2015 жылғы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ның тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қәуежайлық қызметтерді ұсыну жөніндегі есебі



жүктеу 130.11 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі130.11 Kb.


2015 жылғы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ның

тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қәуежайлық қызметтерді ұсыну жөніндегі есебі





Преамбула


2015 жылғы осы есеп «Сары-Арқа» әуежайы» акционерлік қоғамымен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығымен бекітілген Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі

табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу

қағидаларына сәйкес өткізіледі



Инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың,

оның ішінде уәкілетті органның ведомствосы бекіткендердің орындалуы
10.02.2015 жылғы № 49-НҚ әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер бойынша «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасымен бекітілгеніне сәйкес 2015 жылға 140 дана – аэродромдық галогенді шамдар, 800 м – аэродромдық экранға түсірілген алғашқы кабелі, OSRAM 64382+200 Вт шамдар+прожекторлық жарық – 4 дана 2 200,2 мың теңге жалпы сомасына сатып алу қарастырылған. Инвестициялық бағдарламаның шаралары толық көлемде орындалған болатын. Нақты шығыстар 5 569,9 мың теңге құрайды (заттай көріністегі өндірістік қажеттілікке байланысты) кабельдер және прожекторлық жарықтар көбірек сатып алынған.

Жарық-сигнал жабдығының сенімділігі және үздіксіз қоректенуді қамтамасыз ету есебінен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сенімділігі мен сапасын артты. Жабдықтардың жаңартыу әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын жүзеге асырғанда ұшудың қауіпсіздік сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
30.04.2015 жылғы № 30-НҚ авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтер бойынша «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасымен бекітілгеніне сәйкес 2015 жылға Rapiscan 624XR (р/т Ш X В 550 x 850 мм) тексермелеу жабдығын 1 метр кірумен және рогальді шығумен (тексермелеу жабдығы) 14 285,7 мың теңге сомасына және GARRETT PD6500i инсталляциясымен арка металл детекторларын 828,3 мың теңге сомасына сатып алу жоспарлауда. Инвестициялық бағдарламаның шаралары толық көлемде орындалған болатын. Нақты шығыстар Rapiscan 624XR – 24 375,0 мың теңге бойынша, GARRETT PD6500i бойынша – 1 320,4 мың теңге құрайды. Теңгеге қатысты АҚШ доллардың бағымының өзгергенінен жабдықтардың бағасы өсті, осыған байланысты нақты шығыстар көбейді. Әуежайды заңсыз араласу актілерінен неғұрлым жоғары деңгейде қорғаумен қамтамасыз ету есебінен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сенімділігі мен сапасын артты.

Табиғи монополия субъектісі қызметінің («Сары-Арқа» әуежайы» АҚ)

2015 жылғы негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері *


Р\с



Көрсеткіштің атауы

Өлшеу бірлігі

2015 жыл

1

Әуе кемелеріне қызмет көрсетілген саны

1 ұ/ұ

4 117

2

Жинақталған максимальді ұшу  салмағы

МҰС тонна

166 160

3

Түсім

мың теңге

2 161 250

4

Өткiзiлген тауардың және қызметтердiң өзiндiк құны

мың теңге

-1 800 207

5

Жалпы пайда

мың теңге

361 043

6

Әкімшілік шығыстар

мың теңге

-302 965

7

Басқа шығыстар

мың теңге

-105 123

8

Басқа шығыстар

мың теңге

20 736

9

Барлығы операциялық пайда

мың теңге

-26 309

10

Қаржыландыру бойынша табыстар

мың теңге

833

11

Қаржыландыру бойынша шығыстар

мың теңге

-2 377 212

12

Басқа операциялық емес табыстар

мың теңге

1 741 907

13

Салық салғанға дейінгі пайда (зиян )

мың теңге

-660 781

14

Кіріс салығы бойынша шығыстар

мың теңге

-47 190

15

Пайда

мың теңге

-613 591

* - алдын ала қаржылық есептілік негізінде
Ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)

есепті кезеңдегі көлемдері 


Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшеу бірлігі

2015 жыл

1

Әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету

МҰС тонна

166 160

2

Авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

МҰС тонна

125 628



20.10.2005 жылғы «Қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі және «Сары-Арқа» әуежайы» акционерлік қоғамында әуе кемесiне негiзгi әуеайлақта тұру орнын беру жөнiндегі қызметтеріне тарифтерді (алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын берудің» қызметінің тарифі «әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету» қызметінен 10% құрайды, «Әуеайлақта әуе кемесiне тұру орнын ұсыну» қызметінің тарифі «әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету» қызметінен 5% құрайды.


Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларымен жүргізіп отырған жұмыс
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларымен жұмысы 2 түрге бөлінеді: Бар тұтынушылармен жұмысы және әлеуетті тұтынушылармен (клиенттермен тартылатын) жұмысы.
Бар тұтынушылармен жұмысы авиакомпанияларды тәуліктік ақпараттық қолдаумен тұрады (коммерциялық ақпарат, экипажадармен жұмыс жасау, жедел сұрау және т.б.), сондай-ақ көлемді клиенттермен келіссөздер өткізу. Осы үшін авиакомпаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіледі, алдағы ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар қалыптасып жығарылады. Мерзімді әуежайдың құралдардың қандай да бір техникалық (өндірістік) инспекциясы клиенттермен өткізіледі. Бұл навигацияның әрбір келесі маусымның басталу алдында ерекше өзекті (көктемгі-жазғы навигацияның, күзгі-қысқы навигацияның).

Клиенттерді тарту бойынша жұмыстары (авиакомпанияларды) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әлеуетті тұтынушылармен жыл сайынғы байланысты (коммерциялық ұсыныстарды ұсыну және оларды талқылау, жаналықтар жіберу, сондай-ақ бар клиенттермен жағдайда ақпараттық қолдау жасау) қамтиды. Бұдан басқа әуежайдың техникалық және коммерциялық мүмкіншіліктерін ұсыну мақсатында авиакомпаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Әуежаймен тереңрек танысу үшін авиакомпаниялардың өкілдері әуежайда техникалық тексерістерін өткізуіне тартылады.

Әлеуетті тұтынушылармен тікелей жұмыстарынан басқа «Сары-Арқа» әуежай» АҚ-ның және ұсынылатын қызметтерінің жарнамысы, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтер, халықаралық салалық баспа және электронды басылымдарда жасалады. «Сары-Арқа» әуежай» АҚ-мен ірі халықаралық салалық конференцияларда және форумдарда қатысылады. Осы шаралардың алаңдары қайта тартылатын клиенттермен келіссөздер үшін және олардың менеджментімен, авиакомпаниялардың бағыттарының желілерін жоспарлау жөніндегі жауапты мамандарымен пайданылады.

Төменде 2015 жылында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (авиакомпаниялармен) тұтынушыларымен жұмыстарының нәтижелерінің жинағы көрсетілген:


  • 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жолаушылар рейстерінің саны 2514 бастап 2595 дейін (81 рейске) көбейді. Осы көбею Алматыға (Бек Эйр авиакомпаниясы) қосымша рейстердің ашылуымен, Грозныйғы (Авиаста авиакомпаниясы) жаңа чартерлік рейстің ашылуымен және Антальяға (Atlas Jet авиакомпаниясы) халықаралық рейстің қайта басталуымен байланысты.

  • 3 техникалық тексерістер жүргізілді (Аэрофлот, KLMи Ираэро);

  • 2 салалы конференцияларында қатысты: AirCargoEuropeConference – (Мюнхен, Германия), чартерлік жүк әуе тасымалдау дамыту жөніндегі саммит (Баку, Азербайджан);

  • IATA провайдерлерімен келесі тексерістер жүргізілді: 1) FuelQualityControl (Эйр Астана), 2) de-icing қызметін қамтамасыз ету (Аэрофлот)

  • Келесі бейінді басылымдарында жарнамалық материалдар орналасты: Выбирай, Let’sGo, Deluxe, Той, Деловые Эмираты, NSMarketing, Юнайтед Медиа, Недвижимость и www.kgf.aero корпоративтік сайты

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторларымен 2015 жылғы тексермелеудің тексерісі барысында әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған қауiптi заттар мен нәрселердiң жағдайы анықталған болатын. 2015 жылы жолаушылардың қол жүгінде 79 пышақ, 169 литр тез тұтанатын заттар (сұйықтар, ауа кірнелер, нель) табылып қолданылудан алынған болатын. 2016 жылы ұшу кезеңінде 435 қару және 7338 оқтар қолданылудан алынған болатын.



Уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның әрбір бап бойынша

есепті кезеңде орындалуы
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ереженіне сәйкес «Сары арқа» әуежайы» АҚ уәкiлеттi органға ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрінің бөлінісінде өткен күнтiзбелiк жылға бекiтiлген тарифтiк сметаны орындау туралы есеп бередi






 Қызметтің перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін

қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтері
«Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-на үшін дамудың перспективалы векторлары болып табылатындар:

  1. Жолаушылық және жүктік хаб жағынан әуежайды дамыту.

  2. РФ аймақтық әуежайлары мен басқа елдердің хабтық әуежайларымен Қарағандыны байланыстыратын жаңа халықаралық бағыттарды ашу.

  3. Халықаралық стандарттарға сәйкес ұшудың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.

  4. Қарағанды қаласын облыстық орталықтармен байланыстыратын QazaqAir авиакомпаниясының аймақтық бағыттарын ашу.

  5. Бәсекеге жарамды бағаның сатып алу бойынша әуежайды жанармаймен қамтамасыз ету жағдайда тех оптж-дай коммерциялық қонуға жүк авиакомпанияларының ұшулардың қалпына келтіру.

Перспективалық клиенттер – жолаушылар авиакомпаниялары: Аэрофлот, Сибирь, SCAT, ИрАэро, Таймыр, Atlasglobal, Түрік авиалиниялар, Flydubai, Etihad, QazaqAir, Комавиатранс.

Перспективалық клиенттер – жүк тасушы авиакомпаниялар: AirBridgeCargo, Cargolux, LufthansaCargo,TurkishCargo, AerologicCargoAirlines, TNTAirways, FederalExpress

2016 жылы 10 дана – жер бетіндегі кеңейтудің жарықтарды, 18 дана – шағын габаритті жарықтарды, 15 дана – жарықтарға диоптриларды, Қарағандыға дейін жеткізу, 24 дана - 92302 ж/қ жарық сүзгісін сатып алу«Әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету» қызметтері бойынша ЖҰҚЖ-ның 18000 ш.м.-қайта жаңартуы жоспарлауда. «Авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қызметтерін бойынша GARRETT PD6500i арка металл детекторларын сатып алу жоспарлауда.


    24.12.2015 года «Сары-Арқа»әуежайы» АҚ «Әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету», «Авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қызметтер бойынша тарифтердің шекті деңгейін бекітуге өтінім берді.

    Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну сапасы

Әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету жөнiндегi қызметінің ұсынуы жүзеге асырылады:

- Аэродромдық қызмет ұшу-қону жолағының жағдайына байланысты әуеайлақтың ұшуға жарамдылығы туралы шешім қабылдайтын және жазғы алаңның дайындығы үшін жауапты және азаматтық авиацияның негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

- Әуеайлақтың Жарықпен сигнал беру жабдықтарының жүйесiмен техникалық қызмет көрсету және ұшудың жарықпен-техникалық қамтамасыз ету үшін жауапты ұшуды электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қызметі.

- Әуежайдың қызметтерінің өндірістік қызметіне жедел басшылық ететін және ұшу жоспарымен, жүйелі ұшумен, әуежайдың қызметтердің және жолаушылардың жоспарлау жөніндегі уақытылы және нақты ақпараттармен, әуекемелерінің қамтамасыздандыруымен және қозғалысымен қамтамасыз ету - кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі.

- Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қызметін жүзеге асыратын - авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуді әуежайдың іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі.



Көрсетілген қызметтер «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің қаулыларына сәйкес өзінің қызметін атқарады, сондай-ақ нормативтік актілеріне оның ішінде ең маңызды «Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациядағы аэродромдық қызмет жөнiндегi тәлiмдеме» (ҚР АА ААҚ-2000), «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидалар», «Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидалар», «Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою қағидалар», «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің қағидалары», «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормалар».

Әуежайды заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету шараларын жүргізетінің «Авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қызметтердің ұсынуды «Сары-Арқа»әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметімен жүзеге асырып қамтиды:

  • жолаушыларды, қол жүгiн, багаждарды, азаматтық авиация әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiн тексеріп қарау;

  • әуежайда өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету;

  • әуе кемесін, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;;

  • әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерін бөгеу бойынша әрекеттерге дайындықта ұстау;

  • әуе кемелеріне бөтен тұлғалардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;

  • әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;

  • әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;

  •  авиақамтамасыз ету объектілерін күзету;

  •  әуежай аймағына пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету регламенттейтін басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттармен және ұсыныстармен, Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жарлықтармен және қаулылармен, Конституциямен және Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделеді.

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну сапасы әуе кемелеріне және жолаушыларға қызмет көрсету жағдайлары негізінде тұрады. Барлық аталған қызмет көрсетулердің сапасы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларыме және Президенттің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің нормативтiк құжаттарымен, сондай-ақ әуежайдың қызметтерінің қызметін регламенттейтін барлық нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледі.



2015 жылы «Сары-Арқа» әуедайы» АҚ-ның атына тұтынушылардың наразылықтары мен шағымдары болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет