2015 – 2016 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындылары және алдағы 2016 – 2017 жылдарғы жылу беру маусымына міндеттер туралы



жүктеу 43.5 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі43.5 Kb.

2015 – 2016 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындылары және алдағы 2016 – 2017 жылдарғы жылу беру маусымына міндеттер туралы

ақпарат

2015-2016 жылдардың жылу беру маусымына дайындық іс-шаралар жоспары бойынша ауданда тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық мақсатындағы нысандар бойынша жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілді.

Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жөнделіп, жылумен қамту жүйесіне қосылды.

Сондай-ақ қажетті отынның нормативтік қоры нақтыланды. Ауданның бюджеттік ұйымдарына көмірдің қажеттілігі 10798,5 тонна және дизель отыны 107000 литрді құрап, толығымен жеткізілді. 2015 – 2016 жылдардағы жылу беру маусымы 2015 жылдың 15 қазан айында басталып, 2016 жылдың 15 сәуірінде аяқталды.

Жалпы аудан бойынша 2015-2016 жылдардың от жағу маусымында ауданның кейбір елді мекендерінде электрмен қамту жүйесінің уақытында жойылған кемшіліктерінен басқа, барлық тіршілікті қамту нысандары үздіксіз жылумен және сумен қамтамасыз етілді. Барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарында нормативті температураның режимі қамтамасыз етілді.

2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде ауданда қажетті ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Өткен жылдың жылу беру маусымы қортындыларының есебімен және 2016-2017 жылдардың жылу беру маусымына сапалы дайындығы мақсатында ауданда тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандары бойынша жөндеу және дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарының кестесін құру жұмыстары жұргізілді. Сондай-ақ қажетті отынның нормативтік қоры нақтыланды. Аудан бойынша орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Халық жеке жылыту көздерін қолданады.

Білім беру нысандары бойынша алдағы жылу беру маусымына 40 нысанды дайындау қажет, соның ішінде қатты отынмен 14 мектеп және 1 балабақша, электрмен жылыту 18 мектеп және 2 балабақша, сұйық отынмен 3 мектеп және пешпен 2 мектеп жылытылады.

Ағымды жылы білім беру нысандарында келесі жөндеу жұмыстарын жұргізу жоспарланған:

1. Октябрь мектеп – бала бақша кешені 2 корпус мектеп ғимаратының және бала-бақша шатырының (Белое ауылы) сомасы 29,025 млн. теңгеге күрделі жөндеу;

2. Казнаковка орта мектебі (Қолынжон ауылы) ғимаратының демеушілік қаржыға күрделі жөндеу;

3. Шәріптоғай негізгі мектебі (Шәріптоғай ауылы) спорт залына сомасы 2,771 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу;

4. Куйбышев негізгі мектебі (Толағай ауылы) шатырына сомасы 14,967 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу;

5. Романовка негізгі мектебі (Ажа ауылы) ғимаратына сомасы 24,816 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу;

6. Аухадиев орта мектебі (Теректі ауылы) шатырына сомасы 19,807 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу;

7. Кокпекті орта мектебінің спорт залына сомасы 3,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу;

8. Преображенка орта мектебі ғимаратының сомасы 250,0 мың. теңгеге шатырын жабу және сомасы 40,0 мың.тенгеге бетондау, сылау, тақтайларды айырбастау жұмыстары;

9. Подгорное негізгі мектебі ғимаратының сомасы 30,0 мың.теңгеге орталық кіру баспалдағын жөндеу.

Сонымен қатар, барлық білім беру нысандарында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі (жеңіл-желпі жөндеу, әктеу, сырлау, абаттандыру және аумақтарды көгалдандыру). Білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамыз айына дейін жүргізу жоспарланған.

Білім беру саласында 2016-2017 жылдардың от жағу маусымына қатты отынның қажеттілігі 5948,5 тоннаны және сұйық отынның қажеттілігі 107000 литрді құрайды. 2016-2017 жылдардың от жағу маусымына мөлшері 5948,5 тонна қатты отынды (көмір) білім беру нысандарына жеткізуге маусым айында конкурс өткізу жоспарлануда. 1 тонна көмірге жоспарланған баға 9750 тенге. Жалпы сомасы 57 997,9 мың.тенге құрайды.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша 40 нысанды дайындау керек. Ауданда 1 орталық, 1 ауданаралық, 1 туберкулезге қарсы аурухана, сонымен қатар 8 СВА, 23 МП, 6 ФАП бар. Солардың ішінде электр жылыту жүйесімен Преображенка ауылы

СВА-сы, Көкжайық ауылы СВА-сы және Мариногорка ауылының ФАП жылытылып, қалғандары қатты отынмен жылытылады.

«Көкпекті ауданының аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бойынша өткен жылы қазандықтарды, циклондарды, сорғыштарды, жыршалар мен кері клапандарын ауыстыру арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қазіргі кезде қазандықтар жұмыс жасау қалпында және пайдалануға дайын. СВА, ФАП, МП қазандықтары мен жылыту пештері жылу беру маусымына дайын, жылыту пешінің құдығын ауыстыру қажет ететін Теректі ауылындағы СВА-дан басқасы. 2016-2017 ж.ж. жылу беру маусымына қатты отынның қажеттілігі 2600 тоннаны, құрайды.

«Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бойынша ауруханада жылыту қазандықтарын, электр сорғыштарын ағымдағы профилактикалық жөндеу және жылыту жүйесін тексеру жұмыстары сомасы 28,0 мың.теңгеге жұргізіледі. Сонымен қатар барлық СВА, ФАП, МП-те жылыту пештеріне профилактикалық жөндеу жұмыстары сомасы 79,0 мың.теңгеге жұргізіледі. 2016-2017 ж.ж. жылу беру маусымына қатты отынға қажеттілік 1250 тоннаны құрайды.

Мәдениет саласы бойынша 38 нысанды дайындау керек. Ағымды жылы мәдениет нысандарында келесі жөндеу жұмыстарын жұргізу жоспарланған:

1. Преображенка ауылдық клубының жылыту жүйесін жөндеу;

2. Көкпекті ауылының Мәдениет үйі қазандығының мұржасын ауыстыру;

3. Самар ауылының мәдениет үйінің жылыту жүйесіне профилактикалық жұмыстары;

4. Тассай ауылының мәдениет үйінің жылыту жүйесіне профилактикалық жұмыстары.

Сонымен қатар, барлық ауылдық клубтарда ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі ( жеңіл-желпі жөндеу, әктеу, сырлау, абаттандыру және аумақтарды көгалдандыру). Мәдениет саласындағы нысандарға 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 1000 тоннаны құрайды.

Тұтынатын электр энергиясына қаражатты үнемдеу мақсатында барлық білім беру нысандарына көп тарифті санауыштарды орната отырып, үш аймақтық электр энергиясын есептеу жүйесіне ауыстырылған. Өткен жылдың жылу беру маусымының тәжрибесіне сүйене келе, отынға және электр энергиясына жұмсалатын қаражатты үнемдеу мәселесін шешіп, мектеп директорларына жұмсалған қаражатты үнемдеуге қатаң қарауды міндеттеу керек. Барлық бюджеттік сала нысандарында тұтынатын электр энергиясы көлемін азайту мақсатында, энергоаудит жүргізу қажет.



Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында электр энергиясының аппатты сөнуі болған кезде жылу жүйелерінің қатып қалуын болдырмау үшін, резервтік электр станциясын (ДЭС, ЗиД) сатып алу және орнату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сәулет, құрылыс, ТҮКШ,

жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы М. Капчиков


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет