2015 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштерінің көлемі туралы



жүктеу 37.84 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі37.84 Kb.

2015 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы

Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық даму

көрсеткіштерінің көлемі туралы.
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 2 400,4 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 106,3 %-ды құрады.

Көмір өндіру бойынша «Мадина» ЖШС-і есепті кезеңде 67,9 мың тонна көмір өндіріп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге немесе 17,8 мың тоннаға артты.

«Швабские колбаски» ЖШС-і 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 172 тонна шұжық өнімдерін өндіріп, өндірілген өнім көлемі 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,3 %-ға немесе 29 тоннаға көбейді.

Есептік кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 944 тонна өсімдік майы (100,2 %), 66,0 тонна сүт өнімдері, 333 тонна нан (101,2 %) және 32,0 тонна (100,0 %) кондитерлік өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылығы бойынша аудандық ауылшаруашылық бөлімінің алдын-ала беріп отырған мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан көлемінде 10 703,6 млн. теңге көлемінде өнімдер өндіріліп, 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,7 %-ды құрады.

Есепті кезеңде мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің өсу тенденциясы сақталады.

Сойылып сатылған ет көлемі – 7799,4 тонна (өсуі 5,9 %), сүт – 52411,1 тонна (өсуі 3,7 %), жұмыртқа – 14 094,0,0 мың дана (өсуі 2,6%) және қырқылған қой жүні 622,5 тонна (өсуі 3,0%) болды.

Аудан бойынша ірі қара малы саны 94 347 басты, оның ішінде сауын сиыр – 37 568 басты, қой мен ешкі – 306 223 басты, жылқы – 27 228 басты, шошқа – 4648 басты және құстар – 375 434 басты құрады.



Сауда. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 8 004,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,4 %-ға дейін көбейді.

Статистикалық мәліметті толық және уақтылы өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі мен тиісті бөлімдер тарапынан бөлшек тауарайналымы статистикалық есебін өткізетін 1 орта және 13 кіші кәсіпорындармен үнемі тиісті жұмыстар жүргізуде.



Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 6 394,5 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 85,3 % болды. Соның ішінде, кәсіпорындардың меншік және несие қаражаты есебінен жұмсалған инвестиция 3 260,2 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі күні, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемін былтырғы жылдың деңгейіне жеткізу мақсатында, аудан көлеміндегі қосымша резервтерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.



Құрылыс. Аудан көлемінде атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 3 050,1 млн. теңге, табиғи көлем индексі 83,6 %-ды құрады.

Жеке тұлғалардың есебінен жалпы ауданы 5100 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 % -ға немесе 340 шаршы метрге дейін көбейді.



Кіші бизнес. Тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 131 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 кәсіпорынға соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 98 бірлікті (153,1 %) және белсенді кәсіпорындардың саны 77 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті деңгейінен 21 кәсіпорынға немесе 37,5 %-ға көбейді.

Бюджет. 2015 жылдың 1-ші қыркүйегіне аудан бюджетінің ішкі табысы 678,3 млн. теңгені құрап, жоспар 101,0 %-ға орындалды.

2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан бюджеті шығысының кассалық орындалуы – 5 393,0 млн. теңгені құрап, бөлінген қаржы 99,5 %-ға игерілді.



Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1-ші қыркүйегіне 249 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 19,7 %-ға көбейді.

2015 жылдың басынан 323 адам жұмысқа орналастырылды. қаңтар-тамыз айларында жаңадан 772 жұмыс орындары құрылды. Жастар іс-тәжірибесіне 13 адам жолданып, төлемді қоғамдық жұмыстарға 348 адам, кәсіби оқытуға 30 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберілді. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 20,7 %-ға (36 адамға) және жәрдемақы алушы балалар саны 20,9 %-ға (747 алушыға) кеміді.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде инфрақұрылым және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытына бюджеттен 83 млн. 478 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға М.Горький атындағы орта мектебінің, Алтыншоқы орта мектебінің, Мақаншы мәдениет үйінің ғимараттарына және Елтай ауылындағы көпірді жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күнге аталған нысандарда межеленген жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Екінші бағыты бойынша сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыруға 23,0 млн. теңге шағын тауарлы сүт фермасын ашуға 30,0 млн. теңге, жеке тұлғаларға сүт бағытындағы ірі қара малдарын алуға 58,3 млн. теңге барлығы 111,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 31 жоба қарастырылып, 56 жұмыс орнын ашу межеленген.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2015 жылы 2544,0 мың теңге бөлінді, жылдық жоспар 15 адам жолдану қажет, 8 айдың қорытындысы бойынша 21 адам жолданып, жылдық жоспар 140,0 %-ға орындалды.

Жастар практикасына 2015 жылы 4281,0 мың теңге бөлінді, жылдық жоспар бойынша 20 адам жолдану қажет, 8 айдың қорытындысы бойынша 28 адам жолданып жылдық жоспар 140,0 %-ға орындалды.

Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауру көрсеткіші 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 1,36 %-ға төмендеп, 18 оқиға (2014 ж-25 болған) тіркелді. 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 0,95 %-ға немесе 14 оқиғаға көбейді. Туу деңгейінің өзгеру көрсеткіші 0,98 %-ға немесе дүниеге келген нәрестелер саны 3 сәбиге кеміді.

Қылмыс. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 279 қылмыс тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 22,4 %-ға немесе 51 қылмысқа көбейген. Оның ішінде : тіркелген аса ауыр және ауыр қылмыстар саны 17 оқиғаны құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 қылмысқа азайды. Ауыр дәрежелі қылмыстардың ашылу деңгейі 100 %-ды құрап, 2014 жылдың деңгейінен 66,7 %-дық пунктке артқан (2014 ж – 33,3 % болған).
Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы В.Бойкова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет