«2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне



жүктеу 38.99 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі38.99 Kb.



«2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластықтың қолданылу мерзімін ұзарту туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте


Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Енгізілетін өзгерістің негіздемесі

1.

1-бөлімнің 1.1-тармағында


Осы Негіздемелік уағдаластықтың мақсаты (i) экономиканың шикізат емес секторларына басым түрде инвестициялар тарту; (ii) қаржы секторын дамыту; (iii) жеке кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту; (iv) шағын және орта бизнесті дамыту; (v) институционалдық дамыту және адами капиталды дамыту; (vi) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және тұрақты өңірлік дамуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты айрықша емес негізде күшейту болып табылады

Осы Негіздемелік уағдаластықтың мақсаты (i) экономиканың шикізат емес секторларына басым түрде инвестициялар тарту; (ii) қаржы секторын дамыту; (iii) жеке кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту; (iv) шағын және орта бизнесті дамыту; (v) институционалдық дамыту және адами капиталды дамыту; (vi) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және тұрақты өңірлік дамуды қамтамасыз ету; (vii) жекешелендіруді ынталандыру; (viii) мемлекеттiк бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру және жетiлдiру саясатына жәрдемдесу арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты айрықша емес негізде күшейту болып табылады

Еуропа қайта құру және даму банкінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № І1910/К хаты

2017 жылғы 13 шілдедегі №№20-3/И-401 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасының 2-тармағының 2-тармақшасы


2.

2-баптың 2.2-тармағының (vii)-кіші тармағында

(vii) энергия тиімділігін арттыру және жасыл экономиканы дамыту

(vii) энергия үнемдеу және жасыл экономиканы дамыту, жаңартылатын энергетика көздері секторын дамыту, жасыл экономиканы қолдаудың жаңа формалары мен құралдарын құру – мысалы, бірлескен қаржыландыру, тәуекелдерді бөлісу/қамту

3.

2-бөлімнің 2.2-тармағында

Осы Негіздемелік уағдаластық шеңберінде Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастық жасайды:

(i) қаржы секторын дамыту;

(ii) экономикадағы жеке сектордың рөлін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, іскерлік ахуалды дамыту;

(iii) инновацияларды ынталандыру;

(iv) инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріпетестікті дамыту;

(v) тұрақты және экологиялық өңірлік дамыту;

(vi) диалог және институционалдық реформалар жүргізуге жәрдемдесу;

(vii) энергия тиімділігін арттыру және жасыл экономиканы дамыту.



Осы Негіздемелік уағдаластық шеңберінде Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастық жасайды:

(i) қаржы секторын дамыту;

(ii) экономикадағы жеке сектордың рөлін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, іскерлік ахуалды дамыту;

(iii) инновацияларды ынталандыру;

(iv) инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріпетестікті дамыту;

(v) тұрақты және экологиялық өңірлік дамыту;

(vi) диалог және институционалдық реформалар жүргізуге жәрдемдесу;

(vii) энергия тиімділігін арттыру және жасыл экономиканы дамыту.



(viii) жекешелендіру, оның ішінде мүлікті жекешелендіруге дайындау; (ix) «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасын іске асыру; (x) Астана қаласының Халықаралық қаржы орталығын дамыту (АХБФ)

4.

5-бөлімнің 5.1-тармағында

Осы Негіздемелік уағдаластық Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады

Осы Негіздемелік уағдаластық Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады






Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

вице-министрі М. Әбілқасымова



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет