Сот шешімімен акцияға қатысушы 10 адамның  әрқайсысына 77 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Азаттық радиосының трансляциясынан

"Астана қаласының соты қаңтар оқиғалары кезінде көз жұмғандардың туыстары Ақордаға наразылық акциясын ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды", – деп хабарлайды акцияға қатысушылардың бірі Бақытжан Шыңғысбеков.

Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған Думан Қанатбектің әкесі Әкімбек Қалыбеков, Нұрсұлтан Қуатбаевтың әкесі Бақытжан Шыңғысбеков, Тұрар Арыстанқұловтың жұбайы Әлия Сәкенқызы, Қайрат Ниязбаевтың жұбайы Әйгерім Ниязбаева, марқұм Бақыткелді Байқадамовтың анасы Гүлнұр Қарақасова, марқұм Жеңісбек Әлжанбаевтың анасы Қалимаш Тұрсынова бар.

Бір топ азаматтарды арнайы жасақ алдымен қоршауға алып, кейін жарты сағат өткен соң автобусқа күштеп отырғызып, белгісіз бөлімшеге алып кетті.

Бақытжан Шыңғысбеков және тағы 9 наразылық білдіруші бейбіт жиналыстарды ұйымдастырды және өткізу тәртібін бұзды деп айыппұл арқалап отыр.

Енді ол өзінің және басқалардың сот шешімімен келіспейтінін айтып, заңсыз деп санайды. Бұған қоса, олар қайтадан наразылыққа шығуды жоспарлап отырғанын жасырмады.

  • Сот Қаңтар оқиғасында көз жұмған 4 жасар Айкөркемнің өліміне қыздың әкесін айыптамақ
  • Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша ҰҚҚ 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты

2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандардың туыстары аптаның басында тағы да Ақордаға келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап еткен. Дегенмен, олар екі жылдан бері мемлекет басшысымен кездесуге қол жеткізе алмай жүргенін айтты. Тәртіп сақшылары қабылдауға жұмыс тәртібі бойынша алдын ала жазылу керектігі туралы айтқан.

Бұл қаза тапқандардың туыстары ұйымдастырып отырған алғашқы акциясы емес. Бұған дейін, олар Астанада жиналып, президентпен кездесуді, жақындарының өлімін әділ тергеуді және қайтыс болғаннан кейін сотталғандарды ақтауды талап етті.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.