2013 жыл «Қазақ» газетіне: Қазақ жолы



жүктеу 110.28 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі110.28 Kb.
түріСынақтар

2013 жыл «Қазақ» газетіне:

ҚАЗАҚ ЖОЛЫ

Жел жылап, қаңбақ қашып қыраттардан,

Тартылып талай мөлдір бұлақ қалған.

Жетпіс жыл жетімсіреп өмір сүріп,

Қырық жыл қырылдық біз сынақтардан.
Кең далам дүмпулерден тозса-дағы,

Қазақтың болу керек өз садағы.

Жерім кең, көңілім кең болғанымен,

Қос тажал қос жағымнан көз салады.


Қайтсек те тілімізді жоғалтпадық,

Қазағым ежелден-ақ жомарт халық.

Қаншама жерімізден айрылсақ та,

Ешкімге бидай көзді алартпадық.


Өнері тасқындады, тыйылмады,

Бір Алла болды елімнің сиынғаны.

Далаға шашылса да байлығымыз,

«Қалар, - деп, жүре бердік, - бұйырғаны».


Біреулер көре алмастан «пай-пайласып»,

Біреулер жатса-дағы айқайласып.

Енді-енді еркіндікке қолды созып,

Келеміз тәуелсіз боп тәй-тәй басып.


Молшылық, бақыт, шаттық бірге жүрген,

Жолынан жақсылықтың кім безінген?

Қаз басқан сол бір жолда Қазақ елін,

Сақтай гөр, уа, Құдайым, тіл-көзіңнен.


САҒЫНЫШ
Дүниежузі қазақтарының бірінші

құрылтайына келген түркиялық

қандасымыздың ұшақтан түскеннен

кейін, туган жер топырағын

сүйгенін көргендегі ой.
Беу, қартым, туған елге бағыт алған,

Естіліп "Ақтабанның..." әні талған.

Отырсың тізе бүгіп, сүйіп жерді,

Қасиетгі ата-баба қаны тамған.


Күн де өткен көк найзаның ұшында ағып,

Арманың – өңің болды, түсің қалып.

Тәу етіп, тағзым етіп, сүйесің кеп,

Сағынған топырағыңды құшырланып.


Зіл-батпан, арыл бүгін қайғы-мұңнан.

Құшағын кең жазира жайды қырдан.

Үркіткен сені "Алқакөл сұламада",

Үріккен аққуымсың айдыныңнан.


Жағаның қала алмастан қармап талын,

Кеткен-ді бастан үұшып бар бақтарың.

Жаралдың жаратқанның өзі жар боп.

Оралдың қолдап бүгін аруақтарың!


Беу, қартым, сырларыңды жазам біліп,

Билігін бишік алып тажал құрып,

Ішінде сен де кеттің, көппен бірге,

Үдере көшті халқың, ажал қуып.


Шың барды, Тибет асты, Машын барды,

Тарыдай кім елейді шашылғанды.

Табанды бейнет тіліп қайда барса,

Ажалдың қанды есігі ашылған-ды.


Көз жасы көшкен елдің тыйылмады,

Бір ғана Алла болды – сиынғаны.

Қаншама қандасыма туған жердің,

Бір уыс топырағы бұйырмады.


Ақыры Қырым барды, Ұрым барды,

Қатары сиреп көштің жырымдалды.

Тамырлас түрік еліне жеткен кезде,

Мыңыңнан – көзі тірі бірің қалды.


Сол бірдің бірі екенсің, сағынышым,

Нұр қалған жанарыңда халық үшін.

Көргенде туған жерді сүйгеніңді

Барады жан ауырып, жанып ішім.


Тұрсың сен көкірегіңді кәусарға ашып,

Керілген кең далаңда ән сал ғашық.

Тағдырдың тауқыметін тартпағанда,

Жүрмес пе ең туған жерде алшаң басып.


Талай ел паналатгы болса да жат,

Шеккізді тағдыр саған қаншама азап.

Отаннан ұлтарақтай жер бұйырмай,

Шалғайда өтті өмірден қанша қазақ.


Кел, қартым, немереңді тербетемін,

Тамызсын мынау туған жерге терін.

Сағыныш деген сезім бар болса егер,

Көрдім мен шын сағыныш сенде екенін.

*** *** ***
Шықтым да жұттым таудан саумал ауа,

Көз салдым маңғаз жатқан маң далама.

Тауға шық биіктікті көргің келсе,

Көкесі биіктіктің тауда ғана.


Пай, пай, пай! Тауға көңілім кұмар-ақсың,

Мөлдіреп омырауынан бұлағы атсын.

Қасыңда шырша қолын созып саған,

Қасқиып бұлтты тесіп тұрар ақ шың.


Сонан соң оңға қара, солға қара,

Ұқсаған далам жатыр аруанаға.

Кеңдікті аңсап жүрсең, кез даланы,

Көкесі кеңдігіңнің сол далада.


Алып шың көкке ұмсынған еңсемдей зор,

Кеңдікті биіктіктен теңселмей көр,

Сыймайды ол ешбір ғалам картасына,

Ендіктер, бойлықтармен өлшенбейді ол.


Қысылсам, аруақтардан жол сұрағам,

Қиналсам, бір кұдайға қол ұсына алам.

Көзі - Күн, көңілі - ақ бұлт қазағымның,

Кеңдігі, биіктігі болсын аман!


* * *

Арудан асқан көркем жок,

Жайнаңдар, қыздар еркем боп,

Қайнатып өмір кешейік,

Бүгін - бармыз, ертең - жоқ.
Құндыздан бөрік киген жігіттер,

Ізденіспен қашан да, баянды ғұмыр сүріпті ер.

Жер көріп, бөтен ел көріп,

Өмірдің қызығын жүріп көр.


Басыңда болсын ой басым,

Халқыңның ойла пайдасын.

Тазы боп шал, түлкі - заманның

Алпыс екі айласын.


Бұл сөздер қалған көнеден,

Бабалар неткен көреген:

Арқар боп талай бел астық,

Аруақтар желеп-жебеген.


Арлы ойды өстік арда еміп,

Қарғып бір өттік ор көріп.

Арамызда жүрмесін,

Атадан таяз, енеден ез болып туған боркемік.


Атырау - құт, Арқа - бай,

Базарымыз тарқамай,

Алты алаштың ұлына

Татулық нұрын төксін маржан Күн,

Тұтастық нұрын сепсін гауһар Ай!
...Жаны аяулы жақынға қосамын деп,

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып...

Абай
...Бәрінен де жанға қатты батқаны,

Өз ауылымның иттерінің қапқаны...

А.Байтұрсынұлы

Бағасын өзің тарих бер,

Мені де қапты сол иттер.

Атыспен жоқ түк шатысы

Кәдімгі біздің «қара иттер».
Ұқпады түк те сөзімнен,

Жұрдай-ау, жұрдай сезімнен.

Жансыз көздері түйісті,

Мөлт қара бидай көзіммен.


Шүберек жыртып беріп ем,

Кетпеді үркіткеніммен.

Арам тырнақтары айқасты

Мөп-мөлдір кірпіктеріммен.


Бауырымнан қапты батпады,

Бүйрекке тиді батпаны.

Жүрегімді тырнап тырнағы,

Өкпемнен тағы таптады.


Тіземе тиді тістері,

Білегімнен де тістеді.

Аруақ қонған қол тимес,

Арқама мініп түспеді.


Тартқылап бірі жеңімнен,

Тырнады бірі өңімнен.

Ұрпақсыз қалсын дегендей

Аяусыз қапты белімнен.


Басыма шықты біреуі,

Мойныма мінді біреуі.

Жеткендей армандарына,

Үреді-ай келіп ұреді.


Шәугімдей аузы шабынып,

Шәуілдеп, шулап қағынып,

Мәз болып кетті туысын

Тұрғызбай қауып, жабылып.


Орыстың асы ішкені,

Соны ішсе шығар күштері.

Адалды қабу – істері,

Табылмас емге пішкені.


Шодыр да мінез, шот маңдай,

Күн туса елін сатқандай.

Дәл сондай иттер тұқымы,

Көбейіп бара жатқандай.


Үкімін өзің халық бер,

Бағасын өзің тарих бер

Садаға кетсін санамнан,

Сағымға сіңіп сол иттер.


* * *
Жауар бұлттай бауырын шыңға басқан,

Бұл не менің көңілімді мұң ба басқан?!

Құлағына Ай, Күнді тағып алған,

Маған сырын ашады сырғалы Аспан.


Бар пырағым құс қанат жырға қосқан,

Нәбір ойлар көзімді тырнап ашқан.

Түнде шошып ояндым шырт ұйқыдан,

Түсіме еніп киіктер қырда қашқан.


Бір-бірінің сөздерін тыңдамастан,

Ағалар бар қаржасып, жұлмаласқан.

Ұсақтар да бұл күнде шығып жатыр,

Ұлыларды тудырған күллі алаштан.


Жүре тыңдап ел сөзін жөнелгендер,

Көбеюде байлыққа кенелгендер,

Халық қамын ойлаудың орынына,

Өз күйлерін күйттеген өлермендер.


Түсіме енді арқарлар саны азайған,

Бала азайған! – деп жатыр, – мал азайған.

Көрдім және өңімде көңілі жүдеу,

Көбейгенін аналар қаны азайған.


Қалаларға жастарым жатса ағылып,

Соқыр сезім серік боп, ақсақ үміт.

Білім алу орнына сол шіркіндер,

Көшелерді кезіп жүр ақша қуып.


Каспий тасып, төгіліп сабасынан,

Балқаш қалды айрылып сағасынан.

Арал болса тартылып күннен-күнге

Бара жатыр алыстап жағасынан.


Көз алдымда көбейіп тұнған мола,

Есін жиып, қырғыннан, шудан жаңа,

Жатыр енді жаралы жолбарыстай

Махамбет пен Абайды туған дала.


«Сасырбастар» жанымды жаншып, атқан,

Сан сынақтар есті алып, сансыратқан.

Сайымды өртеп, қырық жыл қыр жандырып,

Менің байтақ жерімді қансыратқан.


Қасіретім емес бұл жеке менің,

Болар іске бел бусаң, бекем едің,

Бар ғой елін ойлаған ұл-қыздарың,

Сен де еңсеңді ендеше көтер, елім!


* * *
Әлдекімдер зіркілдеп.

Заман қалай боп кетті.

«Елім, халқым, жұртым» деп,

Өтті өмірден көп текті.


Желінбеді жемісім,

Сілтенбеді семсерім.

Жазықсыздан ел үшін,

Жапа шекті қанша ерім.


Сасық кеуде, бас ұрмас,

Не тілесең, ол тіле.

Күліп кірген «сасырбас».

Күлін шашты бетіме.


Ақ-қараны айыршы,

Қара жерді сор басты.

Қаңғып келген қайыршы,

Қайығыма жармасты.


Өзен, көлді тонады,

Теңізімді кептірді.

Қаптатты да моланы,

Қайғы-қасірет шектірді.


Жылдар жатты жаңғырып,

Кең даламның көркі еді.

Қырларымды жандырып,

Сайларымды өртеді.


Тыйым салып салтыма,

Ауыр азап шеккізді.

Қалың қазақ халқына

Сынақтарын өткізді.


Өз ғұрыпын таңды олар,

Адастырып тілімнен.

Шоқындырмақ болды олар,

Ажыратып дінімнен.


Кәдігімді қорлаған,

Қоқаңдаған болды кез.

Ата-бабам қорғаған,

Кең далама салды көз.


Қиындықты көп көрдік,

Тәңірден сауға сұрадық.

Бәрін бастан өткердік,

Бәріне де шыдадық.


...Қазақпын – мен төзімді,

Бақытымды тапқам мен,

Менің бидай – көзімді,

Топырақпен жапқанмен.


Жарып шықтым жер астын,

Күнім шашты көктен нұр.

Туын алдым алаштың,

Жаным таза мөп-мөлдір.



АБАЙ. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ...

Абай. А.Байтұрсынұлы...

Ұлылар шыққан көп менің елімнен,

Көптеген көктеми көңілмен.

Мәңгілік шыршалар ма олар

Алатау, Көкшетау бөктеріне өрілген.
Шыңдар ма, шыңыраулар ма?

Биіктік, тереңдіктер ме?

Алғашқы қоңыраулар ма,

Үн сыйлаған керең біткенге.


Сыр төккен тұнық көлдерге,

Қазбауыр бұлтттар ма әлде?

Жұлдыздар ма екен түндерде жол көрсететін

Бағытын ұмытқанда елге.

***

Мағжан, жан, жан, жан...



Сенің жырларыңды оқысам,

Сурет көремін сән, сән, сән...

Сенің жырларыңды тыңдасам,

Естимін әуенді, ән, ән, ән...

Бабамекенді ойрандағандарды

Көремін – лаң, лаң, лаң...

Халқымның көш-керуенін

Көремін – шаң, шаң, шаң...

Отыз жетідегі оқ тескен

Көйлегіңді көремін – қан, қан, қан...

Сен ататынын біліп кеткенсің

Қазақтың алдынан – таң, таң, таң...



Мағжан, жан, жан, жан...

Мағжан, жан, жан, жан...
Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Біз – ниеті ғарыштағы елміз
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Ақын, ғалым, әлде малшы болармын
Annotations -> annotation7783.doc [Айгүл Қосанова]
Annotations -> Білім және ғылым министрлігі
Annotations -> Наурыз – ирандық-зороастрлықтардың төл мерекесі
Annotations -> «Ќырєи-ќабаќ соєысы» кезеѕіндегі АЌШ-тыѕ сыртќы саяси стратегиясындаєы Жапонияныѕ рґлі
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012
Annotations -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет