2011 жылғы есеп 1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-шаралары



жүктеу 1.33 Mb.
бет7/7
Дата07.05.2019
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3-бөлім. Тәуекелдерді басқару
Сыртқы тәуекелдер. Әлемдік қаржы дағдарысы.

Еуропа одағы елдеріндегі жағдайға байланысты кредитік тәуекелді болдырмау мақсатында ҚР ҰБ Басқармасы ҚР ҰҚ жинақ портфелінің Еуро қосалқы портфелін неғұрлым жоғары кредиттік сапасы бар эталондық портфельге өзгерту үшін шешім қабылдады



Ықтимал тәуекел. Қаржы тұрақтылығының қаупі

Тәуекелді басқару бойынша іс-шараларды қабылдамаған кезде болуы мүмкін салдарлар.

Қаржы жүйесіндегі жүйелік дағдарыстың дамуы.


Тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар

1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел әрекет ету жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстандағы макропруденциалдық реттеуді ендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Тәуекелдерді нақты басқару

1. Тәуекел болмағандықтан, 2011 жылы шаралар қабылдау қажеттігі болған жоқ.

2. 2011ж. ішінде Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту кеңесінің он сегіз отырысы өтті, ол отырыста мына мәселелер қаралды:

1. Банк секторы бойынша:

1) банк секторында шетел капиталының қатысуын шектеу;

2) екінші деңгейдегі банктердің резервтерін қалыптастырудың жаңа тәсілінің тұжырымдамасы;

3) екінші деңгейдегі банктер мәмілелер жасауға құқылы облигациялар үшін ең төменгі талап етілетін рейтингке талаптарды жетілдіру (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 30.04.2007ж. № 128 қаулысы);

4) Қазақстан Республикасында Аграрлық банк құрудың мақсатқа сай болуы;

5) банктік заем шарттары бойынша міндеттемелер мен төлемдер индексациясына бұрын жасалған халықаралық стандартты банктік заем шарттарынан туындайтын қатынастарға тыйым салу;

6) Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандыру коэффициенттерін есептеуге өзгерістер мен толықтырулар енгізу (k8 және k9);

7) халықаралық стандарттарды есепке ала отырып өтімділікті реттеу тәсілдерін жетілдіру;

8) екінші деңгейдегі банктердің проблемалы активтерімен жұмыс істеу мәселелері;

9) Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын жақсарту тұжырымдамасы.



2. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және бағалы қағаздар нарығы бойынша:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларын капиталдандыруға талаптарды жетілдіру;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялаудың тиімділігі;

3) резидент еместердің ЖЗҚ капиталына қатысуын шектеу;

4) жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесіне қатысты талаптарды қайта қарау;

5) бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері және зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері бойынша жұмыс топтары қызметінің нәтижелері және «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша жол картасы» бағдарламасының жобасы;

6) ұйымдастырылған қор нарығында клиринг және t + n кестесі бойынша есеп айырысу жүйелерін ендіру және орталық қарсы серіктес құру;

7) манипуляциялау мақсатында жасалған мәмілелердің мониторингін жетілдіру.



3. Сақтандыру секторы бойынша мәселелер:

1) пруденциалдық дамытуды өзгерту және Solvency II ендіру шеңберінде тәуекелдерді ескере отырып төлем қабілеттілігін бағалау үлгісіне көшу;

2) салық салу жүйесі арқылы өмірді ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыруды дамыту;

3) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оларды жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды одан әрі дамыту және сақтандырудың осы түрін өмірді сақтандыру компанияларының жүзеге асыруы;

4) қайта сақтандырудағы Қазақстанның қамту үлесін ұлғайту;

5) резидент еместерге қайта сақтандырудағы талаптарды жетілдіру және қайта сақтандырудағы Қазақстанның қамтуын ұлғайту;

6) сақтандыру нарығында инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметі.
4. Қаржы жүйесінің басқа да секторлары бойынша мәселелер:

1) микрокредиттік ұйымдардың қызметін реттеу;

2) Қазақстанда бірыңғай тіркеушіні құру бойынша және кредиттік бюролардың жұмыс істеуі бойынша мәселелер.
Сыртқы тәуекелдер. Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі

Арнайы шаралар қабылдау қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

2011 жылға арналған операциялық жоспарын іске асырудың

қорытындылары туралы

тұжырымы

Операциялық жоспарды іске асыру барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері Ұлттық Банктің 2011 жылы тұтастай алғанда, Ұлттық Банктің 2011 жылға арналған Операциялық жоспарында көрсетілген Ұлттық Банк қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған міндеттерінің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалғандығын растайды. Жоспарланған іс-шаралар бойынша тәуекелдерді басқару бойынша арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекелдер басталған жоқ).



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

2011 жылға арналған операциялық жоспарын

мониторинг нәтижелері бойынша іске асыру туралы

ұсыныстар
2011 жылы ай сайын жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша 2011 жылға арналған Операциялық жоспары іске асырылған деп саналсын.



1

2011 жылғы 30.09. жағдай бойынша қысқа мерзімді сыртқы борыштың (негізгі) көлемі



2 Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілетінің коэффициенті нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күнін ашқаннан бастап операциялық күнді жапқанға дейінгі уақыт кезеңі) төлем жүйесінің жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күнін ашқаннан бастап операциялық күнді жапқанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі.

3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық.

4

Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі



5 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 108 қаулысымен бекітілген Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) жүзеге асыру ережесі.

6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысымен бекітілген Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық.

7 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысымен бекітілген Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі, нысандары және мерзімдері туралы ереже

8 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымы тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөніндегі есепті жасау және ұсыну ережесі.

9 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесі.

10 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ Казақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі.

11 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесі.

12 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық

13 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет