2015 жылғы № қаулысына



жүктеу 28.96 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі28.96 Kb.





Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы « » _

№ қаулысына

қосымша





Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 қаңтардағы

№ 64 қаулысымен

бекітілген



Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар.

2. Аспаздың костюмі, наубайшының костюмі, түрлі қалпақтар.

3. Дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер.

4. Перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, шымылдықтар.

5. Шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі.

6. Термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай.

7. Түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы куртка, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм.

8. Әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, носкилер, шұлғаулар, әртүрлі жейделер.

9. Жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық.

10. Барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар.

11. Түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары.

12. Жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары.

13. Тері құлақшын.

14. Аяқ киім тігу және жөндеу.

15. Қоқыс тазалайтын қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка - металл дөңгелек, жануарлардың бауы, рабица тор.

16. Құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар, бланкілік өнім әзірлеу жөніндегі жұмыстар.

17. Орайтын қораптар, мұрағат қораптары.

18. Фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды өндіру, жасау және сату.

19. Биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары.

20. Көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, оратын сәуле, елейтін шатун).

21. Үй-жайлар мен аумақтарды жинау.

22. Абаттандыру, көгалдандыру.

23. Мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру.

24. Жерлеу бойынша қызметтер.

25. Жерлеу бюросының қызметтері.

26. Полиграфиялық, жарнамалық, баспа.

27. Қылқалам-щетка бұйымдары.

28. Мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура).

29. Ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер).

30. Үй-жайларды жалға беру.

31. Кресло-арбалар.

32. Жиһаз жасау.



______________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет