2011 жылғы тамыздағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі



жүктеу 21.38 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі21.38 Kb.


2011 жылғы тамыздағы

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі

2011 жылғы тамызда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,3% құрады (2010 жылғы тамызда – 100,0%), оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 100,1% (99,9%), азық-түлік емес тауарлары – 100,5% (100,4%), ақылы қызметтер – 100,5% (99,9%) құрады.



Инфляция деңгейі

және ТБИ құрамдауыштарына бағаның өсуі

өткен айға қарағанда %-бен

Ағымдағы жылғы тамызда шілдеге қарағанда азық-түлік тауарларында жұмыртқаға 2,6%, етке (ет өнімдерін қоса алғанда) 1,7%, кондитерлік өнімдерге – 0,7%, алкогольді ішімдіктерге – 0,5%, алкогольсіз сусындарға – 0,4%, темекі өнімдері – 0,2%, нан және жарма өнімдеріне – 0,2%, байха қара шайына және сүт өнімдері – әрбірі 0,1% барынша өсімі байқалып отыр. Жемістер мен көкөністерге 6,0%, құмшекерге – 0,5%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,1% бағаның төмендегені орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде дизель отыны 4,0%-ға (2010 жылғы тамызда – өсу 0,3%), бензин – 3,1%-ға (өсу 0,2%), дәрі-дәрмектер – 0,3%-ға (өсу 0,5%), киім және аяқ киім – 0,3%-ға (өсу 0,3%), үй тұрмысына қажетті заттар – 0,1%-ға (өсу 0,2%) қымбаттаған.

Ақылы қызметтер құрамында көлік қызметтерінің бағасы 2,3% (2010 жылғы тамызда – өсу 0,7%), қоқыс жинау – 1,4% (0,0%), тұрғын үйді жалға беру – 0,9% (өсу 0,1%), үлестіру желілері бойынша тасымалданатын газ – 0,7% (төмендеу 0,1%), амбулаторлық қызметтер – 0,5% (өсу 0,1%), тұрғын үйді жөндеу және оған арналған тауарлар – 0,4% (өсу 0,2%) деңгейінде едәуір өскен.

2011 жылғы тамызда инфляция деңгейі 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,9%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,3%-ға жоғары (4,6%).

2011 жылғы тамызда 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 8,1%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,6%-ға жоғары (5,5%). Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 3,6%-ды (3,4%), ақылы қызметтер 5,4%-ды (4,7%) құрады.

2011 жылғы тамыздағы инфляция деңгейі

және ТБИ құрамдауыштарына бағаның өсуі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда %-бен


2011 жылғы қаңтар-тамызда инфляция деңгейінің орташа жылдық көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,5%-ды құрады және 2010 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,5 пайыздық көрсеткішке жоғарылады (7,0%).



Азық-түлік тауарларының бағасы 12,6%-ға жоғарылады (2010 жылдың тиісті кезеңінде 5,1%), азық-түлік емес тауарлары – 5,5% (6,8%) және ақылы қызметтер – 6,5% (9,8%).

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсімі

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен



Өңірлік бөлінісінде 2011 жылғы тамызда 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда орташа республикалық инфляцияның деңгейі Солтүстік Қазақстан (7,3%), Жамбыл (6,6%), Қарағанды (6,5%), Атырау (6,4%) облыстарында және Астана (6,3%) қаласында едәуір көтерілгені байқалды.

2011 жылғы тамызда 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда

өңірлер бөлінісінде инфляция деңгейі, %

------- – орташа республикалық деңгей – 5,9%




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет