Жастар арасына ерекше даусымен танылған зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың экс-жұбайы жақсы жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/mr.kenjebek_jamila/

Әншінің бірінші некесінен Сабыр есімді ұлы бар. 

“Бағдарлама жүргізушісі мен заңгердің арқасында сотта жеңіп шықтық. Ұлымның әкесіне қойған талаптары толығымен заң аясында жүзеге асады. Біз сотта жеңдік. 3 ай бойы жүгіргеніміздің нәтижесі шықты. Енді заң бойынша ол кісі алимент төлейді. Бұл – әке міндетін орындамайтын адамның барлығында болатын жағдай. Сондықтан ұят тірлік жасадым деп ойламаймын. Осы күнге дейін маған тілеулес болған жандарға мың алғыс”, – деп жазды Жәмила. 

  • "Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған": Әнші ДНҚ тапсыруға бетін бүркеп, түрін тұмшалап келді

  • Бойжеткен ДНҚ сараптамасынан кейін өзінің екі жүз аға-әпкесі бар екенін білді

Еске салайық, бағдарлама барысында жұлдызды әке ДНҚ тапсырған еді. ДНҚ нәтижесі бойынша әнші мен кішкентай нәрестенің қан сәйкестігі – 99,97 пайыз. Алайда өнер иесі екінші рет Мөлдір есімді арумен шаңырақ көтеріп, бірінші отбасына оралмайтынын айтты.  

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Правда о браке Кенжебека Нурдолдай и Жамили (@mr.kenjebek_jamila)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.