барысын дамыту шеңберінде Ұлттық Банктің бейнетекасын және электрондық кітапханасын құру жоспарланды. Осыған байланысты Ресей Банкінің Халықаралық Оқу орталығымен (Тула қ.) бейнематериалдармен алмасу жүргізілді, соның нәтижесінде Ұлттық Банктің бейнетекасы 2008 жылдан бастап 2011 жыл аралығындағы кезеңде орталық банктер қызметінің түрлі бағыттары бойынша Тула оқу орталығы базасында өткізілген семинарлардың бейнежазбаларымен толықтырылды.

Оның үстіне бейнетеканы толықтыру үшін Ұлттық Банктің базасында өтетін барлық семинарлардың үнемі бейнежазбасын ұйымдастыруға шешім қабылданды. Бұл ретте Дамыту және тәуекелдерді басқару департаменті қызметкерлерінің өз күштерімен «Lessons for Central Banking from the Global Financial Crisis» (Гёте Бизнес Скул өкілдері 2011 жылғы 30 мамыр – 03 маусым аралығында өткізген), «Business Continuity Management» (Швейцария Ұлттық Банкінің өкілдері 2011 жылғы 29 қарашадан бастап 02 желтоқсан аралығы кезеңінде өткізген) тақырыптары бойынша семинардың бейнежазбасын жүргізді.

3. Орталық банкте құндылықтар, іскерлік этика және басқару қағидаттары бойынша ай сайынғы базалық семинарлар өткізу

Ұлттық Банктің қызметкерлеріне өздерінің фундаменталдық құндылықтарын зерттеу негізгі іскерлік және жеке мақсаттарын айқындауға, жеке және ұйымдастырушылық мақсаттарды келісу қажеттілігін жете түсінуге мүмкіндік береді, бұл қызметкерлерді жоғары кәсіби нәтижелер шығаруға ынталандырады және корпоративтік мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты орталық банкте құндылықтар, іскерлік этика және басқару қағидаттары бойынша ай сайын семинарлар өткізу жоспарланды. Осы тақырыптар бойынша семинарлар Ұлттық Банктің 7 аумақтық филиалдарында (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда филиалдары), Ұлттық Банктің орталық аппаратында, ҚҚК және АӨҚОДК өткізілді.

Білім беру саласындағы ең үздік тәжірибені дамыту үшін Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту бағдарламасы бойынша 30 % ағылшын тілінде бере отырып 214 сағат сабақ өткізілді (Хахенбургтегі Deutsche bundesbank қолданбалы ғылымдар университетінің мысалы бойынша). Ұлттық Банктің басшылары мен қызметкерлері тарапынан ағылшын тілінде оқытуға деген мүдденің өсуі бұл бағдарламаға бастаманың нәтижесі болды, бұған осы оқыту бағдарламасы бойынша бөлімшелердің 2012 жылға келіп түскен қызметкерлердің оқытуға қатысуына арналған өтінімдері куә.
Міндеті. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратура арқылы мемлекеттік органдар және қаржы ұйымдары үшін Ұлттық Банктің кадрлар даярлауға қатысуы

ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратураның оқу барысына қатысуы.

Қазақстанның (о.і. ҚРҰБ) қаржы жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратура арқылы мемлекеттік органдар және қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысуды жалғастырды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) оның қызметі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілуіне байланысты таратылды.

Таратылған Агенттіктің мүлкін беру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде бұрын «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының Академиясы» АҚ-на тиесілі акциялар Ұлттық Банкке сенімгерлікпен басқаруға өтті.

«АӨҚО Академиясы» АҚ кезінде қаржы секторының, атап айтқанда қалыптасып келе жатқан қор нарығының және қаржы ұйымдарының кәсіби кадрларын даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін Агенттіктің бастамасымен құрылған болатын және қаржы секторы үшін басымды мамандықтары бар іскерлік басқару магистрлерін даярлауды жүзеге асыру үшін білім беру қызметіне арналған тиісті мемлекеттік лицензияға ие.

Жоғарыда жазылғандарға байланысты магистратура «АӨҚО Академиясы» АҚ-ның базасына көшірілді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасының «АӨҚО Академиясы» АҚ-мен 24.08.2011ж. № 375ҰБ бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.

Ұлттық Банктің қызметкерлері Магистратурада лекциялар, мастер-кластар, тренингтер өткізуге, түрлі комиссиялардың жұмыстарын, магистранттардың Ұлттық Банкте тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға, магистранттарды жұмысқа орналастыруға, оқуға түсу емтихандарын ұйымдастыруға қатысты.

Сондай-ақ Магистратураның өкілдері Ұлттық Банктің базасында 2011 жылғы 30 мамыр – 3 маусым аралығы кезеңінде «Lessons for Central Banking from the Global Financial Crisis» тақырыбы бойынша Гете Бизнес Скул семинарына қатысты.
Міндеті. Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмиссияларын жүзеге асыру

1-іс-шара. Елдің аймақтарын қолма-қол ақша айналымы үшін қажетті көлемде ұлттық валютамен қамтамасыз ету

Тұтастай алғанда Ұлттық Банктің резервтік қорларында (қоймасында) да, аймақтық филиалдарының резервтік қорларында да қолма-қол ақшаның жеткіліксіздігі болған жағдайда шараларды іске асыру және ықтимал тәуекелді барынша азайту үшін Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 177 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің филиалдарында эмиссия-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету ережесіне сәйкес Ұлттық Банктің филиалдарының резервтік қорларының ұсынылып отырған қорын әзірледі және оны Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары бекітті.

Ұлттық Банктің филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктің кез келген болжанбаған көлемімен қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражат ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар бір жағынан қолма-қол ақшаға деген кез келген болжанбаған сұраныстың артуын қанағаттандыру үшін аймақтарды жеткілікті қаражат көлемімен қамтамасыз ету және, екіншіден, Ұлттық Банктің резервтерін аймақтар бойынша бөліп тастау мақсатында жүргізілді. Соңғысы, өз кезегінде, бір жерге тоғыстырылған қолма-қол ақшаның ықтимал төтенше жағдайлар: су тасқыны, өрт, зілзала салдарынан ықтимал жойылу тәуекелін төмендетеді.

Ұлттық Банктің Басқармасы 2012 жылға ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарының көлемін бекітті:

1) Ұлттық Банк Басқармасының «2012 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» 30.09.2011 ж. № 137 қаулысы;

1) Ұлттық Банк Басқармасының «2012 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» 25.11.2011 ж. № 188 қаулысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет